Xix ғасырдың 40 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар Жоспар



Дата25.02.2016
өлшемі107 Kb.
#19116
XIX ғасырдың 40 - 60 жылдар аралығындағы халықаралық қатынастар
Жоспар
1. 1848-1849 жылдар аралығындағы революцияның еуропалық дипломатияға әсері
2. Италиядағы 1848-1849 жылғы революция
3. Ресейдің Венгрияға интервенциясы. Еуропа жандармы сияқты орыс патшалығы. Ресейдің жаңа сыртқы саяси курсының негізі
4. 1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Англияның, Францияның, Ресейдің дипломатиясы. Қырым жүйесінің қалыптасуы
5. XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ-орыс қарым–қатынастары

1848-1849 жылдар аралығындағы революцияның еуропалық дипломатияға әсері
1848 - 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар, монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.
1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осы елдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 - 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияның австриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.
1848 жылғы буржуазиялық - демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбір мемлекеттердің феодалдық - абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыста дипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.
1848 - 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерін тигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.
Азияда Пальмерстонның басшылығымен британдық үкімет және басқа да британдық буржуазиялық лидерлері агрессия саясатын жүргізді, ал Еуропада Балқан жартыаралы халқына Түрік сұлтандарының езгісін қолдаған. 1848 - 1849 жылдары Англия өзінің ақшасын, флотын және дипломатиясын революциялық - демократиялық қозғалыстың сәтті жүруіне кедергі келтіру үшін және еуропалық халықаралық жағдайдың өзгерулерін минимумға дейін жеткізу және де отарлық экспансия үшін бостандықты сақтауға қолданды.
Бірақ, 1848 - 1849 жылдардағы халықаралық қатынастардың мазмұны тек қана революциялық және контрреволюциялық күштердің арасындағы қақтығыспен сарқылмады. Дипломатиялық келіссөздерге орыс -ағылшындық және ағылшын - француздық қарама - қайшылықтар өзінің үлкен әсерін тигізді. Сонымен қатар, ұлттық және агрессивті буржуазияның талпынысы үлкен басты маңызға ие болды. Еуропа державаларының Шлезвиг - Гольштейн мәселесіне және 1848 жылғы Германияның ұлттық бірігу проблемасына деген қатынасы. 1848 - 1850 жылдары бүкіл ұлы державалар - Англия, Ресей, Франция, Австрия жэне Пруссия Германияның революциялық бірігуіне қақтығыстарында үйлесімге келді. Бұл германдық проблеманы шешу жолы еуропалық және сонымен қатар германдық реакция ушін де қажет болмады. Австрия мен Пруссияның қақтығысында және Англия үкіметінің, Германияның, Ресейдің және Францияның феодалдық езгілерін сақтап қалу және Еуропада өздерінің саяси үстемдігін сақтау мәселесі көзделді.
1848 жылы Шлезвиг - Гольштейн мәселесі туындаған кезде жағдай күрт өзгерді. Шлезвиг және Гольштиния герцогтығы Дат патшалығының құрамында болды. Гольштиния осымен бір уақытта Герман одағының мүшесі болды. Оның халық құрамы, Солтүстік Шлезвигтің халқы сияқты немістер болды. 1848 жылы осы герцогтығында Даниядан бөліну мақсатымен ұлттық қозғалыс басталды. Пруссия бұл жағдайды қолданып, Даниядан осы екі герцогтығы және Солтүстік Шлезвигті итеріп, Данияға соғыс ашып, осы аркылы осы герцогтығының барлығын өзінің билігіне жүгіндіру ойластырды. Осы соғыс арқылы прусстік үкімет өз елінің ішіндегі революциядан халықты алаңдату және Германияда өзінің беделін көтеруді ойластырды. Пруссияның сәттілігі Германияның прусстық қол астына өтуінің бірінші кезеңі болар еді. Герцогтықтардың Пруссияның қол астына өтуі Пруссияға Солтүстік теңізге жол ашар еді және Балтика жағалауында өзінің беделін нығайтуға жол ашар еді. Даниямен соғысты Германияны біріктіру және оның құрамына басқа да көрші жерлерді қосу жоспарын жасап жатқан франкфурттық парламент те қолдады.
1848 жылдың 6 сәуір күні соғыстың басталуы жайлы хабарламай, Прусстық әскер Шлезвиг және Гольштейнге басып кіреді, 23 сәуірде Ютландиде дат әскерін талқандады, бірақ, даттықтар Ресейден, Англиядан және Швециядан көмек сұрайды. Патша Ютландиден прустық әскерді шығаруды талап етті. Сонымен қатар, егер екі герцогтықты қайтадан қайтармаса, онда патша Висланың бағытын жаулап алуы жайлы хабар берді. Фридрих - Вильгельм IV өзінің әскерін Ютландиден әкетуге келісімін береді.

Италиядағы 1848 - 14849 жылғы революция
Италияда 1848 жылғы революциялық қозғалыс Сицилия аралығындағы халық көтерілісінен басталды. 1848 жылдың 12 қаңтар айында халық қозғалысы Сицилияның басты қаласы Палермода басталды. Қала баррикадалармен жабылды. Көтерілісші азаматтарға көмекке қарапайым азаматтар келді. Неаполитандық әскер талқандалып, 26 қаңтар айында Палермодан кетуге мәжбүр болды.
Келесі күні конституцияны талап етуші бұқаралық көтеріліс Неапольде болды. Патша реакциялық министрлерді отставкаға жіберіп, билікті қызмет етуші буржуазиялық либералдардың қолына берді. Көп ұзамай, Неапольде конституция жария етілді.
Сицилияда, Уақытша үкімет орнады. Оның құрамына либералды буржуазия мен либералды дворяндардың өкілдері кірді. Неаполитандық әскер тұрақтанған Мессины қамалынан басқа барлық аралдар Уақытша үкіметті қабылдады.
Сицилия мен Неапольдағы жағдайлар Италияның басқа да жерлерінің саяси қақтығыстарына өзінің үлкен әсерін тигізді. Сардина патшалығы мен Тоскана халқына қысым көрсету арқылы 1848 жылдың наурыз айында конституция жөніндегі декрет жарық көрді. Папа Пию IX да конституцияның енуін қабылдауына тура келді. Ол бұл шешімді басқа италияндық мемлекеттерге қарағанда кеш қабылдады, яғни, 15 наурыз айында. Папалық мемлекеттердің тарихында бірінші рет құрамында шіркеу адамдары жоқ, министрлер кеңесі қүрылды. 17 наурыз айында Венада революция басталды деген хабар жеткеннен кейін, Венецияда австриялықтарға қарсы қақтығыс басталды. 22 наурыз айында венециялық арсеналының жұмысшылары мен матростарының бой көтеруі басталды. Сол күні Венеция республикасының тәуелсіздігі қайта орнады. Венецияның президенті итальяндық буржуазиялық революционер, адвокат және публицист Даниэль Мании болды. 18 наурыз айында Ломбардияның басты қаласы Миланда қарулы көтеріліс басталды. Көтерілісте жұмысшылар, ұсақ кәсіпкерлер, ұсақ сатушылар және маңайдағы ауылдардың қарапайым шаруалары басты рөлді ойнады. Көтерілісшілер мен австриялық әскер арасындағы қақтығыс 5 күнге созылды. 22 наурыз айында австриялық әскер қолбасшысы Радецкиймен Миланнан кетуге мәжбүр болады. Миландағы билік Уақытша үкіметтің қолына көшті. Оның қүрамына буржуазиялық либералдар кірген болатын.
1848 жылғы Италиядағы революция феодалдық - абсолюттік тәртіпке ғана емес, сонымен қатар австриялықтарға қарсы да болды. Халықтың бұқаралық қысымы мен прогрессивті буржуазиялық жік және дворяндықтың қысымынан Сардиния патшалығының королі Пьемонта Карл - Альберт 1848 жылдың 23 наурыз айында Австрияға қарсы соғыс жариялады. Австрияға қарсы басқа да итальяндық мемлекеттерінің үкіметтері дайын екенін жариялады. Италия халқын патриоттық жалын жаулады. ¥лттық гвардиялық батальондар мен өз еркімен қатысушы жасақтар Ломбардияға қарай бет алды. Осы жасақтардың ішінде батырлығымен көзге түскен жэне ерекше орын алған өз еркімен қатысушы қолбасшысы Гарибальдидің жасағы болды.
Италияда наурыз айының аяғына таман құрылған антиавстриялық одақ берік болмады; оны итальяндық мемлекеттердің арасында болған қарама - кайшылықтар мен қақтығыстар үзіп отырды.
Ломбардияда австриялық езгіден босатылу мақсатымен жүрген халық қозғалысы өрши түсті. Сардина королІнен көмек аламын деген үмітпен Ломбардия өзінің Пьемонтқа қосылуы жайлы хабарлады. Ломбардиядан кейін Сардина королінің билігі Парма мен Моденді, сонымен қатар басқа да венециялық провинцияларды мойындады. Қосымша көмекке ие болғаннан кейін австриялық әскер шабуылын бастады. Әскери қозғалыстар өзгермелі сәттілікке әкеле бастады. 28 мамыр айында Мантунға жақын жерде австриялықтар пьемонттік әскерді талқандады. 30 мамыр айында пьемонттік әскердің 20 - мың корпусы австриялықтарға қысым көрсетті. Пескьера қамалы пьемондіктерге берілді. Бірақ, көп ұзамай, итальяндықтар жаңа сәтсіздіктерге ұшырады. 11 маусым айында австриялықтар ешбір қарсылықтарға кезікпей, Виченціні алады, ал 3 - 4 күннен кейін Падуяны алады. 23 - 25 маусым аралығындағы Кустоццедегі шешуші шайқаста пьемонттік әскер талқандалып, кері шегінуге мәжбүр болды.
Италиядағы ұлт - азаттық соғыстың бірінші кезеңі итальяндықтардың жеңілуімен аяқталды. Австрия мен Сардина арасында бейбіт қарым -қатынас орнады. Реакция бұл жеңілісті прогрессивті күштерге қарсы қақтығыста қолданды. 1848 жылдың тамыз айында үлкен неаполитандық әскер Сицилияға қарсы бағытталды. Мессиныдағы шайқас бес күнге созылды.
1848 жылдың күзінде Италияның кейбір жерлерінде жаңа революциялық бой - көтерулер басталды. 15 қараша айнда Римде халықтық көтеріліс басталды. Ішкі істер министрі граф Росси өлтірілді. Осыдан бірнеше күннен кейін, папа неаполитандық Гаэту бекінісіне қашуға мәжбүр болды. 1849 жылдың қаңтар айында римдік Кеңселік жиналыста сайлау өтті. Онда либералдарға бірталай орын және радикалды демократтарға бірталай маңызды орындар берілді.
1849 жылдың 5 ақпан күні ашылған Кеңсе жиналысы папаның зайырлы билігін алып тастауды және 9 ақпан күні Римде республикандық қатарды жариялауды белгіледі. Наурыз айында Римдік республика үкіметтерінің басшылығымен триумвират орнады. Оған Мадзини, Армеллини жэне Саффи кірді.
1849 жылдың 12 наурыз күні Сардиния патшалығының үкіметі халықтың қысымымен Австриямен бейбітшілік орнатып, соғысты қайта бастады. Бірак, Карл - Альберттің үкіметі соғысқа жалпыұлттық көрініс бергісі келмеді. Ол Тоскананың, Венеция мен Римнің республикандықтарынан көмек сұрамады және Ломбардияда австриялықтарға қарсы шабуылды бастауға тырыспады.
20 наурыз күні құрамында 75 мың әскері бар австриялықтар шабуылды бастады. Пьемонттік генералдардың біреуінің өзгермелі қимылдарына байланысты, австриялық әскерге еш қарсылықсыз Тичино өзені арқылы өтуге жол ашылды. 23 наурыз күні Новарда австриялықтар Карл - Альберттің әскерін талқандап, жеңіліс әкелді. Осындай үлкен жеңілістен қорыққан патша, сол сәтте таққа орнына үлын отырғызып, өзі Португалияға қарай қашуға мәжбүр болды. 26 наурыз күні жаңа патша Виктор - Эммануил австриялықтармен келісімге отырды.
Кейбір жерлерде халық бұқарасы қарсыласына әлі де қарсылық көрсетіп жатты. 1 сәуір күні австриялықтар Брешияны жаулап алады. Қаланы алған уақытта жабайы қаталдықтар көрсетілді: әскерлер дарға асылды, бейбіт, қарапайым түрғындар, сонымен қатар эйелдер мен балалар тірі күйлерінде отқа жағылды.
1849 жылдың 6 тамыз күні Сардиния патшалығы Австриямен бейбіт келісімге қол қойды, оған контрибуция төлеуге мәжбүр болды.
Австрияға қарсы ұлт - азаттық соғыс. Итальяндық жұмыстар жөніндегі Еуропа дипломатиялық конгресінің себептері.
¥лы державалардың араласуы тек қана Германияның ісіне ғана байланысты болған жоқ. Ол австро - итальяндык соғыс кезіндегі Италияның бірігуі жолындағы қақтығысқа да өзінің үлкен эсерін тигізді.
Италиядағы революциялық және ұлт - азаттық қозғалыс сардиния королі Карл - Альбертті Австрияға қарсы соғыс ашуына итермеледі. Карл -Альберт Австрияға қарсы соғыс арқылы Ломбардия мен Венецияны қосумен өзінің иеліктерін кеңейтіп, үлкейтуді көздеді. Басқа итальяндық монархияларды бұқаралық халық қысымымен Сардинияға қосты. Австриялықтар сардина әскерін талқандап, Пьемонтке кірумен қорқытты.
Патша Австрияға өнегелі тірек жасаап отырды; ол Сардиниямен дипломатиялық қарым - қатынастарын үзіп, австриялық елшіге итальяндықтарды талқандау туралы кеңес береді. Карл - Альберт Франция мен Англиядан делдалдылық жөнінде сұрады.
Франциямен жақсы қатынаста болса да Пальмерстон Италияда француздық ықпалдың өсуінен сескенді. Нәтижесінде, австриялықтар Миланды иемденді, ал 9 тамыз күні Франция мен Англия арасында Австриядан Венеция мен Ломбардияның қалуын сақтау жөніндегі келісімге кол қойылды.
Француздық үкімет итальяндық жүмыстарды талқылау жөнінде бүкіл еуропалық дипломатиялық конгресті немесе конференцияны шақыруды үсынды. Англия мен Австрияның үкіметі бүл жобаға қарсы болмады, бірақ, патша өз қарсылығын білдірді. Нессельроде батыс державалар шығыс мәселесін қайта көтеруі мүмкін деген қорқынышта болды. Конгресстің жобасы жүзеге асырылмады.
Итальян мемлекеттерінің жеңілу себептері.
Ломбардиядағы австриялық әскердің жеңісі Италияның басқа да жерлеріндегі жағдайларға өз әсерін тигізді. Әсіресе, Тосканаға. 11 сәуір күні Флоренцияда қалаға басып кірген қарулы шаруалардың қолдауымен контрреволюциялық төңкеріс болды. Бірнеше күннен кейін австриялық әскер Тосканаға басып кірді.
Италиядағы ұлт - азаттық соғыстың екінші кезеңінің сәтсіздігі Сицилиядағы жағдайға да өз әсерін тигізді. 1849 жылдың 29 наурыз кұні аралда әскери қимылдар қайта өрши бастады. Неаполитандық әскер құрамы Сицилия әскер құрамынан екі есеге көп болды. Сәуірдің басында Сицилия әскері бірқатар салмақты сәтсіздіктерге тап болды. Парламент пен Үкіметте басшылық еткен орташа - либералдық буржуазия мен дворяндықтың либералды жіктері қақтығысты тоқтатуды шешті. Билік Палермодан кетеді. 1849 жылдың 11 мамыр күні патшалық әскер Палермоны басып алады.
Римдегі революцияны басуда жэне папаның зайырлы билігін қалпына келтіруде төрт католиктік мемлекетердің араласуы шешуші рольді ойнады. Яғни, Франция, Австрия, Испания және Неаполь мемлекеттері.
1849 жылдың сәуір айының аяғында генерал Удиноның басшылығымен француздық эскер корпусы Римнің қақпасына жақындайды; бірақ, интервенттер үлкен шығынмен кейін шегерілді. Бұл сэттілік Римді қорғаушыларды жігерлендірді. Мамыр айының басында гарибальдилік жасақ Римге жақындап қалған неаполитандық әскерге қарсылық көрсетіп, оны кейін қайтуға мәжбүр еткізді. Гарибальдидің жасағы неаполитандықтардың территориясына кірді. Онда оларды халық азаткерлер ретінде қарсы алды.
Бірақ, басқа жерлерде Римдік республикасы үшін әскери қимылдар сэтсіздікпен жүріп жатты. Австриялық әскер Болонья тұрғындары қарсылығының бетін қайтарды. 27 күн бойы қақтығысқан австриялық интервенттерге Анкона бекінісі құлады.
Мамыр айынын ортасына қарай Римге француз дипломаты Фердинанд Лессепс келді. Франция мен Рим республикасы арасында бейбітшілік жөнінде келіссөздер жүре бастады. Бүл келіссөздер Луи Бонапарттың үкіметімен жоспарланған болатын. Оның негізгі мақсаты уақытты созу үшін осылайша қоғамдық ұстанымды алдау болды. Келіссөздердің көмегімен Удино корпусы Франциядан жаңа қосымша көмек алып отырды. Біршама күш жинаған француздық эскер бүкіл фронт бойына шабуылын бастады. Римдік республикандықтар жаудың шабуылына өжет қарсылык көрсетті, бірақ соңында 1849 жылдың 1 маусым күні австриялықтар Римге кірдІ. Римдік республика өз өмірін тоқтатты.
Римдік республика құлағаннан кейін, Италияның тәуелсіздігі мен азаттылығы үшін қақтығыста алынбаған Венеция қалған. Австриялық әскердің осы қала үшін күресі 11 айға созылды. Пьемонтпен соғысты аяқтағаннан кейін австриялық әскер Венецияны беруді талап етті. Венецияда халық бұқарасының бой көтеруі басталды. Австриялық әскер қаһарлы шабуылын бастады. Бүған сонымен қатар, аштық пен азық -түліктің тапшылығы қосылды. Венеция ешқандай қосымша көмегінсіз қарсылық көрсетті. 1849 жылдың 22 тамыз күні ғана Венеция жауға берілді.
1848 - 1849 жылдар аралығындағы Италиядағы революцияның соңғы ошағы осылайша басылды. Сонымен, Италия жат елдің езгісінен босатылмады, азат етілмеді, реакциялық - монархиялық тәртіп пен феодалдық ескіліктің қалдығын жоя алмады, біртұтас үлттық мемлекет те құра алмады. Сардина патшалығында ғана ірі буржуазияға саяси құқықпен қамтамасыз ете алатын конституциондық жүйе сақталды.

Ресейдің Венгрияға интервенциясы. Еуропа жандармы сияқты орыс патшалығы. Ресейдің жаңа сыртқы саяси курсының негізі
1849 жылдың көктемінде австриялық әскерді венгерлік әскердің талқандауы Габсбург империясының құлау шегіне, немесе бүкіл Еуропада жаңа революциялық қақтығысқа әкелер еді. Патша Германияда Австриялық империяның құлдырауы прустық гегемонияның күшейіп, нығаюына және жаңа прустық көтеріліске әкеледі деп қорықты. Ресеймен революция мемлекет-бекіністік жікке әкеледі деген қауіп туындады.
Өзінің әскерін Венгрияға қарай бет алмастан бұрын патша веналықтардан орыс әскерінің австриялықтарға бағынбауы жөнінде келісімді талап етті. Австриялық үкімет ұзақ уақыт бұған келісімін бермеді, бірақ, Николай Австриялық империяны сақтап қалуды өтінді. Интервенция кезінде патшалық дипломатия Англия мен Франция үкіметінің позициясын бақылады. Бұл жағдайда патша осы елдердің толық саяси тірегіне көзі жетті.
1849 жылдың көктемінде Германия жаңа революциялық бой көтеруді басынан кешірді. 28 наурыз күні Франкфурттық парламент прустық корольге Біріккен Германиямен бірге басшылықта тұруды ұсынды. Баденде, Пфалыдеде және Дрезденде революциялық қақтығыс басталды. Осы жағдайда прустік монархия Германияның жандармы рөлін атқарды.
Король Фридрих - Вильгельм IV жалпыгермандық конституцияның жобасын кейінге қалдырды, ал прустік әскер контрреволюциялық интервенцияны жүзеге асырды жэне Оңтүстік Германия мен Саксонияда көтерілісті басады.
Наурызда Даниямен қайтадан басталған соғыста прустік әскер Ютландияны жаулап алады. І Николай, Пальмерстон жэне Француздық республиканың үкіметі Германиядағы көтерілісті Пруссияның басуына жақсы қатынаста болды. Патша қайтадан өзінің әскери кемелер эскадрасына Альзен өзені бойымен Данияны қорғау үшін жылжуды бұйырды. Пальмерстон және француздық үкімет те Пруссияға қарсылықтарын
білдірді. Фридрих - Вильгельм IV шегінуге мәжбүр болды. Осылайша, ол Даниямен келісімге отырады және Шлезвиг пен Ютландиядан өзінің әскерін әкетуге келісімін береді.

1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Англияның, Францияның, Ресейдің дипломатиясы. Қырым жүйесінің қалыптасуы

Париж конгресінен кейін, Ресейдің шетел министрлігінің жұмыстары Нессельроденің қолынан князь Александр Михайлович Горчаковтың колына көшеді. Ол өте ақылды, көпті көрген және кең ой - өрісті адам болған. Ол терең білімді болмағанымен, қазіргі заманға жақын Еуропа дипломатиясының тарихын жақсы білді. Мінезі жағынан тәуелсіз адам болды, сол мінезі үшін де оны канцлер Нессельроде онша ұнатпады. Нессельроде мен ІІ Николай қарағанда, Горчаков ІІ Александр тәуелсіз қарым - қатынаста болды. Ол өзінің тағайындалуынан кейін, ІІ Александр берілетін баяндамасына өз саясатының негізі мен өзектілігін көрсетті. Сонымен қатар, бүкіл Еуропаға Ресейдің дипломатиялық рөлі жөнінде циркулярлы хатында да баяндады. Ресей еуропалық жұмыстарға белсенді түрде араласуынан ұстанады; Ресей болашақта достық, қарым - қатынас үшін мемлекетті өзі таңдауына құқылы.


Бір жағынан Ресей француз императорына әрекетіне бостандық берді, екінші жағынан - Горчаков Қасиетті Одақтағы Ресейдің одақтастарынан көңілі қалғанын білдіріп, Австрияға ниетін білдірді.
Француз императорының пиғылы үшін жағдай өте қолайлы болды. Париж бейбіт келісімінен кейін Ресеймен қатынас ай өткен сайын жақсара түсті. 1856 жылы Мәскеуде Александр II таққа отырғызу мерей тойына ІІІ Наполеон өзінің сенімді адамдарының бірі Қырым соғысы кезінде тез арада достасу қажет деген ұсынысты айтқан граф де Морниді жібереді. Бүкіл Успен соборы мен Кремльдегі мерй тойға қатысушыларды Морнидің күймесін собордан алыс қашықтықта тоқтатып койғаны таң қалдырды. Басқа елшілер олай жасамады. Граф де Морни орыс - француздық одақтың өте тиімді екенін айтты. Орыс аристократиясы граф Морниді өте жақсы қабылдады. Трубецкая ханымына үйленгеннен кейін, француз елшісі Мәскеуде де, Петербургте де өз адамы болып саналды. Патша оны қастерлеп, қандай да болмасын уақытта және қандай да болмасын жағдайда қабылдауға дайын болды. Морни Ресейде француз капиталына біраз экономикалық жеңілдіктерге ие болды.
Ресеймен жақындасу ІІІ Наполеон үшін өте қажет болды. Оның себебі, Қырым соғысында Францияға қарағанда көп нәрсеге ие болған Англияны әлсірету болды. Бірақ, сонымен қатар, ІІІ Наполеон Англиямен де қарым -қатынасын үзгісі келмеді. Орыс - француз одағын құру үшін, Қырым соғысынан кейін де жалғасын тапқан Англиямен қатынасын Францияға үзу керек болды. Өйткені, Пальмерстонның Ресейге қарсы өштесуі Кавказда да, Персияда да, Түркияда да басқа жерлерде де жалғаса берді. Екінші жағынан, ІІІ Наполеон Париж трактатын қайта қарауға келісімін бермеді. Егер, Франция Австрияға қарсы шабуыл жасаса, онда Ресей австриялықтарға көмек беріп қана қоймай, сонымен қатар Францияға қарсы достық бейтараптық позицияны ұстануын III Наполеон ойластырды.
1857 - 1862 жылдар аралығында Қиыр Шығыста, Сербияда, Черногорияда және дунайлық княздығындағы патшалық үкімет және III Наполеон бірігіп, ондағы Англияның, Австрияның, Түркияның ықпалын әлсіретуді ойлады.
1858 жылдың 20 шілде айында III Наполеон Сардиния патшалығы Кавурды Помбьер курортына шақырады. Осында император мен Кавур өздерінің дипломатиялық рөлдерін шешіп, келісімдерінің негізін анықтады. III Наполеон Сардина патшалығынан Савойа мен Ницца облыстарын беруді талап етті. Ол үшін III Наполеон Сардинаның патшасы Виктор – Эммануил II одақтасып, Австрияға қарсы соғыс жариялауға келісімін берді. Сонымен қатар, ол австриялықтарды Ломбардия мен Венециядан ығыстырмағанша, шегінбейтіні жайлы айтты. Австрияға қарап түрған осы екі аудан Сардиния патшасының иелігіне кіруі қажет болды. Пломьберлік келіссөздің құпия түрде келісілгендігіне қарамастан, 1858 жылы күзде Австрия қауіпті сезініп, соғысқа дайындала бастады. Франция мен Сардиния патшалығында да үлкен дайындық жүріп жатты. 1859 жылдың 1 қаңтар айында Парижде Тюильрийстік сарайында дипломатиялық корпустың жаңа жыл кеші өтіп жатты. Осы кезде III Наполеон австриялық граф Гюбперннің алдына келіп, келесі сөздерді айтты: «Сіздің үкіметіңіз бен достық қарым - қатынасымыздың әлсіреп бара жатқанына мен өкінемін» деді.
1856 жылғы Париж бейбіт келісімінен кейінгі Франция мен Англияның қарым - қатынасы.
Францияға ең қиын жағдай болып Англиямен қатынас болды. Пальмерстонді Морнидің Мәскеу мен Петербургтегі сәттілігі және 1857 -1858 жылдар аралығындағы Молдова мен Валахиядан жаңа мемлекет Румынияны құру туралы екі елдің, яғни, Франция мен Ресейдің бірігіп жасалынып жатқан қимылдары сескендірді. Пальмерстонды бұл жағдайдың барлығы ашуландырды. Сондықтан, басында ол қорқыту әдісіне жүгінді. Бірақ, бұл әдіс еш нәтижеге әкелмеді. III Наполеон королева Викторияның күйеуі принц Альбертті кездестірген жағдайда оның император екенін жэне Пальмерстонның ешқандай меморандумдар мен ноталарды көрсетпеуі жайлы өзінің дипломаттарына айтқаны туралы хабар берді. Себебі, Пальмерстон оларды дұрыс толтыра алмайды.
1858 жылдың 14 қаңтар айында итальяндық революционер Феличе Орсини мен оның серіктестері жағынан III Наполеон қастандық жасалды. Олар Наполеонды өлтіруді ойластырды. Себебі, ол Италияның бірігуіне кедергі келтіреді деген. Сонымен қатар, Италияда III Наполеон Кавурды алдап, Қырым кампаниясындағы 15 мың итальян әскеріне көмек көрсетуге тырыспады деген ой таратылған.
