1. Патологиялык физиологияның зерттеу объектісі және әдістері. Патофизиология және клиникалық медицинаның дамуы үшін тәжірибе әдісінің маңызы. Тәжірибелік емдеу ауруларды зерттеудің және емдеудің жаңа әдістерін әзірлеуінің маңызды әдісі


Экстремалдық жағдайлар (коллапс, шок, кома), олардың терминалдық жағдайлардан айырмашылықтары



бет6/11
Дата25.12.2022
өлшемі44.3 Kb.
#467895
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
патфиз емтиханға эталон

7. Экстремалдық жағдайлар (коллапс, шок, кома), олардың терминалдық жағдайлардан айырмашылықтары.
Экстремалды жағдай(лат. extremum- шектен тыс, шектеуші)-сыртқы және ішкі ортаның экстремалды факторларының әсерінен пайда болатын, елеулі өліммен, оның тіршілік әрекетінің бұзылуымен сипатталатын организмнің жалпы, ауыр, динамикалық жағдайлары.
Экстремалды жағдай негізгі түрлері.
Шок,Коллапс,Кома;
Шок (ағылш. shock - соккы, шайкалу) организмнiң өмірлік маңыз- ды қызметтерінің катты әлсiреуiмен сипатталатын ауыр дерттік үрдіс. Бұл кезде ағзалар мен тіндерде реттелу тетiктерi мен микроциркуляция- ның, зат алмасу үрдістерінің катты бұзылуынан организм өмір мен өлімнің арасында болады.

Шоктын турлері. Пайда болу себептерiне қарай шок жарақаттық немесе травмалық (лат. trauma жарақат, жарақаттану), күйіктік, операциялык, гемотрансфузиялық, анафилаксиялық т.с.с. болып бөлінеді. Олардын даму жолдарында, белгілі ерекшеліктері мен қатар, жалпы заңдылықтары да бар.

Даму жолдарына қарай шок: ауырулық, сұйықтық және психогендік (Фролов В. А.) болады.
Жарақаттық сілейме (шок) ауыр жарақаттанулар кездерiнде дамиды. Бұл ұғымды ең алғаш 1737 жылы француз ғалымы Le Draп кiргiзген. Содан бері осы күнге дейiн онын қағидалық және амалдық манызы зор куйiнде сақталып келедi. Үлкен калаларда ауруханаларға жарақаттанудан түскен науқастардың 2,5%-травмалық шокпен асқынады, ал осылардың 60-80%-жарық дүниеден кайтады.
Күйіктік шок. Бұл шоктың патогенезiнде келесі факторлардың маңызы үлкен:
-күйген тіннен орталық жүйке жүйесiне бағытталған серпіндердің болуы қатты ауыру сезімін туындатады;
- күйген дене сырты арқылы қан тамырларынан сұйыктың көп шығып кетуінен айналымдағы канның көлемі азаяды. Осыдан күйіктік сілеймеде қан қоюлануы басқа түрлеріне карағанда қатты болады. Сондықтан бұл шок кезінде ауруларға толық қан құймай, плазма немесе физиологиялық сұйық құйып эритроциттерді ажырату қажет;
күйген тіндердің ыдырау өнiмдерiнiң қанға түсуiнен ауыр токсемия дамиды. Сондықтан көп сұйық жіберіп, емдi организмнiң уытсыздануына бағыттау қажет:
бұл кезде эритроциттердiң гемолизі күшейеді, бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі дамиды. Сондықтан гемодиализ және гемосорбция жасау керек;
күйген дене сыртынан көп жұқпалар өтуі мүмкін. Сондықтан антибактериялық емшаралар қолдану қажет.
Кардиогендiк шок журектіңнасостык кызметi катты төмендеуінен,минуттық кан көлемi азаюынан дамиды. Ен жиi кардиогендiк шоктың себебi болып, тез дамитын миокард инфаркты, кейде миокардит немесе кардиотоксиндік заттармен улану есептеледі. Бұл шоктың патогенезінде келесі 4 фактордың маңызы үлкен:
• миокардтың ишемиясы нәтижесiнде және тотықпаған өнiмдердiң жиналып калуынан пайда болатын ауыру сезімі;
• жүрек етінің жиырылу-босансу кызметiнiң қатты әлсіреуі; жүрек ырғағының бұзылыстары (ауыр ұстамалы тахикардия, қарыншалардың жыпылықтауы т.б.)
• жалпы кан айналымы жеткiлiксiздiгiнен микроциркуляция бұзылуы, гипоксия, метаболизмдiк ацидоз дамуы, тамыр қабырғаларының өткiзгiштiгi жоғарылауына байланысты тiндердiң iсiнуi. Тамыр сыртына шыққан сұйық тамырларды қысып микроциркуляцияның бұзылуын одан сайын күшейтеді. Осыған байланысты емдеу тәсiлдерiнде ауыру сезiмiн азайту кажет. Жасуша мембраналарын тұрақтандыру, кан тамырлары қабырғаларының өткiзгiштiгiн қалпына келтiру, жүрек кызметін реттеу және организмнен iсiну сұйықтарын аластауға бағыттау керек.

Гемотрансфузиялык шок науқас адамдарға сәйкес емес кан құйғанда дамиды. Бұл кезде пайда болатын "антиген-антидене" кешендерi қан тамырларының интерорецепторларын қатты қоздырады. Сонымен қатар, бұл кезде пайда болатын әртүрлі биологиялық осерлі заттар (гистамин, серотонин, ацетилхолин, простагландиндер т.с.с.) қан тамырларының кеңеюіне, артериялық қысым төмендеуiне әкеледi. Бұл шоктың ерекшелігіне эритроциттердiң гемолизi артуы жатады. Осының нәтижесiнде гемолиз өнiмдерi бүйрек қыметін қатты бүлiндiредi, науқас адам артынан бүйрек жеткіліксіздігінен өлуі мүмкін. Сондықтан емдеу шараларына мiндеттi түрде гемодиализ бен гемосорбция тәсiлдерi косылуы тиіс.

Коллапс - тез дамитын қан тамырлары қызметiнiң жеткiлiксiздiгiмен көрiнетiн сілеймеге ұқсас жағдай. Бiрақ одан айырмашылығы бұл кезде афференттік серпiндердiң күшеюi байқалмайды. Соған қарамай артериалық және веналық қан қысымдары күрт төмендеп кетеді, айналымдағы қан көлемі азаяды. Пайда болу себептеріне карай коллапстың келесі түрлерін ажыратады:
- геморрагиялық (қансыраудан дамитын);

- уытты - жұқпалық: ұйқыбездік т. б.

Коллапс қан айналымындағы тамырлардың күрт жеткіліксіздігі нәтижесінде артериалық гипотензияга, микроциркуляцияның бұзылыстарына, тіндердің гипоксиясына әкеледі. Емдеу жолдары артериялық қысымды көтеруге, айналымдағы қан көлемін қалпына келтіруге, гипоксияны аластауға бағытталады.
Кома – бұл сыртқы тітіркендіргіштерге реакциялары болмайтын ессіз жағдай.ОЖЖ-ң координациялық қызметінің бұзылысымен, тұтас ағза деңгейінде өздігінен реттелуге және гомеостазды ұстап тұруға мүмкіншілігін жоғалтқан жеке жүйелердің автономды қызмет етуімен сипатталатын ОЖЖ-ң жеткіліксіздік жағдайы; естің тануымен, қозғалыс, сезімтал және соматикалық, оның ішінде өмірлік маңызды қызметтердің бұзылысымен көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет