1-сабақ. Бөлім: Табиғатты пайдалану және геоэкология



бет30/60
Дата18.11.2022
өлшемі0.81 Mb.
#465126
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
География 2-тоқсан 10-сынып ЖМБ

Қысқамерзімді жоспар
Сабақтың тақырыбы: Табиғатқа әсер ететін факторларды азайту жолдары
10-сабақ.

Бөлім:

Бөлім 3. Табиғатты пайдалану және геоэкология
3.2 Геоэкологиялық зерттеулер негіздері

Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Табиғатқа әсер ететін факторларды азайту жолдары

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.3.2.6 табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсыну

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:
Білім алушылар табиғатқа әсер ететін антропогендік факторлардың азайту жолдарын ұсынады.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:
(Ұ) Оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.

Жаңа сабаққа кіріспе




(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Қоршаған ортада табиғи айналымдарға не жатады?

Қоршаған ортада табиғи айналымдардың бұзылуына не әсер етуім мүмкін?



Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет