Сабақ. Кіріспе. Сызу сызықтары. Сурет салу форматтары (Пішімдер)



бет1/7
Дата07.10.2023
өлшемі247.06 Kb.
#480057
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7
1 каз. практика ИиКГ




1-ші сабақ. Кіріспе. Сызу сызықтары. Сурет салу форматтары (Пішімдер).
Тақырыптың мақсаттары мен міндеттері. Графика мен стандарттаудың дамуы туралы қысқаша тарихи ақпарат. Жобалық құжаттаманың бірыңғай жүйесі. Сызық түрлері (атауы, стилі, қалыңдығы, мақсаты). Пішімдер мен олардың өлшемдерін тағайындау.
Кіріспе
Инженерлік графика пәнін инженерлк білімнің негізін қалаушы пәндердің бірі деп есептейтін болсақ, сызбаны техника тілі деп есептеумізге болады. Себебі, кез-келген нәрсенің егжей-тегжейлі сыйпаттамасының өзі, бізге ол туралы сызба беретіндей толық түсінік бере алмайды. Сондықтан әрбір болашақ маман сызбаларды орындай, оқи және олардың көмегімен инженерлік есептерді шығара білуі қажет. Бірақ, сызба адамның ойын жеткізетін құрал ретінде өз мақсатына жетуі үшін мемлекеттік стандарттар тағайындаған ережелермен орындалуы тиіс. Ұсынылып отырылған оқу құралына мынадай тақырыптар кірген.
1. Геометриялық тұрғызулар. Мұнда сызбаларды орындау тәсілдерімен, КҚБЖ мемлекеттік стандарттарымен (форматтар, сызықтар, масштабтар, шрифтілер, сызбада өлшемдерді түсіру, т.с.с.) танысасыздар. Сонымен қатар сызықтарды түйістіру әдістері келтірілген. Тараудың соңында тақырып бойынша орындайтын тапсырмалар және дайын жұмыстардың үлгілері келтірілген. 
2. Кескіндер – түрлер, тіліктер, қималар. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) 2.305–68 мемлекеттік стандарты (ГОСТ) өнеркәсіппен құрылыстың барлық салаларының сызбаларында нәрселерді (бұйымдарды, ғимараттарды және т.б.) кескіндеу ережелерін тағайындайды. Сол себепті, техникалық сызу пәнінде бұл стандартты оқуға ерекше көңіл бөлінеді. Стандарт бойынша бұйымдар өзара перпендикуляр проекциялар жазықтықтарына тік бұрышты (ортогональ) проекциялау тәсілімен кескінделеді. Бұл тәсілдің теориялық негіздері сызба геометрия пәнінде қарастырылады (1 – бөлім). Сондықтан, сызбаларды орындаған кезде тік бұрышты проекциялау тәсілінің барлық заңдылықтары мен қасиеттері сақталуы тиіс. Бірақ бұйымның кескіндерінде осы стандартта қарастырылған кейбір шартты жеңілдіктерді қолдануға болады.
Ұсынылып отырған оқу құралында жоғарыда көрсетілген КҚБЖ мемлекеттік стандарттарының негізгі ережелері мен анықтамалары берілген. Сонымен қатар, «Кескіндер – түрлер, тіліктер, қималар» тақырыбы бойынша тапсырмалар және дайын жұмыстардың үлгілері келтірілген.
3. Жалпы көрініс сызбасын оқу және бөлшектеу тақырыбында бұйымның кескіндері, өлшемдері туралы мағлұматтар келтірілген. Вентильдің құрастыру сызбасының мысалы арқылы тапсырманы орындауға түсініктемелер берілген.
Сызбалар мен басқа да конструкторлық құжаттарды өлшемдерін мемлекеттік стандарт (ГОСТ 2.301-68) тағайындаған қағаздарға (ватманға) орындайды. Өлшемдері тағайындалған сызба қағазын пішім деп атайды.
Парақтардың пішімі сызбаның сыртқы жиегінің өлшемдерімен анықталады (1.1 – сурет).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет