Тақырыбы:«МЕН ӨЗІМДІ МАҚТАН ЕТЕМІН»
Мақсаты:
- өз-өзіне деген жағымды (позитивті) қарым-қатынастың дамуы;
- рефлексия дамуы;
- оқушылардың сенімділік сезімінің көтерілуі.
Кіріспе.
Психолог: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сендермен танысқаныма өте қуаныштымын. Біз берілген уақытты қызықты да, пайдалы өткіземіз деп ойлаймын.
«Мен кіммін» серпімділік ойыны
Топ қатысушылары бір-біріне доп лақтырысу арқылы «Мен кіммін» деген сұраққа жауап береді. Өзін-өзі сипаттауда мінезі, бет пішіні, мақсаты мен сезімдері қолданылады. Әрбір сөйлем «Мен»: «Мен қызбын», «Мен көңілдімін», «Мен музыканы жақсы көремін» және т.б. деге сөздермен басталуы қажет.
Біз бүгін, әрқайсымыздың жақсы қасиеттеріміздің бар екендігін айтып мақтана аламыз. Неге десеңіз, басқа адамдарды да біздің басқа жақсы жақтарымыздан қарап таң қалдыру үшін, нені сүйіп, нені армандайтындығымызды да білу мақсатында өз іс-әрекетімізді талқылағанымыз жөн.
«Мен өткен, осы және келер шақтардамын» жаттығуы
Өзіңді өткен, осы және келер шақтарда қалай көресің, елестете отырып суретін сал.
Талдау:
Осы суреттердің қайсысы саған аса ұнайды?
Келешекте өзіңді кім деп көресің?
Қандай қасиеттер сенде пайда болады?
Сен өзіңе не тілер едің?
Балалар кезек-кезектен «Мен бірде...» деген фразаны қоса отырып өзінің қандай да бір жетістігін айтады. Мысалы: «Мен бірде дене шынықтыру сабағында барлығынан да тез жүгіріп, бірінші болып келдім».
«Бәрі жұлдыздар» жаттығуы
Бұл жаттығуды жасау үшін тағы да 3-4 рет терең дем алып, көзімізді жұмамыз. Өміріңіздегі кездескен, өзіңізді жұлдыздай сезінген сәтті есіңізге түсіріңіз. Бұл қандай оқиға еді? Жан дүниеңіз қандай сезімдерге тола болды? Қасыңызда сол сәтте кім болды? Сізге арнап жағымды сөздер айтты ма? Сонда не айтты? Қандай эпизод сіздің есіңізге түсіп тұр?... Есіңізге түсіріп болсаңыз, басыңызды изеңіз де, жайлап қана көзіңізді ашыңыз. Барлығымызда да еске түсетіндей кезеңдеріміз болды ма?
Енді біз алдыларыңы таратылған ақ қағаздың, ішіне өміріміздегі сол бір кездегі жетістікке жеткен сәттерімізді мерейіміз тасыған шақтарды сурет етіп саламыз. Сіздің суреттеріңізде, сізге өте маңызды немесе сіздің жетістікке жетуіңізге көмектескен адамдар қатысуы мүмкін. Барлық суреттер жинақталып, корапшаға саламыз.
«Сенің есімін» жаттығуы.
Мақсаты: топ ішінде жағымды атмосфера қалыптастыру, өздерін жоғары бағалауға дағдыландыру.
Әр оқушы өз есімін параққа жазып, әр әріпіне жағымды сөздер табады. Мысалы: Дамир
Д- денелі
А-аяулы
М-мықты
И-инабатты
Р-романтикалы
Жағымды сөздерді жазғаннан кейін барлығы оқып шығады.
«Сенен маған ұнайтыны...» жаттығуы:
Балалар шеңбер бойынша тұрып, бір-біріне жүрекшені беріп, кезекпен жағымды, жылы сөздер айта бастайды. Айтылатын сөзде оның жеке басының қасиеттері, сырт пішіні, мінез-құлық манерасы: «Даурен, маған сенің мейірімділігің ұнайды». Баланың жауабы: «Рахмет, мен де өзімді мейірімдімін деп ойлаймын» (өзіне айтылған сөзді қайталап) жанындағы сыныптасын жылы сөздер айтып жалғастырады.
«Шеңбер бойынша қошемет» жаттығуы
Нұсқау: Әртіс концерттен соң өзін қалай сезінентіндігін кім елестете алады? Шеңбер бойынша тұрыңыздар. Араңыздан біреуіңіз кімге де болса жақындап оған бар күшімен қол шапалақтап қошемет көрсетеді, содан соң олар бірігіп тағы да біреуіңіздің қасына барып сол сияқты бар күшімен қол шапалақтау арқылы қошемет көрсетеді. Дәл осылай топтағы қатысушылардың барлығына қошемет көрсетіледі.
Талдау: қандай сезімде болғаныңыз туралы әрқайсымыз айтып береміз.
Сабақтың рефлексиясы
Мен бұл сабақтан алған тәлімім ...
Маған ұнағаны...
Маға ұнамағаны ...
Менің естігім, білгім, жасағым келгені ...
Жаттығудың аяқталуы «Шеңбер бойынша қол алысу»
Сергіту сәті:
«Кім, нені жақсы көреді?» жаттығуы.
Барлығы орындықтарға отырады. Кім, нені жақсы көреді солар орындарынан тұрады. Мысалы: Кім балмұздақты жақсы көреді, сол орнынан тұрсын…Кім өзін батырмын деп есептейді?… Кім сары түсті жақсы көреді?… Кім көп тамақ жегенді жақсы көреді?… Кім айнаға қарағанды жақсы көреді? т. б. сұрақтар қоюға болады.
Қорытынды:
Психолог: Біз әртүрлі адамдарды кездестіреміз. Олардың ішінде кейбіреуі бізге ұқсайды, кейбіреуі ерекше болып көрінеді. Бірақ біз әрқайсысымыз ғажайып қайталанбас тұлға. Бүгінгі тренингтің аяғында мен сендерге «Сен ғажайыпсын!» медальдарды ұсынып отырмын. Сендер жеке тұлға екендеріңді, ғажайып адам екендеріңді ешқашанда ұмытпаңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |