1. Патологиялық физиология туралы түсінік, оның маңызы. Патофизиология



бет17/44
Дата17.09.2023
өлшемі111.86 Kb.
#477777
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
1. Патологиялы физиология туралы т сінік, оны ма ызы. Патофизи

Эндокриндік жүйенің әсері. Қоздырғыштардың әсерлеріне жеке түлғалардың жауап қайтару қабілеті эндокриндік жүйенің ерекшеліктеріне де байланысты. Оның ішінде гипофиздің, бүйрек үсті бездерінің, қалқанша және ұйқы, жыныс бездерінің маңызы үлкен. Глюкокортикоидтық гормондар қабынуға қарсы әсер етеді, минералокортикоидтар, керісінше, қабынуды күшейтеді. Сонымен бірге гипертиреоз кезінде қабыну өте қатты өтеді, ал гипотиреоз кезінде ол тым сылбыр, баяу болады. Гипертиреоз кезінде жануарлардың жұқпаларға, уларға және анафилаксияға сезімталдығы көтеріледі. Қантты диабет кезінде реактивтілік қатты төмендейді, денедегі жаралар ұзақ уақыт бітпейді, терінің ұсақ іріңді қабынулары байқалады, жиі туберкулез дамиды.
18.Резистентілік туралы түсінік. Резистенттілік туралы ілімнің патологиядағы мәні.
Резистентілік немесе төзімділік – қарсы тұру деген мағынаны білдіреді. Ауру тудыратын факторларға(ықпалдарға) организмнің тұрақтылығы. Төзімділіктің айқындалуының формалары әртүрлі. Мысалы: тері мен шырышты қабат микроорганизмдердің енуіне тосқауыл қызмет атқарады.
Біріншілік төзімділік – тұқымқуалаушылық. Организм өзінің конституциялық ерекшеліктеріне байланысты сыртқы патогенді микроорганизмнің енуіне, өсіп-өнуіне, ауру тудыруына жағдайлы ортасы жоқ.
Екіншілік төзімділік – жүре пайда болған төзімділік. Инфекциялық аурулардан кейнгі, егулерден кейінгі иммунитет.
Пассивті (белсенсіз) төзімділік – организмнің баръерлік жүйесінің (тері, шырышты қабат), бактериоцидтік факторлар (асқазандағы тұз қышқылы, сілекейдегі мезоцим), тек тік иммунитет.
Активті (белсенді) төзімділік – қорғаныс бейімделу және компенсаторлық механизмдердің қосылуымен қамтамасыз теіледі (фагоцитоз, антиденелердің түзілуі, токсиндердің залалсыздандырылуы және шығуы, стресс гормондарының бөлінуі, тыныс алудың және қан айналымның өзгеруі, қалтырау, т.б.
Реактивтілік пен төзімділіктің түзілуі организмнің конституциясына, зат алмасу ерекшелігіне, жүйке, эндокрин, иммунды жүйелерінің жағдайына, жасына, жынысына, сыртқы ортаның жағдайына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет