1: Практикалық психология пәні, мақсат-міндеттері


Тұлғаның гуманистік теориясы



бет18/54
Дата04.11.2022
өлшемі119.14 Kb.
#463993
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54
1-45 практик псих

34. Тұлғаның гуманистік теориясы
Психологиядағы ірі бағыттардың бірі – гуманистік психология. Ол бихевиоризмге және психоталдау теорияларына қарсы бағытталған. Гуманистік психологияның негізін салушылардың басты мақсаты адам мәселесін түсіндіруде бихевиоризм мен фрейдизмнің кемшіліктерін түзеу және бірден-бір дұрыс, өмірлік психологияны таңдау болып табылады. Гуманистік бағыттың белгілі өкілдерінің бірі Абрахим Маслоу болды. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, мінез-құлқыңың қайнар көзі адамның үздіксіз өзін-өзі тануға, өзін-өзі анықтауға ұмтылуы деп түсіндірді, өзін-өзі айқындауға қажеттілік әртүрлі қызметті қамтиды: бұл гуманистік қажеттілік, демек адамға жақсылық істеуге ұмтылу. XX ғ. екінші жартысында психологияға бірден-бір күшті әсер еткен ғылыми-техникалық революция. Қазір психологияда жан-жақты математикалық, ақпарат теориясының әдістері колданыла бастады, сонымен катар электрондық есептеу техникасы, компьютерлендіру жүйесі кең өріс алды. Психология биология және медицина салаларынан соңғы жаңалықтарды белсенді қабылдап отырды. Қазір психологияның тәжірибеге бағытталған салалары алдыңғы шепке шыга бастады. Психолог ғалымдармен бірге тәжірибелік психологтар пайда болды. Олар білім беру, өндіріс пен мекемелер, әскер мен медицина салаларында жұмыс істейді. Онда өздерінің психологиялық қызметін көрсетуде. 

Гуманистік психология өкілдері — А.Маслоу мен К.Роджерс оқытуды ұйымдастырудағы басты принцип «дамытушы көмек» көрсету деп көрсетті. Бұл принциптің мәні мұғалім оқушыға не істеу керек екендігін көрсетіп, проблеманы ол үшін шешпей, оның белсенділігін және ішкі күштерін ояту қажет, өзі таңдау жасап, шешім қабылдап, жауап бере білуге үйрету қажет деп есептейді. К.Роджерс: «Дәстүрлі мектепте өктемшіл, еріксіз оқыту (когнитивтік оқыту типі) жүреді, мұнда оқу үдерісінде білімдерді мұғалім таңдаған бағдарламамен меңгеру ғана жүреді. Ал оқыту типі «тәжірибелік оқу» болу керек. Бұл оқу типі бойынша окушылар ерікті, өз бетінше іс-әрекетте, өзінің тәжірибесінде, пікірталас пен шешім қабылдау барысында оқып білім алуы қажет», — дейді [1]. Тұлғалық дамыта білім беру идеясы 80-жылдарда ынтымақтастық педагогикасында жүзеге асырылды. Ынтымақтастық педагогикасын жаңашылдар педагогикалық үдерісте үйлесімді дамудың қажетті шарты ретінде оған қатысушылардың ізгілікті өзара қатынасын орнату деп түсінді. 


Гуманистік психология көрнекті өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс. Гуманистік психологияның негізін қалаушылардың алдына қойған мақсаты- бихевиоризм мен психоанализді дәріптеушілердің адам мәселесіндегі ауытқуларды орнына келтіріп, шындыққа жақындау, өміршен психологияны тандап алу еді. Өз зерттеулерінің объектісі ретінде гуманист- психологтар салуатты, шығармашыл жеке адам түсінігін таңдады. Бұлар талдауындағы жеке адамның мақсаты – өзін-өзі кемелендіру және мүмкіндіктерін өз күшімен ашып білу. А.Маслоу адам іс-әрекетінің, адамның мінезі мен қылығының негізі сол адамның өзін-өзі таныту мен өз мүмкіншіліктерін ашуға деген ынта-ықыласында деп есептеген. Өз мүмкіншіліктерін ашуға деген қажеттілік бірнеше қызметпен байланысты. Біріншіден, мұндай гуманистік қажеттілік – адамға, қоғамға тек жақсылық келтіруге ұмытылу. Екіншіден, адам өз болмысына орай кемелденуі тиіс, яғни адам өзінің барша мүмкіндіктері мен қабілеттерін орнымен пайдаланып, өзіне жүктелген жоғары адамгершілік борыштарды атқаруға міндеті. 

Гуманистік психология тұжырымының өзегі: адам өз бойында алғашқы қаланған, қолынан келетінінің бәрін жүзеге асыруы тиіс. 


Жеке адам психологиясын анықтауда гуманистік психологияның да өзіндік үлесі бар. Жеке адам психологиясы мен мінезі гуманистік дәстүрге сай құрылымда зерттелінді және ол зерттеулерді психодинамикалық, интеракционды, құрылымды-динамикалық, экспериментті емес типіне жатқызуға болады. Негізінен адамның ішкі тәжірбилік құрылымы мен дамуына өзіндік сана мен ойлануына мән беріп, оларды кеңірек сипаттайды. Оларды адам нені қабылдайды, қалай түсінеді және өз өмірінің нақты жағдайларын қалай түсіндіреді деген сияқты сұрақтар қызықтырды. Олар осылай тұлға феноменологиясын сипаттды. Өмірлік тәжірбиесіне негізделіп, «өмір мәні» «құндылықтары», «өмірлік мақсаты» және т.б. терминдер типімен сипаттауға тырысты. Гуманистік тұрғыда тұлға теориясын анықтауға талпынған американ психологтары А.Маслоу мен К.Роджерс болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет