I. А критерийі. Айтылым
Әр топқа өтілген материал бойынша топтық тапсырма беріледі. Оқушылар берілген тақырыпқа сурет салады және өздері салған сурет бойынша тақырыпты презентациялайды.
1- топ : Көрікті жерлер
2- топ : Жыл мезгілдері
3- топ : Саяхат
II. В критерий. Тыңдалым
Аудиомәтін тыңдалады.
Қазақстанның көрікті жерлері
Қазақстанда табиғаты ғажап әдемі жерлер көп.
Ақсу-Жабағылы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық. Ол Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан. Қорықта өсімдіктердің 1279 түрі кездеседі, оның 57 түрі Қызыл Кітапқа енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі мекен етеді.
Көкшетау – Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта Зеренді, Шалқар, Саумалыкөл, Имантау көлдері бар. Орманды алқап аймақтың 60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері қорғалып, Көкшетау Ұлттық саябағының құрамына кіреді.
Қорғалжын – Орталық Қазақстанда орналасқан. Кездесетін өсімдік пен жануар әлемінің барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа енген. Су құстарының 300 түрі кездеседі.
Алматы қаласынан 300 шақырым қашықтықта Көлсай мекені орналасқан. Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3.Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты тартымды. Қайыңды көлінің жағалауында киіз үйлер тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген адамдар тау суына шомылып кетеді.
Мәтін мазмұны бойынша клоуз тест орындау
-
Ақсу-Жабағылы Қазақстан мен Орта Азиядағы алғашқы қорық. Ол ________________ орналасқан. Қорықта өсімдіктердің _____________ түрі кездеседі, оның 57 түрі _________________ енген. Сүтқоректі жануарлардың 51 түрі________________.
-
Көкшетау – Ақмола облысында орналасқан аймақ. Бұл аймақта ____________________________________ көлдері бар. Орманды алқап _______________60%-ын құрайды. Бұл аймақтың орман-көлдері_______________, Көкшетау Ұлттық саябағының __________ кіреді.
-
Қорғалжын – Орталық Қазақстанда орналасқан. ___________________ өсімдік пен ____________________________ барлық дерлік түрі Қызыл Кітапқа _____________.
Су құстарының 300 түрі кездеседі.
-
Алматы қаласынан 300 шақырым ___________________ Көлсай мекені орналасқан.
-
Бұл аймақта үш көл бар: Көлсай-1, Көлсай-2, Көлсай-3. Көл суы мөлдір, ауасы таза, табиғаты________________ . Қайыңды көлінің ___________________ киіз үйлерден
тігілген ауыл бар. Бұл аймаққа бірнеше күнге келген адамдар ________________ шомылып кетеді.
С критерийі. Оқылым
Оқушылар берілген мәтіннің мазмұнын- мағынасын, құрылымын түсінетін және өзіндік ой-пікір айта алуын бағалайтын тапсырма орындайды.
Көктем еді. Сабақ аяқталды да, мен далаға жүгіріп шықтым. Аулада мені Әсел мен Алма күтіп отыр. Мен оларды көргеніме қатты қуанып, шаттана күліп жібердім.
Біз үшеуіміз қала көшесімен келе жатырмыз. Көктемнің ашық аспаны, жанға жайлы самал желі рахатқа бөлейді. Айнала әсем де көңілді еді. Балалардың сыңғырлаған күлкісін, үлкендердің көңілді дауыстарын есту қандай тамаша!
Кешке үйге қайтып келе жатқанда ерекше бір хош иісті сезіндім. Сөйтсем, киоскіде сатылып жатқан гүлдер екен. Мен мамама гүл сатып алдым. Мамамның қуанышты жүзін елестеткенде , өзімді бақытты санадым. Иә, бақыт деген достарыңды, анаңды қуанышқа бөлеу екен ғой! Мен осыны түсіндім.
«Бала би» журналы
Мәтіннің мағынасына арналған сұрақтар
-
Мәтіннің негізгі идеясы не ?
А) Бақыт сезімі
В) Гүл шоғы
С) Жыл мезгілі
Д) Құрбы қыздар
2. Анасын қалай қуантқысы келді?
А) Достарын таныстыру арқылы
В Қыдырғанын айту арқылы
С) Қуанышын айту арқылы
Д) Сыйлық беру арқылы
Мәтіннің құрылымына арналған сұрқтар
3. Соңғы сөйлемдегі «осыны» сөзі нені білдіреді?
А) Бақытты болуды
В Гүл алуды
Д) Үйге келуді
С) Дос болуды
4. «Өзімді бақытты санадым» сөйлемін мәтінде қай жерге қоюға болады?
А) Жаз мезгілі келгенде
В) Ең жақын адамы көңілденгенде
С) Сабақ тез аяқталғанда
Д)Жолдастарымен жүздескенде
Коммуникацияға арналған сұрақтар.
5. Автордың пікірінше бақытты болу деген не ?
А) дауысты есту
В көшеде қыдыру
С) өзгені қуанту
Д көңілді болу
Д критерийі. Жазылым
Оқушылар 5 жолдық өлең жазады.
Топтарға берілетін өлең тақырыптары:
1- топ : Көрікті жерлер
2- топ : Жыл мезгілдері
3- топ : Саяхат
Өлең құрылысы:
1-жол: тақырып
2- жол: тақырыпқы байланысты 2 сын есім
3- жол: тақырыпқа байланысты 3 етістік
4- жол: тақырыпқа көзқарасты білдіретін 4 сөзден тұратын сөйлем
5- жол: тақырыптың синонимі.
|