1 Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дидактикалық мүмкіншіліктері



бет1/70
Дата02.01.2022
өлшемі156.95 Kb.
#453911
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70
Дәріс2


Оқуға арналған бағдарламалық құралдар, басқаша айтқанда, педагогикалық бағдарламалық құралдар (ПБҚ) – бұл оқу әрекетінің кез-келген түрлерін жүзеге асыру үшін шарттарын қамтамасыз ететін, оны оқыту технологиясын сол немесе басқа да шамада іске асыратын және кейбір пәндік аймақ бейнеленетін бағдарламалық құралдар. Педагогикалық бағдарламалық құралдар оқыту үрдісін белсендендіру және оқушы тұлғасының дамуы мақсатында әр түрлі мамандарды даярлау, қайта даярлау мен біліктілігін көтеру барысында оқу-тәрбие үрдісінде қолдану үшін арналған.

1 Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дидактикалық мүмкіншіліктері. Педагогикалық бағдарламалық құралдардың дидактикалық мүмкіндіктерін қарастырайық.

ПБҚ мазмұнының ғылымилығы бағдарлама құралының ғылыми қол жетерлік мәліметтерін көрсетуді жобалайды. Алайда, модельдеу, оқитын процестерді (қалай шынайы болса, тура солай «виртуалды»), объекттер мен құбылыстарды имитациялау мүмкіндіктері оқитын процестердің заңдылықтарын өздігінен «ашуды», зерттеу әрекеттерін жүргізуді қамтамасыз ете алады.



Қол жетерлік оқу материалы, формасы мен оқу әрекеттерін ұйымдастыру әдістері берілген бағдарламаның оқушыларды дайындау деңгейіне және олардың жас ерекшеліктеріне сәйкес келуін білдіреді.

Бейімделу оқушылармен жеке жұмыс жасау және оқушылардың ұсынылған оқу материалын меңгеруде жеке мүмкіндіктерін есепке алуды жүзеге асыруын болжайды.

ПБҚ-ды қолданумен оқыту кезіндегі жүйелілік пен реттілік оқушылардың түсініктер жүйесін, факттер мен логикалық байланыстағы әрекеттер әдістерін меңгеру қажеттігін жобалайды, ол білім, дағды мен іскерлікті меңгерудегі тиімділік пен реттілік алгоритмін меңгеру мақсатымен байланысты.



Оқытудағы саналылық, өзбеттілік пен оқушы әрекетін белсендендіру оқу әрекетінің нақты мақсаты мен міндеттерін түсінуде оқу ақпараттарын алу бойынша өздік әрекетімен бағдарлама құралын қамтамасыз ету мүмкіндіктерін жобалайды. Оқушылардың әрекеттерін белсендендіру экрандағы ситуацияларды өз бетінше басқару; оқу әрекеттерін таңдау режимі; өз бетінше шешім қабылдау жағдайында әрекет вариативтілігі мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Оқытудың нәтижелерін меңгеру беріктігі оқушылардың ПБҚ көмегімен берілетін оқу материалының мазмұнын, құрылысы мен ішкі логикасын саналы түрде меңгеруін қамтамасыз етуін жобалайды, ол өздікбақылау мен өздікреттеу арқылы және кері байланыс негізінде бақылауды қамтамасыз етуімен жүзеге асады.

Оқушының интеллектуалды потенциалының дамуы ойлау қабілетінің дамуын; тиімді шешімді қабылдау іскерлігін немесе күрделі жағдайда дұрыс шешім табуды қалыптастыру; ақпаратты өңдеу бойынша іскерлікті қалыптастыруын қамтамасыз етуді жобалайды.

ПБҚ жұмыс барысындағы суггестивті (ағылшын тілінен аударғанда suggest – ұсыну, кеңес беру) кері байланысты қамтамасыз ету мүмкіндігі бағдарлама бойынша логикалық аяқталған әрбір жұмыс этапында оқу әрекетінің нәтижелері бойынша қателіктерді табу диагностикасымен бақылау барысында қолданушылар әрекетінің бағдарлама реакциясын қамтамасыз етуін қалай болжаса, тура солай бағдарламамен берілген кеңесті алу, алға қойылған гипотеза немесе болжауларды бекіту немесе оның әрі қарай әрекеттері туралы нұсқаулар беру мүмкіндіктерін де жобалайды.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет