1-курс, барлық білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті, Phd бияздықова Әлия Әлімбекқызы



бет1/4
Дата19.09.2023
өлшемі31.61 Kb.
#477923
түріСабақ
  1   2   3   4
1-сабақ


Қазақ тілі пәні
1-курс, барлық білім беру бағдарламалары бойынша


Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының
доценті, PhD Бияздықова Әлия Әлімбекқызы
1-семестр

1 тәжірибелік сабақ


Тақырыбы: Жеке тұлға және руханият. Зат есімнің септік жүйесі, септік жалғауларының мағыналары


Мақсаты: зат есімнің септелуін еске түсіре отырып, жаттығулар орындату, тұлға және руханият тақырыбында мәтін оқытып, жаңа сөздермен сөйлемдер құрату.
Тәжірибелік сабақтың мазмұны:

Грамматика

Септік жалғауларының мағыналары:
1. Атау септіктің арнайы жалғауы жоқ, зат есімнің негізгі және туынды түбір тұлғасымен сәйкес келеді. Кейде көптік және тәуелдік жалғау тұлғаларында да тұрады.
2. Ілік септік меншіктілікті, бір затқа тән екендігін көрсетеді. Әдетте ілік септікті сөз тәуелдік жалғаулы сөзбен тіркесіп қолданылады да, ілік септіктерге сөз иеленуші зат (я адам) болады да, тәуелдік жалғаулы сөз соның меншігі, соған тиесілі я катысты зат болады. Мысалы: Хамиттын, екі құлағы шың ете түсті (С. Сейфуллин). Сондай-ақ ілік септік бүтіннің бөлшегі (үйдің терезесі), әр түрлі табиғи байланыстарды (судың сылдыры) сияқты мәндерді білдіреді. Кейде ілік септік түсіп қалып та колданылады: ақынның өлеңдері – ақын өлеңдері, қаланың жастары – қала жастары. Сөйлемде ілік септікті сөз анықтауыш қызметін атқарады (сұрағы кімнің? ненің?).
3. Барыс септік жанама объектіні және қимылдың, іс-әрекеттің кімге, неге бағытталғанын, кейде мақсатын білдіреді. Мысалы: Толқынға толқын еркелеп, Меруерт көбікке оранып... Жарға жетер ентелеп (М. Жұмабаев). Бұл сөйлемде толқынға (неге еркелеп?), көбікке (неге оранып?) деген сөздер қимылдың (еркелеп, оранып) жанама объектісін білдіріп, толықтауыш болып тұр, жарға (қайда жетер?) қимиддың (жетер) бағытын білдіріп, мекен пы-сықтауыш болып тұр. Барыс септіктегі сөз кімге? неге? деген сұраққа жауап берсе, толықтауыш болады да, қайда? неге? не үшін? (көбіне түйық етістікке жалғанғанда: оқуға келді неге, не үшін келді?) деген сұраққа жауап берсе, пысықтауыш болады. Барыс септікті сөз дейін, шейін, қарай деген шылаулармен тіркесіп те жұмсалады.
4. Табыс септік тура объектіні білдіреді де, сабақты етістіктермен тіркесіп, сөйлемде тура толықтауыш қызметін атқарады.
5. Жатыс септік қимылдың, іс-әрекеттің болу орнын, мекенін кейде мезгілін, көлемін білдіреді де, сөйлемде кімде? неде? деген сұраққа жауап берсе, мекен, мезгіл пысықтауыш қызметін атқарады.
6. Шығыс септік қимылдың, іс-әрекеттің неден, қайдан шыққанын, басталғанын білдіріп, сөйлемде толықтауыш және мекен, мезгіл пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы: Толқыннан толқын туады (М. Жұмабаев).
7. Көмектес септік іс-әрекеттің, қимылдың немен, қандай құралмен, амалын, қалай істелгенін және қимылға ортақтықты білдіріп, сөйлемде пысықтауыш және толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Көшіп келе жатқан Абай аулымен көрші ауылдар (М. Әуезов).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет