Тақырыбы: «Отбасындағы балалардың құқықтары мен міндеттері. Отбасылық дәстүрлерді, отбасылық құқықтарды сақтау»
Мақсаты: 1. Білімділік «Отбасы» құндылығы туралы түсініктерді отбасы туралы ұғымдарды кеңейту, оны сүйе білуге үйрету.
2. Дамытушылық. Ата - ана және бала қарым - қатынасын өзара байланысын қалыптастыру, отбасының негізі өмірдің ұйытқысы, киелі қасиетке ие болу сыры, отбасы тәлімінің мәні туралы түсініктерді кеңейту;
3. Тәрбиелік Отбасы тәрбиесінің мән - маңызын ашып көрсете отырып, ұлттық салтты, дәстүрді түсініп, құрметтеуге баулу, алдағы өмірге даярлау.
Әдістері: Пікір алмасу, психологиялық жаттығулар, психологиялық минут, анкета, сұрақ – жауап, тыныштық сәті.
Қажетті құрал - жабдықтар: Үлестірмелі қағаздар, А4 формат, отбасылық құндылық ағашы. Слайд.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар және ата - аналар! Бүгінгі тренинг сабаққа келгендеріңізге алғысымды білдіремін. Сіздердің көмектеріңізбен бүгінгі сабағымыз жетістікке жеткізеді деп ойлаймын.
Қазір мына жерде тұрған үш түрлі стикерлер бойынша топқа бөлінейік.
« Жылы сөз» жаттығуы Сын есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді? Олай болса әрқайсымыз өзіңіздің есіміңізге сын есім қосып өз бойыңыздағы үш қасиетті кезекпен айтып шығыңыз.
Психологиялық минут. Бүгінгі сабаққа қандай көңіл күймен келдіңдер? Табиғаттағы ауа - райын сипаттай отырып өз көңіл күйімізді айтамыз. Қалғандарымыздың көңіл күйіміз жақсы болса, бір - бірімізге қарап жымиямыз.
Ой жинақтау
1-тапсырма
Отбасы дегеніміз не?
Отбасының іргетасы ер азамат пен әйел адамның заңды неке қиып, отау тігуінен құралады. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол. Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай, сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды міндеті.
Енді осы тақырыптағы мақал - мәтелдерге кезек берейік.
1 - оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.
2 - оқушы: Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.
3 - оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.
4 - оқушы: Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.
5 - оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.
6 - оқушы: Ата - бәйтерек, бала – жапырақ.
Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:
«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан ұядан –
Өле - өлгенше соны таныр қиядан.
Өнер - білім берем десең басынан,
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған,
Жақсы, жаман болса, бала - солардан».
«Қымбат машина» әңгімесі
«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.
- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.
- Келші көрейік...
Бере тұршы жүре ме екен?
- Қандай әдемі, кел. ойнайық.
Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.
- Мен де ойнайыншы.
- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»
Сұрақтар:
1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?
2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?
3. Аман кінәлі ме?
4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?
Келіңдер, пікір алысайық
1 Отбасы – тәрбие бастауы
2 Қазақ халқының қай салт - дәстүрлері сіздің отбасыңызда сақталған
3 Ұят - адам қасиетін бағалайтын сезім
4 Ұл - ол әке мұрагері ғана емес, ол ұлт болашағы. Отбасындағы ер адамға көзқарас
5 Шешесін көріп - қызын ал, Ыдысын көріп – асын іш.
6 Отбасындағы кітап, газет – журнал оқу. Білімді сатып алуға бола ма?
Қорытынды
Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.
Достарыңызбен бөлісу: |