1-сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды оқытудағы әдістер



бет1/2
Дата11.10.2024
өлшемі97.11 Kb.
#504575
түріСабақ
  1   2
1.7 1-сабақ. Дәріс




1.7 Шығармаларды оқытудың әдіс-тәсілдері, талдау, экстенсивті және интенсивті оқу. Әдебиет теориясы

1-сабақ. Тақырыбы: Көркем шығармаларды оқытудағы әдістер


Оқыту нәтижелері:
- Көркем шығармаларды (роман, повесть, драма, очерк, баллада, поэма т.б.) оқытуда оқылым стратегияларын қолдануды зерделеу.
Дәріс мазмұны:
Қазақ әдебиеті пәні бағдарламасының мектепте оқытудың басты бағыты – білім алушылардың ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерінің қалыптасуына, тілдік-эстетикалық талғамдарының дамуына, коммуникативтік құзыреттіліктерінің жетілдірілуіне іргетас қалап, өмірлік дағдыларын шыңдауына, өздігінен білім алуларына мүмкіндік туғызу. Білім алушыларды ұлттық мәдениет пен әдеби мұраларды түсінуге, қазіргі заманғы әдебиетті бағалай білуге үйретеді. Бағдарламада әдеби-теориялық ұғымдар, талдауға, бағалау мен салыстыруға негізделген адамзаттың мәңгілік сұрақтары, қазіргі заманғы дилеммалар, мәселелер қарастырылған.
Қазақ әдебиеті бағдарламасының мақсаты – білім алушыларды креативті ойлауға бағыттау. Олардың ойларын ауызша еркін жеткізуіне және жаза білуіне қолдау көрсету, дәлелдер келтіру, салыстыру және анализ жасау, бағалау дағдыларын қалыптастыру, білім алушыларға жанрларды меңгерту.
«Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация, бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
«Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. көркем шығарма мазмұны мен пішіні;

  2. әдеби шығарманың тұжырымдамасы;

  3. көркем шығармадағы образ;

  4. шығарма үзінділерімен жұмыс.

«Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. әдеби шығарманың композициясы;

  2. автор бейнесі;

  3. көркем шығарманың тілі;

  4. шығармашылық жұмыс.

«Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:

  1. тарихи және көркемдік құндылығы;

  2. заманауилығы мен жаңашылдығы;

  3. әдеби эссе;

  4. әдеби сын.

«Түсіну және жауап беру» бөліміндегі көркем шығарма мазмұны мен пішіні, әдеби шығарманың тұжырымдамасы, көркем шығармадағы образ мазмұны бойынша әдебиет теориясынан айтып өтейік.


«Көркем шығарма мазмұны мен пішіні» бөлімшесмінде оқушы шығарма жанрын және шығарманың сюжеттік желісін яғни оқиға мазмұнын және композиция құрылысын тануы тиіс.
Көркем шығарма – нағыз суреткер әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Сәтті шыққан көркем шығарма – бір жазушы келесіндегі ғана емес, бүкіл әдебиет көлеміндегі кесек құбылыс, бүкіл өнер әлеміндегі тұрлаулы тұлға дейтін болсақ, образ – осынау өнер туындысындағы көп тұлғалардың бірі.
Көркем шығармалар – жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сол өмір фактісін жи-нақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады.
Шын мәнісіндегі өнер туындысы кейбір кездейсоқ жарық көріп жүрген әрі – сәрі әлденелер секілдлі ақыл жетімдігі мен сезім мүгедектігінен емес, адам бойындағы асыл қасиеттер мен сұлу сипаттардан түзелер болар. Сонда ғана көркем шығарма қалың көпке белгілі бір халықтың өзіндік өзгеше бітімін, мінезін танытып, оларға өмірдің тың құпиясын ашып бере алады.
Көркем шығарма түрлері:
Роман — сюжеті күрделі әрі дамыған көлемді баяндауыш шығарма. Роман дағдарысты, стандартты емес өмір кезеңінде кейіпкердің (қаһармандардың) жеке басының өмірі мен дамуы туралы егжей-тегжейлі баяндайды.
Әңгіме — оқиғаны қарасөзбен баяндайтын шағын көркем шығарма жанры. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері оқиғаны баяндау тәсілі, композициялық, сюжеттік құрылысы, көркемдік жүйесі арқылы айқындалады. Әңгіменің көлемі шағын, кейіпкерлер саны аз, сюжет ұйытқысын құрайтын оқиғаның басталуы, шарықтау шегі мен шешімі болады. Онда адам, оның өмірі мен тағдыры, аса маңызды деген оқиға жинақы беріледі. Мұнда бір айтылған жайларға қайта оралуға, тәтпіштеп баяндауға, ұзақ суреттеуге орын жоқ. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді.
Очерк — деген шынайы адамдар мен шынайы өмір суреттелетін көркем әдеби әрі деректі шығарма. Очерк новелла не романдар сияқты тұлғаның мінезі, қоршаған ортамен түсінбеушілігі, қақтығысына емес, қоғамның азаматтық, рухани ахуалына негізделіп, руханият, тәрбие мәселесін көтереді. Оған қоса, ондағы танымдық дүниелер де мол. Очерктік әдебиет әдетте әдеби және публицистикалық стиль ерекшеліктеріне сай жазылады.
Поэма — эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма. Поэма көбіне сюжетке құрылып, кейіпкерлердің қарым-қатынасын, тартыс-таласын, күйініш-сүйініш, мінез-құлық, іс-әрекеттерін суреттейді.
Баллада — дегеніміз тартыс пен қақтығысқа ,суырыпсалмалққа құрылған ауыз әдебиеті жанры. Поэзия жанры, лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Оқиғаға құрылған, лирикалық сарындағы ұзақ өлең. Дидактикалық сарынды, белгілі оқиғаны немесе оқиғаларды баяндайтын поэзиялық үлгідегі, бір мақаммен немесе белгілі бір музыкалық аспаптың сүйемелдеуімен орындалатын жанр.
Драма — (гр. dramo — әрекет) әдебиеттің эпос, лирика сынды үш тегінің бірі (Әдебиеттің тегі мен түрі).
Драмада оқиға тартыс, не тартыстар желісіне жинақталып, кейіпкерлер әрекеті арқылы дамиды. Драмалық шығарма театрға арналып жазылады да, сахнада нағыз көркемдік қуатына ие болады. Драма бастапқы кезде хор, диалог, би, айтыс, пантомимомен аралас болып, синтетикалық өнер саласы ретінде дамыған. Кейін драма сөз өнерінің жеке тегі ретінде дараланды, оның трагедия, драма, комедия, мистерия, миракль, моралите, мелодрама, фарс, водевиль, трагикомедия, т.б. жанрлары қалыптасты.
Повесть — эпикалық проза жанрының бір түрі. Повесть туралы түсінік әдебиет тарихында жиі өзгеріп, оны романның құрамдас бөлігі ретінде тану біраз уақыт орын алды. Еуропа әдебиетте Повестьті новелла деп те атай береді. В.Г. Белинский Повестьті «Романның шашыраңқы бөліктері» немесе «Романның бір тарауы» деп атаса, бір кездерде оған романмен байланыстыра түсінік беру дағдыға айналды.
Композиция (латынша сomposito-құрастыру, қиыстыру) - көркем шығарманың құрылысы.
Композиция сюжетпен тығыз байланысты: сюжет те, композиция да әдеби шығарманың мазмұнын көркем жинақтап, мазмұнды пішінге көшірудің құралы. Сюжет-сюжет болу үшін оның барлық кезең-кезеңі түгел белгілі бір композициялық жүйеге түсіп, бірлік табуы қажет.
Сюжет композицияның осындай өзара бола тұра олардың бір-бірінен өзгешелігі де болады.
Екіншіден, композиция сюжеттің өрбу кезеңдерін жүйеге түсіріп қана қоймайды, сюжеттен тыс нәрселерді де өзара қиюластырып, белгілі бір арнаға салады.
Сюжетті шығармадағы оқиға желісін, адамдардың арақатынасын, образдар жүйесін қалыптастыруда сірескен қағида жоқ. Әр суреткер өз шығарманың сюжетін өз қалауынша құрады. Демек; сюжеттің композициялық бітімі әр шығармада әр түрлі болуы мүмкін. Қалай болғанда да кез келген шығармада сюжеттің табиғи басталу (экспозициясы), байланысы (заявка), дамуы (ситуация), шарықтауы (кульминация), шешімі (развязка) болады.
Сюжеттің басталуы оның кіріспесі іспетті; мұнда әдеби қаһармандар өзара қарым-қатынасқа көшпас бұрынғы хал-жағдай, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі. Экспозицияның бір ерекшелігі-ол шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тәікелей ықпал жасамайды, тек мезгіл мен мекенге меңзеу, дерек, дәйек түрінде ғана қалды.
Сюжеттік байланыс-адамдар арасындағы әрекеттің басы. Яғни тартыстың басталуы іспетті, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі секілді. Демек, байланыс экспозициясындай емес, шығарманың сюжеттік желісіндегі өмірлік тартысқа тікелей ықпал жасайды, оқиғаны өрбу жолына салады.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасынан, қимыл-әркетінен туған түрліше жағдайларға, шиеленістіре байланысты. Шебер суреткердің қолынан шыққан ширыққан, шиыршық атқан серіппелі шиеленістер шарықтау шегіне жетеді.
Шарықтау шегі (латншы-шың)-сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы. Яғни адамдар арасындағы қимыл-әркеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері, шығармалардағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі. Шығарма сюжетін күллі кезең-кезеңімен тұтастырып, белгілі біл бүтіндікке, үндестікке әкеліп тұрған композицияның ең жауапты тұсы осы. Сайып келгенде, сюжеттік шарықтау-шығармада суреттелген барлық шындық құбылыстар мен өзекті оқиғалардың шоғырлану шоқтығы.
Шешім-суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі», адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты көріністердің соңғы сахнасы.
Шығарма сюжетінің шешімі-оның идеялық-көркемдік шешімі. Шығармада қақтығыстар неғұрлым күшті болған сайын, сюжеттік шешім де соғұрлым мықты болады.
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы
Сонымен, сюжеттік дамудың жоғарыда айтылған кезең-кезеңдерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың композициясы.
Композиция-әдеби шығарманың құрылыс, оның үлкен-кішілі бқлім-бөлшектерінің бір-бірімен қисынды түрде қиюластырып, әртүрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық-бірлігі. Шығарманың құрылысы шымыр болуы, бас-аяғы жеке тараулары жнақы келуі жекелеген бөлімбөлшектердің орынды жалғасуына байланысты.
Әдеби шығарманың композицялық құрылысының ұтымдылығы сөз болатын мәселелерді, суреттелетін жағдайларды, кейіпкерлердің іс-әрекетін талғап таңдай білу, оларды екшеп, сұрыптап алу, қисынын тауып қиюластыра білу шеберлігіне байланысты болады және бұл-жазушының қандай шиеленіскен жағдай болса да түйінін тауып, ақ пен қараны ажыратып, не нәрсенің мәніді, маңызды екенін түсінетін көрегендігіне байланысты болады.
Композицияның көркемдік қуатылығы - әдеби шығармада не айтылғандығы қандай маңызды болса, нені айту, әртүрлі жағдай, уақиғаның, іс-әрекеттің қайсысын кейінірек баяндау-бұлардың да мәні үлкен. Айталық, басты кейіпкер шығарманың өн бойында үлкен жігерлілік, алғырлық танытып келіп, ал енді ең соңында өмірден торығып, түңілгендей болса, бұдан туатын әсер бір түрлі де, егер осындай торығу, өзін әлісз сезіну шығарманың орта тұсында болып, кейіпкер қайта сергіп, серпіліп, өзінің ширақ, күрескер қалпына келген болса, шығарманың соңында ол осындай күйде болса, мұның оқырманға әсері мүлде басқаша болатыны түсінікті.
Әдеби шығармадағы жеке бөлім, тараулар оқиғалардың астас, жалғастығы, кейіпкердің ортақтығы арқылы бірігіп, тұтасып жатады. Композициялық тәсілдер алуан түрлі. Солардың іінде екі нәрсені салыстыра суреттеу немесе қарама-қарсы қойып суреттеу жиі кездеседі. Бұларға қоса, шығарманың композициялық құрылысын белгілеуде елеулі орын алатын ерекшеліктер: уақиға автордың, автордан басқа бандаушының атынан айтылуы немесе кейбір тұстарда болған жағдайлар шығармадағы кейіпкерлердің көзімен көрген қалпында алынып, соның ұғым-түсінігі арқылы берілуі.
Тақырып – жазушы суреттеп отырған өмір құбылысы болса, идея – жазушының сол өзі суреттеп отырған өмір құбылысы туралы айтқысы келген ойы, сол өмір құбылысына берген бағасы.Тақырыптан идея, идеядан тақырып туады.Үйдің қабырғасын салып, төбесін жаппас бұрын іргетасы қаланатыны секілді, көркем шығарманың туу процесі де тақырыптан басталатыны даусыз. Жазушыны өмірде болатын кез келген құбылыс жаппай қызықтыра бермейді. Ол өз мақсатына керек құбылысқа ғана қызығады. Болашақ көркем шығармаға негіз болатын да сол суреткер қызыққан құбылыс.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді. Ол бағада жазушының дүниеге көзқарасы жатады. Өмірге үн қосу әрекетінен келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы туады.
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай-ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.
Мазмұн мен пішіннің байланысы секілді тақырып пен идея да әрқашан бірлікте болады. Тақырыптан идея, сондай – ақ идеядан тақырып туып жатады. Идеясыз тақырып, тақырыпсыз идея болуы мүмкін емес.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын бір жерге қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Бұл жайтты байыптап қарасақ, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы з бетімен жеке – жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайтынын, қайта өзі солардан тұтасып құралатынын, керісінше, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейтінін, қайта толықтыратынын аңғару қиын емес.
Тенденция – орасан мәндес нәрсе. Тенденция – шындықты суреттеудегі қаламгерге тән құштарлық, оның қоғамдық көзқарасының тұғыры, ой өзегіндегі мығым принцип Бұлар жоқ жерде пафос жоқ, ал пафоссыз шығарма – отсыз, жалынсыз нәрсе. Өмірдегі опасыздық жайлы жазғанда Гоголь оны әрқашан өзіне “нағыз жан түршігер зәбір берген қас дұшпан кейпінде суреттеуге бар күшін салған”. Суреткер табиғатындағы бұл секілді мызғымас, мықты тенденцияны Бальзак бас ұра қадірлеп, «жазушыны жазушы ететін қастерлі нәрсе – принципке жан-тәнімен берілу” деп білген. Ал Белинский болса “поэтикалық идея - силлогизм де, догмат та, ереже де емес, жанды құштарлық, жалынды пафос» екенін ашып айтқан.
Авторлық идея – суреткердің о бастағы ой өзегі ; обьективтік идея – нақты шығармадан туатын мақсатты нәтиже. Бұл екуі ылғи бірдей бола бермейді. Дәлірек айтқанда, автор өзінің ойға алғанын жазу үстінде дәл өз ойыдағыдай жиақтай беруі қиын. Кейде тіпті авторлық идеяға обьективтік идея керағар кеп, қарама – қарсы шығуы да мүмкін.
Тақырып пен идея - әдеби шығарманың мазмұны. Ал әдеби шығарма мазмұнды болуы үшін, Ибсен айтқандай, әдебиетшінің өмірінің өзі мазмұнды болу қажет. Көркем творчество суреткердің өмір тарихымен тығыз байланысты. Сондықтан әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс. Ол үшін қаламгер өмірмен қоян-қолтық араласып, жиі-жиі сапарға шығып, халықтың қалың ортасына сіңіп кетуге
Кейде, шартты түрде, шығарманың тақырыбы — сауал да, идеясы—жауап деуге болар еді. Бір сауалдың бір емес, бірнеше жауабы болатыны секілді, бір тақырыптан бір емес, бірнеше идея тууы мүмкін.
Образ – бейне. Ол барлық нәрсенің бейнесі бола алады. Мысалы, көркем әдебиетте заттың, хайуанаттың, табиғаттың, адамныңның және де басқалардың бейнесі көрінеді. Көркем әдебиет негізінен адам образын тұлғалантуға бой ұрады, адамдар арасындағы қоғамдық тартысты көрсетеді. Сондықтан шығармадағы негізгі образ адам образы болуға тиіс, бастр көңіл соны тұлғалы, толықтыра жасауға аударылуы қажет. Шығарманың ішінде басқа нәрселердің де образдары болатындығын айттық, бірақ олар адам образын жасауға көмектеседі, пейзаж да, басқа түрлі заттар бейнесі де сол қосымша қызметті атқарады.
Адам образын жасау үшін жазушы сол образды жасай алатын сапалы материал қарастыруы қажет. Ол материал - әрекет, оқиға, тартыс. Адам образын ол тетіксіз жасауға болмайтынын, нашар мінездеумен характер жасап шығару дәстүрі дұрыс еместігін ескеру қажеттірек.
Образдың екі мәні бар: тар мағынасы және кең мағынасы. Образдардың тар мағынасы деп., ең тар көлемде жасалған образды айтады. Мысалы, «Шығыс алауланып келеді» деген бір сөйлемнен образ жасалып тұр, бұл – тар көлеммен – ақ жасалған образ.
Образдың екі жағы, екі қыры болады. Ол – образдың жалпылығы мен жалқылығы. Адамның қоғамдық және жеке бастық жағы болады. Мынау соған сәйкес. Адамның жалқылық жағы – оның жеке бастық қасиеті. Образдың сапалы болуын оның даралығы қамтамассыз етеді, жалпылығы деп. – барлық образда оның қай топқа жататындығы. Образдың неғұрлым даралық жағы кошті болса, ол сол құрлы өміршнң, әсерлі келеді. Жаңа образ өзінің тыңдығымен, ерекше әсерлігімен әдебиетте бұрын көрінген образға ұқсамай тұруы қажет. Олай болмағанда, әдебиет өспейді, шығарма сапаланбайды. Шығарма оқиғасы жаңа тың болмаса, ол жаңа шығарма да емес, бұрынғы бір шығарманың көшірмесі, ұқсасы болады. Сондықтан образды образ ететін нәрсе – оның жалқылық жағы, даралығы. Ол тікелей әрекеттің, образ жасайтын әректеттің тыңдығына байланысты. Образдарда әрекет болмай, ол кошті болмай, ол тың болмай еш уақытта толыққанды образ шықпақ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет