1.Кеден режим түсінігі және мәні
1Дәріс.1-тақырып Кеден режим ұғымы және оның түрлері
2.Кеден режим түрлері олапрдың қолданылуы
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу - тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Кедендік режим - Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы аркылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы.
Кедендік режимде – Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауар және транспорттық құралдардың өтуінің нақты тәртібі мен жағдайлары көрсетілген. Оларға жататындар: кедендік құжаттау кезінде қажетті шарттарды қадағалап дәйекті түрде орындау; нақты кедендік төлемдер жинау; лицензия беру және тауарларды сақтау үшін, тауарларды кедендік алып бару, кедендік құжаттау бойынша жоғары білімді, білікті маман аттестатын беру үшін түрлі кедендік алымдар жинау.
Сонымен, кедендiк режимдер екi жақты мiндет орындайды. Бiр жағынан, тауар мен транспорттық құралдардың өтуiн регламенттесе, екiншi жағынан, кедендiк режимдердiң ынталандырушы рөлi, әcipece, тауар иесiнiң коммерциялық операциялардан табыс және пайда алуында. Оған мысал, кедендiк қойма режимi бола алады, ол әкелiнген тауарларды бажсыз сақтауды максат етедi.
Көптеген елдер үшiн сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыруда тауарлар экспорты мен импорты басым болу рөлiн атқарады. Экспорт валюта түсiмдерiнiң негiзгі көзi ретiнде, ал импорт дамымаған салалардың өтемiн жасайтын қызмет ретiнде. Алайда, тауар елден шикiзат немесе өнiм түрiнде өндеу мақсатымен шығарылып, қайтадан дайын өнiм түрiнде қайтып келуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының кеден заңдарын колдану мақсатында кедендік режимдердін мынадай түрлері белгіленеді:
1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2) тауарлардыңкері импорты;
3) кеден қоймасы;
4) бажсыз сауда дүкені;
5) тауарларды кедендік аумақта қайта өндеу;
6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өндеу;
7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өндеу;
8) тауарлар мен көлік кұралдарын уақытша әкелу,әкету;
9)тауарлардың экспорты және кері экспорты;
10) тауарлар транзиті;
11) тауарларды жою;
12) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
13) еркін кеден аймағы;
14) еркін қойма;
15) арнайы кедендік режим
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруталаптары:
1. Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
2. Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
3. Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін осы Кодекске сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
4. Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:
1. Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
1) тиісті уәкілетгі мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;
2) декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;
6) тауарлардағы (двигательдердің, шанақ бөлшектерінің және басқаларының) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
Ұсынылатын Әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан республикасының Кеден кодексі. Алматы – 2003
2. Әлібеков С. Т. Қазақстанның кеден құқығы. Жалпы және ерекше бөлім. Алматы – 2002
3. Құқық қорғау органдары 2002 жылдың 1 қазанына берілген. Алматы – 2002
4. Козырин А. Н. Таможенные режимы. Москва: Статут – 2000
5. Томоженные режимы. Алматы – 2002
6. Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
7. Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
8. Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
9. Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
10. Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
11. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002
12. ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002 ж - 31 шілде, 5 бет; Егемен Қаазқстан 2002 - 1 тамыз
13. Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан – 2004 , 16 қаңтар
14. Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан – 2004, 31 наурыз
2.Дәріс.2-тақырып. Тауарларды еркін айналыс үшін шығару
1.Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кедендік режимi қолдану
2. Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде
орналастыру шарттары
3.Тауарларды шартты түрде шығару
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiн қолдану жөнiндегi Нұсқаулық Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" (бұдан әрi - кеден iсi туралы Заң) Заңына сәйкес әзiрленген және тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде жайғастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу мен кеден бақылауының тәртiбiн анықтайды.
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимi әкелiнген тауарлардың кеден iсi туралы Заңының Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты қалуы немесе тұтынылуы үшiн белгiленедi.
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде иелiк құқығын отандық тұлғаға берудi көздейтiн сыртқы сауда мәмiлелерi бойынша әкелiнген, Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты пайдалануы немесе тұтынылуы үшiн белгiленген, сондай-ақ отандық және шетелдiк тұлғалардың Қазақстан Республикасының кеден аумағында тұрақты қалуы немесе тұтынылу мақсатында әкелген тауарлары жайғастырылады.
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде
орналастыру шарттары:
1) кеден баждары мен салықтарын төлеген кезде;
2) тарифтiк емес реттеу шаралары мен валюталық бақылау саласындағы талаптар сақталғанда;
3) Қазақстан Республикасының заңдық актiлерiнде қарастырылған өзге де талаптарды орындағанда;
4) кедендiк ресiмдеудi аяқтағанда iске асырылады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi анықтайтын тәртiппен кеден төлемдерiн төлеу жүргiзiледi.
Тауарлардан кеден салықтарын алу жүктелген кеден органдары, Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген тауарларға қатысты қосылған құн мен акциздер салығын қолдану талаптарына қойылатын тәртiпке сәйкес жүргiзедi.
Кеден төлемдерi мен салықтарын төленгенiн растайтын құжаттар:
төлемнiң орындалғаны туралы банкiнiң белгiсi бар төлем тапсырмасы және жүргiзiлген операцияны дәлелдейтiн төлеушiнiң дербес шотының үзiндi көшiрмесi - қолма-қол ақшасыз төлем тәртiбiмен төлеген кезде;
бас бухгалтердiң немесе оның уәкiлiнiң қолы қойылған және кассирдiң мөрiмен (кассирдiң мөртабаны) расталған кеден органының кiрiс кассасы ордерiнiң түбiртегi - қолма-қол ақша берiп төлеген кезде.
Ұқсатуға арналған импортталатын шикiзаттар мен материалдарға салынған кеден баждары мен салықтарын кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеуге рұқсат берген кезде, жүк кеден декларациясымен бiрге кеден және салық органдарының тиiстi кейiнге қалдыру немесе бөлiп төлеуге рұқсат бергенi туралы тиiстi шешiм қоса берiледi.
Кеден iсi туралы Заңның 18-бабындағы 6) тармақшасына сәйкес тарифтiк емес реттеу шараларына Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген шаралары жатады және оның iшiнде жекеленген тауарларды әкелудiң мемлекеттiк монополиясы бар; әкелiнетiн тауарлардың сан жағынан шектеулiгi (квоталау) бар.
Кедендiк ресiмдеу кезiнде тарифтiк емес реттеу шараларының сақталуын декларант Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттiк органдары берген тиiстi лицензияны ұсыну жолымен дәлелдейдi.
Валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуы жасалған мәмiленiң төлқұжатын ресiмдегенде және кеден органына берген кезде белгiлi болады.
Тауарларды еркiн айналысқа шығару үшiн Қазақстан Республикасы заң актiлерiнiң талаптарын орындалғанын кеден органына берiлген:
өнiмнiң қауiпсiздiгiне сәйкестендiрiлген сертификат (сертификаттың кедендiк ресiмдеу сәтiнде болмаса өтiнiш декларация берiледi), фитосанитарлық (карантиндiк) сертификат, санитарлық-тазалық сертификаты ветеринарлық сертификат көрсетедi. Көрсетiлген сертификаттар, мемлекеттiк бақылау түрлерiнiң қандай болмасын бiр түрiн көздейтiн Қазақстан Республикасының тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерiнде көрсетiлген тауарлар үшiн ғана ресiмделедi және ұсынылады.
Тауарларды еркiн айналысқа шығарудың кеден режимiнде орналастырылған тауарларды кедендiк ресiмдеу үшiн қажеттi құжаттардың тiзбесi кеден мақсаттары үшiн қажеттi жүк кеден декларациясы, құжаттар мен қосымша мәлiметтердi қабылдау тәртiбiне белгiленген талаптарға сәйкес айқындалады.
Тауарларды шартты түрде шығару
Белгiленген шектеулiктердi, талаптарды немесе шарттарды сақтау шартымен кеден төлемдерi мен (немесе) салықтарын салу бөлiмiнде соларға қатысты кеден жеңiлдiктерi берiлген тауарлар, шартты түрде шығарылады және олар тек осындай жеңілдiктердi беруге байланысты мақсаттарда пайдаланылуы тиiс.
Шартты түрде шығарылған тауарларды өзге мақсаттарда пайдалану, оларға осындай мақсатпен иелiк етуге рұқсатты кеден төлемдерi мен салықтарын төлеген кезде, соларды бақылауды iске асырып жүрген кеден органының хабарлауымен және тауарларды шығарған кезде орындамаған осы Нұсқаулықта көзделген басқа талаптарды орындағанда берiледi.
Шартты түрде шығарылған тауарларды өзге мақсаттарда пайдаланғаны туралы хабарлама, бақылауды iске асырып жүрген кеден органы бастығының атына еркiн түрде жүк кеден декларациясының тiркелу номерiн көрсетiп, жазбаша өтiнiштi жазу жолымен бiлдiредi.
Өтiнiшпен бiрге жүк кеден декларациясының көшiрмесi, сондай-ақ бұрын шартты түрде есептелiнген кеден төлемдерi мен салықтарын төлегенiн растайтын құжаттар қоса берiледi.
Өтiнiш, барлық берiлген құжаттармен бiрге жүк кеден декларациясына қосымша берiлген құжаттардың жиынтығымен қоса тiгiледi. Жүк кеден декларациясының бiрiншi және үшiншi даналарында кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмiрлi мөрi басылған, күнi көрсетiлген "Төлемдер төлендi. Бақылаудан алынды" деген жазуға мөртабан қойылады.
Бұрын шартты түрде шығарылған тауарларды еркiн айналысқа шығару жаңадан жүк кеден декларациясын толтырмай жүргiзiледi.
Ұсынылатын Әдебиеттер тізімі
1.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
2.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
3.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
4.Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002
5. ҚР Кеден кодексі //заң газеті 2002 ж - 31 шілде, 5 бет; Егемен Қаазқстан 2002 - 1 тамыз
6.Сапарбаенв Б. Экономикалық қауіпсіздік кепілі//Егемен Қазақстан – 2004 , 16 қаңтар
7.Нұрахметов Б. Кеденнен кедергісіз өту//Егемен Қазақстан – 2004, 31 наурыз
3.Дәріс.3-тақырып Тауарлардың кері импорты
1.Тауарлардың кері импорты түсінігі,мәні
Тауарлардың кері импорты бұл Қазақстан Республикасының кедендiк территориясынан ертерек импортгалған тауарларды, сонымен бiрге, аукционда, саудада, халықаралық тауар биржасында сатуға тағайындалған тауарларды шетке шыгарудың кедендiк тәртiбi. Тауарлар реэкспорты тауарлардың шеткешығаруды олардың төлеусiз, немесе кедендiк баж салығы қайтарумен, сонымен бipre, экономикалық саясат қолданып отырған шараларынан босатылуымен түсiндiрiледi. Реэкспортқа шетел ендiрiсiнiң тауарлары жатады.
Кедендiк құжаттарды толтыру мен кеден баж салығын төлеу процесiнде иемденушi немесе импорттық тауарларды тасымалдаушы көрсетiлген тауарлар реэкспортының мүмкiндiктерiн алдын ала көрсетуге құқығы бар. Егер импортер кеден органдарына реэкспорт үшiн тауарлар кiргiзгенiн хабарласа, онда бұдан келетiн кедендiк декларацияны қабылдаған күннен бастап 6 ай iшiнде тауардың реэкспортын жүзеге асырады немесе одан кеден баж салығынан босатылады. Ал экономикалық саясаттың шаралары оның қызметiне тартылмайды. Бiрақ әр түрлi күтпеген жағдайларға байланысты тауарлар реэкспорты 6 ай iшiнде жузеге асырылмауы мумкiн.Бұндай жағдайда, тауар иемденушi немесе қандай да бiр тұлға кедендiк баж салығын, салықтарды төлеуге мiндеттi.
Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру үшін тауарлардың:
-Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
-әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режиміне мәлімделуі;
-тасымалдаудың, сактаудың немесе пайдаланудың (колданудың) қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы тиіс;
-кеден органдары тарапынан бірдейлендірілген болуы тиіс.
Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен ұсақ жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда тауарлар құнының өсуіне әкелетін жағдайларды қоспағанда, тауарларды тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастыруға кедергі келтірмейді.
Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу — тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) осы Кодекстің белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
Егер тауарларды Қазакстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса,
кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
Кедендік аумақга тауарларды кедендік қайта еңдеу режимін осы Кодекске сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тулға мәлімдеуі мүмкін.
Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Қайта өңдеу өнімдеріндегі шетел тауарларын бірдейлендіру:Әкелінген тауарларды қайта өңдеу фактісін белгілеу мақсатында мынадай тәсілдердің бірін пайдалана отырып қайта өңдеу өнімдеріндегі әкелінген тауарларды бірдейлендіру жүргізіледі:
1) тиісті уәкілетгі мемлекеттік орган берген қорытындыда аталмаған тауарларды өндірістік процесте пайдалануға жол бермеу мақсатында, белгілі бір технологиялық операцияларды орындайтын қойма үй-жайларына, технологиялық желілер учаскелеріне пломба түрінде кедендік қамтамасыз етуді орнату;
2) декларанттың, қайта өңдеушінің немесе кеден органдары лауазымды адамдарының қайта өңдеуге арналған шетел және (немесе) қазақстандық бастапқы тауарларға мөрлер, мөртабандар, цифрлық және басқа да таңбаларды қоюы;
3) өндірісте пайдаланылатын шикізат, материалдар және жинақтаушы заттар туралы мәліметтерді қоса алғанда, қайта өңдеуге арналған тауарларды сипаттау;
4) қайта өңдеуге арналған тауарларды ауқымында суретке түсіру, кескіндеу;
5) тауарлардың алдын ала іріктеп алынған сынамаларын, үлгілерін қайта өңдеу өнімдерімен салыстыру;
6) тауарлардағы (двигательдердің, шанақ бөлшектерінің және басқаларының) зауыт нөмірлері түріндегі бар таңбаларды пайдалану.
4Дәріс.4-тақырып Кеден қоймасы режимі
1.Кеден қоймасы түсінігі
2.Уақытша сақтау кеден қоймасы
Кеден қоймасы - кеден ақысы салығы алынбайтын және тауарларға сақтау кезеңiнде экономикалық саясат шаралары (рұқсат беру, квота) қолданылмайтын акциздiк (жанама салықсыз), әкелiнген тауарлар кеден бақылауында болатын кеден тәртiбi.
Кеден қоймасы тәртiбiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған, соған арнайы бөлiнiп, жарақтандырылған кез келген жай немесе басқа да орын кеден қоймасы деп танылады.
Кеден қоймасын мекемелер, ұйымдар және басқа да заңды тұлғалар, адамдардың жекеменшiк атауы бар, бiрақ заңды тұлға мәртебесi жоқ бiрлестiктер, жеке меншiк кәсiпорны, бар, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес құрылған дара (отбасылық), жеке кәсiпорындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағында тiркелген, заңды тұлға құрмайтын кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын адамдар (бұдан былай "қойма иесi") құра алады. Кеден қоймасының кез келген адамның пайдалануына болатын ашық түрi, белгiлi бiр адамдардың ғана тауар сақтауына арналған жабық түрi болады. Кеден қоймасының аумағы кеден бақылауының аймағы болып табылады.
Кеден қоймасы тәртiбiне сәйкес тауарларды сақтауға арналған, арнайы бөлiнген және жарақтандырылған бiр немесе бiрнеше жайдан, немесе басқа да жерлерден (бұдан былай - жай), бұл жайларға иелiгi бар адамға кеден қоймасын құруға Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетi органының аймағында болуға тиiс. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған болса, оған рұқсат алудың қажетi жоқ.
Рұқсат алу үшiн жайдың иесi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Кеден комитетiне (бұдан былай кеден комитетi) өтiнiш бередi, онда кеден қоймасының түрi, оның заңды мекен жайы, рұқсат беру туралы мәселенi шешу үшiн елеулi мәнi бар басқа да мәлiметтер көрсетiлуге тиiс, рұқсат алу үшiн түсiм төленiп, сондай-ақ АҚШ долларының 50 000 эквивалентi сомасында кеден төлемiнен төлеу туралы банкiнiң кепiлдемесiн бередi.
Өтiнiшке мына құжаттар тiркеледi:
- жай иесiнiң құру және тiркеу құжаттарының көшiрмесi (жарғы, құру шарты, тiркеу туралы куәлiк т.б.);
- қоймаға арналған жайдың жоспары мен жазбалары;
- жайды иелену құқы бар құжат;
- қоймаға кiре алатын құқы бар қызметкерлердiң тiзiмi.
Кеден төлемiн төлеу үшiн кеден қоймасын үздiксiз жұмыс iстеуiнiң өнбойына банкiнiң кепiлдеме беруi керек. Құнсыздану ескерiлген кепiлдеме күшiнiң мерзiмi шектеусiз болады. Құнсыздану ескерiлмеген кепiлдеме 3 айдан соң жаңартылып тұруға тиiс.
Өтiнiштi түскеннен соң Кеден комитетi 30 күннен кешiктiрiлмей қарайды. Көрсетiлген мерзiм iшiнде қойманың жарақтандырылған және жабдықталғандығы осы ережеге сәйкес тексерiледi.
Кеденге берiлген мәлiметтердi анықтай түсу үшiн Кеден комитетiнiң облыстардағы кеден басқармаларынан, мемлекеттiк органдардан, банктерден, басқа да ұйымдардан қосымша құжаттар алдыртуға қақысы бар. Мұндайда өтiнiштi қарау мерзiмi ондай құжаттар түскен күннен бастап саналады.
Рұқсат үш данада етiп толтырылады. Бiрiншi дана қойма иесiне берiледi, екiншi дана кеден қоймасы орналасқан жердегi жұмыс iстейтiн кеден басқармасына жiберiледi. Үшiншi дана кеден қоймаларын реестрден өткiзетiн Кеден комитетiнде қалады. Рұқсат беру формасы N 2 Ережеде көрсетiлген.
Егер кеден қоймасына арналған жай осы ережеге сай жарақтандырылмаған және Кеден комитетiнiң талаптарына сәйкес келмесе, кеден басқармасы белгiлi бiр дәлелдi себептермен қоймада сақтау үшiн көрсетiлген тауарларға кеден бақылауын жүргiзе алмайтын болса, рұқсат беруден бас тартуға негiз болса, онда рұқсат беруден бас тарылады.
Қазақстан Республикасы кеден заңында көрсетiлген тәртiп бойынша рұқсат беру туралы бас тартуға шағым беруге де болады.
Лицензияның әрекет ету мерзiмi 3 жыл құрайды. Кеден қоймасының мекемесiне лицензия беру үшiн, қойманың жалпы алаңына байланысты:
- қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрге дейiн болса - 9000 мың ЭКЮ көлемiнде;
- қойманың жалпы алаңы 1000 шаршы метрден жоғары 2000 шаршы метрге дейiн болса - 14000 мың ЭКЮ көлемiнде;
- қойманың жалпы алаңы 2000 шаршы метрден жоғары болса - 19000 мың ЭКЮ көлемiнде жiктеу жиналымы алынады.
Уақытша сақтау қоймалары — бұл тауарлардың және көлік құралдарының оларды Қазақстан Республикасының кеден органына ұсынған сәттен бастап, таңдалған кедендік режимге сәйкес тұлғаға иелікке беру немесе шығаруға дейін сақталатын орны. Уақытша сақтау қоймасы Қазақстан Республикасының кеденінің лицензиясы бар болған жағдайда ғана құрылуы мүмкін.
УСҚ көрсететін қызметтер жиынтығы:
Теміржол, автомобиль көлігімен келетін жүктердің барлық түрлерін қабылдау, жіберу және қызмет көрсету;
Бейнебақылау және нақты күзету арқылы жүктердің сақталушылығын тәулік бойы қамтамасыз ету;
Бақылау мақсатымен өлшеу;
Барлық тиеу-түсіру техникасының, қолмен түсіру / тиеу үшін қызметкерлердің бар болуы;
Барлық арнайы құжаттаманы компьютерде дайындау;
Кеден қоймасының бақылауына алу / бақылауынан алып тастау, электрондық есеп;
Жүкті тиеу / түсіруді және бекітіп қоюды үйлестіру және бақылау;
Клиенттерге жүктердің келіп түсуі туралы, жүктердің мәртебесі туралы есептемені ұсыну.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
2.Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
3.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
4.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
5.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
6. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002
5.Дәріс.5-тақырып Бажсыз сауда дүкені
1.Бажсыз сауда дүкені түсінігі,
2.Бажсыз сауда дүкенін құруға лицензия беру тәртібі
3.Бажсыз сауда дүкеніне тауарлардың түсуі және тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастыру
Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі - тауарлардың кейін Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі жағдайында, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, тауарлар жеке тұлғаларға кедендік баждар, салықтар алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмай сатылатын кедендік режим. Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге кететін жеке тұлғаларға тауарларды бажсыз сауда дүкенінде сату фискалдық, жады бар бақылау-касса машиналарын міндетті түрде қолдану арқылы жүзеге асырылады. Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнайы танбасы болуы және сату үшін алдын ала оралуы тиіс. Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды сату Қазақстан Республикасының кедендік аумағында Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаумен жүргізіледі.
Бажсыз сауда дүкенін құруға лицензия беру тәртібі
Бажсыз сауда дүкенін құру лицензиясы иелігінде осы ереженің талаптарына сай келетін және бір өткізу орынында немесе бір өткізу орны мен соған шектес бір кеденнің жұмыс істейтін аумағында немесе бір кеден бекетінің, егер бекеттің өзінің жұмыс істейтін аймағы бар болса, жұмыс істейтін аймағында орналасқан жайлары бар адамға беріледі.
Лицензия алу үшін жайлардың иесі Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті өтініш береді және лицензия бергені үшін жиын төлейді.
Лицензия беру туралы өтініште:
- өтініш берушінің толық және қысқартылған атауы, ОКПО коды;
- өтініш берушінің заңды және іс жүзіндегі мекен-жайы, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің тіркелетін нөмірі;
- банкілердегі валюталық шоттардың және ұлттық валютадағы шоттарын, осы банкілердің атаулары, мекен-жайлары және ОКПО кодтары;
- сауда залдары, қосалқы жайлар және қойма ретінде пайдалануға арналған жайлардың тұрған орны; әрбір жайдың көлемі;
- жайларды материалдық-техникалық жабдықтау көрсеткіштері;
- жайларды күзетпен қамтамасыз ету, арнаулы сигнализация жабдықтарының және өрттен қорғау жабдықтары бар екендігі туралы мәліметтер;
- бажсыз сауда дүкенінде сатылады деп ұйғарылып отырған тауарлар түрінің тізбегі;
- лицензия беру туралы шешім қабылдау үшін пайдаланыла алатын өзге хабар көрсетіледі.
Кеден комитеті өзінің қатынас қағазында өтініш берушінің берген мәліметтерін растап, бажсыз дүкен құруға лицензия берудің мүмкіндігі және ақылға қонымдылығы туралы қорытынды пікір жазып береді.
Кеден комитеті осындай қатынас қағазды жайлардың иесінің жазбаша өтініші бойынша береді. Жазбаша өтініш алынған күннен бастап 30 күн ішінде қаралуға тиіс. Кеден органының онда жазылған қорытынды пікірге қарамастан, қатынас қағаз беруден бас тартуға қақысы бар.
Лицензия беру туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды көрсеткен жағдайда оны алған күннен бастап 30 күн ішінде қарайды.
Кеден комитеті көрсетілген мерзімде жайлардың иесі мәлімдеген мәліметтердің осы Ереже талаптарына сәйкестігін тексереді.
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитеті әкелген мәліметтерді растайтын қосымша құжаттарды мемлекеттік органдардан, банкілерден, өзге ұйымдардан сұрататын болса, өтінішті қарау мерзімі осындай құжаттардың түскен күнінен бастап есептеледі.
Өтінішті қараудың жалпы мерзімі екі айдан аспау керек.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларын кедендік рәсімдеу орны осындай тауарларды сатуға көзделген тек қана дүкен қоймасы бола алады.
Тауарлардың келетін немесе әкелінетін орны уақытша сақтау қоймасы болған жағдайда, ондай тауарлар тауарларды кедендік бақылаумен әкелінетін ережелерге сәйкес бажсыз сауда дүкенінің қоймасына ауыстырылуға тиіс.
Тауарлар бажсыз сауда дүкенінің қоймасына кеден органының өкілетті лауазымды тұлғаларының қатысуымен немесе рұқсатымен орналастырылады.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде - төмендегі тауарларды орналастыруға жол берілмейді:
а) Қазақстан Республикасына әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған тауарларды;
ә) Қазақстан Республикасы аумағында сатуға тыйым салынған тауарларды;
б) басқа мемлекеттік органдар, егер осы органдардың рұқсаты болмаған жағдайда, бақылауға тиісті тауарларды;
в) жеке тұлғалардың жеке пайдалануына немесе тұтынуына арналмағаны беп-белгілі өндірістік-техникалық салаға арналған және өзге тауарларды;
г) салмағы ауыр (салмағы 20 кг. астам) және көлемді тауарларды (ұзындығы, ені және биіктігінің жиынтық көлемі 200 см. аса);
д) мыналардан басқа, әкетілетін кеден бажы салынатын, стратегиялық маңызды шикізат болып табылатын немесе лицензиялауға жататын тауарларды:
- қалайыдан, мырыштан, мыстан, қорғасыннан, алюминийден, никелден, олардың негізіндегі қорытпадан, жоғары дәрежеде өңделіп жасалған дайын бұйымдардан басқа;
- бөлшек сауда үшін буып-түйілген жайлар және жағар майлардан басқа;
- таблеткадағы немесе осындай басқа формадағы немесе нетто салмағы 1 кг. аспайтын ораудағы тыңайтқыштардан басқа;
- бөлшек сауда үшін буып-түйілген және тікелей қолдануға дайын балықтан және шаян тәрізділерден, моллюскалардан және басқа суда жүретін омыртқасыздардан (уылдырықтарды қосқанда) жасалған бұйымдардан басқа;
- нетто салмағы 1 кг. аспайтын бөлшек саудаға арналған буып-түйілген қанттан басқа;
- бөлшек саудаға арналған құтылардағы фармацевтік азық-түліктерден басқа (бұған провитаминдер, витаминдер, гормондар және антибиотиктер кіреді), егер осы азық-түліктер дәрігердің рецепінсіз (рұқсатынсыз) сатылатын болса;
- қымбатты металдардан және табиғи қымбат тастардан, інжуден, янтарьдан жасалған зергерлік және басқа тұрмыстық бұйымдардан басқа.
Әкелінетін баждар салынатын, стратегиялық маңызы бар шикізат тауарлары болып табылатын немесе лицензиялауға тиісті тауарлардың тізбесі өзгертілген немесе толықтырылған жағдайда, тізімге енгізілмейтін тауарлардың тізбесін Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Кеден комитетінің арнаулы нормативті актілері өзгерте және толықтыра алады.
Бажсыз сауда дүкендері бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғаларға ғана бөлшек саудаға сатады.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенінде тауарларды көтерме саудаға, оның ішінде ұсақ көтерме саудаға (шамалап алғанда - бөлшек сауда, комплекттер үшін 10 бірліктен аса буып-түймелер) жол берілмейді.
Бажсыз сауда дүкенінде тауарларды үлгілер бойынша, алдын ала тапсырыстар бойынша үйге жеткізіп беріп, бөліп-бөліп төлеп сатуға, сондай-ақ (сатар алдындағы дайындықтан, буып-түюден, демонстрациядан, қайта буып-түюден және сол секілді операциялардан басқа) қосымша қызмет көрсетуге жол берілмейді.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің қосалқы жайларынан және қоймасынан сатуға жол берілмейді.
Қазақстан Республикасы аумағында сатылуы шектелген тауарлар Қазақстан Республикасы заңдары белгілеген талаптарды бұлжытпай орындаған жағдайда бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде сатыла алады.
Дүкен иесі санитарлық ережелерді, қоймалау нормаларын, тауарлық көршілік және сақтау режимі ережелерін, мемлекеттік стандарттың міндетті талаптарын бұлжытпай орындауға, Қазақстан Республикасының сауда саласындағы қатынастарды реттейтін нормативті актілері белгілеген өзге де талаптар мен шарттарды орындауға міндетті.
Бажсыз сауда дүкенінің кеден режимінде орналастырылған тауарларымен олардың сақталуын қамтамасыз етуге қажетті операцияларды сондай-ақ тауарларды сатуға (орауын ашу, тарадан босату және т.б.) дайындау жөніндегі операциялар жүргізіле алады.
Тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі операциялар бажсыз сауда дүкенінің қоймасында жүргізіледі, ал тауарларды сатуға дайындау жөніндегі операциялар бажсыз сауда дүкенінің қосалқы үй-жайларында жүргізіледі. Көрсетілген операциялар кеден бақылауымен жүргізіледі.
Бажсыз сауда дүкенінде сатылатын тауарлардың кеден органымен келісілген арнаулы танымалдық белгісі болуға тиіс және алдын-ала бөлшек сауда үшін ораулы болу керек. Бажсыз сауда дүкенінде тауарлар сатып алынғаны туралы ондай дүкеннің қызметкерлері Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғалардың жол құжаттарына белгі соғады. Белгінің үлгісін кеден органымен келісе отырып бажсыз сауда дүкенінің иесі белгілейді.
Кеден органы бажсыз сауда дүкенінен сатып алынған тауарлардың әкетілуінің растығына бақылау жасайды. Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге кетіп бара жатқан жеке тұлғаның бажсыз сауда дүкенінен сатып алған тауарларын ауыстыру және айырбастау Қазақстан Республикасы заңдары бекіткен тәртіпте жүзеге асырылады. Осы орайда, егер жаңа тауар Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетілмесе, ондай тауарға әкелінгені үшін кеден бажы және салықтары салынады, оларды өндіртіп алу кеден органдарына (Қазақстан тауарларын алып тастағанда) жүктелген.
Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1.Мадияров Д. М. Кеден ісін ұйымдастыру және басқару. Алматы – 2000
2.Диденко Л. В. Құдайбергенов М. Б. Таможенное право РК. Алматы – 2000
3.Ноздрачев А. Ф. Таможенное право. Юристь – 1998
4.Драганова В. Г. Основы таможенного дела. Алдматы – 1998
5.Сарсембаев М. А. Таможенное право РК. Алматы – 2002
6. Некрасов В. А., Джандарбеков И. А. Основы таможенного дела в РК. Астана – 2002
Достарыңызбен бөлісу: |