1. Жіті және созылмалы бронхиттер


тақырыбы:Артериалды гипертензия



бет12/35
Дата04.04.2024
өлшемі236.77 Kb.
#497664
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
1. Жіті жне созылмалы бронхиттер

4. тақырыбы:Артериалды гипертензия
1.Артериалды гипертензия:
a) мезгіл-мезгіл қан қысымының көтерілуі,жүйелермен ағзалардың қызметінің бұзылуы
б) қан қасымының күрт көтерілуі
в) қан қысымының төмендеуі
г) қан қысымының басқа жүйелер ауруы әсерінен көтерілуі
2. Артериалды гипертензияның этиологиясы:
a) иммундық жүйенің әлсіреуі
б) инфекциялық ошақтар
в) нервтік-стрестік жағдайлар
г) темекі шегу, ішімдікке салыну
3.Артериалды гипертензияның негізгі клиникалық белгісі:
a) іш қату, бас ауруы
б) жөтелу,қақырық тастау
в) бас ауруы, тахикардия
г) жүрек тұсының шаншуы, ентігу
4.Қалыпты жағдайдағы қан қысымының көрсеткіші:
a) 140/90 мм.с.б.б
б) 180/100 мм.с.б.б
в) 90/60 мм.с.б.б
г) 120/80 мм.с.б.б
5. Артериалды гипертензияның III дәрежесіне тиісті көрсеткіш:
a)130/80 мм.с.б. б
б) 100/60 мм.с.б б
в) 150/90 мм.с.б. б
г) 180/110 мм.с.б.б
6. Артериалды гипертензияның жиі асқынуы:
a) аритмия
б) бүйрек жетіспеушілігі
в) гипертониялық криз
г) жүрек жетіспеушілігі
7. Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер тобы:
a) кальций антагонистері
б) цитостатиктер
в) антибиотиктер
г) витаминдер
8. Гипертониялық кризде дәрігерге дейінгі жедел жәрдем көрсету тактикасы, тек біреуінен басқасы:
a) науқасты тыныштандыру
б) маңдайына мұзды мұйық қою
в) орталық нерв жүйесін тыныштандыратын дәрілер беру
г) қолдан дем бер
9. Артериалды гипертензияда ЭКГ-де анықталатын өзгеріс:
a) жүректің оң бөлігінің гипертрофиясы
б) жүректің сол бөлігінің гипертрофиясы
в) Гис будасы оң аяқшасының блокадасы
г) жүрек бұлшық еттерінің некроздану белгісі
10. Артериалды гипертензияның асқынуы, тек біреуінен басқасы:
a) инсульт
б)миокард инфаркты
в)атеросклероз
г)пневмония
11. Гипертониялық кризге әкелетін себепші жағдайлар, тек біреуінен басқалары:
a) психоэмоцияналдық стрестер
б) гипотензивті дәрілерді күрт тоқтату
в) сұйықтықты, тұзды тағамдарды көп мөлшерде қолдану
г) инфекциялық ошақтар
12.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұжымы (ДДҰ) және Гипертония бойынша халықаралық қоғам (ГХҚ)сарапшыларының шешінуінен жіктемесі бойынша артериалды гипертензияның
І дәрежесіне тән қан қысымы:
a) 140-159/90-99 мм сын б.б.
б) 160-179/100-109 мм сын б.б.
в) 180/110 мм сын б.б.
г) 120/80 мм сын б.б.
13. Артериалды гипертензияда жиі зақымдалынатын нысаналы мүшелер:
a) жүрек,ми, бүйрек
б) бауыр, асқазан, бүйрек
в) бауыр, өкпе, көкбауыр
г) өкпе, көз ,құлақ
14. Бас ауру, көз көруінің нашарлауы, жүрек тұсының шаншуы тән:
a) артериалды гипертензияға
б) стенокардияға
в) ревматизмге
г) жүрек ақауына
15. Артериалды гипертензияны дифференциалды диагностика жүргізу қажет:
a)симптоматикалық артериалды гипертензиямен
б) қант диабетімен
в) стенокардиямен
г)ревматизммен
16. Артериалды гипертензияны емдеудегі алғашқы мақсат:
a)қан қысымын оптимальді деңгейде ұстау
б) нысана ағзаларының құрылымы мен қызметінің өзгеруіне жол бермеу
в) нысана ағзалары жағынан асқынуларға жол бермеу
г)ас тұзының 10-15 гр. сұйықтық деңгейін 1,5-2 гр. жеткізу
17. Артериалды гипертензияда гипотензивті дәрілерді тағайындаудың басты ережелері, тек біреуінен басқасы:
a) минимальді дозадан бастау
б) әсері ұзартылған дәріні қоладану
в) дәрілердің бір – бірімен үйлесімдігі
г)максимальді дозадан бастау
18. Артериалды гипертензияда қолданылатын дәрілер:
a) пентамин,корвалол
б) каптоприл, атенолол, гипотиазид
в) күкiрттi қышқыл магнезия, анальгин
г) дроперидол,фентанил


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет