1 Нарық жағдайында жоспарлаудың экономикалық мәні



бет1/3
Дата22.10.2022
өлшемі58.99 Kb.
#463222
  1   2   3
Тақырып1- КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


1 КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІН ЖОСПАРЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ


1 Нарық жағдайында жоспарлаудың экономикалық мәні
Нарықтық экономикада жоспарлау - бұл әр түрлі экономикалык, ұйымдастырушылық, басқарушылык. әлеуметтік және қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдардың біртұтас жоспарлы жүйесін талап етеді.
Кәсіпорындағы қызметті жоспарлау - өндірісті басқарудың маңызды қызметі. Кәсіпорындағы жоспар - шекті ресурстарды тиімді пайдалану немесе адамдардың материалдық қажеттіліктерін барынша мол қанағаттандыру мақсатымен тиімді баскаруды зерттейтін заманауи экономикалык ғылымдардың маңызды құраушы бөлігі.
Курстың пәні мен міндеттері
Жоспарлау пәні ғылым ретінде қоғамдық дамудың сәйкестігін және шапшаңдығын құрумен байланысты үрдістерде экономикалық заңдарды ерекше оқуға негізделеді.
Жоспарлау пәні тәжірибе ретінде (менеджметтің қызметтері) басқару объектісін үлгілеу, басқару мақсаттарын қоюға және мақсатқа жетудің құралдарын таңдауға, яғни, нақтылы мерзімге (жоспарлау көкжиегі) жүйе жүрісінің бағдарламасын өңдеу.
Жоспарлау барысында мына сұрақтарға жауап береді: Не? Қайда? Қашан?
Кәсіпорынды басқару жүйесінде жоспарлаудың орны мен рөлі



Ұйымдастыру

Мотивация

Бақылау, есеп және талдау

Жоспарлау, жобалау







Үйлестіру және реттеу (басқарушылық шешімдерді қабылдау)




Сурет 1 – Басқару функциялары


Әр функция ұйымның мақсатына жетуге бағытталған. Жоспарлау функциясының аясында мақсат құрылады, осыдан жоспарлауға басқару жүйесінде орталық рөл тиесілі.


Курстың мақсаты оқып үйрету:
- жоспарлаудың негізгі принциптері және әдістері;
- фирмалық ішкі жоспарлардың жүйесі, олардың әрекеттесу механизмі;
- негізгі жоспарлы көрсеткіштер, оларды есептеу тәсілдері;
- бірлскен дамудың жоспарларын құруды үйрену.
Жоспарлаудың артықшылықтары:
1. Мәселені аз шығынданып шешуге талпыну.
2. Атқарушының әрекеттерін бірлестіруге мүмкіндік береді.
3. Жоспарды орындауды бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
4. Шаруашылықтану ортасында анықталған қасиеттерді пайдалануды қамтамасыз етеді.
Жоспарлаудың кемшіліктері:
1. Қорларға шығындануды талап етеді (адамдар, ақша, уақыт).
2. Жоспарда барлық өмір жағдайларының, сыртқы ортаның ерекшеліктерін көп түрлілігін бейнелеу мүмкін емес.
3. Қабылданған шешімнің тұрақтылығы (дискретность, үздіксіздік).
Тәжірибе көрсетеді:
1. Рационалды жоспарлау тәжірибемен өңделеді.
2. Кәсіпкерлік қызметтің үлкен табысы, ереже бойынша, жоспарлаумен байланысты емес, көп жағдайда жетекшінің жеке қасиетіне байланысты. руководителя.
3. Жоспарлау кері әсер бергенге қарағанда, кәсіпорын қызметін жақсартады.
Нарық шартындағы жоспарлау ерекшеліктері:

  1. Маркетингтік келіс – жоспарлау негізі ретінде (бұрын әкімшілік жүйеде - өндірістік келіс).

  2. Жоспарлардың түрлері мен нысандарын таңдауда фирмалардың дербестігін кеңейту.

  3. Жоспарлау үшін кеңірек ақпараттық базаның қажеттілігі (сыртқы орта).

  4. Банкроттықтың тәуекелін төмендету және өндіріс ептілігін арттыру үшін резевтерді алдын-ала ескеру.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет