1. лабораториялық жұмыс Сүректің басты техникалық зиянкестерін анықтау және пайдалы бунақденелілерді көрсету



Дата03.07.2016
өлшемі32.9 Kb.
#173881
1. лабораториялық жұмыс

Сүректің басты техникалық зиянкестерін анықтау және пайдалы бунақденелілерді көрсету.

Техникалық зиянкестер тобына қоймаларда сақталатын өлі сүректерді және т.б зақымдайтын бунақденелілер жатады. Қабық жегінің, мұртты қоңыздың, зерқоңыздардың кейбір түрлері дің зиянкестерімен қатар техникалық зиянкестер болуы мүмкін.Ең көп тараған сүрек ағаштардың зиянкестеріне жататындар зерқоңыздар, үңгіқоңыздар,мұртты қоңыз.

Сүректің құрғақ болуына қарамастан сүректің ішкі жағы да өмір сүріп, ағаш целлюлозасымен қоректенеді. Техникалық зиянкестердің ұзақ дамуы ағаш-ң құрғақшылығына және хим-қ құрамына байланысты болады. Бірақ та ол1-2 жыл ішінде аяқталады. Үүлкен бунақденелілер көбею үшін ғана ағаш діңінен ұшып кетеді.

Бунақденелілерді тез аңғаруға болады. Ағаштың сыртында дөңгелек тесіктері болады және ол тесіктерден ағаш ұны шашылады. Сонымен қатар үңгіқоңыздардың дыбыс шығаруына байланысты болады.

Бунақденелілер көбінесе ұрпағын бір жерде салады. Оны уақытында аңғармаса, онда мекеменің құлауына әкеп соғады.

Үңгіқоңызы.( точильщики )

Ең көп тараған жиһаз және үй үңгіқоңызы. Үй бөлмелерінде, әйнектерде бунақденелілер наурыз айында шыға бастайды. Ең көбі мамыр-маусым айларында, ал кейбір жәндіктер күзге дейін кездеседі. Үңгіқоңыздардың өмір сүретін сүректердің ішінде ылғалдылығы мен температурасы біркелкі емес болады, сондықтан олардың дамуы баяу жүреді. Ұшар кезінде олар шағылысады және жұмыртқаларын салады. Жұмыртқаларын олар боялмаған жиһаздарда салады. Аналықтардың жұмыртқалары 50-ге дейін жетеді. 2-3 жұма өткеннен кейін салған жұмыртқалар дернәсілге айналады. Дернәсілдер кейін қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасы 2 жұмаға дейін жүреді, одан кейін қоңыз пайда болады. Даму кезеңі көбіне 6 айдан 3 жылға дейін және сыртқы жағдайларға байланысты болады.



Үй қоңызы(Anobiym perbinax)

Көбіне Ресейдің Еуропа бөлігінде, Кавказда және Сібірден Иркутскке дейін жерде кездеседі. Өмір сүруі көбінесе жиһаз үңгіқоңызға ұқсас болады.

Мұртты қоңыз (cerambycidae тұқымдасы). Табиғатта қоңыздар жазда кездеседі. Көбіне ұшу уақыты шілденің ортасы мен тамызда болады. Аналығы жұмыртқаны сүректің тесіктерінде салады. Аналығы 1 ай өмір сүре, 50 жұмыртқаға дейін әкеледі.Жұмыртқасын қылқанды ағаш сүрегіне салады. Жұмыртқаның дамуы 2-3 жұма және содан кейін одан дернәсіл шығады. Дернәсілі баяу өседі. Оның дамуы ылғал мен жылуға байланысты болады. Үй мұрт қоңызының дернәсілі көбіне құрғақ сүректерде және ылғалдылығы 20 пайыздан аспайтын жерде өмір сүре алады. Бірақ та ылғалдылығы 11-12 пайыздан кіші болса, онда дернәсілдердің дамуы баяулайды да, кейде дамуын уақытша тоқтатады. Жақсы жағдай болған кезде дернәсілдер 2 жыл, үй жағдайда 3-4 жыл ішінде өсіп шығады. 8-12 жылға дейін өмір сүрген денәсілдер кездеседі. Қоңыздар жақсы ұшып, көрші үйлерге барады. Олар көбіне боялмаған ағаштарда және ағаштан жасалған үйлерде көп кездеседі. Жиһазбен ол көбею кезінде қоректенеді.

2. лабораториялық жұмыс.

Саңырауқұлақ жіптармақтары және олардың түрін өзгертуді жыныссыз және жынысты көбею жолдары.

Саңырауқұлақтар- ол хлорофилдан айырылған ағзалар. Олар құрылысы жағынан, пішіні жағынан әр түрлі болып келеді. Саңырауқұлақтардың белгілері балдырларға ұқсас, бірақ хлорофиль болмайды. Бір клеткалы көп клеткалы. Қоректенуі сапрофитті және паразитті болады. Саңырауқұлақтарда көбеюіне байланысты 2 түрі белгілі вегетативті және репродуктивті.

Құрылысы. Саңырауқұлақтардың талломы мицелии немесе грибница д.а

Мицелий гифа д.а жіңішке жіпшелерден тұрады. Бір клеткалы немесе төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар гифалары көлденең перделер арқылы бөлінген.

Клетка қабықшасы кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар целлюлозадан тұрады. Кейбіреуінде қабықшасы пектинді заттардан ал жоғарғы сатыдағы саңырауқұлақтардың клетка қабығы целлюлоза көмірсудан құралып насекомдардың хитиніне ұқсас азоттық заттардан тұрады. Ядро ұсақ,1-2 немесе көп болады.

Қоректенуі. Гетеротрофты ағзалар көпшілігі өліп, қураған өсімдік қалдықтарымен қоректенеді.

Вегетативті көбею саңырауқұлақтардың денесімен вегетативті бөлім орындалады. Негізгі вегетативті көбеюдің формасы-оидий және хломидоспораның п.б Вегетативті көбею мицелидің жекелеген бөліктері арқылы орта споралар арқылы(клетка қабығы жұқа гифа) хломидоспора арқ.(клетка қабығы қалың болып келетін гифа клеткаларға ыдырайтын)

Саңырауқұлақтарда репродуктивті көбею- спора көмегімен жүреді. Репродуктивті көбею жыныссыз және жынысты болып бөлінеді.



Жыныссыз көбею. Әр түрлі споралардың көлемімен жүзеге асады. Зооспорангияда зооспоралар дамиды.

Жыныстық көбею. Изогамия, гетерогамия,оогамия,зигигамия(төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда). Зигота тыныштық күйден өткеннен кейін зооспоралары бар қысқа гифа береді. Өсер алдында зигота миоз жолымен бөлінеді. Зигота диплоидты болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет