«Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар»



Дата03.03.2016
өлшемі40.94 Kb.
#35997
Тест 7 –сынып

1-тарау «Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар»



1- нұсқа


1. Қайсысы физикалық дене?

  1. Автомобиль

  2. Ауа

  3. Килограмм

  4. Қайнау

2. Қайсысы зат болып табылады?

  1. Ай

  2. Жарық

  3. Мыс

  4. Грамм

3. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап?

  1. Шардың қозғалысы

  2. Қоңыраудың сыңғыры

  3. Таңның атуы

  4. Қардың еруі

4. Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?

  1. Молекулалардың сұлбасына

  2. Молекулалардың өлшеміне

  3. Атомдардың санына

  4. Молекулалардың орналасуына

5. Аспан денесін көрсет:

  1. Тікұшақ

  2. Ағаш

  3. Комета

  4. Ауа

6. Дененің қозғалысына байланысты құбылыстарды қай теория зерттейді?

  1. Электродинамика

  2. Термодинамика

  3. Классикалық механика

  4. Молекула –кинетикалық теория

7. Физикалық шаманы көрсет:

  1. Жылдамдық

  2. Метр

  3. Найзағайдың ойнауы

  4. телескоп

8. Жылдамдықтың өлшем бірлігін көрсет:

  1. км, см, м

  2. км/сағ, м/с, см/с.

  3. м3, см3, мм3

  4. сағат, минут, секунд

9. Аспап шкаласының бөлік құнын қалай табамыз?

  1. Аспап шкаласындағы кез-келген екі мәннің қосындысын сол мәндердің арасындағы бөліктерінің санына көбейтеміз.

  2. Аспап шкаласындағы санның өзін жазамыз

  3. Аспап шкаласындағы кез-келген екі мәннің айырмасын сол мәндердің арасындағы бөліктерінің санына бөлеміз.

  4. Аспап шкаласындағы кез-келген екі мәннің қосындысын сол мәндердің арасындағы бөліктерінің санына бөлеміз.

10. Өлшеудің ең үлкен қателігі неге тең?

  1. Аспап бөліктерінің құнының жартысына тең.

  2. Аспап бөліктерінің құнына тең

  3. Аспап бөліктерінің құнының ¼ бөлігіне тең.

  4. Аспап бөліктерінің құнын екіге көбейткенге тең.

11. Ұсақ бөлшектердің ауа мен сұйықтағы еркін қозғалуы қандай қозғалыс

  1. Механикалық

  2. Броундық

  3. Бірқалыпты

  4. Планеталардың қозғалысы

12. Жарық күннен Жерге қанша уақытта жетеді?

  1. 1 мин

  2. 8 сағат

  3. 8 мин

  4. 8 секунд

13. Жарықтың жылдамдығын көрсет:

  1. 300 000 км/с

  2. 3000 км/с

  3. 30  км/сағ

  4. 3 м/с

14. Әл-Фараби қай жылдары, қай қалада өмір сүрген

  1. Отырар қаласында, 870-950 жыл

  2. Қызылорда, 810-920 жыл

  3. Тараз қаласында, 850-970 жыл

  4. Ташкент қаласында, 830- 950 жыл

15. Күн жүйесіндегі 8 планетаны Күннен қашықтауына қарай ретімен көрсет.

  1. Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон, Меркурий, Шолпан.

  2. Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун,

  3. Жер, Юпитер, Марс, Сатурн, Нептун, Уран, Меркурий, Плутон, Шолпан.

  4. Меркурий, Юпитер, Жер, Шолпан, Марс, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон.

16. Күн бетіндегі температура неше градус?

  1. 65000С

  2. 24000С

  3. 60000С

  4. 7200 0С

17. Жай қайтарғышты ойлап тапқан кім?

  1. М. В. Ломоносов

  2. Г. В. Рихман

  3. В. В. Франклин

  4. С. Аристотель




1-тарау «Физика және астрономия –табиғат туралы ғылымдар»

2- нұсқа



  1. Қайсысы зат болып табылады?

  1. Жарық

  2. Ауа

  3. Трактор

  4. Булану

2. Физикалық шаманы көрсет?

  1. Уақыт

  2. Темір

  3. Тікұшақ

  4. Үстел

    1. Қайсысы физикалық дене?

  1. Қағаз

  2. Дәптер

  3. Жылдамдық

  4. Қайнау

4. Заттың құрлысы, молекулалардың қозғалысын қай теория түсіндіреді.

  1. Электродинамика

  2. Классикалық механика

  3. Молекулалық - кинетикалық теория

  4. Термодинамика

5. Аспан денесін көрсет

  1. Астероид

  2. Су

  3. Ұшақ

  4. Жарық

6. Жүрілген жолдың өлшем бірлігін көрсет:

  1. км, см, м

  2. км/сағ, м/с, см/с.

  3. м3, см3, мм3

  4. сағат, минут, секунд

7. Күн жүйесінде неше планета бар

  1. 8

  2. 9

  3. 12

  4. 6

8. Күнге жақын орналасқан планета:

  1. Плутон

  2. Сатурн

  3. Жер

  4. Меркурий

9. Жер Күнді қанша уақытта бір айналып шығады:

  1. 365 тәулік

  2. 24 сағат

  3. 365 минут

  4. 12 сағат

10. Молекулалық –кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қорытындылаған ғалым:

  1. Аристотель

  2. Демокрит

  3. Ломоносов

  4. Ньютон

11. Ай бетінде бірінші рет барған кім, және қай елдің астронавты?

  1. Гагарин, Ресей

  2. Әубәкіров, Қазақстан

  3. Армстронг, Америка

  4. Мұсабаев, Қазақстан

12. Мына сандарды стандарт түрде жазылуын көрсет: 6000; 0,00003; 9250000



  1. 6∙103, 3∙105, 925∙104

  2. 6∙10-3, 3∙10-5, 925∙104

  3. 6∙103, 3∙10-5, 925∙104

  4. 6∙103, 3∙10-5, 925∙10-4

13. Күн мен түннің ауысуы

  1. Жердің өз осінен айналуына байланысты

  2. Жердің Күнді айналуына байланысты

  3. Айдың Жерді айналуына байланысты

  4. Жер мен Айдың Күнді айналуына байланысты

14. Алып планета қайсысы

  1. Уран

  2. Сатурн

  3. Күн

  4. Юпитер

15. Жердің тұңғыш жасанды серігі қай жылы ұшырылды

  1. 1957 ж

  2. 1961 ж

  3. 1950 ж

  4. 1960 ж

16. Жерден Күнге дейінгі қашықтығы қандай?

  1. 150 000 км

  2. 150 000 000 км

  3. 150 000 м

  4. 150 км




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет