1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері Өндірістік процестердің мәні және түрлері



бет1/4
Дата22.10.2022
өлшемі55 Kb.
#463234
  1   2   3   4
Дәріс 6


6. БИООТЫН МЕН АСТЫҚ ӨҢДЕУ ӨНДІРІСТЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПРОЦЕСТЕРІ
Жоспар: 
1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері
2. Өндірістік процестерді ұйымдастыру принциптері


1. Өндірістік процестердің мәні және түрлері 
Әрбір кәсіпорын қызметінің негізін өндірістік процесс құрайды. Барлық өндірістік процесс – бұл өзара байланысты еңбек процестерінің, технологиялық және табиғи процестердің жиынтығы.
Еңбек процесі еңбектен, еңбек заттары мен еңбек құралдарынан тұрады. Еңбек процесінің нәтижесі еңбек өнімі болып табылады, яғни адамның мақсатты бағытта еңбек құралы көмегімен еңбек затын өзгеріске ұшыратуы.
Технологиялық процесс – бұл адамның қандай да бір еңбек құралын қолдана отырып, еңбек затына әсер етуі нәтижесінде орын алатын еңбек затының сапалық (физикалық-химиялық және механикалық) өзгерісі. Еңбек затының өзгерісі адамдардың тікелей қатысуынсыз, табиғат күштерінің әсерінен де, яғни табиғи процестер нәтижесінде де орын алуы мүмкін.
Әрбір өндірістік процесте негізгі процесс маңызды орын алады. Негізгі процесс - бұл еңбек затының кәсіпорынның мамандануына сәйкес дайын өнімге айналуы. Негізгі өндірістің мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін жүзеге асатын процестер көмекші процестер деп аталады.
Өндірістік процесті ұйымдастыру мақсаттары үшін жұмысшының оны жүзеге асыруға қатысу сипатын, өндірістік процестің сипаты мен мазмұнын, оған материалдық элементтердің қатысуын, өндірістік процестің қайталану кезеңі мен ұзақтығын, өндірісті ұйымдастыру әдістерін білу өте маңызды болып табылады. Бұл жерде, өндірісті ұйымдастыру дегенде еңбек процестерін және өндірістің материалдық элементтерін уақыт ағымы мен кеңістікте ұтымды үйлестіру әдістерінің жиынтығын түсінеміз.
Жұмысшының өндірістік процесті жүзеге асыруға қатысу сипаты бойынша келесі процесс түрлерін ажыратады: қол, механикаландырылған қол, машиналық - қол, машиналық, автоматтандырылған, аппараттық.
Қол процестері – бұл жұмысшының механизмдердің (жабдықтардың) қатысуынсыз орындайтын жұмысы; мысалы, кілттердің көмегімен құбырларды немесе шлангыларды бұрау, тесіктерді қолмен тесу және басқалар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет