Жоғары топта «Өзін-өзі тану» сабағы бойынша



Дата29.06.2016
өлшемі1.18 Mb.
#165978

Жоғары топта «Өзін-өзі тану»

сабағы бойынша

«Егер досыңмен жолға шықсаң» тақырыбына ашық сабақтың конспекті

Тәрбиеші: Хабарова Е.В.


Хабарова Елена Владимировна – біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты тәрбиеші, педагог-жаңашыл, «Өзін өзі тану» курсы бойынша үлкен тәжірибесі бар. 2006 жылы «Бөбек» ҰҒПБСО сертификатының иесі болды.

Тақырыбы: «Егер досыңмен жолға шықсаң».
Мақсаты:


  • Құрбыларымен қатынаста тәртіп дағдысының қалыптасуы,

  • Балаларды көмек көрсетуге талаптануға, қамқоршылыққа тәрбиелеу,

  • Адамдарға қатысты ықыластылықтың дамуы.


Материалдар:


  • күннің көзі,

  • гүлдер (қос), 2 көлемі әр түрлі шағын шыны аяқ,

  • 5 үрме бұршақ және 5 ас бұршақ,

  • су құйылған құмыра,

  • қатысушылардың санына байланысты стақандар,

  • сулық, куб, гүл, табақтар.


Сабақтың барысы:

- Балалар тәрбиешілерімен бірге кабинетке «Если с другом вышел в путь» өлеңімен кіреді.


Қуаныш шеңбері

Тәрбиеші:

-Біреумен қарапайым

да ақылды табылған

Көріскенде амандасу.
Балалар:

- Қайырлы таң!

Қайырлы таң!

Күннің көзі және құстар!

Қайырлы таң!

Күлімді жүздерге! (балалар қонақтарға көрсетіп)


Армандайықшы:

Тәрбиеші:

- Күннің көзі біздің күлімді жүздерімізді көріп, бізге қонаққа келді (тәрбиеші күннің көзі ойыншығын алып балаларға апарады).

- Сендердің әр қайсыларыңа күннің көзі сыйлық дайындапты (тәрбиеші күннің көзі жұмсақ ойыншығын алып, әр балаға кезек-кезек қол тигізеді): Леночкаға – күннің қоянын, Артемға – күшті достық, Адиночкаға – жылы сәуле, Женяға – сенімді дос, Вероникаға – қайырлы күн, Асқатқа – ақылды күш, Настяға – күн күлкісін, Әлішерге – ерекше қуаныш, Даянаға – жайдарлы көңіл-күй.

- Сендерге күннің көзінің сыйлықтары ұнады ма? Сендер не сездіңдер?

- Мен күннің көзімен кездескеннен кейін сендердің көңіл күйлеріңнің тамаша болғанын көріп тұрмын.


Балалар ойнайықшы:


  • Мен сендерді саяхатқа шақырамын. Қалай ойлайсыңдар жападан жалғыс саяхаттау қызықты ма? Неге? Мен сендермен келісемін. Өз достарыңа жақындаңдар, сосын біз досымызбен саяхатқа аттанамыз (балалар бір-біріне жақындайды да, ұл бала қыз баланы орындыққа дейін апарады).

  • Пойызға отырыңдар! (Алдымен қыз бала отырады, сосын ұл бала, тәрбиеші – жүргізуші). Балалар мен тәрбиеші:

«Вот поезд наш едет

Колеса стучат,

А в поезде нашем

Ребята сидят,

Но вот остановка

Кто хочет слезать?

Вставайте, ребята,

Пойдем погулять!»




  • Пойыз «Ойын» станциясына келіп жетті.

  • Қараңдаршы, қандай тамаша алаң! Ал түстері қаншалықты! Өздеріңе гүлден алыңдар. Осы алаңда «Қосшыңды тап» ойынын ойнайықшы. Музыкаға гүлдер билейді, көңілденеді, бірақ музыка ақырындағанда - әр гүл өзіне түсіне сай түс тауып алады. Балалар, енді қараңдаршы, сендерге жаңа достар табылды.

  • Қолдарыңнан ұстаңдар, ал гүлдерді басқа балаларға жаңа дос тауып алуға көмектесулері үшін осы алаңда қалдырамыз.

  • Біз әрі қарай кетеміз.(балалар орындықтарына отырады, «Вот поезд наш едет» өлеңін айтады).

  • Пойыз келді. «Ертегі» станциясы (тәрбиеші алжапқыш киіп Золушканың атынан сөйлейді).

  • Балалар, мен Золушкамын, мен қатты ренжіп отырмын. Би кешіне барғым келеді. Ал өгей шешем мен апаларым маған тапсырма беріп кетті, мен ол тапсырмаларды жалғыз орындай алмаймын. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма? Жарма, үрім бұршақ, ас бұршақты реттеу керек. Ұл балалар үрім бұршақты, ал қыздар ас бұршақты реттейді. (балалар жинап, әр түрлі шыны аяққа салады).

  • Көмектеріңе рахмет, сендер шынайы, мейірімді доссыңдар, енді мен би кешіне бара аламын! Біз қоштасуымыз керек. Сау болыңдар!

  • Сендердің пойыздарың қазір жүреді, вагоннан орын алыңдар (балалар отырады, тәрбиеші алжапқышын шешеді) «Вот поезд наш едет» өлеңі.

  • Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! «Таза бұлақ» станциясы. («Бұлақ сарқыны» сазды әуені).

  • Балалар бұлақтың сарқынын естіп тұрсыңдар ма? Ол ақырын сарқырайды, ол алыста шығар (әуен ақырындайды).

  • Қараңдар, әлдебір мейірімді адам бізге кішкене бұлақтың ем суын қалдырыпты, бірақ су аз, ал біз көппіз. Не істейміз? Суды қалай бөлеміз? (ұл балалар қыздарға беруді ұсынады).

  • Қыздар сендер келісесіңдер ме? (қыздар бәріне бірдей бөлу керек деп шешеді). Балалар, біздің достығымыздың арқасында дұрыс шешім

  • таптық (тәрбиеші суды барлық балаларға құяды).


«Жүректен жүрекке» шеңбері:

- Біздің саяхат кезінде мен сендердің ықыласты, мейірімді, сезімтал екендеріңді көрдім және де сендерді күшті достық бірлестіреді. Досы бар адам бақытты. Біз топқа қайтуымыз керек.

Балалар қол ұстасып, «Вместе весело шагать» әнімен өлеңдетіп кетеді.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет