1 Ұлттық білім беру моделі менің көзқарасыммен


Данышпан да, дана да оқып сенен



бет23/33
Дата02.06.2024
өлшемі378.74 Kb.
#502208
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
91 эссе квал тестке

Данышпан да, дана да оқып сенен,
Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.
Ұстаз” деген аяулы, асыл жанды,
Жақсы көрем, арнаймын жақсы өлең!

Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, икемділікті, шеберлікті, ерекше шәкіртжандылықты, мейірімділікті қажет ететін мамандық — ұстаздық мамандығы. Олай дейтінім, мұғалім еңбегі біріншіден, адамзат қоғамы тарихында жинақталған ғылым негіздерінен білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманы мен оның сырлы тағдырына басшылық етуді мойнына алған маман. Менің пікірім бойынша бүгінгі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, экономика кеңістігіне шығуға, яғни қатаң бәсеке жағдайында өмір сүруге тәрбиелей отырып, оқушының бойына жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын дарыту қажет. Ол үшін білімді, еңбекқор, бала жанын түсіне алатын болса ғана ұстаздық кәсіптің шыңына жете алады деп ойлаймын. Ол нағыз ұстаздың ғана қолынан келеді. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау – әр мұғалімнің борышы. Мен өз кәсібімді, өз пәнімді, барлық шәкірттерімді, мектебімді шексіз сүйемін. Ұстаздық қызметіме деген қызығушылық пен сүйіспеншілік мені небір қиын әрекеттерге жетелеп, іске батыл кірісуге септігін тигізеді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мәңгі ұстаз болып қалатыныма сенемін. Әр ұстаздың қарапайым да сыпайы киім киісі, мәдениетті сөзі, әдепті жүріс- тұрысы, жинақы іс- әрекеті, білімі шәкіртке де, ата-анаға да, жұртшылыққа да өнеге бола білуі тиіс деп ойлаймын.


Менің педагог ретіндегі басты ұстанымым-Өз ұлтыма рухани діңгегі мықты, әлемдік кеңестікке еркін самғай алатын, білім мен тәрбие деп аталатын қос қанатын қомдаған заманына сай ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесімді қосу. Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім — тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой-өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.
Еліміз егемендік алып, өз алдына тәуелсіз мемлекеті болды. Тәуелсіз елеіміздің болашағы кімдер? Олар – бүгінгі менің алдымда отырған шәкірттерім. Тәуелсіз елеміздің берік тірегі – білімді ұрпақ. Ендеше жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселе- оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, саналы, рухани бай, салауатты жан-жақты дамыған жеке тұлға даярлау менің басты парызым. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев қазіргі мұғалімнің қоғамдағы орнын бағалай отырып: «Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана емес, жалпы азаматтық қадір-қасиеттердің мән-маңызын түсінетін, жаны да, тәні де таза білімді патриот азаматтар буынын тәрбиелеуге міндеттіміз» деген еді. Ұстаздық қызметті ерекше ұлықтаған халқымыз өзінің ең қымбаттысын – балаларын оқытып, тәрбиелеуді бізге — мұғалімдерге тапсырған. Сондықтан кездесетін қиындықтарға қарамастан білім сапасын арттыру, баланы тәрбиелеу – мұғалімдер қауымының міндеті. «Адамның адамшылығы… жақсы ұстаздан» деп Абай атам айтқандай, мен қандай болсам, алдымдағы шәкірттерім сондай боп шығарын түсінемін. Шынында да, бала болашағы – менің қолымда. Қызығы да, қиындығы да мол ұстаздық жолдан мүдірмей өтсем, менің де биік шыңға шыққаным.
Абай атамның «Ақырын жүріп, анық бас, Еңбегің кетпес далаға. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретудан балаға» деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым.
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы “Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді, басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала көбірек білім алып шығады.
Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы – мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – МҰҒАЛІМ.
Адамның адам болып қалыптасуына ата-аналармен қатар, мұғалімнің де рөлі зор.
Ұрпақ болашағы, халқымыздың келешегі қазіргі ұстаздардың қолында.
Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы –
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!
Осы ұстаздар жайында халқымыздың ұлы батыры Бауыржан Момышұлы“Ұстаздық – ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді… Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақтытәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген.
«Ұстаздық қылған жалықпас, үйретуден балаға»-дегендей ұстаз болғанымызды мақтан етемін.

68ӘЛЕМДІ ӨЗГЕРТУ ҮШІН,СІЗ ӨЗІҢІЗДІ ӨЗГЕРТУІҢІЗ ҚАЖЕТ.СІЗ БҰНЫ ҚАЛАЙ КӨРЕСІЗ?


Өзіңді-өзің тәрбиелеу оңай дүние емес екені бәрімізге мәлім. Алайда, адам баласы кез-келген затты және іс-әрекетті өзіңнен бастау керек екені анық. Дегенмен де біздің қазіргі қоғамда адамдар өзін-өзі тәрбиелеуге аса назар аудара бермейді. Мысалы мен мына бір мақалды эфиграф ретінде ала отырып, осы мақалға сүйену арқылы шығарманы жазуды жөн көрдім. «Тәрбиесіз алған білім- адамзаттың қас жауы» деген атам қазақ ендеше кез- келген адам өзін-өзі басқаруы, бақылауы қажет. Себебі адам өз іс-әрекетіне үнемі есеп бере бермейді. Сондықтан да өмірде көптеген қателіктерге тап болып жатамыз. Бұл дегеніміз адамдардың өз –өзіне аса мән бермеу, яғни әр адамның жүріс –тұрысы, көзқарасы, пікірі болады. Адам болған соң қоғам болады. Қоғамда әртүрлі адамдар да болады. Сол себепті барлық зат біз ойлағандай бола бермейді. Өмірде жақсы–жаман бірге жүреді соны ескере отырып, өзіміздің жүрген ортамызды табу яғни адам баласына сен жүретін ортаныңда әсері қоғамның да әсері зор. Сондықтан да адам бірінші өзінен бастау керек. Мен кіммін? Қалай киінем? Қалай жүрем, кіммен жүрем? Қалай сөйлеуім керек? Осы өмірде менің қалағаным не? деген сияхты көптеген сұрақтар үнемі мазалап тұру керек.
Дәл өзің қалағандай өзгергің келсе төмендегі алты кезеңді есте сақта!.
Бірінші кезең – адам өз –өзіне деген сенім қалыптастыру керек.
Екінші кезең-табандылығы мен төзімділік қажыр қайтаты мықты болу.
Үшінші кезең-адалдықпен, адамкершілік рухани жан дүние тазалығын қалыптастыру.
Төртінші кезең-өз іс-әрекетіңді мұқият қадағалау.
Бесінші кезең-ашу,ызаны жеңе білу.
Алтыншы кезең-кез-келген нәрсе шешім қабылданған соң басталады.
Бұл кезеңде сондай-ақ адам өзіне белгілі бір үлгі табу, яғни, өз-өзіңді тәрбиелеудің нәтижесі қандай болу керек екендігін нақты белгілеп алу. Өзіндік танымы мен қоршаған ортаның әсерінен адам өзіне үлгі құрады екен. Кейде адам өзінің болашақта болғысы келетін абстрактылы бейне ойлап табады. Идеал – белгілі бір адам бейнесінде немесе нақты бір шарттар (сыртқы келбет, сөйлеу мәнері, адамдық қасиеттер) арқылы белгіленеді. Өзін-өзі тануы, өзін-өзі тану үдерісінде белгілі бір қасиетті анықтау және дамыту әрекеті жүзеге асады. Оларды дәл анықтау адамның өзіне байланысты болады. Сонымен қатар осы кезеңде адами құндылықтарды нақтылау үдерісі жүреді. Әлем біздің ішкі және сыртқы жан дүниемізбен үлесу керек.Сонда ғана нәтижелі іс-әркет қалыптасады.Егер сіз өзіңізді басқара білсеңіз сіздің оқу мен
болашағыңыз анықтала бастайды. Бұлай деп айтып отырғаным мен осы өзін -өзі тану пәнін мектепте оқу барысында көптеген өміріме қажетті құндылықтарды түсіне бастадым. Нақты дәлелдеп айтатын болсам менің көзқарасым жүріс-тұрысым басқаша еді.
Мен өзін –өз тану пәніне деген қызығушлығым оянып өмірге деген көзқарасым,пікірім мүлдем түп нұсқасымен өзгерді десем артық айтпаған болар едім. Менің өзін – өзі тану пәнінен алаған білімім мен тәрбиемді кез-келген жерде тиімді пайдалана аламын деп толық айта аламын.Себебі әлем өзгеру үшін мына бізден басталады.Әлемнің бастауы біз. «Әлем өзгереді менде өзгеремін». Біздің әлемде болып жатқан құбылыс немесе т.б заттың бәрі өзгеріс деп түсінем. ХХІ ғасыр әлемінде техникада тіпті күнделікті тірлікте пайдаланатын заттың бәрі де өзгерді. Қараңғы сезім мен тұңғиық ойдан аулақ болу. Жаңа өмірге деген жаңа білімге деген көзқараспен ой-сана, сезім де түп нұсқасымен өзгеру керек. Өзгеру үшін өзімізден бастау алу. Экономика, бизнес тіпті таға басқа да барлық ішікі және сыртқы рынокта өгеру қажет біз өзіміз нені қалаймыз және неге қол жеткіземіз қалай білім аламыз? Қандай ұрпақ боламыз, деген сұрақ болу қажет. Бізден болашақ көп нәтиже күтеді сондықтан да қазіргі өскелең ұрпақ қандай болу керек? Жан-жақты мобилді адам болып қалыптасуды қажет етеді.Өз бетімізбен білім алу, өздігімізбен шешім қабылдай білу нәтижелі іс-әрекет жасуға ұмтылу ол барлық осы қоғамда өмір сүріп жатқан адамдардың бүгінгі заман талабы десем де қателеспеген болар едім. Әлем бізді емес біз әлемді өзгертуміз қажет деп түсінем.«Ұлт болашағы білімді ұрпақта» деп елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай білімді болып ғана қоймай тәрбиелі тәлімді азамат болу шарт. «Сауатты ұрпақ салауттылық нысаны» деген ұстанымды үнемі бойыма сіңіріп келемін. Еңбек ету, талпыну қоғамға, ортаға пайдалы жұмыс жүргізу.Адал еңбек ету барыңды бағалай білу. Жоққа қанағат, барға нысап жасау. Беркелі елдің бейбіт өмір сүруіне үлес қосу. Адам өзінің де, өзгеніңде қателігін көрсең бетіне басу емес сол қателікті жібермеуге тырысу. Өмірде барлық адам өз қалауынша өмір сүруге болады. Бірақ қалаған заттқа жету үшін тағыда адал еңбекпен төзім сенім болу керек. Өзімізді-өзіміз басқару ол басты мәселе.
Өз -өзіңді бақылау, бағалау, қадағалау қарам-қатынастан басталады. Адам мен сөйлесең оның ойы мен пікіріне аса назар аударған жөн. Себебі бүгінгі қоғамда барлық адам өзінше ойлай жасай алады. «Келісіп пішкен тон келте болмас» деген мақал-мәтел есіңе түсері анық. Қолыңнан келгенінше өзгеге көмек қолын ұсыну ол адамгершілік белгісі болып табылады. Адам алдымен өзінің ішкі және сыртқы көзқарасын өзгерту қоғамға басқаша көзбен қарау жан-жақты түсінуге тырысу. Алдыңа нақты мақсат қойсаң соған жетуге ұмтылу әрекет ету басты мақсатың жетуге өз-өзіңе жол ашу.
«Әлемді өзгерткің келсе, алдымен өзіңнен баста» (М.Ганди), сөзіне сүйене отырып шығармамды қортындылауды жөн көрдім. Сенің көзқарасың ол сенің өмірің. Қоғамға, адамға деген ізгі ниет жылы қабақ мейірімділікті басшылыққа алсаң өзіңді де, өзгенің де өзгеруіне көмектесе аласың деген ойдамын.Адам алдымен өзгенің өзгеруін көру үшін өзіңе баса назар аударған жөн.
71 НЕЛІКТЕР ЕРІКТІ БӨЛУ МАҢЫЗДЫ ЖӘНЕ ОДАН ӨЗІҢІЗ ҮШІН НЕ АЛУҒА БОЛАДЫ?
Ерікті (волонтер) – латынның «voluntarius» сөзінен шыққан, адамның өз еркімен, өзінің есебі арқылы қоғамдық жұмыстарға белсенді араласушы деген сөз. Тағы бір мағынасы өзінің қалауымен әскерге барушы адам. Ал қоғамда олардың орны ерекше. Өйткені еріктілер жасаған жақсылықтары үшін өтемақы немесе материалдық қажеттілік талап етпейді. Олар көмектесуді парыз деп санайды. «Еріктілер деген кім, олар немен айналысады, олар не үшін мұндай жақсылықтарға барады?» деген сұрақтарға бүгін жауап іздейм. Еріктілердің өздеріне дәл осы сұрақтарды қойсаңыз, бірден жауап бере алмауы мүмкін. Себебі олар өздерінің қалауымен, жан қалауларымен жасап отырғаннан кейін бірден «ерікті деген мынау» деп жауап қайтара алмайды. Бір сөзбен айтқан кезде «еріктілер» адамгершіліктің ақ туын көтерген қоғамдағы белсенді топ. Еріктілер жалғыз өзі және топ болып жұмыс істейді. Ол өз еріктерінде. Олардың негізгі айналысатын жұмыстары жетімдерге, мүгедектерге немесе қарттар үйіне барып оларға қолдарынан келгенше көмек көрсету. Ал олардың белгілі бір мереке кезінде қоғамға мемлекет мүддесі үшін өз еріктерімен көмекке келуі де «ерікті» әрекеті саналады.
Қазақ тілінің сөздігіне бір үңілсеңіз, «ерікті» деген сөзге синоним болатын, балама ретінде «асар» сөзін алуға болады. Асар – ауыл-аймақ, көрші-қолаң болып белгілі бір мұқтаж жанға қолдарынан келгенше тегін көмек көрсету. «Асар» сөзі тіпті белгілі бір дәстүрге де айналып кетті. Сондықтан «ерікті» сөзін кейін пайда болған немесе жаңа заманның термині деп қабылдаудың қажеті жоқ. Өйткені қазақ халқында бұл сөздің түбірі баяғыдан бар.
Қазақстанда 2020 жыл волонтерлар жылы деп жарияланғаны белгілі. Күні кеше ҚР Президенті Қ. Тоқаевтың қатысуымен «Birgemiz» атты республикалық фронт-офистің ресми ашылуы өтті.
Еріктілік - бұл мемлекет пен жалпы қоғам дамуының көрсеткіші. Елдің жетістіктері мен жеңістері күнделікті пайдалы және маңызды істерді орындайтын патриот азаматтардың белсенді әрекеттеріне тікелей байланысты. Бізде ондай азаматтар өте көп. 16 мың адам - ​​бұл бастапқы сан ғана. Мен кем дегенде 100 мың, мүмкін миллиондаған адамдар, негізінен, өзінің жан дүниесімен, шын беріліп, өз еркімен, волонтерлықпен айналысуға дайын екендігіне сенімдімін. Мемлекеттің, атқарушы органдардың, сондай-ақ Парламент депутаттарының міндеті - еріктілер қозғалысына қатысуға көмектесу. Біз мұны жасаймыз, - деді ҚР Президенті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет