1.1 Пішім
Пішім шеткі жиек сызықтын өлшемiмен анықталады. 1189х841мм өлшемді пішім (ауданы 1 шаршы метр) және өзіне дейінгі пішімнің қысқа жағына параллель сызықпен екіге бөлу арқылы алынған басқа да пішімдер негізгі деп МЕСТ 2.301-68 бойынша қабылданады. Қосымша пішімдер негізгі пішімдердің қысқа жақтарын n есе арттыру арқылы шығарылады. n- бүтін сан.
Негiзгi стандарт пішімдер 1-ші кестеде келтiрiлген.
Кесте 1 – Пішімдер
Негізгі пішімдер
|
Қосымша пішімдер
|
Белгiленуi
|
Шеттерінің өлшемі
|
Белгiленуi
|
Шеттерінің өлшемі
|
А 0
|
841 х 1189
|
А 0 х 2
А 0 х 3
|
1189 х 1685
1189 х 523
|
А 1
|
594 х 841
|
А 1 х 3
А 1 х 4
|
841 х 1783
841 х 2378
|
А 2
|
420 х 594
|
А 2 х 3
А 2 х 4
А 2 х 5
|
594 х 1261
594 х 1682
594 х 2102
|
А 3
|
297 х 420
|
А 3 х 3
А 3 х 4
А 3 х 5
А 3 х 6
А 3 х 7
|
420 х 891
420 х 1189
420 х 1489
420 х 1783
420 х 2080
|
А 4
|
210 х 297
|
А 4 х 3
А 4 х 4
А 4 х 5
А 4 х 6
А 4 х 7
А 4 х 8
А 4 х 9
|
297 х 630
297 х 841
297 х 1051
297 х 1261
297 х 1471
297 х 1682
297 х 1892
|
А 5
|
148 х 210
|
-
|
|
Ескерту: А5 пішімді қажет жағдайда ғана қолданылады.
Пішім 2А стандарт бойынша тағайындалған негізгі жазу түрлері бұйымның құжаттамасында және аспаптар жасауда қолдануға арналған /1/. Негізгі жазу А4 пішімі үшін 1-ші суреттегідей пішімнің қысқа жағының оң жақ төменгі бұрышында орналасады, ал басқа пішімдер үшін ұзын жағында орналасады (2-ші суретте). Кейбір себепті жағдайларда А1-ден үлкен емес пішімдер үшін сызбаны тігінен орналастыруға болады, онда негізгі жазу қысқа жағында орналасады.
Сурет 1 – А4 пішімінің үлгісі
Сурет 2 – А3 пішімінің үлгісі
Сызбалар мен сүбелер үшін 3-ші суретте көрсетілгендей негізгі бұрыш үлгісі бекітілген.
Сурет 3 – Негізгі бұрыш
Бөліктерде (реттік саныдары жақша ішінде көрсетілген) төмендегідей мәліметтермен келтірілген:
– бұйымның немесе оның құрамдас бөлігінің атауы;
– техникалық құжат белгіленуі
– материалдың шартты белгісі (тек тетікбөлшектер сызбаларында);
– әріптер (мысалы Т) сол жақ шеткі тордан ретімен толтыруды бастайды. Т деген әріптер «Тәжірибелік үлгі» дегенді білдіреді.
– бұйымның немесе оның құрамдас бөліктерінің салмағы;
– кескіннің масштабы;
– беттің реттік саны, сызу бір бетте орналасса, толтырылмайды;
– берілген бұйым сызбасы орындалған беттердің жалпы саны;
– берілген сызбаны шығарған кәсіпорын атауы (ШҚМТУ, топ);
– сызбаға қол қойған адам жұмысының сипаты;
– құжатқа қол қойған адамның тегі;
– қолдары қойылады;
– құжатқа қол қойылған күндер.
Масштаб
Масштаб МЕСТ 2.302-68 сәйкес 2-ші кесте бойынша таңдалады. Масштаб негізгі бұрышта арнаулы бағанада немесе қажет жағдайда бейненің үстінде 1:1 түрінде жазылады.
Кесте 2 – Масштабтар
Нақты өлшемi:
|
1:1
|
Кiшiрейту масштабы:
|
1:2; 1:2,5; 1:4; 1:5; 1:10; 1:15; 1:20; 1:25; 1:40; 1:50; 1:75; 1:100; 1:400; 1:500; 1:800; 1:1000
|
Үлкейту масштабы:
|
2:1; 2,5:1; 4:1; 5:1; 10:1; 20:1; 40:1; 50:1; 100:1
|
Достарыңызбен бөлісу: |