• Жабдықтың технологиялық процестің барлық параметрлерін және өнім
сапасын сақтауды қамтамасыз ету мүмкіндігін растау;
• Персоналдың технологиялық процестің жазбаша рәсімдерінің орындалуын
қамтамасыз ету мүмкіндігін растау;
• Технологиялық процестің параметрлерін жаңғырту және бұл ретте өнім
сапасының қажетті көрсеткіштерін қамтамасыз ету.
Технологиялық процесті валидациялаудың сәтті жүргізілген
рәсімі процестің
стандартты екендігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді, яғни
дәрілік заттың коммерциялық серияларын өндіруді валидациялық
серияларды өндіруге ұқсас жүзеге асыра отырып, өндіруші нормативтік
құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін дайын өнімнің сапасына сенімді
бола алады.
Сонымен қатар, жоспарлы өндіріс кезінде аралық өнімдер мен
дайын өнімнің сапасын бақылау шаралары азайтылуы мүмкін, сол арқылы
өндіруші қаржы мен уақытты айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізеді.
Бұдан басқа, валидацияланған технологиялық нұсқаулықтар бойынша
күнделікті коммерциялық серияларды өндіру тұтынушылар тарапынан
наразылықтардың пайда болу
ықтималдығын едәуір азайтады, осылайша
компания сапалы дәрілік препараттарды өндіруші ретінде оң беделге ие
болады.Дәл осы себепті нарықтан өнімдерді кері қайтарып алу және кейіннен
кері қайтарылған өнімдерді жою процедураларына шығындар
қаупі едәуір
төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: