1.Сабақтың тақырыбы: Әлем мойындаған рекорд. Адамзат жаңалығы.
Ұлы өнертапқыш
2.Негізгі материал:
Гейнестің рекордтар кітабына енген қазақстандық қандай рекордшыларды білесіңдер?
1-тапсырма. Рекордшы Марат Жыланбаевтың өнері туралы пікір жазыңыз.
Марат Төлегенұлы Жыланбаев (19. 8. 1963 ж. т., Қарқаралы ауданы) – алыс қашықтыққа жүгіретін спортшы, жүгіруден халықар. дәрежедегі спорт шебері (1993). 20 ғ-дың 90-жылдары “Гиннестің рекордтар кітабына” жеті рет тіркелген. Негізгі мамандығы – суретші.
Арғын тайпасы Қаракесек руы Шор бұтағынан шыққан. Әкесі - Жыланбаев Төлеген Нығманұлы. Анасы - Жыланбаева Қаден.Ата-аналарынан ерте айырылған.1-шi мен 8-шi сынып аралығында Қарағанды облысының балалар үйi мен интернаттарда оқыған және тәрбие алған. Қазақстан-ресей университеті Гуманитарлық институтының экономика факультетін бітірген (2005), экономист.
1986 жылдан - суретші-безендіруші.
1988 жылы өзі дайындық методикасын ойлап тапқан.
1990 жылдан - «Мобиль» кооперативінде жұмыс істеген.
1991 жылы-КСРО Еңбек сiңiрген бапкері Федор Склокинде жаттыға бастаған.
1992 жылы қыркүйек айында-Эльбрусқа мiну бойынша халықаралық жүгіру жарысында 2-шi орын алды
1992 жылы қазан айында-Красноярская сотка халықаралық супермарафонында 1-шi орын алды.
1992 жылы-7 күн-7 марафон халықаралық супермарафонында 2-шi орын алды.
1993 жылы шілде айында-Нанисавик аралындағы жүгіру жарысында 2-шi орын алды.
1994 жылы шілде айында Өлі жазығы супермарафонында 2-шi орын алды.
1996 жылдан бері - жеке кәсіпкер. Екібастұз қалалық мәслихатының 2-ші және 3-ші шақыруларының депутаты (1999-2007). Кәсіподақ комитетінің төрағасы. Жеңіл атлетика федерациясының президенті (Екібастұз қ.), «Екібастұздың болашағы үшін» атты қоғамдық бірлестіктің президенті. Гиннестің рекордтар кітабында 7 рекорды енгізілген (1991-1995). Халықаралық кластағы спорт шебері (1994).
Ж. 12
жасынан жеңіл атлетикамен, велосипед, шаңғы спортымен айналысқан. 1990 жылдан өте алыс қашықтықтарға жүгіруді (марафондық жүгіріс) бастап, осы жылы Барнаул қ-нда (Алтай өлкесі, Ресей) 85 км қашықтықты 6 сағ 43 мин 23 с-та жүгіріп өтті. Рекордтар кітабына енуі 23 күнде 23 марафондық жүгірісімен (күніне 42 км 195 м) басталды. Кейін 15 күнде 30 марафондық, жарты жылда 75 марафондық және бір жылда 226 марафондық жүгіріспен жалғастырды. Еуропаның ең биік шыңы – Эльбрусқа (5642 м) марафондық жүгіріспен 7 күнде (30.8. – 5.9. 1991 ж.) жүгіріп шықты. 20 күнде (2 – 22 сәуір, 1992 ж.) Қарақұм шөлін (1200 км), 24 күн ішінде (1993 ж.) Сахараны (Африка, 1700 км) жүгіріп өтті. Сол жылы Австралиядағы Виктория шөлін кесіп өтті. 1994 ж. үстінен құс ұшпайтын Мохави шөліне (Невада, АҚШ)
жорық жасап, оны сәтті аяқтады. 1992 және 1993 жылдары еліміздің таңдаулы 10 спортшыларының қатарына енді.
[1]
Діни көзқарасы - атеист.
Хоббиі - желкенді спорт, балық аулау.
Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи жанр.
Үйленген. Жұбайы - Жыланбаева Ақмарал Айтбайқызы (1974 жылы туған), кәсіпкер. Ұлы - Рүстем (1988 жылы туған); қыздары - Айдана (1994 жылы туған), Азия (1998 жылы Анелья (2003 жылы туған)
Жыланбаев Марат – Азия, Африка, Америка және Австралияның ең ірі шөлдерін жүгіріп өткен әлемдегі жалғыз адам, марафоншы, әлемдік деңгейдегі спорт шебері. Спорттық карьерасында 16000 шақырымнан астам арақашықтықты жүгіріп шыққан.
Жыланбаев Марат Төлегенұлы 1963 жылы 19
сәуірде Қарағанды облысы, Карқаралы ауданында дүниеге келген. 7 жасында Марат ата-анасынан айырылып, балалар үйіне келіп түседі. Мектеп жасында сурет өнерімен айналысып, кейіннен дене шынықтыру техникумын аяқтайды. Оқудан соң Маратқа
камсомолдық жолдама беріп, Екібастұзда ұстаздық етуге жібереді. Оны қаламаған Марат ол жұмыстан бас тартып, құрылысқа қабырға бояушы ретінде жұмысқа тұрады. Құрылыста қызмет етіп жүріп, ол шеберхан ашып алып сурет өнерімен айналысады. 1987 жылдары Марат салған суреттер шетелге сатылған. Сол жылдары Марат Жыланбаев журналдан Германияға барып келген тілшінің сурет көрмелері туралы мақаласын көріп, көрме өткізуге өтініш беруге бел буады. Сол кезде Екібастұздан
тура Мәскеуге аттанып, факс арқыла өз жұмыстарын Германияға жібереді. Германиядан жауап бірден келіп, артынша Марат Германияға өзінің 30 жұмысын жіберін 3000 доллар гонорар алды. Марат Екібастұзға келген кезден бастап, өнермен қатар спортты бірге алып жүрді. Ол Екібастұзда жүгіріске қызығушылар клубын ашты. Әртүрлы
марафондарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүрді. Кейіннен ол бір жылда кәдімгі спортсменнен рекордсменді шығаратын методиканы ойлап тапты. Өзінің жаттығулар жүйесін «Бег и мы» журналында және «Советский спорт» газетінде жариялап, бүкіл одақтық жаттықтырушы Федор Склокинге және бес дүркін әлем чемпионы Виталий Ковелге жолдады. Оның жаңалығына ешкім сенім білдірмеді, бірақ Марат оларға «Дайындалыңдар, 1 жылдан соң мен үздік атанамын» деген жауап қайтарды. Ол
өнерді тастап, бүкіл уақытын жаттығуға арнады. Осының нәтижесінде 1 жылдан аз уақытта 3 әлемдік рекорд орнатты.Ол адамзат тарихында тұңғыш болып ұлы Сахара шөлін солтүстіктен оңтүстікке кесіп өткен. Гиннес әлемдік рекордтар кітабында жеті рет рекорд орнатқан қазақ баласы. Әлемдік деңгейдегі спорт шебері атанған Марат Жылынбаев бүгінде елуден асқан. Соңғы 150 жыл ішінде «Вокруг света» атты журналына есімі енген алғашқы қазақ ұлтының өкілі.