Пәні:«Оқушылардың физиологиялық дамуының ерекшеліктері»



Дата07.07.2023
өлшемі96.88 Kb.
#475566
Кидирбаева М 1


Атырау Халел Досмұхамедов атындағы университеті
Пәні:«Оқушылардың физиологиялық дамуының ерекшеліктері»
Тақырыбы: Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу нысаны және міндеттері
Орындаған: Кидирбаева Маржан Амангелдіқызы
Инновациялық білім беру факультеті
6В01301-Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы
Оқушылардың физиологиялық дамуы пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері. Зерттеу нысаны және міндеттері
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардың өздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді, өтуі, сыртқы орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда болуы.
Психикалық саулық адамның әлеуметтік белсенділігінің , яғни жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
Оқушылардың физиологиялық дамуы – жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі.
Оқушылардың физиологиялық дамуының зерттеу әдістері.Басқа ғылымдар іспетті оқушылардың даму физиологиясы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи тәжірбие, лабораториялық тәжірбие (эксперимент), функциялық жүктеме, антропометрия, телеметрия және т.б.
Оқушылардың физиологиялық дамуының басқа ғылымдармен байланысы.Оқушылардың физиологиялық дамуы пәні анатомия және физиология, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика және т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарында жинақталған мәліметтерге сүйенеді.
Балалар мен жасөспірімдердің организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері.
3) өсу мен даму баланың жасына байланысты;
4) функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;
5) өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;
6) өсу мен дамудың акселерациясы.
1) өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;
2) мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;
Адамның жасының кезеңдері.
    • Мәскеу қаласында болған дүниежүзілік жас кезеңдерінің шағын жиналысында адамның барлық өмірін 12 кезеңге бөлген:

1.Жаңа туған сәби (алғашқы 10 күн өмірі);
2.Емшектегі сәби (10 күннен 1 жасқа дейін);
    • 3. Алғашқы балалық шақ (1-3 жас);4. Бірінші балалық шақ (4-7 жас);5. Екінші балалық шақ (қыздар 8-11 жас, ұлдар 8-12 жас);6. Жеткіншек немесе жасөспірімдер (қыздар 12-15 ұлдар 13-16 жас);7. Кәмелеттік немесе жігіттік / бойжеткендік (қыздар 16-20, жігіттер 17-21 жас);8. Кемелге келу немесе ересектік мерзімнің 1-ші жартысы (әйелдер 21-35, ерлер 22-35 жас);9. Ересектік мерзімнің 2-ші жартысы (әйелдер мен ерлерде бірдей 74-90 жас);10. Егде жас (әйелдер 5-74, ерлер 60-74 жас);11. Қариялар немесе кәрілік (әйелдер ме ерлерде бірдей 74-90 жас);12. Ұзақ өмір сүрушілер(90 жастан әрі қарай).

Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет