Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
31 мин.
|
1-тапсырма:
«Жолда» бөліміндегі кейіпкерлер бейнесін топта талдайды.
Шығармадағы
орнына баға береді.
|
Бөлімді оқып,соның негізінде кейіпкерлер бейнесін құрастырады. Кейіпкердің
портреті, мінез-құлқы және шығармадағы орны жайлы мәліметтерді кестеге толтырады.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл.
-Бөлімді оқиды.
- Кейіпкерлер бейнесін құрастырады. - Кесте толтырады.
-Сыныпта талқылайды.
|
Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
2-тапсырма:
«Сөз өңменіңнен өтеді ғой» деген Қаратайдың айтқан сөздерінің мағынасын ашады.
Сыныпта талқылайды.
|
Айтылған сөздің мағынасын ашып, әр оқушы өз ойын білдіреді.
|
Дескриптор: Жалпы - 4 балл.
- Айтылған сөздің мағынасын ашады.
- Әр оқушы өз ойын білдіреді.
- Сыныпта талқылайды.
|
ДК, Оқулық, жұмыс дәптерлері.
|
|
3-тапсырма. «Жолда» бөлімін оқып, ішінен қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары бар үзінділерді теріп жазады.
Оларды сыныпта талқылайды.
Осы бөлімде кездесетін салт-дәстүрлердің қазіргі күндегі көрінісі қандай?
|
Бөлімді оқып, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптармен байланысты жерлерін жазып алып, талқыға салады.
|
|