1. Психология жан туралы ғылым



Дата28.10.2023
өлшемі14.28 Kb.
#481826
тарихы


Жалпы, психология өз алдына ғылым ретінде 19 ғасырдың 60-жылдарында дами бастады. Психология ғылымының даму тарихы бірнеше кезеңдерге бөлінеді :
1. Психология жан туралы ғылым.
2. Психология сана туралы ғылым.
3. Психология жүріс-тұрыс туралы ғылым.
4. Психология психика туралы ғылым.
1-ші кезең. Психология жан туралы ғылым ретінде. Психология бірінші кезеңде біздің заманымызға дейінгі 5-ғасырды қамтыған,яғни 2500 жылға дейін созылған. Жалпы, жан туралы сол кездегі ғалымдар өз пікірлерін көптеп қалдыра бастады. Мысалы, Шығыстың ұлы ойшылы Әбу Насыр әл-Фараби дүние- материядан құралады, ол жойылмайды, бір түрден екінші түрге көшіп, өзгере береді, жан денеден бұрын өмір сүрмейді, бір денеден екінші бір денеге барып орналаса да алмайды деп материалистік тұрғыдан дұрыс пайымдаған болса, батыс ойшылы Фома Аквинский жанның мәңгі өлмейтіндігі, оның денеден бөлек өмір сүретіндігі жайлы пікірлерді ары қарай дамытып, осы көзқарастың кең өріс алуына мүмкіндік берген. Сөйтіп, адам өміріндегі түсініксіз пайда болған құбылыстарды жан арқылы түсіндіріле бастады.

2-кезең бізде психология сана туралы ғылым. Ретінде. ХVІІ-ХVІІІ ғасырлардағы философтар психиканы түсінудің методологияллық алғы шарттарының негізін қалады,оның психологияның өз алдына білімнің жеке саласы ретінде қалыптасуына ықпалы тиімді болды. Р.Декарт жануарлар мен адам психикасына әр түрлі қаруды белгілейді.оның теориясы бойынша ,жануарлардың жаны жоқ олардың мінез-құлқы,сыртқы әсерге рефлекс болып табылады. Яғни адам мен жануарлар санасы әртүрлі болады деген мысалды алуга болады. Ойлау, сезу, қалау қабiлеттерi не сана атауы берiлiп, психика санамен баламаластырылды. Осыдан жан психологиясы орнына сана психологиясы жүзеге келдi. Ойлай алу, сезе алу қабілетін сана деп атады. Зерттеудің негізгі әдісі адамның өзін-өзі бақылауы болды, яғни интроспекция («ішке үңілу») әдісі арқылы зерделеу болды.


3-кезең. Психологияның 3-даму кезеңі жүріс-тұрысты зерттеді. ХIХ ғ бірінші жартсында психология жүріс-тұрыс туралы ғылым реттінде қарастырылады.Психологияның дамуының үшінші кезеңі ХХ ғасырдан басталады. Адам «басындағы» ойлар, сезімдер ағымын көру мүмкін емес екендігін байқаған көптеген ғалымдар ХХ ғасырдың басында мынандай қортындыға келді: психология ғылым ретінде қалыптасуы үшін көруіге мүмкін болатындарды ғана бақылауы керек.Нақтырақ айтсақ:адамның реакциясын, мінезін және іс-әрекетін (қылығын) бақылау. (Іс-әрекетті туғызушы мотивтер ескерілмеді).
4-кезең. Психология ғылым ретінде психиканың фактілерін, заңдылықтарын және механизмдерін зерттейді.
Сыртқы әсердің адамның ішкі ерекшеліктері арқылы өңін өзгертуі көптеген жағдайларға оның жас мөлшеріне,білім деңгейіне,белгілі бір сыртқы әсерге бұрыннан қалыптасқан қарым-қатынасына ,белсенділік деңгейіне және,ең бастысы,қалыптасқан дүниетанымына тәуелді.Сонымен психиканың мазмүны реалды,бізге тәуелсіз және өмір сүретін заттардың, құбылыстардың, оқиғалардың ақиқат бейнесі (яғни, объективті дүниенің бейнесі ) болып табылады. Бірақ бұл бейнелер әр адамда оның өткен өмір тәжірибесіне, мүддесіне, сезіміне, дүниетанымына тағы басқаларға байланысты өзіндік өзгешелікпен пайда болады. Сондықтан да бейнелеу субъективті. Осылардың бәрі психика дегеніміз - объективті дүниені субъективті бейнелендіру деуге әбден болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет