1-күн тапсырмасы.
Кестедегі оқу мақсаттарының бірін таңдап, Бөлтірік шешеннің ойын негіздеңіз. Сөйлесу параметрлеріне сай сөйлесу жағдаятын құрыңыз.
Сынып
|
Оқу мақсаты
|
5
|
5.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай эмоциоанлды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.
|
6
|
6.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ресми сөздер мен тіркестер, дайын тіркестер мен терминдерді орынды қолданып, диалогке қатысу, ойын анық жеткізу.
|
7
|
7.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды-экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу.
|
8
|
8.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай ғылыми және халықаралық терминдерді, ғылыми деректерді орынды қолданып, диалог, монолог, полилогта өз ойын дәлелді, жүйелі жеткізу.
|
9
|
9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдау, кең көлемді монолог дайындау.
|
10
|
10.1.6.1. коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақтай отырып, дұрыс сөйлеу
|
11
|
11.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай көпшілік алдында тиісті сөйлеу әдебін сақатай отырып, дұрыс сөйлеу, тыңдаушыларға ықпал ете білу,шешен сөйлеу.
|
Сөйлесу жағдаятын ұйымдастыру құрылымы:
Сөйлеуші (адресант) АНА
Тыңдаушы (адресант) Қыз
Сөйлесушілер арасындағы қарым-қатынас Өмір,болашақ
Сөйлесу реңі (ресми,бейтарап, достық) Бейтарап
Мақсаты: Қадірін білу
Сөйлесу стилі диалог
Сөйлесу тәсілі (ауызша/жазбаша, оффлайн/онлайн,қашықтықтан) ауызша,офлайн,қашықтықтан
Сөйлесу орны: әртүрлі
Сөйлесу жағдаятының параметрлері:
Не сөйлейтініңді біл,
Кімге сөйлейтініңді біл,
Қай жерде сөйлейтініңді біл,
Қай кезде сөйлейтініңді біл,
Қалай сөйлейтініңді біл.
Бөлтірік шешен
1-тапсырма 5.1.6.1 коммуникативтік жағдаятқа сай эмоциоанлды сөздерді, дауыс ырғақтары арқылы қыстырма, қаратпа, одағай сөздерді еркін қолданып, диалогке даярлықсыз қатысу, өз пікірін білдіру.
Мама, күн неге жарқырап шығады, сосын қайда кетеді?— Құлыным, ол сені оянсын деп шығады да, сені ұйықтасын деп кері батады-ғой…— Мама, неге садиктегі бір бала шашымнан тартқылап үнемі тиіседі де жүреді?— Сен оған мән бермей-ақ қой, саған көңіл аударту үшін істейді ғой…— Мама, мына есепті шығаруға көмектесші, мұғалім әдейі ештеңе жарытып түсіндірмеді — Кәні шығарып қарайық, жоқ әдейіістемеген болар, жаман адамдар болмайды, тек адамдарды түсіне білу керек. — Мама, ол маған сен өте әдемісің деп айтты— Күнім менің, әрине сен өте әдемісің…— Жарығым, бүгін күніңді қалай өткіздің — Мама, қоя тұрш, көңілім жоқ, сөйлесетін. — Мама, ол бүгін телефон соқпады, не істеймін енді.— Көңіліме алма, мүмкін бір жағдай болып қалған болар…— Қызым-ау, көп кешікпей кел, түнге қалмай— Бұл менің өмірім, қашан келсем де өзім білем…— Қызым…— Мама, араласпаш… — Алло, мама, ақша салып жіберш, сессияға— Қалайсың, жағдайың…— Сөйлесетін уақыт жоқ, ед бітті… асығыспын— Мама, ол бүгін маған сөз берді, тұрмысқа шық деп — Сен үшін қуаныштымын, бақытты бол!— Мама, ол жылап қоймай жатыр, қызуы бар сияқты, не істеймін?— Қазір өзім барам, тербете тұр…— Мама баланың қасында қала тұрш, біз кетіп бара жатырмыз— Әрине, әкеліп тастаңдар…— Айналайындар-ау бұларың не…— Мама, біз ересек адамдармыз ғой, өзіміз білеміз, сенсіз де уайымымыз жетіп жатыр… — Қызым, маған сенің көмегің…— Мама, қазір уақыт жоқ, кейінірек өзім соғам… — Қызым, қазір маған жалғыз өзіме қиын болып жүр!— Мама, мен не істейін, маған да қиын… — Алло, қызым, ауырып тұрмын— Ертең хабарласшы…— Мама, сенің қасыңда болғым келеді…Мама, мама, анашым!!!—
Достарыңызбен бөлісу: |