1. Практика өткен мекемеге немесе шаруашылыққа қысқаша сипаттама: Түркістан облысы,Арыс ауданы,Дермене ауылы «Қазына Жер» шаруашылығы



бет10/11
Дата27.03.2023
өлшемі1.23 Mb.
#471206
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Данабек Арыс 2022 нов

3. Практика қорытындысы.
Практиканың басталу алдында техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша инструктаж алдық, өндірістің ішкі еңбек тәртіптерімен таныстық.
Мекеменің құрылу тарихымен таныстық.
Бірінші аптада ветеринар қызметкерлерінің жұмыс түрімен таныстық.
Мен осы өндірістік практика өту барысында әртүрлі малдарға вакцина жасау, қан алу, дезинфекция, жолдама құжаттарды толтыруды, малдың ветеринариялық төл құжаттарын толтыруды толық меңгердім.
Практика өту кезеңінде алғашқы ветеринариялық көмек, ветеринариялық гигиена жағдайы, ветеринариялық қадағалау объектілеріндегі ветеринария, ветеринариялық куәліктер, ветеринариялық анықтамалар т.б мамандық саласы бойынша құжаттар толтыруды меңгеріп, арнайы заңдар мен құқықтық актілерді оқып, ветеринариялық-санитариялық іс-шараларға қатысып, теориялық білімімді тәжірибе жүзінде атқардым.
Осы тәжірибеден өту кезінде шаруашылықта жоспар бойынша жас бузауларды сырғалау жұмыстарына қатыстым. Қан алу, вакцина егу барысында толтырылатын құжаттармен танысып толтыруды үйрендім.
Практика барысында бізге шаруашылық меңгерушісі мен ветеринар мамандар дезинфекция жұмыстарын өткіздік. Мал тұратын орындарды жылына 2 рет дезинфекциялайды.Ауылды аймақта қалада мемлекет есебінен қаржы бөлінген жағдайда тегін дезинфекция жұмыстары жүргізіледі.Қазына Жер LTD шаруашылығында біз бұзау тұратын орындарды арнайы сұйықтықпен үйшіктерін жуып,назидол сұйық ерітіндісін
20 литр суға 1% ерітінді дайындап шашып шықтық.Және бұзау үйшіктерінің ішіне қайнатып дайындалған әкті тастап гельментті паразиттерге қарсы жұмыс жасадық.Әктің үстін қалың сабанмен жауып бұзауларды қамадық.Дезинфекциялаған нысан ретінде карусель сауын жүйесін айтуға болады.Әр сауу алдында сиыр желінін жуып тазалап,майлап,арнайы сүт сараптамасына сынама алынып,суынға жіберіледі.Сауын аяқталған кезде сиыр желініне бриллианд кристаллы(зеленка) араласқан арнайы майлы затпен майлап сиырды қораға жіберіледі.

4-Сурет.Ветеринар маманмен бұзау емдеу кезі.

5-Cурет.Малға егілетін препаратты дайындау сәті




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет