Тақырыбы: «Адамгершілік-асыл қасиет»
(пікірталас 9 «а» сыныбы)
Мақсаты:
1. Білімдік-танымдық: Оқушылардың білімдік дағдысын қалыптастыра отырып, адамгершілік бағытын жетілдіру арқылы сөйлеу тілін дамыту, адамгершілік қасиеттерін шыңдау. Әр ортада өздерінің жан-жақтылығын жетілдіру, таныту, толеранттылыққа баулу. Оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т.б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін-бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
2. Тәрбиелік: Жасөспірімдердің ой-санасын оята отырып, өзін-өзі тануға және бағалауға, адамгершілікке, бауырмалдыққа тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, рухани дүниесін жетілдіру.
Түрі: ашық тәрбие сағаты
Әдісі: топтық жұмыс жасату, (миға шабул жасау,сыни тұрғыда ойлауға үйрету әдісі)
Көрнекілік: Мультимедиялық тақта, бейнетаспа, нақыл сөздер, мақал- мәтелдер т.б.с
Барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
Су толқытса, шығады.
Таза мінсіз асыл сөз
Ой толқытса, шығады,- деген екен бабаларымыз. Адамгершілікті сендер қалай түсінесіңдер, әдеп-нормаларын білесіңдер ме, өзара пікірлесіп, ой- бөлісеміз.
Пікірталасымызды бастамас бұрын пікірталас мәдениетімен танысып алайық!
Әркімнің пікірі бағалы, құнды
Қарсыластың пікірін соңына дейін тыңдау, сөзін бөлмеу.
Адамгершілік - парасатты сөз. Сөз ғана емес, адамның ең асыл қасиеттерін анықтайтын бірден – бір аяулы ұғым. Ұғым ғана емес, тіршіліктің мәнін, дүниенің сәнін ұстап тұрған ең ұлы ұстаным. Шынында айтқанда, жеке дара ұстаным емес, заңның да, заманның да, адамның да құдіреттілігін танытатын ең ұлы күш.
Адамның адамгершілік, саналылық дәрежесі – оның тәртібі мен іс-әрекетін анықтайтыны әлдеқашан дәлелденген.
Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса, әрине, сымбатты, парасатты көрінеді.
Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.
Шығыстың ұлы ғалымы әл-Фараби: «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен.
Сергіту сәті. «Мақалды тап»
Қорытынды.
Шәкәрімнің «Адамдық борышың» және
Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңі оқылады.
Адам тумысынан жамандыққа үйір емес. Жақсылық адам бойына сол бала кезде егіледі. Ол жылдар өте келе өніп шығады. Жақсылық өнімнің шыққаны немесе оны жамандықтың арам шөптері басып кеткені сонда ғана белгілі болады. Ізеттілік пен сыпайылық сияқты адамгершілік түрлері отбасынан басталады.
Адамгершілік қасиет ең бірінші әр оқушының отбасын сыйлаудан басталады. Әке-шешеге ешқашан дауыс көтеруге, сөз қайтаруға болмайды. Ата-анасын сыйламаған адам басқа біреуді сыйлап жетістірмейді. Ата-ананы ренжітпеу – әр баланың өмір бойғы міндеті.
Адам қандай жоғары лауазымда қызметте жүрсе де ізеттілікті жоғалтпауы тиіс. Үлкен адамдарға қоғамдық көліктерде орын беру, сұрақтарына дұрыс жауап беру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |