– санасын, әдет – ңұрпын білуге тәрбиелеу – нарықтық кезеңде маңызы
жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.
Осы тәрбиенің ең
маңыздысы – балаға патриоттық тәрбие беру. Халқымыздың тарихына терең
үңіле білсек, жасынан жарқыраған күміс көмей әнші, жау жүрек батыр, нар
тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім. Ендеше көкірек
көзімен тарихты тамырынан тамшылата жас ұрпақ зердесіне зерлей, шырайлы
сөзбен кестелей таныту ата – ана мен ұстаз – тәрбиеші шеберлігіне
байланысты. «Барлық халық пен ұлт барлық
ұлы және тамаша нәрселерді
жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең
сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп,
оларды сүйе білуге тиіс» деген еді ұлтымыздың мақтанышы,
ұлы патриот
атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй,
сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: