6. Жансақтандырудың (реанимацияның) патофизиологиялық негіздері. Қанайналымды, тыныс алуды қалыпқа келтіру және метаболизмдік ауытқуларды жою ұстанымдары.
Организмдi тірілту (реанимация) (лат. ге кайта, итал. animatio - жандандыру) адамнын немесе жануарлардың организмiн арнайы шаралар қолданып клиникалык өлім жағдайынан шығару. 1805 ж. орыс ғалымы Е. Мухин өлген организмдi тiрiлу үшiн өкпеге көрiктiң көмегімен ауа үрлеуді ұсынды. 1902 жылы өлген адамнын журегiн жандандыруды алғашқы рет А. А. Кулябко жасады. 1913 ж. Ф. А. Андреев итті тірілту тәсілін ұйқы артериясына журекке карай адреналин косылған Рингер-Локк сұйығын жiберу арқылы жүзеге асыруды ұсынды. 20- шы жылдары С.С. Брюхоненко мен С.И. Чечулин әлемде бiрiншi рет жасанды канайналым құралын жасады. Осы кұралдың көмегімен тұтас организмдi және организмнен аластанған иттiн басын тірілту бойынша нәтижелi тәжiрибелерiн өткізді.
1941-1945 жж. В. А. Неговский қызметкерлерімен организмдi тірілтудің кешендi тәсiлдерiн жетiлдiрдi. Бұл тәсіл бойынша шеткерi артерияга (мәселен, иық артериясына) журекке карай глюкоза, адреналин және сутегiнiң асқын тотығы косылған, 38° С-ға дейін жылытылған қан жiберiледi. Бұл кезде:
• жүрекке қарай белгiлi қысыммен жiберiлген кан коронарлык артерияларга етіп, жүрек етін қоректендіреді;
• артерияға енгiзiлген қан жүрек пен тамыр қабырғаларының рецепторларын қоздырады. Қанды артерияға енгiзгеннен кейін 30-40 секундтан соң жүрек соға бастайды. Осыдан кейiн қанды көктамыр ішіне енгiзу арқылы оң журектің қажетті дистолалық канмен толуын және онын күштірек жиырылуын арттыруға болады. Сонымен бiрге, кеңірдекке енгiзiлген түтік аркылы ауа үрлеп, адамды колмен дем алдыру осы шаралармен қабаттастырылып жүргізіледі.
Қазіргі реанимациялық әдiстердiң нәтижелiлiгi тәжiрибелiк және клиникалық зерттеулермен дәлелденген. Оның негiзгi ұстанымдары:
• жүрек-қантамырларды меңгеретін мидағы орталыққа әсер ету,
• тыныс алу жүйесiнiң орталығына әсер ету,
• организмдегі бұзылған зат алмасу үрдістерiн қалпына келтіру. Жалпы қанайналымы мен газдардың алмасуын калпына келтіру адам- ды тірілтудің алғашқы және аса күрделі емес сатысы. Жүрек пен тыныс ағзаларының қызметi калпына келгеннен кейiн де организмнiң барлық ағзалары мен жүйелерiнде көптеген өзгерiстердiң тiзбегi сакталады. Осыдан жана күрделі мәселе - "Тiрiлтілген организмнiң ауруын" емдеу мәселесі пайда болды.
Достарыңызбен бөлісу: |