«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Заң» (2011 жылғы 6 қаңтардағы өзгертулер мен толықтырулармен)
Дерекнама: ИС ПАРАГРАФ-WWW.http://online/.prg.kz
2010 жылғы 24 мамырдағы №291-IV «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңы» құжаты (2011 жылғы 6 қаңтардағы өзгертулер мен толықтырулармен)
Басып шығарылды: 2011 жылғы 8 қыркүйек, бейсенбі
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
Осы Заң жер қойнауын пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi және Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауға, жер қойнауын ұтымды әрi кешендi зерттеу мен пайдалануға бағытталған.
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) авторлық қадағалау - жер қойнауын пайдаланушының жобалау құжаттарының ережелерiн сақтауына жобалау жұмыстарына арналған мердiгерлiк шартқа сәйкес жобалау құжатын жасаған жобалаушы ұйым жүзеге асыратын мониторинг;
2) айналыстан шыққан қорлар - өндiру процесiнде түзiлетiн, жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың нормаланған ысыраптарын қоса алғанда, оларды өндiру нәтижесiнде жер қойнауын пайдаланушы өз балансынан шығаратын, Қазақстан Республикасының Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы бекiткен қатты пайдалы қазбалардың өндiрiлген баланстық қорлары;
3) бағалау жұмыстары – анықталған объектiнiң жалпы ресурстарын айқындау, олардың өнеркәсiптiк маңызын бағалау және игеруге тартудың орындылығын техникалық-экономикалық негiздеу мақсатында жүргiзiлетiн геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
4) бағалау жұмыстарының жобасы - табылған объектiнiң жалпы ресурстарын айқындау, өнеркәсiптiк маңызын жiтi бағалау және оны өнеркәсiптiк игеруге тартудың орындылығын техникалық–экономикалық негiздеу үшiн геологиялық–барлау жұмыстарын жүргiзу әдiстемесi мен көлемiн белгiлейтiн, пайдалы қазбалардың перспективалы учаскелерi мен көрiнiс–белгiлерi табылған жағдайда барлау жүргiзген кезде жасалатын жобалау құжаты. Бағалау жұмыстарының жобасы бағалау жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдерiн көрсетедi;
5) барлау – пайдалы қазбалардың кен орындарын iздеумен және оларды бағалаумен байланысты жұмыстар (операциялар);
6) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану - мұнай мен газды сақтау үшiн жерасты немесе топырақ қабатынан төмен тереңдiктегi құрылыстар, тоннельдер, метрополитендер, қорларды жасанды толтыру үшiн жер қойнауына жерасты суларын айдауға арналған құрылыстар, қатты, сұйық және радиоактивтi қалдықтарды, зиянды улы заттарды көму мен жиып қою және сарқынды әрi өнеркәсiптiк суларды жер қойнауына ағызу үшiн өңделген қазба қалдықтарының қоймаларын, шөгiндi қоймаларын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
7) газды технологиялық тұрғыдан ерiксiз жағу – газды жақпай жүргiзiлетiн операцияларды жүзеге асырудың техникалық мүмкiндiгi жоқтығына байланысты газ өңдеудiң технологиялық процестерi кезiнде газды жағу;
8) геологиялық ақпарат - геологиялық, геохимиялық, геофизикалық, гидрогеологиялық, геоморфологиялық, тектоникалық мәлiметтердi, тау-кен қазбаларының, ұңғымалардың техникалық құжаттамасын, кен орнының, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзiлетiн келiсiмшарттық аумақтағы жұмыс учаскесi мен объектiлердiң болжамды ресурстарын және баланстық қорларын қамтитын материалдар жиынтығы;
9) геологиялық бөлу - барлауға, бiрлескен барлауға және өндiруге арналған келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын, жер қойнауын пайдаланушы барлау жүргiзуге құқылы жер қойнауы учаскесiн схемалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын қосымша;
10) жағалау жиегi – судың барынша көтерiлуi (судың толуы) салдарынан пайда болатын су объектiсi жағалауының жиегi;
11) жерасты сулары – жер қойнауында болатын және осы Заң мен Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес пайдаланылатын сулар жиналымы;
12) жер қойнауы - топырақ қабатынан төмен орналасқан не пайдалы қазбалары жер бетiне шығып жатқан, ал топырақ қабаты жоқ болса - жер бетiнен және теңiздердiң, көлдердiң, өзендердiң және басқа да су айдындарының түбiнен төмен орналасқан, ғылыми–техникалық прогрестi ескере отырып, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге болатын тереңдiкке дейiн созылып жатқан жер қыртысының бөлiгi;
13) жер қойнауындағы пайдалы қазбалардың нормаланған ысыраптары - деңгейi техникалық-экономикалық есептеулермен негiзделген пайдалы қазбаларды өндiру кезiнде игерудiң қабылданған тәсiлдерiмен және жүйелерiмен технологиялық жағынан байланысты ысыраптар;
14) жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган - жер қойнауын геологиялық зерттеу, ұтымды әрi кешендi пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру және бақылау жөнiндегi функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
15) жер қойнауын қауiпсiз пайдалану - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзген кезде экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi қамтамасыз ету;
16) жер қойнауын қорғау - Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында көзделген, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде жер қойнауының ластануын болғызбауға және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың қоршаған ортаға зиянды әсерiн азайтуға бағытталған iс-шаралар жүйесi;
17) жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеу - жер қойнауы жай-күйiнiң мониторингiмен, жер қойнауы учаскелерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағының жекелеген бөлiктерiнiң және тұтастай бүкiл аумағының геологиялық құрылымын зерттеумен, оларда пайдалы қазбалардың болу перспективаларын iздеу және iздеу-бағалау жұмыстарын жүргiзу арқылы айқындаумен, жер қойнауын пайдаланудың ақпараттық негiзiн құрайтын мемлекеттiк геологиялық карталар жасаумен байланысты жұмыстар (операциялар);
18) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар - жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге, пайдалы қазбаларды барлауға және (немесе) өндiруге қатысты, оның iшiнде жерасты суларын, емдiк балшықты барлаумен және өндiрумен, жер қойнауын сарқынды суларды ағызу үшiн барлаумен байланысты, сондай-ақ барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес, жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
19) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге құқықтарды шоғырландыру - Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiне қауiп төндiруi мүмкiн немесе қауiп төндiретiн, бiр тұлғаның немесе бiр елден шыққан тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының аумағындағы келiсiмшарттарда осындай үлестердi немесе Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланушылар болып табылатын ұйымдардың жарғылық капиталдарында (акциялар санымен) осындай қатысу үлестерiн иеленуi;
20) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң және оларды өндiрушiлердiң тiзiлiмi – жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды және оларды өндiрушiлердi бақылауға және оның мониторингiне, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде пайдаланылатын тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi электрондық сатып алуды өткiзуге және олардың тiзбесiн түзуге арналған мемлекеттiк ақпараттық жүйе;
21) жер қойнауын пайдалану жөнiндегi ұлттық компания (бұдан әрi - ұлттық компания) - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған, мемлекет немесе ұлттық басқарушы холдинг жалғыз акционерi болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда жер қойнауын пайдаланудың белгiлi бiр салаларындағы қызметтi жүзеге асыратын акционерлiк қоғам;
22) жер қойнауын пайдалану құқығы – жер қойнауын пайдаланушының осы Заңға сәйкес сатып алған жер қойнауын иелену және пайдалану құқығы;
23) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлер – жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғадағы, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғадағы қатысу үлестерi (акциялар пакеттерi).
Жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлерге сондай-ақ акцияларға меншiк құқығын растайтын не жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғаның, сондай-ақ егер осы заңды тұлғаның негiзгi қызметi Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, осындай жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешiмдердi тiкелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) шешiмдерге ықпал ету мүмкiндiгi бар заңды тұлғаның акцияларына айырбасталатын бағалы қағаздар да жатады;
24) Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткiзу жөнiндегi комиссия - конкурс өткiзу және оның жеңiмпазын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган;
25) жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия - құзыреттi орган құратын, осы Заңның 24–бабында айқындалған мәселелер бойынша құзыреттi органға ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асыратын консультативтiк-кеңесшi орган;
26) жер қойнауын пайдалану саласындағы техникалық-экономикалық негiздеме - тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушiлердiң мүмкiндiктерi мен ұсыныстары мiндеттi түрде ескерiле отырып, кен орындарын игеру жобасының техникалық және экономикалық параметрлерiн және оны iске асырудың экономикалық мақсатқа сай екенiн бағалауды қамтитын құжат;
27) жер қойнауын пайдаланушы - осы Заңға сәйкес жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу құқығына ие жеке немесе заңды тұлға;
28) жер қойнауын ұтымды және кешендi пайдалану - кен орындарын игерудiң озық технологияларын пайдалану мен оң iс-тәжiрибесi негiзiнде жер қойнауы ресурстарының барлық түрлерiн экономикалық тұрғыдан тиiмдi игеру;
29) жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы - пайдалы қазбалардың қорлары туралы, сондай-ақ жер қойнауының басқа да қасиеттерi туралы ақпараттың оларды жер қойнауын пайдалану және пайдалы қазбаларды мемлекеттiк балансқа қою кезiнде қолдану мүмкiндiгiне арналған кешендi сараптамасы;
30) жер қойнауы учаскесi - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу үшiн тұйықталған шекараларда бөлiп көрсетiлетiн жер қойнауының геометрияланған бөлiгi;
31) жобалау құжаттары - тауарларды, жұмыстарды және көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушiлердiң мүмкiндiктерi мен ұсыныстары мiндеттi түрде ескерiле отырып, техникалық-экономикалық көрсеткiштер мен жобаны iске асырудың экономикалық тұрғыдан орындылығын бағалауды қоса алғанда, экологиялық, санитариялық-эпидемиологиялық және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң талаптары ескерiле отырып, пайдалы қазбалардың кен орындарын iздеудiң, бағалаудың және игерудiң техникалық жағдайлары мен технологиялық көрсеткiштерiн негiздейтiн және белгiлейтiн құжаттар;
32) жоғары технологиялар - Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлген өнiмдi әлемдiк нарыққа интеграциялау мақсатында қолданылатын жаңа және жетiлдiрiлген өнiм мен барынша экологиялық таза технология түрiнде өткiзуге шығарылған техника мен технологиялық процестердегi жалпы жұрт мойындаған жаңа жетiстiктер;
33) жұмыс бағдарламасы - жобалау құжаттарында берiлген көрсеткiштер негiзiнде жасалатын, келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiне көлемi мен шығындары бойынша жылдарға бөлiнiп жинақталған көрсеткiштерi бар жер қойнауын пайдаланушы жоспарларының жиынтығын айқындайтын құжат;
34) жұмыстағы (көрсетiлетiн қызметтегi) қазақстандық қамту - жұмысты орындау кезiнде пайдаланылатын тауарлардың құны және қосалқы мердiгерлiк шарттарының бағалары шегерiле отырып, жұмысты орындау кезiнде пайдаланылатын тауарлардағы, шарттың және (немесе) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердiң еңбегiне ақы төлеу бағасындағы, жұмысты орындауға немесе қызмет көрсетуге арналған шарт бойынша жұмыс орындаушының еңбегiне (қызмет көрсетуге) ақы төлеу қорындағы қазақстандық қамту құнының жалпы жиынтық үлесi;
35) жұмыстар - тауарларды шығару (өндiру), жабдықтарды монтаждау, құрылыстарды және жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келiсiмшартта iлеспе ретiнде көзделген қызмет үшiн де өзге қажеттi объектiлердi салу жөнiндегi қызметтi ақылы негiзде жүзеге асыру;
36) жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қазақстандық өндiрушi - Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, қызметкерлерiнiң жалпы санында Қазақстан Республикасы азаматтарының кемiнде тоқсан бес пайызын пайдаланатын заңды тұлғалар;
37) кадрлардағы қазақстандық қамту - жұмысшылар мен қызметшiлердi әрбiр санаты бойынша бөле отырып, келiсiмшартты орындау кезiнде жұмысқа тартылған персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың саны;
38) келiсiмшарт - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген құзыретке сәйкес құзыреттi орган немесе жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi орган немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы мен жеке және (немесе) заңды тұлға арасындағы пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi, бiрлескен барлау мен өндiрудi жүргiзуге не барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға не жер қойнауын мемлекеттiк геологиялық зерттеуге арналған шарт;
39) келiсiмшарттық аумақ - жер қойнауын пайдаланушы келiсiмшартқа сәйкес онда жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялар жүргiзуге құқылы болатын, геологиялық не тау-кендiк бөлумен айқындалатын аумақ
40) келiсiмшарт шеңберiнде құқықтардың шоғырлануы - жер қойнауын пайдалану құқығының бiрлескен иегерлерiнiң бiрiнiң келiсiмшартқа сәйкес осы қатысушыға жер қойнауын пайдаланушының қызметi бойынша шешiмдердi айқындауға мүмкiндiк беретiн Қазақстан Республикасымен жасалған келiсiмшарттағы үлесiнiң шамасы;
41) кен орны - құрамында табиғи шоғырланған пайдалы қазбасы (пайдалы қазбалары) бар жер қойнауының бөлiгi;
42) кен орнын игерудiң технологиялық схемасы - кен орнын өнеркәсiптiк игеруге қосу мақсатында жасалған және мұнай қабаттарының негiзгi параметрлерiн, пайдалану объектiлерiн игерудiң ұтымды жүйесiнiң критерийлерiн анықтау үшiн кен орнын игерудiң технологиялық шешiмдерi мен көрсеткiштерiн, игеру жүйесiн талдау әдiстемесiн көздейтiн жобалау құжаты;
43) кен орнын игерудi талдау – пайдалану объектiсiн игеру процесiнде ұңғымалар мен қаттарды геологиялық-кәсiпшiлiк, геофизикалық, гидродинамикалық және басқа да зерттеулер нәтижелерiн, сондай–ақ мұнай өндiрудi оңтайландыру мен оны алу коэффициентiн ұлғайту мақсатында мұнай мен газ қорларының ағымдағы орналасуын және өнiмдiлiк қаттарда жүрiп жатқан процестердi анықтау үшiн және осының негiзiнде игерудi реттеу жөнiндегi ұсынымдарды әзiрлей отырып, игеру көрсеткiштерiнiң динамикасын кешендi зерделеу;
44) кен орнын өнеркәсiптiк игеру жобасы - берiлген өнiмдiлiктi және өндiруге iлеспелi басқа да өндiрiстiк операцияларды қамтамасыз ететiн техникалық шешiмдердi айқындайтын, тиiстi кен орнында пайдалы қазбалар өндiру тәсiлiн, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды алу параметрлерiн реттейтiн жобалау құжаты;
45) кен орнын сынамалы пайдалану - өнеркәсiптiк игерудiң технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшiн қаттардың және кен шоғырларының геологиялық–кәсiпшiлiк сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешендi геологиялық–геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмiрсутек шикiзатының кен орындарында жүргiзiлетiн операциялар. Сынамалы пайдалану барлау ұңғымаларын уақытша пайдалануды көздейдi;
46) кен орындарын игерудiң оң практикасы - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде қолданылатын, ұтымды, қауiпсiз, қажеттi және экономикалық тиiмдi болып табылатын жалпы қабылданған халықаралық практика;
47) кен орындарын өнеркәсiптiк игеру - жер қойнауын ұтымды әрi кешендi пайдалануды ескере отырып, одан пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларын алуға бағытталған жұмыстардың (операциялардың) бүкiл кешенi;
48) кең таралған пайдалы қазбалар - табиғи күйiнде немесе сәл өңделiп және тазартылып, негiзiнен жергiлiктi шаруашылық мұқтаждарын қанағаттандыру үшiн пайдаланылатын құм, саз, қиыршық тас және басқа да пайдалы қазбалар;
49) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөнiндегi конкурстық комиссия - конкурс өткiзу және жеңiмпазды айқындау мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын, тұрақты жұмыс iстейтiн алқалы орган;
50) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндiруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелерi жөнiндегi сарапшылық комиссия - облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органы құратын, осы Заңның 24–бабында айқындалған мәселелер бойынша ұсыныстар әзiрлеудi жүзеге асыратын консультативтiк–кеңесшi орган;
51) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiндегi өңiраралық комиссия (бұдан әрi - өңiраралық комиссия) - кең таралған пайдалы қазба кен орындарын iздеу, бағалау және игеру жөнiндегi жобалау құжаттарын қарау бойынша жер қойнауын зерттеу мен пайдалану жөнiндегi уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесiнiң алқалы органы;
52) кең таралған пайдалы қазбаларды өндiру – кең таралған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiруге қатысы жоқ кең таралған пайдалы қазбаларды кез келген өндiру;
53) кең таралған пайдалы қазбалар мен жерасты суларын өз мұқтажы үшiн өндiру - өндiрiлген кең таралған пайдалы қазбаларға не жерасты суларына қатысты кейiннен мәмiлелер жасасу ниетiнсiз, меншiктегi не жер пайдалану құқығындағы жер учаскесiнде жүзеге асырылатын өндiру;
54) коммерциялық табу - келiсiмшарттық аумақтағы барлау нәтижесiнде коммерциялық мүдденi бiлдiретiн, жер қойнауының мемлекеттiк сараптамасы растаған бiр немесе бiрнеше кен орындарын табу;
55) көрсетiлетiн қызметтер - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, тауарларды немесе басқа да материалдық заттарды шығаруға (өндiруге) бағытталмаған, келiсiмшартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де қажеттi қызметтердi ақылы негiзде жүзеге асыру;
56) күрделi геологиялық құрылымы бар жер қойнауы учаскелерi - мынадай параметрлердiң бiрiмен: интенсивтi тектоникалық бұзылулармен; пайдалы қазбалардың болжамды денелерiн қамтитын жыныстардың интенсивтi қыртыстануымен; қатты пайдалы қазбалар үшiн бес жүз метрден астам және көмiрсутек шикiзаты үшiн перспективтi горизонттардың үстiңгi жағына дейiн үш мың метрден астам тереңдiкте орналасуымен сипатталатын; теңiз акваториясы шектерiндегi жер қойнауы учаскелерi;
57) күрделi геологиялық құрылымы бар кен орындары - қорларының жетпiс пайызынан астамы қуатының өзгерiп тұратындығымен не пайдалы қазба денелерiнiң бұзылып орналасуымен немесе пайдалы қазбаның сақталмаған сапасымен және негiзгi құнды компоненттерiнiң теңдей емес бөлiнуiмен не коллектордың немесе өнiмдiлiк қабаттардың коллекторлық қасиеттерiнiң бiртектес болмауымен не ерекше жоғары қабаттық қысыммен сипатталатын кен орындары;
58) Қазақстанда шығарылған тауар - тауардың Қазақстан Республикасы аумағында шығарылғанын растайтын, оның iшкi айналыс үшiн шығарылғаны туралы сертификат берiлген тауар;
59) қазақстандық тауар өндiрушi - Қазақстанда шығарылатын тауарларды өндiретiн Қазақстан Республикасының азаматтары және (немесе) Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
60) Қазақстан Республикасының кен орнын алғашқы ашушы – өнеркәсiптiк құндылыққа ие, бұрын белгiсiз болған кен орнын ашқан, сондай–ақ бұрыннан белгiлi кен орнында пайдалы қазбалардың қосымша қорларын немесе оның өнеркәсiптiк құндылығын едәуiр ұлғайтатын жаңа минералдық шикiзатты анықтаған тұлға;
61) қол қойылатын бонус – келiсiмшарттық аумақта жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алғаны үшiн жер қойнауын пайдаланушының тiркелген бiржолғы төлемi;
62) құзыреттi орган – егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге арналған келiсiмшарттарды қоспағанда, барлауға, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге арналған келiсiмшарттарды жасасуға және орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын орталық атқарушы орган;
63) магистральдық құбыр – желiлiк бөлiктен және өзiмен ұштасып жатқан жерүстi объектiлерiнен, коммуникациялардан, телебасқару мен байланыстан тұратын, мұнайды жер қойнауын пайдаланушының құбырынан көлiктiң басқа түрiне аудару, өңдеу немесе тұтыну орнына дейiн тасымалдауға арналған инженерлiк құрылыс. Құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбыр магистральдық құбырға жатпайды;
64) магистральдық құбырдың күзет аймағы – магистральдық құбыр объектiлерiне iргелес жатқан, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге және құбыр объектiлерiн қауiпсiз әрi iркiлiссiз пайдалану үшiн қажеттi жағдайлар жасауға арналған, оның шегiнде орнатылу мақсаттарымен үйлеспейтiн қызмет түрлерiне шек қойылатын немесе тыйым салынатын айрықша күзет және пайдалану жағдайындағы аумақ
65) магистральдық құбырмен ұштасып жатқан объектiлер – жер учаскелерi мен жолдарды алып жатқан ғимараттар, өзге де құрылыстар, мұнай тасымалдау жөнiндегi функцияларды атқаратын магистральдық құбыр құрамындағы құрылғылар мен жабдықтар;
66) мемлекеттiң басым құқығы – осы Заңға сәйкес жүзеге асырылатын, мемлекеттiң иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алуға бiрiншi кезектi құқығы;
67) мемлекеттiң басым құқығын жүзеге асыру мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия – мемлекеттiң иелiктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бiр бөлiгiн) және (немесе) Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектiлердi сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы мәселелердi қарау және ұсынымдар әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi құратын консультативтiк-кеңесшi орган;
68) минералдық шикiзат - жер қойнауының жер үстiне шығарылған, құрамында пайдалы қазба (пайдалы қазбалар) бар бөлiгi (тау-кен жынысы, кен шикiзаты және басқалар);
69) минералдық шикiзатты бастапқы өңдеу (байыту) - тау-кен өнеркәсiбi қызметiнiң түрi, ол өндiрiлген жерiнде жинауды, ұсатуды немесе үгiтудi, жiктеудi (сұрыптауды), брикеттеудi, агломераттауды және физикалық-химиялық әдiстермен байытуды (пайдалы қазбалардың минералдық нысандарын, олардың агрегаттық–фазалық жай–күйiн, кристалдық-химиялық құрылымын сапалық жағынан өзгертпестен) қамтиды, сондай–ақ пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi жұмыстардың арнаулы түрлерi болып табылатын өңдеу технологияларын (жерасты газдандыру және балқыту, химиялық және бактериялық сiлтiсiздендiру, ұсақ тау–кен жынысы бар кен орнын түйiршiктеу және гидравликалық жолмен игеру) қамтуы мүмкiн.
Минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуге (байытуға) жататын жұмыстар тiзбесi, осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарды, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтыруларды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған әрбiр келiсiмшартта айқындалады;
70) минералдық шикiзатты өңдеу - минералдық шикiзатты бастапқы өңдеуден кейiнгi және минералдық шикiзаттан пайдалы қазбаны (пайдалы қазбаларды) бөлiп алуға байланысты жұмыстар;
71) модельдiк келiсiмшарт - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, онда келiсiмшарттардың жекелеген түрлерiнiң ерекшелiктерi, жер қойнауын пайдалану жөнiндегi жекелеген операциялар түрлерiн жүргiзу көрсетiлетiн және келiсiмшарттар жобаларын әзiрлеу кезiнде негiз ретiнде пайдаланылатын үлгiлiк келiсiмшарт;
72) мұнай – шикi мұнай, газ конденсаты, табиғи газ және iлеспе газ, сондай-ақ шикi мұнайды, табиғи газды тазартқаннан кейiн және жанатын тақтатастарды немесе шайырлы құмдарды өңдегеннен кейiн алынған көмiрсутектер;
73) мұнай–газ құбырлары – мұнай тасымалдауға арналған құбырлар, оның iшiнде магистральдық құбырлар, құрастырмалы коллектор режимiнде жұмыс iстейтiн құбырлар, сондай-ақ құбырлар жүйесi не оның жекелеген бөлiктерi арқылы тасымалданатын заттарды тазарту, айыру және сұйылту жөнiндегi жабдықтар мен тетiктер, бақылау және оқшаулау жүйелерi, электрлi–химиялық қорғаныс жүйелерi мен осындай құбырларға қызмет көрсетуге арналған өзге де жабдықтар;
74) мұнай–газ құбырларын салу және (немесе) пайдалану – құрлықта, өзендерде, көлдерде, теңiздерде және өзге де iшкi су айдындарында мұнай–газ құбырларын салу, тарту және пайдалану мақсатында жүргiзiлетiн кез келген жұмыстар (операциялар);
75) мұнайдағы iлеспе компоненттер – мұнайдың және қабаттық судың құрамындағы, технологиялық бөлiп алуды талап ететiн пайдалы қазбалар мен әртүрлi қосындылар;
76) мұнай операциялары - мұнайды барлау, өндiру, қажеттi технологиялық және iлеспе объектiлердi салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстар;
77) негiзгi пайдалы қазба - кен орнының өндiрiстiк маңызын айқындайтын, бастапқы шикiзаттың неғұрлым көп құрамды немесе кен орны өнiмiнде неғұрлым жоғары үлеске ие және кен орны өнiмiн пайдаланудың негiзгi бағытын айқындайтын пайдалы қазба;
78) оператор - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құзыреттi органның жазбаша хабарламасы бойынша жер қойнауын пайдаланушылар құратын немесе белгiлейтiн, келiсiмшартты орындауға байланысты қызметтi жедел басқаруды және есепке алу-есеп беру операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға, оның iс-әрекетi үшiн жер қойнауын пайдаланушылар мүлiктiк жауапкершiлiкте болады;
79) өндiру – минералдық шикiзатты бастапқы өңдеудi және уақытша сақтауды қоса алғанда, пайдалы қазбаларды жер қойнауынан жер бетiне шығаруға, сондай-ақ техногендiк минералдық түзiлiмдерден алуға байланысты жұмыстардың (операциялардың) барлық кешенi;
80) пайдалы қазба – химиялық құрамы мен физикалық қасиетi оларды материалдық өндiру және (немесе) тұтыну саласында және (немесе) өзге мұқтаждықтарға тiкелей немесе өңдеуден кейiн пайдалануға мүмкiндiк беретiн жер қойнауындағы табиғи минералдық түзiлiм, көмiрсутектер және жерасты сулары;
81) пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөнiндегi орталық комиссия (бұдан әрi - орталық комиссия) - кең таралған пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбалардың кен орындарын iздеу, бағалау және игеру жөнiндегi жобалау құжаттарын қарау бойынша құзыреттi орган құрған алқалы орган;
82) сақтық аймағы - Қазақстан Республикасының аумағында теңiз жағалауы жиегiнен құрлыққа қарай бес километрге созылып жатқан аймақ
83) сервитут – жеке және заңды тұлғалардың барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн немесе осы Заңда көзделген жағдайларда барлаумен немесе өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану үшiн басқа тұлғаларға берiлген жер қойнауы учаскесiнiң бiр бөлiгiн шектеулi түрде мақсатты пайдалану құқығы;
84) стратегиялық әрiптес - ұлттық компания мен құзыреттi орган арасындағы тiкелей келiссөздердiң қорытындылары бойынша жасалған келiсiмшарттар жөнiндегi жобаларды бiрлесiп iске асыру үшiн құзыреттi органмен келiсе отырып немесе Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ұлттық компания айқындаған қазақстандық немесе шетелдiк заңды тұлға (олардың бiрлестiктерi);
85) стратегиялық маңызы бар жер қойнауы, кен орындары учаскелерi - Қазақстан Республикасының тұрақты дамуы үшiн әлеуметтiк-экономикалық маңызы бар, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн тiзбеде айқындалған жер қойнауы, кен орындары учаскелерi;
86) стратегиялық минералдық шикiзат - Қазақстан Республикасының орнықты дамуы үшiн стратегиялық маңызы бар минералдық шикiзат;
87) сынамалы пайдалану жобасы - кен орнын өнеркәсiптiк игерудiң технологиялық схемасы мен жобасын жасау үшiн қаттардың және кен шоғырларының геологиялық-кәсiпшiлiк сипаттамалары туралы қолда бар ақпаратты нақтылау мен қосымша ақпарат алу, ұңғымаларды кешендi геологиялық-геофизикалық және гидродинамикалық зерттеу мақсатында көмiрсутек шикiзатын өндiру жөнiндегi жұмыстарға жасалатын құжат;
88) табиғи газ – майлы газды, құрғақ газды, майлы газдан сұйық көмiрсутектердi сығымдаудан немесе айырудан кейiн қалатын iлеспе газды және сұйық немесе газ тектес көмiрсутектермен бiрге алынған көмiрсутек емес газды қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысымда газ тектес фазада болатын көмiрсутектер;
89) табиғи және iлеспе газды кәдеге жарату - кен орнында табиғи және iлеспе газды технологиялық мұқтаждықтарға және (немесе) тауар өнiмiне дейiнгi дайындауға пайдалану мақсатында кәсiпшiлiк жинауды қамтамасыз ету;
90) тарату қоры - Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың зардаптарын жою үшiн жер қойнауын пайдаланушы құратын қор;
91) тарихи шығындар - мемлекет келiсiмшарттық аумақты геологиялық зерттеуге және кен орындарын барлауға жұмсаған, олар туралы геологиялық ақпарат мемлекет меншiгiне берiлген бұрынғы жиынтық шығындар;
92) тауардағы қазақстандық қамту - Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын, тауарды қайта өңдеуге пайдаланылатын жергiлiктi материалдар құнының және тауарларды өндiрушi шығындарының тауардың түпкiлiктi құнындағы пайыздық қамтылуы;
93) тауарлар - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тiкелей пайдалану үшiн де, келiсiмшартта iлеспе ретiнде көзделген қызметтер үшiн де сатып алынатын жабдықтар, дайын өнiм және өзге де материалдық–техникалық құнды заттар;
94) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың жылдық бағдарламасы – жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, жер қойнауын пайдаланушы күнтiзбелiк бiр жылға жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және көлемiн, оларды сатып алу тәсiлдерi мен мерзiмдерiн айқындайтын құжат;
95) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың орта мерзiмдiк бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол үш жылға дейiнгi кезеңге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және көлемiн, оларды сатып алу тәсiлдерi мен мерзiмдерiн айқындайтын құжат;
96) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың ұзақ мерзiмдi бағдарламасы - жер қойнауын пайдаланушы жасайтын, ол он жылға дейiнгi кезеңге немесе келiсiмшарттың қолданылуы аяқталғанға дейiнгi мерзiмге жоспарлайтын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын және көлемiн, оларды сатып алу мерзiмдерiн айқындайтын құжат;
97) тау-кендiк бөлу - жер қойнауын пайдаланушының өндiрудi, барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуды және (немесе) пайдалануды жүргiзуге құқығы бар жер қойнауы учаскесiн графикалық және сипаттамалық жағынан айқындайтын, өндiруге, бiрлескен барлау мен өндiруге жасалатын келiсiмшарттың ажырамас бөлiгi болып табылатын құжат;
98) тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру - қосымша деректер алу үшiн кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында байқаудан өткiзудi талап ететiн жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларды сынау мақсатында көмiрсутек шикiзатының кен орындарын немесе кен шоғырларын пайдалану;
99) тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк игеру жобасы - қосымша деректер алу үшiн кен орнының геологиялық-физикалық жағдайларында байқаудан өткiзудi талап ететiн жаңа немесе бұрыннан белгiлi технологияларды сынаудан кейiн көмiрсутек шикiзатын өндiру жөнiндегi жұмыстарға жасалатын және кен орындарын және (немесе) кен шоғырларын пайдалануға берудi көздейтiн жобалау құжаты;
100) тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру - жер қойнауының тиiстi учаскесiнiң геологиялық құрылысы, өндiрудiң тау-кендiк-геологиялық жағдайлары, кендердiң заттық және минералдық құрамы, өңдеу технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кен орнын пайдалану тәсiлi туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында коммерциялық табуды бағалауға арналған бағалау жұмыстары кезеңiнде жүргiзiлетiн пайдалы қазбалар өндiру;
101) тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк өндiру жобасы - жер қойнауының тиiстi учаскесiнiң геологиялық құрылысы, өндiрудiң тау-кендiк-геологиялық жағдайлары, кендердiң заттық және минералдық құрамы, өңдеу технологиясы, тау-кен жабдығын таңдау және кен орнын игеру тәсiлi туралы қолда бар ақпаратты нақтылау және қосымша ақпарат алу мақсатында қатты пайдалы қазбаларға барлау жүргiзген кезде жасалатын жобалау құжаты;
102) теңiз - Каспий және Арал теңiздерiнiң қазақстандық бөлiгi шегiндегi су бетi мен қабаты, сондай-ақ Каспий және Арал теңiздерiнiң түбi;
103) теңiздегi ғылыми зерттеулер - жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операциялардың теңiзге әсерi мен олардың қоршаған ортаға және биологиялық әртүрлiлiкке зардаптарын зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары;
104) теңiздегi күзет аймақтары немесе қауiпсiздiк аймақтары - адамдардың, теңiздiң биологиялық ресурстарының, қоршаған ортаның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеме қатынасының, балық аулаудың және жеке және заңды тұлғалардың теңiздегi басқа да қызметтерiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында теңiз құрылыстарының айналасында орнатылатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын аймақтар;
105) теңiздiң ластануы – адамдардың денсаулығына, теңiздiң жанды ресурстарына және теңiздiң экожүйесiне зиян келтiретiн немесе зиян келтiру қаупiн туғызатын, теңiзде не оның жағалауында заңды қызметтi жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғаларға кедергiлер жасайтын не залал келтiретiн немесе залал келтiруi мүмкiн материалдардың, заттардың, энергияның, шудың, тербелiстердiң теңiз аясына түсуi, сондай-ақ сәулелер мен өрiстердiң әртүрлi типтерiнiң түзiлуi;
106) теңiз құрылыстары – жасанды аралдарды, бөгеттердi, қондырғыларды, жылжымайтын және жүзбелi жабдықтарды қоса алғанда, теңiзде мұнай операцияларын жүргiзуге арналған жасанды құрылыстар;
107) техногендiк минералдық түзiлiмдер - тау-кен өндiру және байыту, металлургиялық және басқа да түрлi өндiрiстерiнiң қалдықтары болып табылатын, пайдалы компоненттерi бар минералдық түзiлiмдердiң, тау-кен жыныстарының, сұйықтар мен қоспалардың жиналымы;
108) техногендiк су – жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде технологиялық процестердi жүргiзу үшiн жойылуы қажет су;
109) ұйымдардың тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу кезiнде қазақстандық қамтуды есептеуiнiң бiрыңғай әдiстемесi - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудағы қазақстандық қамтуды есептеу үшiн қолданылатын тәртiп;
110) шекара маңындағы кен орны – Қазақстан Республикасы аумағының немесе теңiздiң шегiнде орналасқан, сонымен қатар бiр бөлiгi басқа iргелес немесе қарсы беттегi мемлекеттiң заңды құзырындағы аумақта немесе теңiзде орналасқан кен орны;
111) шикi мұнай – табиғи газдан табиғи конденсаттау жолымен түзiлген дистиллят немесе конденсат атауымен белгiлi сұйық көмiрсутектердi қоса алғанда, қалыпты атмосфералық температура мен қысым кезiнде жер қойнауынан сұйық күйiнде алынатын үлес салмағына қарамастан кез келген көмiрсутектер;
112) iздеу жұмыстары – пайдалы қазбалардың перспективтi учаскелерi мен көрiнiс – белгiлерiн анықтау және контурлау, болжамдық ресурстарды айқындау, оларды алдын ала геологиялық–экономикалық бағалау және геологиялық-барлау жұмыстарын одан әрi негiздеу мақсатында жүргiзiлетiн геологиялық-барлау жұмыстарының сатысы;
113) iздеу жұмыстарының жобасы - пайдалы қазбалардың перспективтi учаскелерi мен көрiнiс-белгiлерiн анықтау және контурлау, болжамдық ресурстарды анықтау, оларды алдын ала геологиялық-экономикалық бағалау және одан әрi геологиялық–барлау жұмыстарын негiздеу мақсатында жер қойнауы учаскесiнiң барлық аумағын қамти отырып, жер қойнауы учаскесiн тиiмдi әрi кешендi зерттеудi қамтамасыз ететiн геологиялық–барлау жұмыстарын жүргiзудiң әдiстемесi мен көлемiн айқындайтын, барлау жүргiзген кезде жасалатын жобалау құжаты. Iздеу жұмыстарының жобасы iздеу жұмыстарын жылдар бойынша қаржыландыру көлемдерiн көрсетедi;
114) iлеспе газ-мұнай, газ-мұнай және газ кен шоғырларындағы мұнайдың құрамында ерiген күйiнде кездесетiн және қысым төмендеген кезде одан бөлiнiп шығатын көмiрсутек газы, сондай-ақ сұйық немесе газ тәрiздес көмiрсутектермен бiрге өндiрiлген көмiрсутек емес газдар;
115) iлеспе газды өңдеу - iлеспе газды тауарлық өнiмге дейiн жеткiзу жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
116) iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағу - iлеспе және (немесе) табиғи газды пайдаланбай жою процесi;
117) iлеспе пайдалы қазбалар – негiзгi пайдалы қазбаларды игеру кезiнде өндiру мен өңдеуi рентабельдi және шаруашылықта пайдалануға экономикалық жағынан орынды болып табылатын, негiзгi пайдалы қазбалармен ұштасып жатқан және солармен бiрге өндiрiлетiн минералдық кешендер, минералдар, металлдар және басқа да химиялық элементтер мен олардың қосындылары;
118) iшкi су айдындары – көлдер, жасанды су қоймалары және басқа да жерүстi су объектiлерi;
119) электрондық сатып алу жүйесi – сатып алуды ұйымдастырушы (жер қойнауын пайдаланушы немесе жер қойнауын пайдаланушылар уәкiлеттiк берген тұлғалар) тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн пайдаланатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзу кезiнде тауарларды, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу тәртiбiне сәйкес құрылатын және пайдаланылатын электрондық ақпараттық жүйе.
2-бап. Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер
Достарыңызбен бөлісу: |