Диффузды эндокринді жүйе
Орындаған:Сұлтанбекова.Н
Тобы:126 ОМ
Қабылдаған:Шоныкбаева.С.С
Жоспар:
1.Кіріспе
- Диффузды эндокринді жүйе
- Диффузды эндокринді жүйе зерттелуі
2.Негізгі
- Диффузды эндокринді жүйе бөлінуі
- Гастроэнтеропанкреатикалық жүйе
3.Қорытынды
Кіріспе
ДИФФУЗДЫ ЭНДОКРИНДІ ЖҮЙЕ Жеке орналасқан гормон өндіруші жасушалардың жиынтығын диффузды эндокринді жүйе деп атайды. Бұл эндокриноциттердің көп бөлігі әр түрлі мүшелердің шырышты қабықшасында және бездерде орналасады. Әсіресе, ас қорыту жүйесінің құрамында көбірек анықталады. Диффузды эндокринді жүйенің жасушаларына көбінесе кеңейген базальды, жіңішке апикальды бөліктердің болуы тән. Көбінесе жасушалардың базальды бөліктерінде тығыз аргирофильді секреторлық түйіршіктер анықталады. Жасушалардың өндіретін заттары паракринді және эндокринді ықпал жасай алады. Кейінгі жылдарда диффузды эндокринді жүйені APUD- жүйе деп те қабылдайды. APUD сөзі ағылшын тілінде Amine Precursor Uptake and Decarboxylation сөзтіркесінің басты әріптерінен құралған аббревиатура. Қазақ тіліне аударсақ ол аминдердің бастапқы құрамын сіңіру және декарбоксилдеу болып шығады. Аминдер түсінігіне катехоламиндер (адреналин, норадреналин) және индоламиндер (серотонин, дофамин) жатқызылады.
ДЭЖ-нің зерттелуі
1938-жылы ғана Фейртер ДЭЖ тұжырымдамасын әзірледі.Асқазан-ішек жолының шырышты қабығының,ауа жолдарының ,өкпенің және басқа ағзалардың эпителиалды жасушаларында диффузды орналасқан жарық эндокринді жасушалар бар,олардың гормондары жергілікті ,сондай-ақ ағзаның әртүрлі құрылымдарына қашықтықтан әсер етеді
ДЭЖ тұжырымдамасының екінші зерттелуі ағылшын гистологы Пирс есімімен байланысты.Ол 1968 жылы зерттуі бойынша ДЭЖ жасушалары-биогенді аминдер мен пептидті гормондарды өндіреді және бәрқатар жалпы қасиеттерге ие
Диффузды эндокринді жүйе 2 топқа бөлінеді
- Неврогенді түрде дамыған нейроэндокринді жасушалар(APUD-жүйесі )
- Нейробласттардан дамыған жасушалар
Достарыңызбен бөлісу: |