1. "Күлтегін" жырындағы жырау есімін табыңыз. A білге қаған



Дата25.02.2016
өлшемі51 Kb.
#20098


Қазақ әдебиеті

2-нұсқа
1. “Күлтегін” жырындағы жырау есімін табыңыз.

A) Білге қаған.

B) Елтеріс.

C) Күлтегін.

D) Қапаған.

E) Тоңұқұқ.
2.

ХІ ғасырда түркілерден шыққан білімпаз, түркі даласын аралап, әр жердің сөйлеу ерекшелігін зерттеген тілші ғалымды анықтаңыз.

A) Жүсіп Баласағұни.

B) Махмұт Қашқари.


C) Әбунасыр Әл-Фараби.
D) Ахмет Йасауи.

E) Рабғузи.


3.

Қай елдің ертегісінде болмасын дәстүрге айналған сюжеттік құрылыс түрін анықтаңыз.

A) Ертегінің бастамасы мен шешімі.
B) Ертегінің байланысы.

C) Ертегінің шиеленісуі мен шешімі.

D) Ертегінің дамуы.
E) Ертегінің шарықтау шегі.
4. “Жаңбыр жаумаса, жер жетім,

Басшы болмаса, ел жетім,

Ұқпасқа айтқан сөз жетім...

Үзінді қай шешеннің сөзі екенін белгілеңіз.

A) Төле би.

B) Әйтеке би.

C) Досбол шешен.

D) Қаз дауысты Қазыбек.

E) Бөлтірік шешен.
5.

Көбен, Теген, Себен қай жырдың кейіпкерлері екенін анықтаңыз.

A) «Қобыланды батыр» жыры.

B) «Қамбар батыр» жыры

C) «Алпамыс батыр» жыры.

D) «Ер Тарғын».

E) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»жыры.
6. “Қыз Жібек” жырындағы Сырлыбай ханның ақын-уәзірінің есімін белгілеңіз.

A) Базарбай.

B) Шеге.

C) Қаршыға.

D) Бекежан.

E) Сансызбай.


7. “Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтіп күн көрер,

Аяғы жоқ, қолы жоқ, жылан қайтіп күн көрер?

Үзінді қай жыраудың сөзі екенін айқындаңыз.

A) Қазтуған жырау.

B) Жиембет жырау.

C) Доспамбет жырау.

D) Шалкиіз жырау.

E) Асан қайғы.
8.

Дулат Бабатайұлының “Еспембет” поэмасындағы бас кейіпкер Еспембет кімнің қолында ер жетіп тәрбиеленгенін анықтаңыз.

A) Қабанбай.

B) Сыбан.

C) Жарасқұл

D) Ер Қосай.

E) Ақтамберді.
9.

Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңін табыңыз.

A) «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны».

B) «Мұңайма».

C) «Күн қайда?»

D) «Тарланым»

E) «О, Нарын!».
10.

Махамбеттің ел болып біріксе, әділетсіздікке қарсы шықса, ханды тақтан тайдыратынына күмән келтірмейтін ойы айтылған өлеңді анықтаңыз.

A) «Нарын деген жерімнен».

B) «Менің атым-Махамбет».

C) «Тайманның ұлы Исатай».

D) «Атадан туған аруақты ер».


E) «Алты сан алашты».

11.


Махамбет Исатайдың батырлығын, парасаттылығын және сонымен қатар қандай қасиетін жоғары бағалағанын табыңыз.

A) Әншілігін.

B) Білгір қолбасшылығын.
C) Жанашыр туыстығын.

D) Серілігін.


E) Ақылшы ағалығын.
12.

Ы.Алтынсариннің еңбек тақырыбына арнаған шығармасын анықтаңыз.

A) «Асыл шөп».

B) «Бақша ағаштары»

C) «Азған елдің хандары».

D) «Залым төреге».

E) «Аурудан аяған күштірек».
13. Ы.Алтынсариннің аудармасын көрсетіңіз.

A) «Бұл кім?»

B) «Алтын шекілдеуік».

C) «Азған елдің байлары».

D) «Байұлы».

E) «Әділдік».


14. Үзінді Абайдың қай өлеңінен алынғанын табыңыз.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға...

A) «Интернатта оқып жүр»

B) «Құлақтан кіріп, бойды алар»

C) «Әсемпаз болма әрнеге»

D) «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

E) «Ғылым таппай мақтанба»


15.

Ұлы ақын Абайдың 16 тармағы түгелдей «Ж» әрпімен басталатын өлеңін табыңыз.

A) «Жүрек-теңіз, қызықтың бәрі –асыл тас».

B) «Жайнаған туың жығылмай...».


C) «Жалын мен оттан жаралып».

D) «Жүрегім менің қырық жамау».


E) «Жақсылыққа».
16.

Абайдың қазақ мақал-мәтелдерін сынайтын қара сөзін көрсетіңіз.

A) Бірінші.

B) Бесінші сөзі.

C) Он тоғызыншы сөзі.

D) Жетінші сөзі.

E) Отыз жетінші.
17.

Балуан Шолақ Баймырзаұлының махаббат сырын шертуге арналған өлеңін белгілеңіз.

A) “Сәулем қыздар”.

B) “Қарақат көз”.

C) “Ғалия”.

D) “Сұрша қыз”.

E) “Жайма – шуақ”
18.

Қазақ халқының ән өнеріне мол мұра болып қосылған Балуан Шолақтың әндерінің бірін табыңыз.

A) «Желдірме».
B) «Жиырма бес».

C) «Шалқыма».


D) «Маңмаңгер».

E) «Мақпал».


19.

«Ақық», «Теміртас» деген өлеңдерінде Біржан салдың қандай көңіл күйі баяндалғандығын анықтаңыз.

A) Сүйіспеншілік сезімі

B) Өмірге құштарлығы

C) Қатты күйзелісі

D) Қуаныш сезімі

E) Жолдастарына ризашылығы
20.

Сыршыл ақын Мағжан Жұмабаевтың кемеңгер Абайға арнаған өлеңінің толық атын табыңыз.

A) «Асыл хакім Абайға».

B) «Хакім Абайға»


C) «Баға жетпес Абайға».

D) «Алтын хакім Абайға».

E) «Сөзі асыл Абайға».

21. Ж.Аймауытов ең соңғы және үздік туындысы “Шернияз” пьесасын кімге арнағанын табыңыз.

A) Ахмет Байтұрсыновқа.

B) Міржақып Дулатовқа.

C) Сұлтанмахмұт Торайғыровқа.

D) Абай Құнанбаевқа.

E) Шәкәрім Құдайбердіұлына.
22.

Шәкәрім Құдайбердіұлының әуені мен өлеңі үйлесім тапқан әнін белгілеңіз.

A) “Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек”

B) “Желсіз түнде жарық ай”.

C) “Көзімнің қарасы”.

D) “Адамдық борышың”.

E) “Қор болды жаным”.
23.

«Жастарға», «Үш-ақ түрлі өмір бар» атты өлеңдерінің авторын табыңыз.

A) М-Ж. Көпейұлы

B) Н.Орманбетұлы

C) М.Дулатұлы

D) Ш.Құдайбердіұлы

E) М.Жұмабайұлы
24.

Ж.Аймауытовтың ұлттың алғашқы зиялы өкілдерінің екі ұдай жолға түсуін бейнелеген пьесасын көрсетіңіз.

A) «Қанапия-Шәрбану»

B) «Рабиға»

C) «Шернияз»

D) «Мансапқорлар»

E) «Ел қорғаны»
25.

А.Байтұрсыновтың «Қырық мысалы» қайда, қашан жарық көргенін анықтаңыз.

A) 1910 ж. Қазанда

B) 1915 ж. Троицкіде.

C) 1909 ж. Петербургте.

D) 1911 ж. Орынборда.

E) 1914 ж. Омбыда.
26.

І.Жансүгіровтің “Күйші” поэмасындағы басты кейіпкерді белгілеңіз.

A) Толқыншаш.

B) Қамар.

C) Күнікей.

D) Шолпан.

E) Қарашаш.
27.

Бейімбет Майлиннің “Шұғаның белгісі” повесіндегі Шұғаның сүйген жігітінің есімін көрсетіңіз.

A) Есімбек.

B) Әбдірахман.

C) Ғали

D) Қожаш.



E) Ахмет.
28.

1917 жылы жазылып, 1918 жылы Ақмола жастарының күшімен сахнаға шыққан «Бақыт жолында» драмасының авторын белгілеңіз.

A) М.Дулатов.
B) Б.Майлин.

C) С.Сейфуллин.


D) Ж.Аймауытов.

E) Д.Исабеков.


29.

Жамбылдың соғыста ерлікпен қаза тапқан баласын атаңыз.

А) Қуаныш.

В) Алғабек.

С) Ғали.

D) Тезек.

Е) Алғадай.
30.

Қасым Аманжоловтың соғыстан кейінгі шығармашылығына жататын өлеңін табыңыз.

A) “Қапанға”.

B) “Үстімде сұр шинелім”.

C) “Дариға”.

D) “Елге хат”

E) “Сарыарқа”.
31.

М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» пьесасының алғашқы 1934 жылғы нұсқасымен қай театрдың шымылдығы ашылғандығын анықтаңыз.

A) Абай атындағы драма театр.
B) Ауыл театры.
C) Қазақтың музыкалық-драмалық театры

D) Абай атындағы опер және балет театры ашылды.

E) Жасөспірімдер театры.
32.

Шекспирдің «Отеллосын», Гогольдің «Ревизорын» қазақ тіліне аударған қаламгерді көрсетіңіз.

A) М. Мағауин

B) Ғ. Мұстафин

C) М. Әуезов

D) С. Мұқанов

E) Ғ. Мүсірепов
33.

М.Әуезовтің 1916 ж. оқиғаға арнаған повесін табыңыз.

A) «Көксерек».

B) «Қорғансыздың күні».

C) «Жетім»

D) «Адамдық негізі-әйел».

E) «Қилы заман».
34.

1923 жылы Ғ.Мүсіреповті Орынбор қаласына әкеліп, сүйеу болған әдебиет майталманын анықтаңыз.

A) І.Жансүгіров.

B) С.Мұқанов.

C) М.Жұмабаев.
D) Б.Майлин.
E) С.Сейфуллин.
35.

С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Алтайдың мінген атын анықтаңыз.

A) Тайбурыл.

B) Күреңтөбел.

C) Ақбөрте

D) Торытөбел.

E) Байшұбар.
36.

Шығармалары көптеген ұлттардың тіліне аударылған, «Жүрек әмірі», «Түркістан хикаялары» сынды туындылары қазақ тілінде басылып шыққан көрнекті өзбек жазушысын табыңыз.

A) Мырза Тұрсын-Зада.

B) Садриддин Айни.

C) Мұстай Кәрім.

D) Мұса Жәлел.


E) Нәсір Фазылов.

37.


Белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарманы көрсетіңіз.

A) Дастан.


B) Баллада.
C) Лиро-эпос.

D) Поэма.

E) Эпос.
38. Анафораны табыңыз.

A) Көк көгершін, көгершін,

Көк құтан ұшар жем үшін.

B) Жоғары ерні көк тіреп,

Төменгі ерні жер тіреп.

C) Жан қысылса, жай таңдап,

Жанды еріткен жайдары-ау.

D) Еңсесі биік ақ орда,

Еңкейіп сәлем бер сана.

E) Ерлерді ұмытса да ел, сел ұмытпас,

Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас.
39. Жас ақын Мұса Жалелдің ерлік рухын шығарма арқауы еткен «Жыр туралы жыр» атты дастанының авторын көрсетіңіз.

A) Қ. Мырзалиев.

B) Ж. Молдағалиев.

C) Т. Молдағалиев.

D) Х. Ерғалиев.

E) С. Мәуленов.


40.

І.Есенберлинге қай романы үшін Мемлекеттік сыйлық берілгенін анықтаңыз.

A) «Қатерлі өткел» романы.

B) «Алтын құс» романы.

C) «Ғашықтар» романы

D) «Айқас» романы.



E) «Маңғыстау майданы».




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет