3.2 Жер зандарын бұзғаны үшін занлы жауаптылықтын түрлері
Заңды жауаптылықты түрлерге бөлудің негізінде құқықтың салалық орны жатады.
И.С. Самощенко және М.Х. Фарухшин жазғандай, заңды жауаптылықтың түрлерінің көп болуы әртүрлі құқық салаларына тән құқықтық реттеу әдістерінің көптігін көрсетеді.
Құқық салаларында реттеу әдістері де, оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары да, ең алдымен, салалық құқықтың реттелетін қоғамдық қатынастарының шеңберімен анықталатын өзіндік мазмұнымен және пайдалану жағдайларымен ерекшеленеді. Бұдан шығатын қорытынды, құқықтық реттеу әдістері мен оларды құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың пәнінен ажыратылмайды. Бұл ретте құқықтық қамтамасыз ету құралдары құқықтың әдісіне де, пәніне де бағынады және оларға қызмет етеді. Олар өздерінің бағыты бойынша қорғау қатынастарының шеңберін реттеуге ғана емес, сонымен қатар, жалпы мағынадағы құқықты мемлекет үшін қажетті бағытта дамытуға, оның негізгі мақсатына жетуге жағдай жасауға арналған [5].
Ерекше атап өтетін жайт, жер құқығы нормалары жерге меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жер қорғауды реттей отырып, олардың жүзеге асырылуын құқық бұзушыларға зияндарды өтеу міндетін жүктеу, меншік құқығын, жер пайдалану құқығын қалпына келтіру; жерге қатысты заңсыз мәмілені жарамсыздеп тану, зансыз алып қойылған жер учаскелерін қайтарып беру, топырақтың құнарлығын қалпына келтіру (жерлерді жаңғырту), ескерту және жазалау сияқты әдістер мен шаралар арқылы қамтамасыз етеді.
Жер зандарының нормалары талаптарды орындау мен сақтауға, яғни, субъектілердің тиісті жүріс-тұрысына қарай бағыттала отырып жасалған. Алайда, жер зандарының қандай да бір нормаларына қатысты тиісті жүріс-тұрыс ережелерінің бұзылуы орын алған жағдайда (құқық бұзушылықтар), олардың салдарын арнайы ескерту және мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен жоюға байланысты қатынастар туындайды. Бұл жерде ескеріп өтетін жайт — жалпы ескерту шаралары (превенциялар) әрқашанда құқық нормаларынан көрініс табады (мысалы, ҚР Жер кодексінің 65-бабы).
Құкық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады — жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік-жер-құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық-тәртіптік-еңбек жауаптылығы.
Жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық.
Соңғы жылдары жер-құқықтық әдебиетінде жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың түрлерінің қатарында жер-құқықтық жауаптылық тұракты орын иеленген. Бұған дейін заңды жауап-тылыктың бұл түрін бір ғалымдар жокка шығарса, енді біреулері оның бар екенін дәлелдеуге тырыскан.' Қазіргі кезде жер заңдары-ның мазмұнына көз жүгіртсек, жер заңдарын бұзғаны үшін жер-құқықтық жауаптылықтың заңды түрде көрініс тапканына күмэнда-нудың орынсыз екенін байқауға болады.
Сонымен катар, жер-құкығы эдебиетінде жер зандарын бұзғаны үшін занды жауаптылыктың арнайы түрі туралы да көзкарас бар. Мысалы, Б.В. Ерофеев атап өткендей, ерекше нормативтік құқықтық актілерде көзделген арнайы жауаптылыктың түрлері азаматтық-құқықтық (мүліктік) және жалпы жауаптылықтың басқа да түрлерінің жүйесіне сәйкес келмейді. Жер учаскесін өз бетімен пайдаланғаны үшін жер-құқықтық жауаптылық осы құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауаптылыққа қарағанда өзгеше, себебі, жер-құқықтық жауаптылыққа тарту үшін ескіру мерзімі көзделмеген, ал әкімшілік жауаптылыққа тартуда ескіру мерзімі бар — жағдай анықталған күннен бастап 2 айдан кем емес уақыт; жер-құқықтық жауаптылығы бірқатар әрекеттер жүйесін қарастырады (өз бетімен салынған құрылысты бұзу, өз
3.1 – сурет.
бетімен алынған жер учаскесін пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру; межелік белгілерді қалпына келтіру және т.б.).
Б.В.Ерофеевтің бұл көзқарасы Ресей Федерациясының жер заңдарының құқықтық негізіне алынған. Қазақстан Республикасының жер заңдарында жоғарыда аталған әрекеттер жүйесі — өз бетімен салынған құрылысты бұзу, өз бетімен алынған жер учаскесін пайдалану үшін жарамды жағдайға келтіру; межелік белгілерді қалпына келтіру көзделмеген, алайда мұндай нормалар Қазақ КСР-нін 1990 жылғы 26-қарашадағы Жер кодексінде болған. Бұл кодексте басқа да нормалар, соның ішінде өз бетімен алынған жер учаскелерін қайтару тәртібі туралы нормалар да көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92-93-баптары жер заңдарын бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың екі түрін қарастырады:
1) ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, бір жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланылмаған жағдайларда жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген тәртіппен меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ дүлей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді (ҚР ЖК 92-бабы);
2) егер учаскені пайдалану ҚР Жер кодексіне немесе Қазақстан Республикасының өзгеде зандарына белгіленген жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтуралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін (ҚР ЖК 93-бабы).
ҚР Жер кодексінің 92-бабында қарастырылған бірінші жағдайда заңды жауаптылықтың субъектілері болып тек жер пайдаланушылар ғана емес, сонымен қатар, жер учаскелерінің меншік иелері — азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар да табылады. Бұл бап бойынша жер учаскесі меншік иесінің заңды жауаптылығы бұған дейін жер заңдарында қарастырылмаған болатын.
ҚР Конституциясының 6-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады. Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуі тиіс. Меншік субъектілері мен объектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді. ҚР Конституциясының 14-бабына сәйкес, заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең. Сол себепті, ҚР Жер кодексінің 92-бабының нормалары Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкестендірілген.
ҚР Жер кодексінің 93-бабына сәйкес жауаптылықтың субъектісі ретінде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар болуы мүмкін.
Мақсаты бойынша пайдаланбаган немесе жер зандарын бұза отырып пайдаланған жер учаскесін алып кою тәртібі ҚР Жер кодексінің 94-бабында көзделген.
Жоғарыда аталып өткендей, меншік иелері мен жер пайдаланушылардан ҚР Жер кодексінің 92 және 93-баптарында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүзеге асырылады.
ҚР Жер кодексінің 92-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға талап-арыз қойылғанға дейін кемінде бір жыл бұрын учаскені мақсаты бойынша пайдалану кажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін және осы уақыт ішінде жер учаскесінің меншік иесі не жер пайдаланушы учаскені мақсаты бойынша пайдалану жөнінде қажетті шаралар қолданбаған жағдайда ғана берілуі мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 93-бабында көзделген жағдайда жер учаскесін алып қою туралы талап-арыз Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан, талап-арыз беруден кемінде үш ай бұрын меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуын жою қажеттігі туралы жазбаша ескерту жасалғаннан кейін ғана және осы мерзім ішінде меншік иесі немесе жер пайдаланушы учаскені пайдалану кезінде Қазакстан Республикасы заңдарының бұзылуын жоймаған жағдайда берілуі мүмкін.
Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушының Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатка сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап-арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланушының өтініші бойынша жеручаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселені қарауға міндетті. Бұл жағдайда учаскенің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселе оң шешілмеген кезде ғана талап-арыз берілуі мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 92 және 93-баптарында аталған негіздер бойынша сот шешімімен учаскені меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып койған жағдайда жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы (жер учаскесінің мемлекеттен сатып алынған жалдау құқықтарына қатысты) Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу және атқарушылық заңдарында белгіленген тәртіппен ашық сауда-саттықта сатылады.
Сатудан түскен сома, учаскені алып қою шығыстары шегеріле отырып, бұрынғы меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға төленеді. Бір жыл ішінде кемінде үш рет сауда-саттыққа шығарудан кейін ондай жер учаскесін немесе оларға жер пайдалану құқығын сату мүмкін болмаған жағдайда жер учаскесі сот шешімімен арнайы жер қорына, қосылады (ҚР ЖК 94-бабы).
ҚР Жер кодексінің 96-бабы «Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесін бағалау» деп аталады, ал бұл баптың мәтінінде былай делінген; «Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесі немесе жер пайдалану құқығы нарықтық құны бойынша бағаланады». Ал құқықтың объектісі болып нақты жер учаскесі табылатындықтан, бұл баптың редакциясын келесі мазмұнда берген жөн болар еді: «Меншік немесе жер пайдалану құқығы тоқтатылған жағдайда жер учаскесінің құнын бағалау оның нарықтық құны бойынша жүргізіледі».
ҚР Жер кодексінің 95-бабы заңдарда көзделген жағдайда жер учаскесін тәркілеуді көздейді. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда, қылмыс немесе өзге де құқық бұзушылық жасағаны үшін меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан жер учаскесі сот тәртібімен санкция түрінде ақысыз алып қойылуы мүмкін. Бұл жағдайда жер учаскесін алып қою қайтарымсыз сипатқа ие: ол тек қана қылмыстық тұрғыда жазаланатын іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, онда үйі мен шаруашылық қора-жайлары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін қажетті жер учаскелері Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуте тиіс.
Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады. Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учаскелері не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сатылуы мүмкін (ҚР Жер кодексі 96-бабы).
Жер заңдарын бұзғаны үшін тәртіптік жауаптылық.
Қазақстан Республикасының жер заңдары жер туралы заңнаманың нормаларының талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізімін қарастырмайды. Онда тек жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазакстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтілген.
Мұндай заңшығарушы актілердің қатарынан ҚР 1999 жылғы 10-желтоқсандағы «Еңбек туралы» заңын атауға болады. Бұл Заңның 10-тарауында жұмысшыны көтермелеу және жазалау шаралары көзделген.
Аталған Заңның 94-бабында еңбек тәртібін бұзудың анықтамалары және тәртіптік жазалардың тізімі берілген.
Еңбек тәртібін бұзу деп өзіне жүктелген еңбектік міндеттерді жұмысшының кінәсі бойынша орындалмауын немесе тиісті түрде орындалмауын атайды. Заң жер құқығы қатынастары саласындағы құқықбұзушылықтардың белгілі біртүрлерін атаумен шектелмейді. Сол себепті, жұмысшының жұмыс уақытында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты жасаған кез келген құқық бұзушылығы еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырудың объектісі болып табылады. Жұмысшыға еңбектәртібін бұзғаны үшін жаза қолданудың негіздері болып мыналар табылады:
1) жұмысшы мен жұмыс берушінің еңбек шартымен, бұйрығымен және т.б. рәсімделген еңбек байланысы;
2) жұмысшы еңбек процесінде тиісті тәртіпте орындауға міндетті еңбек міндеттемелерінің ресми түрде жүктелуі;
3) егер еңбек тәртібін бұзу орын алса, ол заңмен белгіленген мерзім ішінде қарастырылуы тиіс.
Ұжымдық шартты бекіту кезінде жұмыс берушілер жұмысшылардың құқықтарын шектей алмайды және еңбек жағдайын нашарлатуға, ҚР заңдарымен белгіленген кепілдіктерді бұзуға жол берілмейді.
Ауыл шаруашылығында және шаруашылықтың бірқатар салаларында еңбек қатынастарын реттеу алты ай мерзімнен аспайтын маусымдық жұмыстармен байланысты және үй жұмысшыларынын еңбегі жұмысшы мен жұмыс берушінің арасында бекітілген жеке еңбек шартымен ерекшеленеді. Жеке еңбек шартымен реттелмеген мәселелер орын алған және маусымдық және үй жұмысының сипатына қайшы келмейтін жағдайда оларға «Еңбек туралы» заннын күші таралады.
Еңбек тәртібін бұзғаны үшін, яғни, жұмысшының өзіне жүктелген міндеттерді орындамағаны немесе тиісті түрде орындамағаны үшін жұмыс беруші тәртіптік жазаның келесі түрлерін қолдана алады.
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) жеке еңбек шартын бұзу.
Енбек тәртібін бұзғаны үшін жеке еңбек шартын тоқтату үшін, заңдардың талаптарына сәйкес, осы әрекет бірнеше рет орын алуы тиіс және еңбек міндеттерін өрескел түрде бұзу сипатында болуы тиіс.
Тәртіптік жазаларды қолдану үшін мыналар қажет:
1) жұмысшыдан жазбаша түсіндірме талап етілуі тиіс,
2) тәртіптік жаза құқық бұзушылық аныкталған күннен бастап бір айдың ішінде тағайындалады және құқық бұзушылық жасалған күннен бастап алты ай уақыт өткен соң тағайындалмайды;
3) әрбір құқық бұзушылық үшін тек бір әкімшілік жаза тағайындалады;
4) тәртіптік жаза тағайындау туралы бұйрық жазаға тартылған жұмысшыға қол қою арқылы жарияланады;
5) тәртіптік жаза тағайындау кезінде жұмыс беруші жасалған құқық бұзушылықтың ауырлығын, оны жасау жағдайларын, жұмысшының оған дейінгі жүріс-тұрысын, оның еңбекке деген қатынасын, сонымен қатар, тәртіптік жазанын жасалған құқық бұзушылыққа сәйкестігін ескеруі тиіс (ҚР «Еңбек туралы» заңының 94-бабы).
Тәртіптік жазаға еңбек дауларын қарау үшін белгіленген тәртіпте шағымдануға болады.
ҚР «Еңбек туралы» заңымен қарастырылмаған тәртіптік жазалау шараларын қолдануға жол берілмейді.
Мемлекеттік қызметшілерді тәртіптік жауаптылыққа тартудың негіздері, шарттары және процессуалдық ерекшеліктері ҚР Президентінің 1999 жылғы 31-желтоксандағы № 321 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының әкімшілік мемлекеттік қызметшілеріне тәртіптік жазалар тағайындау туралы ережеде де анықталған.
Тәрітптік жауаптылыққа тартудың негізі ретінде мемлекеттік қызметшінің қызметтік тергеудің нәтижесінде анықталған әрекеттері болуы мүмкін.
«Еңбек туралы» заңда еңбек тәртібін бұзу жөніндегі мәселені жұмыс берушінің кәсіподақ органдарына беру құқығы көзделмеген.
Жұмысшының тәртіптік жауаптылыққа тартылуы, негіздер болған жағдайда, оны жауаптылықтың басқа да түрлеріне (азаматтық-құқықтық материалдық, әкімшілік, қылмыстық және т.б.) тартудан босатпайды.
Жарғыны, Ережені басшылыққа алатын жұмыс берушілер өздерімен енбек құқығы қатынастарындағы жұмысшыларға еңбек тәртібін бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолдану кезінде Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңының осы мәселеге қатысты талаптарын да орындауы тиіс.
Қазақстан Республикасының жер заңдары бойынша мүліктік жауаптылық.
Жер құқығы әдебиетінде меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зияндарды өтеуді азаматтық-құқықтық жауаптылықтың бір түрі ретінде қарастыру орын алып жатады. Мұндай көзқарастың өзі негізсіз.
Біріншіден, жауаптылықтың түрлері тиісті заңдармен көзделуі тиіс. Мысалы, ҚР Президентінің 1995 жылғы 22-желтоқсандағы «Жер туралы» Жарлығында жер заңдарын бұзғаны үшін жауаптылықтардың қатарында азаматтық-құқықтық емес, материалдық жауаптылық көзделген. 2001 жылғы 24-қаңтардағы «Жер туралы» заң заңды жауаптылықтың ешбір түрін қарастырмаған, тек былай деп атап өтеді: «Жер заңдарын бұзғаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіпте жауаптылыққа тартылады». Аталған заңның қорытынды ережелеріне сәйкес, бұл Заң өзі күшіне енгеннен кейін туындаған жер қатынастарына қолданылады. Бұдан мынадай қорытындыға келуге болады: аталған заңның барлық нормалары, соның ішінде, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу негіздерін көздеген 119-баптың нормалары және зияндарды өтеу тәртібін көздеген 120-баптың нормалары азаматтық-құқықтық емес, жер-құқықтық нормалар.
Екіншіден, азаматтық заңнама жер заңдарын бұзғаны үшін мүліктік (материалдық) жауаптылық пен шығындарды (зиянды) өтеу туралы арнайы нормаларды көздемейді. Егер белгілі бір құқықтық қатынастар жер заңдарымен реттелмесе ғана, азаматтық заңнаманың нормалары қолданылуы мүмкін.
Үшіншіден, жер заңдарының нормалары жер учаскелерінін, меншік иелері мен жер пайдаланушыларға келтірілген зияндарды өтеу мәселесін реттеу үшін жеткілікті.
Төртіншіден, жер заңдарында зияндардың алдын алу мен олардың салдарын жоюға, субъектілердің, меншік иелерінің және жер пайдаланушылардың жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қою кезіндегі зияндарды толық көлемде өтету құқықтарына, олардың басқа меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзбауға және т.б. байланысты міндеттері, қағидалар жинақталған.
Бесіншіден, жер заңдарында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді және орман қорының жерлерін ауыл және орман шаруашылығын жүргізумен байланысты мақсаттар үшін алу кезіндегі ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеу деп аталатын зияндарды өтетудің ерекше түрі белгіленген. Азаматтық заңнамада өндіріс шығындарының (зияндарының) мұндай түрі қарастырылмаған, ол өз мақсаттары және міндеттері бойынша азаматтық заңнама субъектілерінің құқықтарына сәйкес келмейді.
Алтыншыдан, жер заңдары азаматтық заңнамаға қарағанда жеке меншіктегі, жер пайдаланудағы және уақытша жер пайдаланудағы жер учаскелерін алып қою кезінде олардың иелеріне зияндарды толық көлемде өтеумен қатар, олардың қалауы бойынша басқа құны тең жер учаскесін беруді де көздейді.
Б.В. Ерофеевтің келесі пікірі орынды: «Материалдық әлемнің басқа элементтеріне қарағанда жер табиғат объектісі, экожүйе элементі ретінде өзіндік ерекшелікке ие, ал оның режимін тиісті түрде қамтамасыз ету үшін жалпы азаматтық-құқықтық (мүліктік) жауаптылық жеткіліксіз. Мысалы, жер қатынастарына азаматтық заңдарда көзделген талап-арыз берудің ескіру мерзімдері қолданылмайды; бұл жерде алдыңғы орынға жазалау нормалары емес, қалпына келтіру нормалары тұрады, жауаптылық қолайсыз материалдық салдарды қолданудан емес, құқық бұзушыға өзі келтірген зияндарды өтетуден көрініс табады».
ҚР Жер кодексінің 165-бабы меншік иелері мен жер пайдаланушыларға зияндарды толық келемде өтеуді келесі жағдайларда көздейді:
Өкілетті мемлекеттік органдардың шешімімен меншік құқығы мен жер пайдалану құқығының тоқтатылуына алып келетін мемлекеттік қажеттіктер үшін жер учаскесін алып қою (сатып алу) заңға сәйкес әрекет болып табылады және оның негіздері жер және басқа да заңдарда көзделген. Мысалы, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 84-бабы жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қоюдың немесе меншік иесінің не жер пайдаланушының келісімімен басқа құны тең жер учаскесін берудің келесі негіздерін көздейді;
1) халықаралық міндеттемелер;
2) қорғаныс қажетіне, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсатка арнап жер беру;
3) учаскенің астынан пайдалы қазбалардың кен орнының (кең таралғандардан басқа) табылуы;
4) жол салу, электр тарату, байланыс желілері мен магистральды құбырларды тарату, сондай-ақ осы объектілерді орналастырудың басқа мүмкін нұсқалары болмаған кезде мемлекеттік маңызы бар басқа да объектілер салу;
5) құлау (қирау) қаупі бар апатты және ескірген үйлерді бұзу;
6) қалалар мен өзге де елді мекендердің жоспарлары, аумақты аймақтарға бөлу схемалары және белгіленген тәртіппен бекітілген өзге де қала құрылысы немесе жерге орналастыру құжаттамасы.
Егер жер пайдаланушы берілген құқықты мемлекеттен сатып алмаған болса, уақытша жер пайдалануға берілген жер учаскесін мемлекеттік қажеттіктерге алып ою жер пайдалану құқығын сатып алусыз жүзеге асырылады. Жер пайдаланушыларға шығындар толық көлемде өтеледі, сондай-ақ олардың қалауы бойынша басқа жер учаскесі берілуі мүмкін (ҚР ЖК 84-бабы).
Қазақстан Республикасының заң актілерімен ҚР Жер кодексінің 84-бабында аталған негіздерден басқа да негіздер көзделуі мүмкін.
ҚР Жер кодексінің 91-бабында көзделген төгенше жағдайларда жер учаскесін уақытша алып қою заңға сәйкес болып табылады.
Дүлей апаттар, соғыс жағдайындағы режим, авариялық, эпидемиялар, індеттер жағдайында және өзге де төтенше жағдайлар кезінде жер учаскесі жергілікті атқарушы органдардың шешімімен меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға олардың шеккен шығыны өтеле отырып, олардан қоғам мүддесі үшін уақытша алып қойылуы мүмкін. Меншік иесінің немесе жер пайдаланушының шеккен шығынын өтеу бағасы сот тәртібімен даулануы мүмкін.
Төтенше жағдайдың қолданылуы тоқтатылған кезде жер учаскесі меншік иесіне (жер пайдаланушыға) қайтарылуға тиіс және дау туылған жағдайда ол сот тәртібімен оның қайтарылуын талап етуге құқылы.
Жеручаскесін меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға қайтару мүмкін болмаған жағдайда жер учаскесінің немесе жер пайдалану құқығының құны өтеледі.
Жер учаскесін уақытша алып қойған кезде мүлікті, соның ішінде жылжымайтын мүлікті реквизициялау тәртібі ҚР азаматтық заңдарының нормалары бойынша жүзеге асырылады.
Жеке және заңды тұлғалардың жоғарыда аталған, заң актілерімен белгіленген құқықтарын мемлекеттік басқару органдарының және жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың актілерімен шектеуге болмайды. Мұндай актілердің заңды күші болмайды және олар орындалуға жатпайды (ҚР ЖК 6-бабының 5-тармағы).
Жеке және заңды тұлғалардың меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтарын бұзатын басқа да әрекеттері құқыққа қайшы болуы мүмкін. Мысалы, бөтен жер учаскесін өз бетімен басып алу, өз бетімен пайдалану, меншік объектілерін өз бетімен орналастыру, жерлерді уландыру, ластау және т.б.
Жер учаскелерінің сапасынын нашарлауы топырақтың құнарлығын бұзуға, су режимін нашарлатуға, ауыл шаруашылығы өнімдері мен өсімдіктер үшін зиянды заттар бөліп шығаратын объектілер құрылысы және оларды пайдаланудың нәтижесінде орын алуы мүмкін.
Қазіргі кезде көршілес ауыл шаруашылығы жер пайдаланушыларының — мұнай-газ-металл өндіруші өнеркәсіп субъектілерінің жоғарыда аталған іс-әрекеттері жиі орын алып жатады.
ҚР Жер кодексінің 166-бабында зияндарды өтеудің тәртібі белгіленген. Меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығын оны келтірушінің есебінен етеледі.
Мемлекеттік билік органының, өзге мемлекеттік органның заңдарға сәйкес емес акт шығаруы, сондай-ақ осы органдардың лауазымды адамдарының іс-әрекеттері (әрекетсіздігі) салдарынан меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген шығынды Қазақстан Республикасы немесе тиісінше әкімшілік-аумақтық бірлік өтеуге тиіс.
Өтемақы мөлшерін айқындау кезінде оған мыналар енгізіледі:
1) жер учаскесінің немесе жер пайдалану құкығының нарықтық құны;
2) жеміс ағаштары мен көпжылдық екпелерді қоса алғанда, учаскедегі жылжымайтын мүліктің нарықтық құны;
3)жеручаскесін игеруге, оны пайдалануға, қорғау іс-шараларын жүргізуге, топырақ құнарлылығын арттыруға байланысты шығындардың инфляциясы есепке алынған құны;
4) меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты келтірілген шығынды қоса алғанда, олардан жер учаскесін алып қоюмен байланысты келтірілген барлық шығын;
5) алынбай қалған пайда енгізіледі.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығындарды өтеу тәртібі ҚР Жер кодексінің 106-бабында анықталған.
Бұл бапта мынадай ережелер көрініс тапқан: Ауыл және орман шаруашылығын жүргізуге байланысты еме мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қойған кезде, шығыннын мөлшері жергілікті атқарушы органнын жер учаскесіне тиісті құқық беру туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылатын жерге орналастыру жобасының (жерге орналастыру ісінің) құрамында белгіленеді.
Өтелуге тиісті шығыннын мөлшері жаңа жерді игеруді немесе алқаптарды ауыл шаруашылығы өнімін өндіру деңгейіне дейін жақсартуды қамтамасыз ететін нормативтерді негізге ала отырып, алып қойылатын алқаптардан алынатын өнімнен немесе олардың сапасы төмендегенге дейін бұрын алынған өнімнен кем түспейтін көлемінде анықталады. Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығынды өтеу нормативтерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Жер сапасының нашарлауынан туындаған шығынның мөлшері алқаптарды бір түрден екіншісіне ауыстыруға байланыссыз жағдайларда олардың сапасының төмендеуіне сәйкес нормативтердің (жерді кадастрлық бағалау бойынша) проиентімен анықталады.
Алқаптар сапасының төмендеуіне байланысты оларды бір түрден басқа түрге ауыстырған жағдайда шығын мөлшері алқаптардың тиісті түрлеріне арналған нормативтердің айырмасы бойынша анықталады. Ұйымдар мен азаматтардың қызметі әсерінің нәтижесінде жер сапасының нашарлауынан келген шығынды өтеу жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органның талап-арызы бойынша сот тәртібімен жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8-қазандағы № 1037 қаулысымен Ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын алып қоюмен байланысты ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы шығындарын өтеу туралы ереже және Ауыл шаруашылығы шығындарын алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған соманы ескере отырып өтеу туралы ереже бекітілді.
Сонымен қатар, мұнда азаматтық-құқықтық және азаматтық іс жүргізушілік құқығының заңнамаларына тән емес ережелер де бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы және орман алқаптарын ауыл және орман шаруашылығын жүргізуден өзге де мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде шығындардың мөлшері жерге орналастыру жобасының (жерге орналастыру ісінің) құрамында анықталады, ал бұл жоба, өз кезегінде, жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне тиісті құқықты беру туралы шешім қабылдауы үшін негіз болып табылады.
Жерге орналастыру жобасында мыналар көрсетілуі тиіс: жер пайдалану құқығындағы жер учаскесі кімнен алынатыны (жеке және занды тұлғаның атауы), оның кімге берілетіні (жеке және заңды тұлғаның атауы), жер учаскесінің нысаналы мақсаты, оның көлемі, орналастыруға берілетін объектілердің құрамы, санитарлық (күзет) немесе қорғау аймақтарына енетін жер алқаптары және олардың кадастрлық құны, жер учаскесінің бөлінетіндігі немесе бөлінбейтіндігі, жер учаскесі сатылатын жағдайда оны сату бағасы, тапсырыс берушінің учаскедегі жылжымайтын мүлікті бұзу, басқа орынға апаруға байланысты міндеттері, шығындар мен зияндарды өтеу, топырақтың бұзылған құнарлы қабатын сыдырып алу, сақтау, пайдалану мерзімдері, шарттары, жерлерді жаңғыртудың шарттары және мерзімдері.
Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қоюдан туындаған ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығынды ауыл шаруашылығы алқаптарының көлемі мен олардың сапасын қалпына келтіру арқылы ауыл шаруашылығы өндірісінің деңгейін сақтау мақсатында республикалық бюджет кірісіне өтелуге тиіс.
Бұл шығын аталған Кодекстің 166-бабында көрсетілген шығынның орнын толтырудан тыс өтеледі.
Жер учаскесі берілген заңды немесе жеке тұлғаның қаражаты есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабаты салынған жағдайда алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалатын сома есепке алынып, шығыны Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен өтеледі.
Жеке және заңды тұлғалардың есебінен өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабаты салынған жағдайда олардың әрқайсысына жер учаскесі беріледі, ал жерге орналастыру жобасында мыналар қосымша көрсетіліп өтеді:
құнарлы топырақ қабатын салу көзделген жер учаскесі алқабының орналасқан жері, көлемі және түрі;
салынатын құнарлы топырақ қабатының көлемі;
алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған шығындардың сомасы (құны);
алқаптарды қалпына келтіруге жұмсалған сомаларды ескергендегі шығындардың мөлшері.
Өнімділігі аз немесе өнім бермейтін алқаптарға құнарлы топырақ қабатын салу көзделген жер учаскесін таңдау жергілікті атқарушы орган құратын комиссияның қорытындысының негізіндежүзеге асырылады.
Өтелуге тиісті шығынның мөлшері жаңа жерді игеруді немесе алқаптарды ауыл шаруашылығы өнімін өндіру деңгейіне дейін жақсартуды қамтамасыз ететін нормативтерді негізге ала отырып, алып қойылатын алқаптардан алынатын өнімнен немесе олардың сапасы төмендегенге дейін бұрын алынған өнімнен кем түспейтін көлемінде анықталады. Бұл жер учаскесінің берілуіне мүдделі тұлғамен келісіледі және жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін жеп учаскесіне құқық беру туралы актімен рәсімделеді.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың жер пайдалануындағы немесе меншігіндегі ауыл шаруашылығы алқаптарынын нысаналы мақсаты өзгерген кездеде ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығыны өтелуге тиіс.
Ауыл шаруашылығы өндірісіндегі шығын жеручаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданған немесе ауыл шаруашылығы алқаптарының нысаналы мақсаты өзгерген кезден бастап алты ай мерзімде өтелуге тиіс.
Жеке және заңды тұлғаларға жер учаскелері келесі мақсаттарда берілгенде олар шығынды өтеуден босатылады:
1) елді мекендер шекарасында жеке тұрғын үй салу, мектептер, мектепке дейінгі балалар мекемелерін, емдеу орындарын және мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектілер салу үшін;
2) мелиорациялық жүйелер салу үшін;
3) тоғандағы және көлдегі балық шаруашылықтарын, балық питомниктерін, уылдырықты балық шаруашылыктары мен балық өсіретін зауыттар салу үшін;
4) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін, іргелес жатқан -жер алқаптарының жағдайын нашарлатпайтын объектілер салу үшін;
5) тозған алқаптарға, химиялық және радиоактивті заттармен ластанған жерге орман мелиорациясы үшін.
Жер учаскелерін қорықтарға, ұлттық, зоологиялық және дендрологиялық парктерге, ботаникалық бақтарға, тарихи-мәдени мақсат-тағы объектілерге беру кезінде де, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де жағдайларда шығын өтелмейді.
Шығынның мөлшері жеручаскесінің берілуіне мүдделі тұлғамен келісіледі және жергілікті атқарушы органның шешімімен бекітілетін жер учаскесіне құқық беру туралы актімен рәсімделеді.
Жер зандарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық — бұл жер құқық бұзушылыктары саласындағы занды жауаптылықтың түрлерінің бірі. Мұндай жауаптылық тек заңдарда көзделген жағдайларда және әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы орын алған жағдайда ғана туындайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық тағайындалатын жеке тұлғаның құқықка кайшы кінәлі (қасақан немесе абайсыз) әрекеті немесе әрекетсіздігі (КР ӘҚБК 26-бабы).
Заң әдебиетінде заңды жауаптылықтың бұл түрінің сипаты туралы әртүрлі көзкарастар кездеседі.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың ерекшелігі оны қолданудың келесі жағдайларымен сипатталады:
1. Ол ҚР ӘҚБК-де кезделуі тиіс;
2. Ол әкімшілік құқық бұзушылықтың нақты аныкталған құрамдарынан көрініс табуы тиіс;
3. Жауаптылықтың субъектілері ретінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңға сәйкес әкімшілік-жер құқық бұзушылығын жасағаны үшін кінәлі деп танылған кез-келген тұлға болуы мүмкін;
4. Құқық бұзушылықтың жұмыс уақытында немесе жұмыстан тыс уақытта жасалғанына қарамастан кінәлі тұлғалар әкімшілік жауаптылыққа кез-келген уақытта тартылады;
5. Әкімшілік жауаптылықтарды заңда аталған лауазымды тұлғалар мен мемлекеттік органдар ғана өз құзыреті шегінде жүзеге асырады;
6. Әкімшілік жауаптылық заңдарда анықталған келесі іс жүргізушілік тәртібімен қолданылады: әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғау (ҚР ӘҚБК 634-бабы), жер заңдарының бұзылуын осыған уәкілетті лауазымды тұлға хаттамаға тіркейді (ҚР ӘҚБК 636-бабы) және т.б.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықты түрлерге бөлуде де ғалымдардың әртүрлі көзқарастары орын алған.
Мысалы, Б.В. Ерофеев жер заңдарында қарастырылған құқық бұзушылықтардың түрлерін келесі түрлерге бөледі:
1) экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтар: жерді өз бетімен басып алу; уақытша пайдалануға берілген жер учаскелерін уақтылы қайтармау; ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру жобаның шегінен шыға отырып әрекет ету;
2) экологиялық сипаттағы құқық бұзушылыктар: топырақтың құнарлы қабатын құрту және жою; жерлердің жағдайына кері әсер ететін мелиоративтік және өзге де жұмыстар; эрозияға қарсы міндетті шараларды орындамау және т.б.;
3) жерге байланысты құқық бұзушылықтар, яғни, жермен байланысты тұрақты немесе уақытша жылжымайтындыққа ие объектілерге қатысты құқық бұзушылықтар: шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды өз бетімен салу; егілген өсімдіктер мен дақылдарды улау, зақымдау; жол құрылыстарына қасақана зиян келтіру және т.б.
Соңғы жағдайдағы шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды өз бетімен салуды, егілген өсімдіктер мен дақылдарды улау, зақымдауды, жол құрылыстарына қасақана зиян келтіруді экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтарға да жатқызуға болады, себебі, бар құқық бұзушылықтар жер учаскесінің меншік иесі мен жер пайдаланушылар үшін белгілі бір экономикалық пайданы жоғалтуға әкеп соғады.
А.Х. Хаджиев жер заңдарына қатысты құқық бұзушылықтарды келесі топтарға бөледі:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың мүліктік құқықтары мен мүдделеріне зиян келтіретін құқық бұзушылықтар: уақытша пайдаланудағы жер учаскелерін уақтылы қайтармау немесе оларды мақсаты бойынша пайдалануға жарамды жағдайға келтіруге байланысты міндеттерді орындамау; жер учаскелерін өз бетімен пайдалану; жер учаскесінде іздестіру жұмыстарын рұқсатсыз жүргізу және т.б.;
2) жер қорын басқару саласындағы құқық бұзушылықтар: арнайы жер қоры туралы ақпаратты жасыру; жерлерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерін бұрмалау; жерді пайдалану жағдайы және жер ресурстарының сапасы туралы ақпаратты беруден бас тарту немесе жалтару; жер учаскесін беру туралы талап-арызды қараудың белгіленген мерзімдерін бұзу және т.б.;
3) жерді пайдалану ережелерін бұзу: жерлерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбау; ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдаланбау; ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің арам шөптеріне және зиянкестеріне қарсы курес шараларын жүргізбеу;
4) экологиялық бағыттылыққа ие құқық бұзушылықтар: ауыл шаруашылығы және басқада жерлерін бүлдіру; жерлерді пайдаланудың табиғат қорғау режимінің талаптарын орындаімау; жерлердің жағдайын кері әсер ететін объектілерді орналастыру, жобалау, құрылысын жүргізу және пайдалану;
5) жердегі өндірістік-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға қатысты белгіленген талаптарды бұзу: шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды өз бетімен салу; ішкі шаруашылыктық жерге орналастыру жобаның шегінен шыға отырып әрекет ету және т.б.
Аталған құқық бұзушылықтардың арасында ҚР Жер кодексінің 92-93 баптарында көзделген жер учаскелерін нысаналы пайдалануды бұзу және жерлерді ұтымды пайдалану талаптарын өрескел бұзу қарастырылмаған. Жер зандары құқық бұзушылықтың екі түрін ерекше бөліп көрсетеді: жеке меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы субъектілеріне берілетін жер учаскелерін нысаналы және ұтымды пайдалануды бұзу. Тіпті, шаруашылық және тұрмыстық құрылыстар объектілерін өз бетімен басып алу немесе өз бетімен салу да ҚР жер қорын нысаналы және ұтымды пайдалануды бұзу болып табылады.
Жер заңдары нормаларының талаптарын бұзуды ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексі келесі түрлерге бөледі:
1) меншікке қол сұғатын құқық бұзушылықтар (13-тарау, 118-121 баптар);
2) табиғи ресурстарды пайдалану қоршаған ортаны қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар (19-тарау, 240-306 баптар);
3) карантиндік ережелер мен ветеринарлық (мал дәрігерлік) қа-ағалауға қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар (20-тарау, 307-309 баптар);
4) қоғамдық қауіпсіздік пен халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар (21-тарау, 410-бап);
5) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекара режимінің және Қазақстан Республикасы аумағында жүріп-тұрудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар (95-тарау, 389, 390-баптар);
6) жол шаруашылығы, байланыс және көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар (27-тарау, 488, 489, 499-баптар).
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар бойынша жер заңдарының басқа да талаптарын орындамау және жер учаскелерінін меншік иелері мен жер пайдаланушылардың өз міндеттерін орындамауы жер құқық бұзушылығы және әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.
Жоғарыда аталған және басқа да авторлардың жер құқық бұзушылықтарды топтарға бөлуі жер құқығы қатынастары саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды түрлерге бөлуде танымдық және тәжірибелік маңызға ие.
А.Х. Хаджиевтің пікірі бойынша, жер құқық бұзушылықтарының арасынан жер қорын басқару саласындағы құқық бұзушылықтарды (арнайы жер қоры туралы ақпаратты жасыру; жерлерді мемлекеттік тіркеу, есепке алу және бағалау мәліметтерін бұрмалау) бөліп атап, оларды 24-тарауға («Баскарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын құқық бұзушылықтар») жатқызуға болады. Бұл тараудың нормаларына ҚР ӘҚБК 19-тарауында кезделген жер учаскелерін беру туралы талап-арызды қарау мерзімдерін бұзуды (255-бап) да басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын құқық бұзушылық ретінде жатқызған дұрыс болар еді.
Әкімшілік құқық бұзушылық тартуралы кодекстің кейбір нормалары жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылықтың объектісін табиғаттың оқшауланған объектісі — қоршаған орта ретінде емес, ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы», ҚР 1997 жылғы 15-шілдедегі «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңдарының негізінде басқа табиғи ресурстармен байланыстағы табиғи ресурстардың бірі ретінде қарастырады. Сол себепті, 240-242 баптардың диспозициялары жер учаскесін нақты атамайды, тек қоршаған ортаның объектілерінің бірі ретіндегі жерге (жер учаскелеріне) қатысты қоршаған ортаталаптарын бұзуды көздейді (ҚР ЖК 139-бабы).
Әкімшілік – құқық бұзушылықтар ұлт әкімшілік жаза ҚР ӘҚБК ережелерімен нақты сәйкестікте, бапта осы құқық бұзушылық үшін көзделген шекте тағайындалады. Әкімшілік жаза әділ және құқық бұзушылықтың сипатына, оны жасаудың жағдайларына, құқық бұзушының тұлғасына сәйкес болуы тиіс.
Әкімшілік жазаны тағайындау тұлғаны орындамаған міндеттерін орындаудан, зиянды өтеуден және құқық бұзушылықтарының салдарын жоюдан босатпайды.
Бір әкімшілік құқық бұзушылық үшін тек бір негізгі немесе негізгі және қосымша әкімшілік жаза тағайындалуы мүмкін (ҚР ӘКБК 60-бабы).
Бірінші рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны, егер ол құқық бұзушылық жасағаннан кейін келтірілген зиянды ерікті түрде өтесе немесе құқық бұзушылыктан келген зиянды басқа да жолмен жойса, стот, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган (лауазымды тұлға) әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін.
Әкімшілік құқық бүзушылыктан келген зиян жеңіл болғая жағдайда сот, әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға уәкілетті орган (лауазымды тұлға) әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған тұлғаны ауызша ескерту жасай отырып, әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін (ҚР ӘҚБК 68-бабы).
14.7. Жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық Қылмыстық жауаптылық жауаптылыктың мейлінше ауыр нысаны болып табылады және ол әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа қарағанда соттың кінәлі тұлғаға коғамдық қауіптің жоғары денгейін білдіретін әрекеті үшін қолданылатынымен ерекшеленеді. Қылмыстық жауаптылықтың жалғыз негізі болып кылмысты, яғни, ҚР Қылмыстық кодексімен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілеріне ие әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау табылады. Бір қылмыс үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық жауапқа тартуға болмайды.
Сол себепті, жер заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық ҚР Қылмьістық кодексінің қылмысты-жазалаушы нормаларына сәйкес жер құқығы қатынастары саласындағы қылмыстық жазаланатын қылмыстық әрекеттер үшін туындайды.
Жер заңдары өзінің қорғаушылық нормалары оң-позитивтік нәтижелер беруі үшін жер учаскелері меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың және басқа да тұлғалардың міндеттерін және оларға қатысты тыйымдарды бекіткен. Тұлғалардың әрекеті немесе әрекетсіздігі жер заңдарының жер-қорғаушылық нормаларына кері әсер ететін және қылмыстық-жазаланатын әрекеттің барлық белгілерімен қоса қоғамға қауіпті сипатты иеленген жағдайда қылмысты жасаған тұлғаны жазалауға бағытталған ҚР Қылмыстық кодексінін, механизмі іске қосылады.
ҚР Қылмыстық кодексі жер құқығы қатынастары саласындағы қылмыстарды 11-тарауда экологиялық қылмыстардын құрамында қарастырады. Бұны жер және өзге де табиғи ресурстардың өзара байланыстылығымен түсіндіруге болады. Көп жағдайда қылмыс объектісі болып бір мезетте жер және өзге де табиғи ресурстар, тіпті, бүкіл қоршаған орта табылады. Сонымен қатар, экологиялық талаптар, нормативтер, стандарттар, нормалар азаматтардың шаруашылық жүргізуінің әртүрлі салаларындағы қызметтерін қамтуы мүмкін. Бұл талаптарды бұзу оларға өз қызметінің осы салаларындағы заң нормаларын қолдануды туындатады. Сондықтан, экологиялық қылмыстың құрамында субъектілерге — құқық бұзушыларға қатысты кешенді экологиялық талаптар орын алуы мүмкін.
Мысалы, ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы шаруашылық және өзге де қызметке қатысты экологиялық талаптар саласындағы қылмыстарды қарастырады.
Табиғи ресурстарды пайдалану, кәсіпорындарды және пайдалану объектілерінің басқа да түрлерін, өнеркәсіп, көлік және байланыс объектілерін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы және мелиорациялық объектілерді жобалау, орналастыру, салу, жөндеу, қолданысқа беру және пайдалану, қалалар мен өзге де елді мекендер құрылысы кезінде, сонымен қатар, әскери және қорғаныс объектілеріне, әскери және ғарыштық қызметке қатысты экологиялық талаптарды осы талаптарды орындау үшін жауапты тұлғалар бұзған жағдайда.
Егер бұл қоршаған ортаның елеулі ластануына, адам денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар және өсімдіктер әлемінің жаппай қырылуына және өзге де ауыр салдарға алып келсе,— белгілі бір лауазымды иелену не белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан 3 жыл мерзімге дейін айыра отырып не бұларсыз 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Бұл баптың диспозициясында табиғи ресурстар объектілері, қоршаған ортаны ластау көрсетілген, олардың қатарынан табиғи ресурстардың объектісі және қоршаған ортаның құрамдас бөлігі ретінде жер учаскелері де орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар, экологиялық талаптарды бұзу ҚР Қылмысты кодексінің 278, 279-баптарында және өзге де баптарында қарастырылған. Алайда, олар өндірістін қауіпті заттарымен байланысты
278-бап. 1. Экологиялық тұрғыдан салыстырмалы түрде қауіпті химиялық, радиоактивтік және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау, сақтау, көму, пайдалану кезінде экологиялық талаптарды бұзу, егер бұл әрекеттер адм денсаулығына не қоршаған ортаға елеулі зиян келтіру каупін тудырса,— екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі немесе сотталушының екі айдан бес айға дейінгі жалақысының не өзге де табысының мөлшеріндегі айыппұлмен немесе үш жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеумен не екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
2. Дәл осы әрекет қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе ауруға ұшырауына, адам денсаулығына зиян келтіруге не жануарлар және өсімдіктер әлемінің жаппай қырылуына әкелсе, сонымен қатар, төтенше экологиялық жағдайы бар аумақта жасалса — бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
3. Осы баптың бірінші не екінші тармақтарында көзделген әрекеттер абайсызда адамдардын жаппай ауруға шалдығуына немесе адам өліміне әкелген болса,— үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
279-бап. 1. Микробиологиялық немесе өзге де биологиялық агенттерді не токсиндерді коймалау, жою немесе көму кезінде экологиялық талаптарды бұзу не оларды қайта өңдеу, сақтау немесе көму үшін Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу,— екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі немесе сотталушының екі айдан бес айға дейінгі жалақысының не өзге де табысының мөлшеріндегі айыппұлмен немесе үш жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеумен не екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынаи айырумен жазаланады.
2. Дәл осы әрекет қоршаған ортаның ластануына, улануына немесе ауруға ұшырауына, адам денсаулығына зиян келтіруге не жануарлар және өсімдіктер әлемінің жаппай қырылуына әкелсе, сонымен қатар, төтенше экологиялық жағдайы бар аумақта жасалса — бес жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
3. Осы баптың бірінші не екінші тармақтарында көзделген әрекеттер абайсызда адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе адам өліміне әкелген болса,— үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 277,278,279-баптарында экологиялық талаптарды бұзу және аталған қауіпті заттарды пайдалану кезінде абайсызда жануарлар және өсімдіктер әлемінің жаппай қырылуына әкелу мүмкіндігі қарастырылған. Ал ҚР ҚК 161-бабы жануарлар және өсімдіктер әлемінің жаппай қырылуының қасақана әрекет түріндегі басқа түрін қарастырады. яғни, жануарлар немесе өсімдіктер әлемін жаппай қырғаны, атмосфераны, жер немесе су ресурстарын улағаны, сонымен қатар, экологиялық апатты тудырған немесе тудыруы мүмкін өзге де эрекеттерді жасағаны үшін кінәлі тұлғалар он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Бұл қылмыс экологиялық қылмыстарға жататынына қарамастан, ҚР Қылмыстық кодексінде ол бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың қатарында қарастырылған.
280-бапта көзделген өсімдіктердің аурулары мен зиянкестерімен күресу үшін белгіленген ережелер мен ветеринарлық ережелерді бұзу да экологиялық талаптарды бұзумен, соның ішінде, жерді қорғау талаптарымен байланысты. Жоғарыда атап өткеніміздей, ҚР Жер кодексінің 140-бабына сәйкес жер ерекше қорғауды қажет етеді. Бұл баптың 2-тармағына сәйкес, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар ауыл шаруашылығы жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдік ауруларын жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі нашарлауының өзге де түрлерінен қорғауға міндетті.
Өсімдіктердің аурулары мен зиянкестерімен күресу үшін белгіленген бұл ережелерді бұзу ауыр салдарға әкелуі мүмкін. Сол себепті, ҚР Қылмыстық кодексінің 280-бабының 2-тармағы ауыр салдарға әкеліп соққан өсімдіктердің аурулары мен зиянкестерімен күресу үшін белгіленген ережелерді бұзу — екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі немесе сотталушының екі айдан бес айға дейінгі жалақысының не өзге де табысының мөлшеріндегі айыппұлмен немесе бір жыл мерзімге дейінгі түзету жұмыстарымен не үш жыл мерзімге дейін бас бостандығын шектеумен не екі жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады. ҚР Қылмыстық кодексінің 285-бабында жерді бүлдіру туралы арнайы нормалар көзделген. Бұл қылмыстың сипаты мынадан көрініс табады:
1. Адамның денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтіруді, жердің табиғи қасиеттерін нашарлатуды тудырған улы химикаттарды. тыңайтқыштарды, өсімдіктердің өсуін қоздырғыштарды және өзге де қауіпті химиялық, радиоактивтік және биологиялық заттарды сақтау, пайдалану, тасымалдау, көму ережелерін бұзу нәтижесінде шаруашылық және өзгеде қызметтің зиянды өнімдерімен жерді улау, ластау немесе басқа да бүлдіру — екі жүзден бес жүзге дейінгі айлық есептік керсеткіш мөлшеріндегі немесе сотталушының екі айдан бес айға дейінгі жалақысының не өзге де табысының мөлшеріндегі айыппұлмен немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырумен немесе екі жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарымен жазаланады.
2. Дәл осы әрекет төтенше экологиялық жағдайы бар аумақта жасалса — үш жылға дейнгі мерзімге бас бостандығынан шектеумен не осы мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
3. Осы баптын бірінші не екінші тармақтарында көзделген әрекеттер абайсызда адам өліміне әкелген болса, - екі жылдан бес жылға дейін бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Бұл қылмысты тек жерге қатысты ретінде ғана емес, бүкіл қоршаған ортаға қатысты қылмыс ретінде қарастыруға болады. Сол себепті, бұл қылмыстың ҚР ҚК 277-279 баптарында көзделген қылмыстардан айырмашылығы да елеусіз.
Жерді қорғау саласында жасалатын қылмыстарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзу да жатады.
ҚР Жер кодексінің 1-бабына сәйкес қорғалатын табиғи аумақ Қазақстан Республикасы жер қорының санаттарының бір түрі болып табылады.
ҚР Жер кодексінің 122-бабында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар және сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі белгіленген.
Бұл жерлерді өзге қажеттіктерге алып қоюға жол берілмейді және оларда ерекше корғау режимі не шаруашылық қызметтің реттелуші режимі белгіленеді.
Ерекше қорғауды қамтамасыз ету үшін осы аймақтар шегінде мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін сақтау мен молайтуға кері әсерін тигізетін кез келген қызметке тыйым салынып, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет және қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың күзет, санитарлық-қорғау және өзге де қорғау аймақтары шегіндегі жер учаскелері осы аймақтарды қорғаудын белгіленген режимін сақтай отырып пайдаланылады және ҚР Жер кодексінде белгіленген шарттарға сәйкес мемлекеттік қажеттіктер үшін алып қойылуы (сатып алынуы) мүмкін.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимін бұзатын қылмыс ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабынын нормаларында көзделген:
1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың режимін бұзу нәтижесінде елеулі зиян тигізу — жүзден екі жүзге дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі немесе сотталушының екі айға дейінгі жалақысының не өзге де табысының мөлшеріндегі айыппұлмен немесе үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айырумен немесе алты айдан бір жылға дейінгі мерзімге түзету жұмыстарымен жазаланады.
2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін қасақана бүлдіру не жоюдың нәтижесінде елеулі зиян тигізу — үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеумен не осы мерзімге бас бостандыгынан айырумен жазаланады.
ҚР ҚК 299-бабы экологиялық ластанудың салдарын жоюға байланысты шаралар қолданбауды қарастырады.
Экологиялық ластануға ұшыраған жерлерде қалпына келтіру шараларын жүргізу міндеті жүктелген тұлғалардың осындай шараларды тиісті жүргізбеуі немесе оларды жүргізуден жалтаруы адам өліміне не адамдардың жаппай ауруға шалдығуына немесе қоршаған орта үшін өзге де ауыр салдарға алып келсе — бес жүзден мыңға дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұлмен немесе бес жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымды иелену немесе белгілі бір қызмет түрімен айналысу құқығынан айыра отырып сол мерзімге бас бостандығынан айырумен жазаланады.
Тәжірибеде жер учаскелерін азаматтарға заңсыз сатумен, жалға берумен, табыстаумен, соның ішінде, шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғаларға пара арқылы берумен, қызмет жағдайын асыра пайдаланумен және т.б. байланысты лауазымдық қылмыстар жасалуы мүмкін. Мұндай жағдайларда кінәлі лауазымды тұлғалар лауазымдық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Қорытынды
Әрбір қоғамда экономиканы дамытудың негізі жер байлығы болып саналады. Оның негізнде барлық материалдық байлық құрылады. Себебі, әртүрлі шикізат ресурстары, су, орман байлықтары, адамзат баласына азық болатын ауыл шаруашылық өнімдері жер негізінде алынады. Жер бетінде барлық өндірістік және өндірістік емес объектілер шоғырланған. Әрбір елдің экономикасының даму бағыты мен қарқыны жердің тиімді пайдалануына және оның кімнің меншігінде болуымен, онда қандай байлықтар орналасуымен тікелей байланысты. Сол себепті республикамыздың негізгі Заңында — Конституцияда жер және жерді пайдалану мәселесі әржаққа жүгіртуге, бұрмалауға болмайтын негізгі мәселе болып табылады. Оның 6-бабының үшінші тармағында былай деп нақтылы жазылған: « жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекет меншігіде болады. Жер, сондай-ақ заңға белгіленген негіздерде, шарттар мен шектеуде жеке меншікте де болуы мүмкін». Осы бапта келтірілген бұл мәтінді әр саққа жүгіртуге болмайды. Бұдан жеке меншікте кез келген жер бола бермейді. Тек ғана өндіріс орындары, басқа да материалдық байлықты шығарушы ұйымдар орналасқан жерлер шарттарға сәйкес жеке меншікте болуы мүмкін деген ұғым ғана туады.
Жер кодексін талқылау барысы елімізде демократияның берік орныға бастағанын көрсетіп отыр. Жек кодексі аз уақыттың ішінде талай тар жол, тайғақ кешуді бастан өткізді деп айтуға болады.
Сондықтан жер құқығына байланысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделіп шешіледі.
Президентіміздің биылғы жылғы Жолдауында еліміздің экономикалық өсуінің ең басты жолы жер қойнауын дұрыс пайдалану және оны экономикамыздың басты өркендеу көзі ретінде алды. Себебі, мемлекет жер жағдайын дұрыс шеше отырып жер қатынастарының мәселесін шешеді. Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы Қазақстанды жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан етіп көрсетеді. Оның негізгі қағидалары болып:
«Қазақстан 2030» стратегиясының 10 жылдағы Қазақстан экономика мен өз мемлекетінің берік ірге тасын құра отырып, дамудың жаңа кезеңіне сенімді қадам басуы;
Қазақстанның өмір сапасының артуы;
Қазақстандық дамудың жаңа кезеңі жан – жақты жаңартуды жеделдету;
Бәсекеге қабілеттілік Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа кіруінің кілті;
Жаңа кездегі негізгі міндеттер;
Қазақстанның патриотизммен саяси ерік жігер - жаңа Қазақстанды құрудың аса маңызы деп аталатын ең маңызды мәселелерге тоқталып өтті. Осы бағыт негізінде жұмыс жасай отырып, еліміздің экономикасын көтеріп дамыған елдердің қатарына кіреміз.
Жер қатынастары – жерге меншік құқығын және өзге де құқықтарды жүзеге асыра отырып, жер ресурстарын басқаруға, жекелеген субъектілерге жер учаскелерін бекітіп беруге байланысты жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар.
Жер құқығының негізгі қағидаларына сүйене отырып жерді пайдалану, иелену, билік етуді өз бағытында қолданып қаралуын негіздейді. Яғни, жер тағдырын шешу мемлекеттің құзыреттілігінде екендігін нақтылайды.
Әрбір Қазақстан Республикасының азаматының міндеті жерді тиімді, ұтымды, пайдалануды қарастыру керек және заң негізінде жүзеге асыруы тиіс. Жалпы жаңадан қабылданған Жер кодексінен халық жерді кепілге қойып несие алуға, жер күтімінің жақсаруына мүмкіндік береді, ауылға қаржы келеді және жұмыссыз жүргендер жұмыспен қамтылады деп үлкен үміт күтуде. Олай болса, халқымыздың несие алып, жағдайын жақсартып алуына, жердің құнарлығын арттырып, ұрпақтан ұрпақұқа жерді мұра ретінде қалдыра беруіне тілектеспіз.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2005. 250 б.
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1994 жылы 27 желтоқсан. № 269 ХІІІ Жалпы бөлім. Алматы, 2005. 150 б.
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 1999 жылғы 1 шілдеде № 409 – І (ерекше бөлім). Алматы, 2005. 288 б.
-
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс – жүргізу кодексі. (Астана, 1999 жылғы 13 шілдеде № 44 – І. Алматы, 2005. 145 б.
-
Қазақстан Республикасының «Жер кодексі» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы № 442-ІІ кодексі. Алматы, 2005. 185 б.
-
«Жер қойнауы жәнежер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2828 заңы. Алматы, 2005. 295 б.
-
Ә.С.Стамқұлов., Ғ.Ә.Стамқұлова. Жер құқығы. (Жалпы бөлім) Алматы. 2004 ж.
-
И.Оспанов. Құқық негіздері. Алматы 2006 ж.
-
Ә.Е. Бектұрғанов. Қазақстан Республикасының Жер құқық қатынастары туралы. Алматы, 1997. 325 б.
-
Архипов И.Г. Земельное право Респблиики Казахстан. Алматы 1997. 115 б.
-
Хаджиев А. Земельное право Респблиики Казахстан. Алматы 2001. 250б.
-
Архипов И.Г. Земельное право Респблиики Казахстан. Алматы, 1994 500 б.
-
Архипов И.Г. Регулирования земельных отношение по новому Указу о земле. / Предприниматель и право / 1996. № 2
-
«Заң газеті», 2003 ж. 22 маусым
-
«Егеменді Қазақстан», 2003 ж. 25 шілде.
-
«Егеменді Қазақстан», 2007 ж. 23 қаңтар.
-
«Егеменді Қазақстан», 2007 ж. 22 ақпан.
-
«Жас Алаш», 2003 ж, 28 маусым.
-
«Түркістан», 2003 ж, 27 шілде.
-
«Ақиқат», №4 2006 ж. 20 сәуір.
-
«Ақиқат», №2 2007 ж. 15 наурыз.
Достарыңызбен бөлісу: |