Сайлаубеков Н.Т.
Бейсекова П.
Қазақстандағы мұнай-химия саласының дамуы туралы
Қазақстан экономикасының өсу қарқыны нәтижесінде жоғары үстеме құны бар көмірсутек шикізатын толық қайта өңдеу технологиясын жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Жоғары үстеме құн Қазақстандағы инновациялық индустриализациялаудағы экономикалық маңыздылығы жоғары. Қазақстандағы мұнай-химия кешенінің дамуы қалыптасқан кәсіпорындар негізінде өндірістік кешендер мен жаңа кәсіпорындар құрылысымен сипатталады. Мұнай және газды терең қайта өңдеу мұнай-химия өндіріс шикізаттары мен сапалы өнімдерімен қамтамасыздандыру мәселелерін шешеді.
Мұнай-химия өндірісі, мұнай- және газөңдеу өнеркәсібінің ішкі саласы ретінде, базалық және басым бөлімі бола отырып, елдің отын-энергетикалық кешенінің негізін құрайды, тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтап, саясатын нығайтуға жол сілтейді.
ХХI ғасырда Қазақстан Республикасы мұнай және газдың барланған қорлары бойынша жетекші одақ болып кірді. Қазақстан расталған мұнай қорлары бойынша әлем елдерінің 10 жетекші бірліктеріне кіреді. Қазіргі уақытта, Каспий теңізіндегі қазақстандық аймақты қоса алғанда, елдегі дәлелденген мұнай қоры - 5,3 млрд тонна. Тәуелсіз эксперттердің бағалауы бойынша, 2025 жылы Қазақстанның мұнай қоры әлемдік барлау және өңдеу үлесі 3,3% - дан 5,5% - ға артуы мүмкін. Мұнай және конденсат құрайтын, республикадағы мұнай-газ аймақтарындағы үш жүзге жуық кен орындары 1,7 млн км2 ( Қазақстанның жер аумағының 62%) ауданды алып жатыр. Қазақстанның негізгі мұнай қорлары (90% астам) 15 ірі кен орындарында орналасқан, соның ішінде, төрттен үш бөлігі екі ірі мұнай кен орындарында - Қашаған және Теңгіз. Республикада мұнай барлау көлемі 2000 жылы 35,0 миллион тонна және 11,5 млрд.м3 газ болса, 2010 жылы - 80,0 млн.тонна және 37,4 млрд.м3, 2011 жылы - 80,1 млн.тонна және 39,5 млрд.м3, 2012 жылы - 79,2 млн.тонна және 40,1 млрд.м3.
Әрине, мұндай ірі көлемде барланған мұнай, елдің ішкі қажеттіліктеріне, ал артықшылықтары сыртқы мұнай нарығына экспортталуы керек. Қазіргі уақытта, Республика негізгі барланған мұнай бөлігін экспорттауда және бұл көрсеткішті өсіру – Қашаған кен орнын дайындау жобалық деңгейге шыққанда, жоспарланып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Энергетика мен мұнай-химия дамуының басты мәселесі – бұл аймақтардың табыстылығын энергоөнімдердің үстеме құнын өсіру арқылы жасалынуы керек. Әсіресе, мұнай-химия, газ шикізаттары мен экспортты энергомаршруттары басым аймақтарын тиімді басқару болу керек». Қазақстанның табиғи ресурстарын тиімді басқару бағыттарының бірі болып, көмірсутекті және шикізаттарды кешенді қайта өңдеу үшін инновациялық өндірістерді құру болып табылады.
Жоғара үстеме құны бар мұнай-химия өнімдерін шығаруды қамтамасыздандыру үшін, энергетикалық ресурстарды басым қолдану және өзара байланысқан өндірістерді құру кейбір инвестициялық жобаларда дайындалып жатыр және оны өткізу Қазақстан экономикасының бәсекелік қабілеттілікті дамуын қамтамасыздандырады. Қайта өңдеу өндірістерін құрудың инвестициялық жобаларды өткізу кезінде, мемлекет кәсіпкерлер мен инвесторлармен бірігіп, тек экономикалық, технологиялық сұрақтарын ғана емес, сонымен қатар, Қазақстанның барлық аймақтарындағы өндірістік потенциалдарының дамуын, қоршаған ортаның жағдайын жақсартудың, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын құру сұрақтарын да қарастырып, кешенді шешім қабылданады.
Әр бағыттағы кешенді шешім республиканың экономиканың барлық саласын және оның бәсекелік қабілеттілігін әлемдік жүйеде синергетикалық тиімді дамуын қамтамасыздандырады. Қайта өңдеу өндірістерін құру тәсілі көптеген әлем елдерінде қолданылып отыр, бұл елдердің өндіріс көлемдерінің артуы, іске қосылуы мен белсенді экономикалық өсу қарқынымен анықталуда. Әсіресе, мұнай-химия өнеркәсіптері мен көмірсутек шикізаттарын терең қайта өңдеу аймағында қуатты қайта өңдеу құру жүйесінде белсенді іске асуда. Бұл тек мұнай-химия өнімдеріне сұраныстың өсуі мен кең қолдануға ғана байланысты емес, сонымен қатар, көмірсутек шикізаттарын терең қайта өңдеудің экономикалық тартымдылығына байланысты. Қытай, Иран, Малайзия, Сингапур және басқа да азия елдері мұнай-химия өнімдерін өндірудің бірнеше кәсіпорындарының құрылысын жүргізуде. Азия елдері тек өткізу нарығы ғана емес, сондай-ақ, лицензионды технологиялар қолданатын жетекші әлемдік компаниялар: BASF, Lurgi, Linde, ABB/CBI, Uhde, Mitsubishi және т.б. қолданылатын мұнай-химия аймағындағы қуатты өндірістік база болып отыр.
Қазақстандағы мұнай-химия өнеркәсібі 2008 жылы сала дамуының жаңа деңгейіне өту кезеңі болып саналады. Қазақстан Республикасының Энергетика және Минералды Ресурстар Министрлігі АҚ «МK «КазМунай-Газ», АҚ «Kazakhstan Petrochemical Industries» және басқа мұнай-химия кәсіпорындарымен бірлесіп әлемдік деңгейдегі мұнай-химия өндірістерін құруда, өзара бірлескен бірнеше инвестициялық жобаларды дайындап және енгізуге ұсынды. Инвестициялық жобаларды дайындауда, тек мұнай-газ кен орындарының шикізат қабілеттіліктері ғана емес, сонымен бірге, технологиялық қабілеттіктері мен Атырау мұнай өңдеу кәсіпорынның өндірістік шикізат қуаттылығы, болашақта, басқа да, мұнай-, газөңдеу кәсіпорындардың технологиялық қуаттылықтары мен шикізат қабілеттіліктері ескерілді. Қазақстандық мұнай-химия өндірісінің масштабы мен құрамын анықтауда, шетелдердің мамандары мен эксперттерін шақырып, негізінен, Exxon Mobil және Nexant компаниясы зерттеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу нәтижелері бойынша, Қазақстандағы мұнай-химия өндірісінің даму бағыттарының экономикалық және технологиялық мазмұны анықталып, инвестициялық жобалар аумағында мұнай-химия өнеркәсіптер құрылысы жүзеге асады. Инвестициялық жобаны дайындау мен енгізу үшін, Үкімет жариясымен заңды және нормативті құқықтық база құрылып, жаңа «2008-2013 жылдарға Қазақстан Республикасының мұнай-химия өндірісінің даму бағдарламасы» бекітілді.
Инвестициялық жобаның жоғары капиталсыйымдылығын ескеріп, мұнай-химия кешендерінің құрылысы еркін экономикалық аймақта «Атырау облысының Ұлттық индустриалды мұнай-химия технопаркі» болып іске қосылады. Қазақстанда базалық шаралардың бірі болып, Атырау облысының бірінші интегралды газхимия кешенінің құрылыс жобасы әлемдік деңгейдегі құрылысы болып табылады. Жобада жылына 1,25 млн тонна көлемінде полиолефин өндірісі (полиэтилена 800 мың. Тонна/жылына және полипропилен 450 мың. Тонна/жылына) ескерілген. Жобаны енгізу үш жылға созылды: кешенді технологиялық жабдықтау сұрақтары, қажетті шикізат ресурстарын қамтамасыздандыру, кешеннің экономикалық және оптималды қуаттылығы анықталды, өндірген өнімнің маркетинг стратегиясы жасалынды, жобаның экономикалық және қаржы модельдері есептелінді, қажетті өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыздандыру, аймақтың экономикалық даму сұрақтары мен экологиялық заңдылықтардың нормалары мен талаптары, әлеуметтік сұрақтар және т.б. мәселелер қарастырылды. Кешен интегриалды – оның технологиялық жүйесінде бірнеше құралдардың бірінің артынан бірі жұмыс істеі ескерілген: алдымен төменмолекулярды қосылғыштар - мономерлерді, содан соң – полимерлерді алу (полиолефин).
Жобаның жалпы құны $6,3 млрд., кешен бірнеше өзарабайланысқан технологиялық құрылғылардан құралған. Әр технологиялық құрылғы озық технологиямен, әлемдік нарықта ұсынған: газөңдеу - ABB/ CBI, Linde; бу крекинг - Linde, ABB/CBI, TECHNIP, Stone & Webster; пропанды дегидраттау - UOP, ABB/CBI, Uhde; этиленді димеризациялау - Axens, полиэтилен мен полипропилен өндірісі Basell/Borealis озық технологиямен дайындалады. «Jacobs Consultants» компаниясы маркетингтік зерттеу жүргізіп, маркетинг жоспарын әзірледі, жоспар бойынша негізгі өнім бөлігі Қытай, Батыс пен Шығыс Европа нарықтарына жеткізіледі. ЕЭА шеңберінде кіші және орта бизнестің аралас өндірісі мен соңғы өнім шығару өндірісін дамыту үшін, өнімнің бір бөлігі Қазақстанда қалады.
Жоба компаниясына полиолефин өндіріс технологиясына лицензиясы бар және 25% қатысу үлесіне ие, әлемдік серіктестік - Lyondel Basell компаниясы шақырылды. Осыған орай, лицензионды келісім шарттары жасалынып, өнімге «off-take» шарттары ескерілді. Алматы қаласындағы АҚ «КазЭкоПроект» компаниясымен Қоршаған Ортаға Тигізетін Әсерін Бағалау(ОВОС) жобасы дайындалды. 2006 жылдың тамыз айында Атырау қаласында қоғамдық пікір жасалынды. Қоғамдық пікір нәтижесінде, кешен құрылысы Аттырау облысының Карабатан (Ескене) темір жол станциясына жақын игерілмеген жерге салынады. Кешен басқа өзара байланысқан кешендердің негізгі өндірістік буын болып, ЕЭА және кешен негізінде бірнеше басқа да өндірістерді ұйымдастырып салынады. Бірінші деңгейде, Тенгіз кен орнынан 7 млрд куб. м көлемінде құрғақ газ және пропан қолданылады.
Жоба мемлекеттік-жекеменшік серіктестік механизм негізінде орындалады:
- Еркін экономикалық аймақ шарттарына сай;
- Ұзақ мерзімді ШЖБ «Тенгизшевройлдың» шикізат жеткізу бойынша ҚР Үкіметі қол қойылған Келісім;
- 2008-2011жылдары бірінші интегралды мұнай-химия кешендерінің инфрақұрылым құрылысы 100 млрд. тенге($800 млн) көлемінде несие бюджет есебінен салынады.
Жоба «ұмтылу» жобаларының тізіміне еніп, «Қазақстанның 30 корпоративті бас көшші» Бағдарламасы щеңберінде іске асады. 2008 жылдың 25 маусымында Атырау қаласында (Атырау облысының әкімшілігі) ұмтылу жобасы бойынша жұмыс тобының жиналысы өтті. Қазіргі уақытты Жобаны өткізу бойынша келесі шаралар өткізілді:
- «Miller&Lentz» және «Purvin&Getz» компаниялары ТШО барлау қорлары мен жобалау, сондай-ақ ТШО жеке тұлғалардың активтеріне «due diligence» эксперттік бағалау жасалынды;
- Жобаны басқару Foster Wheeler (PMC) компаниясымен Жоба обьектілерін орналастыру алаңдарына инженерлі-іздеу жұмыстары басталды;
- Foster Wheeler (PMC) компаниясы жобаны жобалаудың ісін жүргізетін мердігерледің тендерлі іс қағаздарын дайындау, толығымен құрал-жабдықтарды жеткізу жұмыстарын жүргізуде;
- Foster Wheeler (PMC) компаниясы кешен обьектілерін іске қосылуына жергілікті мердігерлермен техникалық мінездемелер бойынша жиналыс өткізді.
Мұнай-химия кешеніндегі көмірсутек шикізатын өңдеу сатылы технология бойынша – технологиялық құралдардан алынған өнім, келесі құралдарға басқа түрлі өңдеулерге шикізат болады.
Мұнай-химия өндірісінің жабдықтаудың технологиялық сызбасының анықтамасы түрлі мұнай-химия өнімдеріне (маркетинг нәтижесі), сондай-ақ қолда бар мүмкіндіктеріне байланысты. Сонымен, Қазақстандағы мұнай-химия өндірісінің инвестициялық жобасын дайындауда Атырау мұнай өңдеу зауыты мен бірінші интегралды мұнай-химия кешенінің технологиялық қабілеттіліктері және өндіріс ресурстары ескерілген.
ЕЭА шеңберінде басқа да инвестициялық жобалар – хош иісті көмірсутектен этиленгликоль, терефталев қышқылы, поли-этилентерефталат (пластик бөтелкелер өндірісінің шикізаты), этилбензол, поливи-нилхлорид және т.б. өндіру жоспарлануда.
Атырау МӨЗ және бірінші интегралды мұнай-химия кешенінің технологиялық және шикізат пайдалану мүмкіндіктерінің негізінде әлемдік деңгейдегі инновациялық өндірістерді құрудың технико-экономикалық анықтамалары әзірленді. Мысалы, Актау пластмасс зауытының түрлі маркалы полистирол өндірісінің құрылысы, Қаражанбас мұнайын өңдеудегі Қазақстан климат жағдайларына сай, жол битум өндірісінің жобаларының іс-қағаздарын даярлау.
Бұдан басқа, болашақта метанол, полиолефин, шина өніміне қажетті синтетикалық каучук өндірісінің жобалары жоспарлануда.
Инвестициялық жобаларды өткізудің өзекті сұрақтарының шешімі болып мұнай-химия кешендерін экологиялық заңдылықтар мен талаптарына сәйкес орналастыру, Қазақстан аймақтарына біркелкі дамуына сай, сондай-ақ жаңа жұмыс күшін қамтамасыздандыру болып табылады.
Бірінші интегралды мұнай-химия кешенінің құрылыс жобасы Атырау қаласынан игерілмеген, инфрақұрылымы жоқ жерге Қарабатан станциясының аймағына көшіру, жобаның қаржы жағынан қымбаттауына әкелді. Атырау қаласына экологиялық және өндірістік жүктемені азайту үшін, бұл шараға мемлекет те, инвесторлар да бірігіп келісілді. Тек кешен құрылыс кезінде, 5 мыңнан 10 мыңға дейін түрлі қызметтегі жұмыс күші шақырылады, жаңа темір жол мен машина жолы салынады, су құбыры, электр өткізу сымдары, әлеуметтік, әкімшілдік тұрғын үй обьектілері – жаңа қала құрылысы басталады.
2013 жылы мұнай-химия кешенін енгізуден соң, құрылыс материалдар, пластмасс құбырларын шығару, орап-буктейтін өнімдер (пакет, термопакет, бөтелке) шығаратын кіші және орта бизнес кәсіпорындарының белсенді дамуын жоспарлауға болады.
Сонымен, Қазақстанда мемлекет пен кәсіпкерліктің өзара байланысы арқылы, 2013 жылы әлемдік деңгейде мұнай-химия кешндерінің құрылыс жобасы іске асды. Бұдан соң кіші және орта бизнестің дамуына нақты жағдайлар жасалынады.
Елдің ішкі мұнай мен газды терең өңдеу өнімдерін пайдалану жеткіліксіз. Негізгі мәселе елдегі Атырау, Павлодар, Шымкент және Теңгіз мұнай өңдеу зауыттары мен Жаңаөзен, Жаңажол мен и Қарашығанақ газөңдеу зауыттары толық қуатты жұмыс жасамай отыр. Өңдеу тереңдігі төмен (~ 45-50%). Сондықтан, шығаратын өнім ассортименті шағын, ең көп сұранысқа ие отын түрлері (бензин, керосин, реактив, дизель және т.б.) елдің тұтыну қажеттіліктерін сан жағынан да, сапа жағынан да қамтамасыздандырылмай отыр.
Республикадағы мұнайөңдеу мен мұнай-химия өнеркәсіптері дамыған әлем елдеріндегі осы саладағы мұнай мен газды терең өңдеу бойынша артта қалып отыр, ал еліміздің мұнай мен газ зауыттарының өңделген мұнай өнімдері әлем деңгейіндегі стандарттарға сай келмейді. Қоспасында мазут пен бағалы газ көмірсутектерінің өндіріс көлемі жоғары, ары қарай өңдеудің орнына, олардың бір бөлігі электр- мен жылу станцияларында жандырылады, ал басқа бөлігі қажетсіз факелда жандырылады. Ал, мазут та, газды көмірсутектер де отын, май, синтетикалық мұнай-химия өнімдеріне негізгі шикізат көзі болып табылады.
АҚШ, Канада және Батыс Европа елдеріндегі тігінен интегралды мұнай-газ компаниялары өз табыс көздерін шикі мұнай мен газды сатудан емес, шина-, резеңке-техникалық өнімдерден, пластикалық қоспалардан, синтетикалық мата мен бұйымдардан, дәрілік құралдардан, ауыл шаруашылық зиянкестерге қарсы заттардан, реактивті мен ракета отындарынан, синтетикалық пен табиғи майлар мен т.б.
Бастапқы жартылай өнімдердің химиялық өңдеу тереңдігіне қарай (метан, этан, этилен, пропан, пропилен, бутан, изобутан, бутилен, бутадиен, бензин, керосин және дизель фракциялары мен вакуумды газойль, мазут, гудрон және көптеген т.б.) және олардан синтетикалық мономерлер, полимерлер және т.б. химиялық өнімдер, сапалы отын, табиғи мен синтетикалық мұнай майлары, битум, кокс өнімдерді дайындаудан сату, олардың бағасынаң 3-5 есе өсуін байқауға болады. Сондықтан, шикі мұнай мен газ сатқаннан, терең өңделген мұнай мен газ өнімдерін сату пайдалы.
Мұнай мен газды терең өңдеу стратегиясы өндірісті тұрақтандыруға, жұмыс орнын көбейтуге, тұрғындардың әлеуметтік-экономикалықжағдайының өсуіне әкеледі. Ал шикі мұнай мен газды экспорттау халықтың тұрмыс деңгейін күрт төмендетеді. Экономикалық дамыған елдерде, АҚШ, Канада, Ұлыбритания елдерінде мұнай мен газды өңдеу тереңдігі 86-92% құрайды, ал олардан бағалы өнімдердің кең ассортиментін өндіреді.
Табиғи мен синтетикалық майлар туралы ерекше атап өтуге болады. Республикада бір грамм табиғи да, синтетикалық май да өндірілмейді. Оларды толығымен шет елдерден әкелінеді. Әлемдегі барлық елдер дистиллятты мен қалдық табиғи майларды мұнай қалдықтарынан, мазуттан өндіреді, ал синтетикалық майларды көпсатылы мұнай-химия синтезинен өндіреді. Ал біздің мазут ары қарай май өндірісіне бармайды. Ол, негізінен, жылыту отыны ретінде қолданылады. Табиғи майларға қарағанда, мазутты вакуумды дистилляттан алынған синтетикалық майлар қатаң талаптарды қанағаттандырады. Осыған қарамастан, Республикада көпсатылы мұнай-химия синтезінен алынған синтетикалық май өндірісінің жоспары осы уақытқа дейін жоспарланбаған.
Қазақстан жыл сайын 350 мың тонна мұнай майларын пайдаланады, олардың құны шикі мұнай құнынан 5 есе қымбат. Бұл, елімізде мұнай майларының өндірісі үшін қажетті мұнай мен газды иелене отырып, жергілікті тұтынушы импорт майларын сатып алғанда, біріншіден, шетел өндірісін инвестициялауда, екіншіден, жергілікті мұнай өндіруден, сатып алынған майлар айрықша қымбат екенін ұмытпаған дұрыс.
Бұл мысалдан жергілікті тұтынушының экономикалық пайдасыз жағдайда тұрғанын көруге болады, бұл тек мұнай өнімдеріндегі бір тобы – мұнай майлары. Мұндай Республикадағы мұнай өнімдерінің тапшылығы – жетерлік.
Газ бен газконденсатты терең өңдеу аймағында да, шешілмеген мәселелер көп. МӨЗ мұнай газдары мен алғашқы газ терең емес жүйе бойынша өңделеді. Олар МӨЗ мен ГӨЗ нақты ректификациядан өтпейді, және олардан мұнай-химия синтензіне шикізат дайындалмайды. Негізінен, қоспа түрінде қолданады, ал бұл өте тиімсіз деп саналады. Еліміздегі соңғы кездегі ашылған газ бен газконденсаттарының құрамында күкіртті сүтек пен меркаптан күкірті жоғары екені дәлелденген. Сондықтан, Теңгіз, Жаңажол, Қарашығанақ газ-мұнай өңдеу зауыттарында (ГМӨЗ) алғашқы сатысында бірнеше күкіртті тазалау, нәтижесінде, олардан қалыпты күкірт пен тазартылған шикізат өндіреді. Қалыпты күкірт зауыт аумағында жиналып, ары қарай өңдеу жолдарын таба алмай, қоршаған ортаға орасан зиян келтіреді. Ал тазартылған шикізат жоғары сапалы газ қоспасынан тұратын ашық мұнай өнімі және 75-85% бензин-дизель фракциясынан тұрады. Жоғарыда айтылған және Жаңаөзен ГМӨ зауыттарында мұндай шикізаттан тек технологиялық және тұрмыс газын өндіреді, ал сұйық бөлігін, жеңіл мұнайды экспортқа жібереді, тек аздаған бөлігі МӨЗ келесі өңдеуге барады.
Еліміздегі МӨЗ мен ГӨЗ мұнай мен газды терең емес және тиімсіз өңдеу күші есебінен, полиэтилен мен полипропилен өндіретін Атырау химия зауыты, полистирол өндіретін Актау зауыты, пластикалық қоспалар өндіретін – Рудный зауыты толық жоспарлы қуатты жұмыс жаса алмай отыр, ал Актау мен Рудный зауыттары толығымен импорт шикізатынан бағынышты болып отыр. Бұл мысалдар тағы да, мұнай-химия кәсіпорындары толық мұнай-газ өңдеу зауыттарына бағынышты екені дәлел. 1980 жылдардың соңында еліміздегі мұнайды ең терең өңдейтін (83%) Павлодар МӨЗ толық іске қосылмай тұр, ал ол зауытқа метилтретбутил эфир мен изооктан өндірісі жоспарланған, сондықтан бұл өнімдердің елімізге тапшылығы айғақ.
Соңғы уақытта елімізде мұнай химия ішкісалы өндірісінің кластерлі дамуы туралы мәселесі жиі айтылып жүр. Бұл, әрине, дұрыс. Бірақ, кластерлі жүйенің дамуы үшін, біріншіден, бастапқы бағыттағы шикізатты қамтамасыздандырып, экономикалық пайдасын, нарықтағы бәсекелік қабілеттілігін, соңғы мақсаттағы өнімді анықтау керек.
Жоғарыда айтылған мәліметтер бойынша, мұнай-химия өндірісіне, мұнай мен газдан газды және сұйық өнімді терең өңдеу арқылы алынған шикізат керек екендігі белгілі тұжырымдама. Сондықтан, біріншіден, Қазақстандағы МӨЗ мен ГӨЗ мұнай мен газды терең өңдеуді орташа әлем деңгейіне жеткізіп жоғарлату, сонда ғана мұнай-газ өңдеу өнеркәсіптерінің ішкі саласының мұнай-химия кешендерінің кластерлі жүйе дамуының мәселесін көтеруге болады.
Сонымен, мұнай және газды терең қайта өңдеу - елді сапалы мұнай-газ өнімдерімен қамтамасыздандыру , кластерлі инновациялық жүйедегі мұнай-химия ішкі саласының өндірісі, тәуелсіз Қазақстан Республикасының нығаюына және әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына маңызды рөл атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |