Тақырып: Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс. (коучинг-сабақ)
Мақсаты: Үлгерімі төмен оқушылармен жыл бойы жұмыс жүргізе отырып, үлгерімі төмен оқушылардың жеке тұлғалық мүмкіндіктерін ашуға көмектесу, пәнге деген қызығушылығын арттыру, мемлекеттік білім стандартын меңгеру.
Міндеттері:
1. Үлгерімі нашар оқушылармен жеке-бағыттық жұмысын ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау.
2. Оқушылардың жеке жетістіктерін анықтау жүйесін жасау.
3. Мұғалімдер білімі мен кәсіби сапасын арттыру. /пән мұғалімдері/
4. Оқушының жеке даму диагностикасы. /мектеп психологі/
5. Инновациялық білімдік технологияның берілуі мен жүйесі, жиналуы, ізденісі.
6. Мониторинг арқылы үлгерімі нашар оқушылардың дамуы мен оқуын қадағалау.
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдердің үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс істеуге деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасу арқылы білмеген тұстарын үйренеді.
Әдісі: іскерлік ойын, миға шабуыл, топтық шешім қабылдау, тренинг, жеке кеңес беру.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, видеороликтер, үлестірмелі парақтар, стикерлер.
Мұғалімдерді топқа бөлу. Түрлі түсті стикерлерлер берілген. Осыдан өздеріңіздің қалауларыңыз бойынша ұнайтын суреттерді алып, топқа бөлінулеріңіз сұралады.
Топпен жұмыс ережесімен таныстыру:
Топпен жұмыс істеу;
Өзге адамды тыңдай білу;
Тапсырмаға толық жауап беру;
Өзгелердің пікірін құрметтеу;
Берілген тапсырмаларды орындау;
Психологиялық дайындық.
«Жылылық» (бір-бірінің алақандарын алақандарына қойып, жақсы тілек тілейді).
Бір – біріңнің алақандарыңды алақандарыңа қойғанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине, жылылық сезіндіңдер. Жақындық, мейірім, жақсы сөз, жақсы тілек айтқанда көңілімізге қуаныш, шаттық пайда болады. Олай болса, тренингімізді мейірім, жылылық, сәттілікпен өткізейік.
І. Тапсырма
Достарыңызбен бөлісу: |