Тергеу уақытында Орсини және оның серіктестері Англияда қару -жараққа ие болуы жайлы мәлім болды. Француздық наполеондық баспасөзде Англияға қарсы ашулы кампания көтерілді. Нәтижесінде, франциялық империяның «Монитер» атты ресми органында Англияға қарсы француздық императорлық гвардия полковниктерінің қорқыту резолюциясы басылып шықты. Англияда ақсүйектер мен буржуазия алаңдауда болды. Пальмерстон Англиядағы революциялық эмигранттардан сескеніп, парламентке оларға қарсы заң жобасын енгізді. 1858 жылдың 19 ақпан айында Пальмерстонның заң жобасы күйреуін тауып, Пальмерстон отставкаға береді. Оның орнына консерватор лорд болып Дерби сайланды. Ал, шетел істер министрлігінің лорды болыпп Малибери сайланды. Осыдан кейін Еуропаның соғыстың шарасыз екеніне көзі жетеді. Бірақ, бір ғана басты мәселе туындады. Ол Австрияның Сардиния патшалығына өзі соғыс жариялауы қажет болды. Себебі, германдық одақтың конституциясында қорғаныстық соғыс жағдайында Австрия Герман одағынан әскери көмек сұрай алды. Сондықтан, бұл соғысты дипломатиялық көзқарас жағынан австриялықтар бастаулары керек болды.

XIX ғасырдың I жартысындағы қазақ - орыс қарым - қатынастары
1848 - 1849 жылдар аралығындағы революциялық оқиға Таяу Шығыстағы халықаралық жағдайға үлкен әсерін тигізді. 1848 жылы Молдавияда қозғалыс бой көтерген уақытта, сұлтанмен келісім арқылы бұл княздықты патшалық әскер иемденген. Көп ұзамай, түрік әскері Валахиядағы революциялық қозғалысты басты. Тамызда Бухарестте түріктермен біріккен патшалық әскер Валахияға енеді. 1848 жылдың қыркүйек айында патша сұлтанмен одақтасуды ұсынады. Австриялық министрлік патшалық әскердің княздыққа енуіне қарсылық көрсетуге бел байламады. Патшалық әскердің дунайлық княздыққа енуі батыс державаларының наразылығын тудырды.
Ағылшын отарлауының экспансионистік талпынысы тек Ауғанстанға ғана бағытталмады, сонымен қатар, ортаазиялық хандықтарға да бағытталды. 1825 жылы Бұхарға ағылшын тыңшылары Муркрофт пен Требек, 1833 жылы Бернс келген болатын. 1824 жылы бірнеше ағылшын тыңшылары саудагер кейпімен Бұхарға кіріп, қүпия түрде қаланың жоспарын түсірген.
1840 жылы ағылшын тыңшылары Аббот пен Шекспир Хиуада болады. Олар ханды орыстарды Хиуаға кіргізбеу жөнінде және орыс әскери экспедициясының дайындалып жатқаны жөнінде азғырады. Хан Абботқа сенбей, оларды өз жерінен қуып жібереді. Аббот пен Шекспирге Англияға Ресей арқылы кетуге мәжбүр болады.
Орталық Азияда ағылшын экспансиясы орыс экспансиясымен кездесіп түрды. Ағылшын эскерінің Ауғанстандағы жеңілісінен кейін Ресейдің Орталық Азиядағы ықпалы ағылшындардың ықпалына қарағанда жоғары болды. XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақтар өз еріктерімен орыстардың қол астына кірді. Қазақ жерінің басқа жерлерін Хиуа, Қоқан хандығы және Бұхар жаулап алған болатын.
1835 жылы прапорщик Виткевич Ресей жағына Бұхарды жақындастыру мақсатымен Бұхарға келеді. 1839 жылы Петербургке бұхарлық елші келеді онымен бірге Бұхарға екі орыс офицерлері келеді.
1841 жылы Бұхарға инженер майор Бутенов жіберіледі, бірақ, ол эмірдің бұйрығымен ол жерден қуылады.
1842 жылы подполковник Данилевский хиуалық ханға сыйлық әкеліп, 1843 жылдың 8 қаңтар күні келісімге қол қойылады. Ол келісім бойынша, хан Ресеймен қақтығыстық жағдайларды жасамауға және тұтқынға алынған орыс адамдарын азат етуге, сонымен қатар, Хиуаға әкелінетін тауарларға баж салығын 5 пайыз төмендетуге мәжбүр болды. Кейінірек, XIX ғасырдың 50 - 60 жылдары Ресей бұл хандықтарды жаулауға кіріседі.


Ақпарат көзі: www.temakosan.net

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет