1. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының теориялық негіздері



бет3/3
Дата21.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#152491
1   2   3

Агенттік қызметтер:

 «Қазпочта» АҚ кең ауқымда агенттік қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

  • "ОТТО" каталогтары бойынша тауарларға тапсырыс беру;  

  • «Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ -мен әріптестік;

  • директ Майл –тікелей пошталық жарнама қызметі; 

  • зейнетақы жинақтаушы қорлар мен сақтандыру компанияларымен жұмыс;

  • күнделікті сұраныс тауарлары мен лотерея  билеттерін сату.


5-сурет. Почталық қызметтің 2005-2007 ж.ж.өсу динамикасы (млн. тенге)


«Қазпочта» акционерлік қоғамының халықаралық ынтымақтастығы мен шет елдік әріптестік қызметі туралы айтар болсақ. Әлеуетті компания мәртебесін алу қазақстандық пошта операторының өз беделін халықаралық деңгейде едәуір көтеруге септігін тигізді. «Қазпочта» АҚ әлемдік пошта қоғамдастығында сенімді әрі жауапты әріптес ретінде лайықты орын алып, әлемдегі алдыңғы қатарлы пошта әкімшіліктерімен өзара тиімді әріптестікке қол жеткізген. Осылай 2006 жылдың маусымында халықаралық пошта жөнелтімдерінің сақталуын жетілдіру мен тасымал көлемін арттыру мәселелері жөнінде Германия пошташылары және «Люфтганза» әуе компаниясының өкілдерімен кездесу өткен. Халықаралық пошта қызметі сапасының нормативтері туралы Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен келісімдерге қол қойылған. Қыркүйек айында Қытаймен екіжақты әріптестік пен өзара әрекет ету мәселелері туралы келіссөздер өтіп, Монғолия, Словакия, Корея пошта әкімшіліктерімен әріптестік жөнінде шарттар мен меморандумға қол қойылған. Финляндия поштасы және Канада пошта әкімшілігімен пошта жүйесін, пошталық, қаржылық, агенттік қызметтерді, ақпараттық логистиканы дамыту саласындағы тәжірибе алмасу жөніндегі келіссөздер қызу жүргізілуде. Қазпочта Украина, Тәжікстан және Қырғызстанмен жасалған екіжақты келісімдер негізінде ДПО-ның Халықаралық бюросы жүргізіп жатқан пошталық жөнелтімдердің нақты өту мерзімдерін тексеру жұмыстарына ат салысуда. Қазіргі кезде Ресеймен сапа нормативтері жөнінде келісімге келу жұмыстары жүргізілуде. 2006 жылдың 1 мамырынан 30 қарашасына дейінгі аралықта ДПО ХБ-ның ұдайы бақылау жұмыстары шеңберінде Венгрия пошта әкімшілігімен тиісті ұйғарымға қол жеткізіліп, авиа-жазбаша хат-хабарлардың өту мерзімін бақылау тексерістерін жүргізіледі. Қоғам өкілдері Берн қаласында (Швейцария) өткен Дүниежүзілік пошта одағының Поштаны пайдалану кеңесінің сессиясына, PostEurope (ДПО аймақтық одағы, Киев қаласы, Украина) пленарлық мәжілісіне, Байланыс саласындағы аймақтық достастық комиссияларының мәжілістеріне қатысқан. Сонымен қатар Қазпочта ТМД-дағы Ресей мен Германияда өзінің өкілдігі бар бірден-бір оператор. Алматыда қазақстандық-эстондық «Электронпост.kz» кәсіпорнының жаңа офисі ашылған. Алматыда «Электронпост.kz» қазақ-эстон бірлескен кәсіпорнының Эстония Республикасының тәуелсіздігінің 90 жылдығына орайластырылған жаңа офисінің салтанатты ашылу рәсімі өткен болатын. Бұл 2006 жылы жүзеге асырылған «Қазпочта» АҚ мен «Eesti Elektronpost» АҚ ұйымдастырған халықаралық жоба болып табылады. Бірлескен кәсіпорынды (БК) құруға Қазақстан рыногында ақпараттық логистика саласында баспа жұмыстарынан бастап, алушыға жеткізуге дейінгі барлық қызметтер кешенін көрсететін кәсіпорынның жоқтығы себеп болды. «Электронпост.kz» кәсіпорнының негізгі қызметі басып шығару, конверттеу мен Қазақстан Республикасы аумағында пошта жөнелтімдерін жөнелту болып табылады. Бұған қоса БК мұрағаттау, мәліметтерді басқару, электронды және тікелей маркетинг қызметтерін де көрсетеді. Бірлескен кәсіпорын тез арада дамып жетілуде. Кәсіпорынның бір жарым жылдық жұмысы – ақпараттық логистикалық қызметтерге деген сұраныстың жоғары екенін көрсетті. Бүгінгі күні кәсіпорынның клиенттері қатарында Қазақстанның ең ірі зейнетақы қорлары, бірқатар коммерциялық банктер, мемлекет экономикасының түрлі саласында жұмыс істейтін сауда үйлері мен компаниялар бар. 2008 жылдың қаңтарынан бастап кәсіпорын 6 миллион беттен астам ақпаратты басып шығарып конверттерге салды. Кәсіпорын өзінің қалыптасу кезеңінен өтіп, өз қызмет аясын белсенді түрде кеңейте отырып, жедел сандық басып шығару қызметтерін көрсетуге ерекше көңіл аударуда. «Электронпост.kz» өз қызметінде осы заманға сай технологияларды қолдануда. Компанияның жаңа офисінде «Xerox» компаниясының түрлі түсті сандық басып шығару жүйесімен қоса ең үздік сандық басып шығару машинасы орнатылған. Соңғы жылдары Қазақстанда баспасөз, сандық басып шығару, қағаз өнімдерін тұтыну нарығы жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Осыған байланысты компания жетекшілері бұл бизнесте «Электронпост.kz» кәсіпорнының келешегі зор деп еспетеуде.

2008 жылдың 1 ақпанында Гамбург қаласында (Германия Федеративті Республикасы) «Kazpost GmbH» Қазақстан-герман бірлескен кәсіпорны құрылды. Кәсіпорын ұйымдастырушылары ретінде «Қазпочта» АҚ (Қазақстан) және «HPO Service GmbH» компаниясы (Германия) бас қосты. Бірлескен кәсіпорынның негізгі қызметі шетелде пошталық айырбасты жүргізу міндеттерін іске асыру болып табылады. Сонымен қатар БК Қазақстан Республикасы аумағында дистанционды сауда қызметін көрсетеді. БК негізгі міндеттері логистика қызметін, Қазақстан аумағында ірі сәлемдемелік сауда компанияларының атынан каталогтік сауда қызметін атқару, сонымен бірге ГФР заңнамасына сәйкес пошта лицензиясын алғаннан кейін кәдімгі пошта қызметін атқару болып табылады. ГФР рыногына шығудың басты себебі – екі ел арасындағы тығыз сауда-экономикалық қарым-қатынастар. Тауар айырбастың жоғары деңгейі ГФР-дан Қазақстанға жіберілетін үлкен көлемдегі пошталық жөнелтімдердің болуын ұйғарады. Бұл қысқа уақыт ішінде бірлескен кәсіпорынды ұйымдастыру мен ұстауға кететін қаражаттың орнын толтырып, жоғары рентабельділікті қамтамасыз етеді. «Қазпочта» АҚ үшін бұл Алматы қаласында ашылған Эстония поштасымен бірге ұйымдастырылған, мәліметтер базасын жүргізу, хабарлама шоттарды, жинақтаушы зейнетақы шоттарының жағдайы мен жарнамалық өнімдер туралы мәлімдерді сандық басып шығару, автоматты конверттеу мен аталған жөнелтімдерді сұрыптау қызметтерін атқаратын бірлескен кәсіпорыннан кейінгі екінші жоба болып табылады.

Visa International халықаралық төлем жүйесі CEMEA Басқарушы аймағының комитеті (Орталық және Шығыс Еуропа, Жақын Шығыс пен Африка) Лондонда өз мәжілісінде «Самұрық» холдингі» құрамына кіретін «Қазпочта» АҚ-ны ассоциацияланған мүше ретінде қабылдауды шешті. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ерсерік Сиырбаев бұл жөнінде былай деп сөз етті: «Жағымды шешімді қабылдауға Қазпочтаның қаржылық және банктік қызметтерінің өсу динамикасы, соның ішінде пластикалық карточкаларды қолдану және оны бүкіл ел аумағына қолдана алу мүмкіндігі әсер етті». «Қазпочта» АҚ VISA пластикалық карточкаларын белсенді шығаруға 2008 жылдың басынан кіріспекші.

2.3 «Қазпочта» акционерлік қоғамының даму перспективалары


ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов, «Самұрық» мемлекеттік холдингі алқасының мәжілісінде, сауданың мүмкіндіктерін «Қазпочта» жүйесі арқылы дамыту міндетін «Қазпочта» АҚ жетекшілігіне тапсырды деп хабарлайды Қазақпарат. Премьер-министрдің айтуы бойынша, ең алдымен электрондық сауданы дамыту керек. «Әрине, Интернетке әрбір үйді қосамыз деуге болмайды. Дегенмен, поштаның әрбір бөлімшесінде Интернетке қосылу пунктін ашуға болады». Үкімет басшысы айтып өткендей, «Қазпочтаның» қызметтерін одан әрі дамыта отырып, қызмет көрсету деңгейін көтеру қажет. К.Мәсімовтың айтуынша, «Қазпочта» - бізге әрбір азаматқа шығуға мүмкіндік беретін бірден-бір жүйелік құрал. Қоғам дәл осы ұйым арқылы мемлекеттік органдармен қарым-қатынаста болады.

Чолпон – Ата қаласында (Қырғызстан Республикасы) Байланыс саласында Аймақтық байланыс достастығы Әкімшіліктерінің басшылары Кеңесінің (АБД Кеңесі) 31-ші мәжілісі өткізілген болатын. Кеңес жұмысына ТМД республикаларының Байланыс әкімшіліктерінің делегациялары, «Дойче Телеком» (ФРГ), «Эстон почтасы» атынан байқаушылар, ТМД, Халықаралық электробайланыс Одағынан, Дүниежүзілік почта одағынан (ДПО) қонақтар, Почталық және электробайланыс әкімшіліктерінің Еуропалық конференциясының (СЕРТ), Панафрикалық Почта одағының (PAPU) өкілдері қатысты. Мәжіліске қатысушылар екі жұмыс күні ішінде ТМД электр және почта байланысын дамыту мәселелерін қарастыра отырып, почта байланысының сапалы қызметтерін ұйымдастыру және дамыту жөнінде мәселелердің әлеуметтік маңызы зор екендігін ерекше атап өтті. Әсіресе, АБД Кеңесі ТМД аумағында телерадиохабардың цифрлы форматын енгізуді мақұлдады. Бүгінгі күні Достастықтың барлық аймақтары өз почта салаларын жетілдіру жолында келе жатқандығын, ал Украина мен Қазақстан әкімшіліктері қайта құрылымдау процесін әлдеқашан өткізгендігін айтуға болады.

Қалыптасқан дәстүр бойынша форумда ТМД елдерінің почта қызметтерінің озық тәжірибелері талқыланған болатын. Бұл жолы почта байланысының әмбебап қызметін көрсету жөніндегі почта қызметкерлерінің тәжірибесі қарастырылған. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы Аркен Арыстанов өз сөйлеген сөзінде ерекше атап өтті: «Қазпочта» акционерлік қоғамы почталық байланыс қызметін көрсету сапасын көтеруді және қызметті әлеуетті тұтынушыларды тарту үшін жаңа формаларын енгізуді, ауылдық жерлерде қызмет көрсететін операторлар үшін экономикалық тең жағдайлар туғызуды, инвестициялар тартуға және халықаралық озық тәжірибелерді енгізуде жәрдем көрсетуді қарастыратын, 2005-2010 жылдарға ҚР почта-жинақ жүйесін дамытуға арналған бағдарламасын әзірледі. Жоғарыда аталған барлық механизмдердің әрекеттілігі, әсіресе географиялық және экономико-демографиялық ерекшеліктері, оған қоса аумағының арақашықтығы, халық тығыздығының біркелкі еместігі, елді мекендердің шалғай орналасқандығы, сонымен қатар халықтың үлкен үлесін ауыл тұрғындары құрайтын және қазіргі деңгейде әмбебап қызметін көрсетуде кейбір қиындықтар туғызатын, Қазақстан үшін өте маңызды, қызметті әрі қарай дамыту үшін өз шығынын ақтау және өзін-өзі қаржыландыру принциптерінде экономикалық алғы шартын құруға мүмкіндік туғызады.

Қазпочта басшысының ойынша, Бағдарламаның ойдағыдай орындалуы жалпы қолжетерлік почта байланысының қызметіне сұраныстың өсуіне және почта рыногында бәсекелестің дамуына әкелуге тиіс.

Байланыс саласында Аймақтық байланыс достастығы (АБД). Құрылған жылы: 1991 Штаб-пәтері: Мәскеу (Ресей Федерациясы) Мүшелердің саны: 12

Жоғары органы: АБД Байланыс әкімшіліктері басшыларының кеңесі

Мақсаты: мүшелер арасында ынтымақтастықты күшейту және жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалану.

Почта байланысының операторлар кеңесі (ПБ ОК) АБД жұмыс органы ретінде құрылған. Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:

-почта байланысын пайдалану, техникалық саясат және озық технологияларды енгізу мәселелерінде өзара әрекеттесуін ұйымдастыру;

-почта байланысын дамыту, мемлекетаралық почтамен алмасуда жаңа қызметтер енгізу жөнінде бірлескен инвестициялық жобаларды әзірлеу және жүзеге асыру;



-почта қызметі үшін операторлар арасында өзара есеп айырысу принциптері мен тәртібін жетілдіру, тарифтік саясатты қалыптастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу. «Қазпочта» АҚ Басқарма Төрағасы А.К. Арыстанов ПБ ОК Төрағасының орынбасары болып табылады.

2007 жылдың 13-ші желтоқсанында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің кезекті жылдығына орай «Қазпочта» АҚ ҚР аумағында Ақтөбе облысы Бестамақ ауылында, Шығыс Қазақстан облысы Қатонқарағай ауылында және Қостанай облысы Аманқарағай ауылында үш жаңа салынған ауылдық пошта байланысы бөлімдерін (АПББ), сонымен бірге екі аудандық байланыс тораптары (АПБТ) мен Өскемен қаласындағы бір қалалық пошта бөлімін күрделі жөндеуден өткізіп қайта ашпақшы. 2007 жылы бүкіл республика бойынша барлығы 111 ауылдық пошта баланысы бөлімдері салынды. Келесі жылы компания 272 ауылдық пошта бөлімдерін салып бітіруді жоспарлауда. Бүінгі күні «Қазпочта» АҚ бүкіл республиканы қамтитын 2 500-ден астам ауылдық, 700-ден астам қалалық пошта байланысы бөлімшесі бар кең пошта желісіне ие. Соңғы жылдары «Қазпочта» АҚ Ауылдық жерлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылды дамытуға зор көңіл бөліп, тек пошталық емес, сонымен бірге қаржылық қызметтер спектрі көрсетілетін байланыс бөлімдерін жаңартуда. Пошта байланысы объектілерін салу республикалық бюджеттен және «Қазпочта» АҚ-ның өз қаражатынан қаржыландырылады. 2006 жылы компания 4 АПББ салуды қаржыландырып, жаңа заманға сай пошта байланысы бөлімшесінің тұсаукесері Алматы облысы Іле ауданы Покровка ауылында өтті. Сонымен бірге Алматы облысында ауылдық байланыс бөлімшелерінде тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын орналастыру пилотты жобасы іске асырылды. Қазіргі кезде 3 халыққа қызмет көрсету орталығы – Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында ашылып, облыстың елді мекендерінде тағы 17 орталық ашу жұмыстары аяқталуда. Қазір қазақстандық поштада қызмет түрлерін сапалы түрде көрсету мен поштаны жаңарту үрдісдері жүруде, бұл қызметті жақсартумен ғана шектелмей, пошта байланысы бөлімшелерінің кескінін жақсартуға бағытталған. Байланыс бөлімшелері соңғы компьютерлермен, сапалы телефон байланысымен, өрт сөндіруші, күзет ескертулерімен жабдықталып, операциялық зал, Интернет аймағы, сұрыптау және сақтау орындарымен қамтылған. ААҚО мен «Қазпочта» АҚ филиалдары арасындағы әріптестік жолдары мен құнды қағаздар рыногының даму болашағы 2007 жылдың 31 мамырында ҚР Алматы аймақтық қаржы орталығы (ААҚО) қызметін ретке келтіру жөніндегі Агенттік Төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісовтың «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы басшылығымен кездесуі өткен болатын. ААҚО өкілдері кездесуге қатысушыларды қаржы орталығы жұмысының Қазақстанда құнды қағаздар рыногын дамытуға бағытталған негізгі бағдарлары жөнінде ақпараттандырды. Отандық және шетел компанияларының құнды қағаздарын (акциялар) пошта байланысы желісі арқылы аймақтарда алға жылжыту мақсатында ААҚО мен «Қазпочта» АҚ әріптестігінің даму болашағы мәселесі талқыланды. Халықты ақпараттандыру және ААҚО қор рыноктары мен шетел қорларында сатуға қойылған құнды қағаздарды (акциялар) сатып алу кезінде көмек көрсету үшін жақын арада пошта байланысы тораптары мен бөлімшелерінде ақпараттық-кеңес беру орталықтары желісін ашу қарастырылды. Осы мақсатта аймақтық бизнес орталықтары мен мемлекеттік ұйымдарда ақпараттық-кеңес беру орталықтарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау үшін семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда. Кейін қор рыноктарындағы саудаға қатысушы брокерлік компаниялар арасында және «Қазпочта» АҚ-мен құнды қағаздарды сатып алу-сату бойынша агенттік қызметтерді көрсету жөнінде келісім шартқа қол жеткізіледі. Қазақстанда қалыптасқалы жатқан құнды қағаздар рыногы пошташылар үшін жаңа әрі болашағы мол және тез дамушы сала болып табылатындықтан кеңес соңында қойылған сұрақтар аз болған жоқ.

Қазақстан пошташылары өз жұмысының қорытындыларын Ақтаудағы кеңесте талқылады 2007 жылғы 12-13 сәуір аралығында Ақтау қаласында «Қазпочта» АҚ басқарма құрамының жыл сайынғы кеңесі өтті. Онда еліміздің пошта саласы қызметінің нәтижелері талқыланып, 2007 жылға стратегиялық міндеттер анықталды. Кеңеске «Самұрық» холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы, «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Ульф Вокурка, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Бортник, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі, «Қазақстан байланыс қызметкерлерінің кәсіби одағының» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының қызметін атқарушы Н.Яковлева, Қазпочта әріптестері – «Альянс Банк» АҚ басқарма төрағасының орынбасары К.Жәнібеков, Орталық бухгалтерлер үйі директоры Н.Серкова, «Хоум кредит Қазақстан» АҚ-ның Батыс Қазақстан бойынша аймақтық директоры Р.Галлямов, филиал директорлары, «Қазпочта» АҚ орталық аппараты құрылымдық бөлімшелерінің жетекшілері мен Маңғыстау облыстық филиалының аудандық пошта байланысының жетекшілері қатысқанды. Қазпочта Басқарма Төрағасы Дәурен Молдағалиев өз сөзінде саланың барлық қызметкерлеріне қол жеткен оңды нәтижелер үшін алғысын білдіріп, кеңеске қатысушыларға «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауының аясында пошта саласының даму болашағы туралы» баяндамасын паш етті. Өз кезегінде Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары М.Бортник пошта облыстық филиалының қызметкерлеріне облыс тұрғындарының әлеуметтік жағдайын көтеруге бағытталған бірлескен жұмысы үшін алғысын білдірді. «Шын жүректен барлық пошташыларға кәсіби өсу, стратегиялық міндеттерді атқару мен алға қойған мақсаттарға жетуді тілеймін», - деп атап өтті М.Бортник өз сөзінде. Алғаш рет жыл сайын өтетін басқарма құрамының кеңесінде «Қазпочта» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Вокурка мырза қатысты. Жиналғандардың алдында сөйлеген сөзінде Директорлар кеңесінің төрағасы: «Бүгінгі күні Қоғам алдында тұрған ең бір маңызды міндеттердің бірі – қазақстандық поштаның тұрақты қызметін нығайту мен реформалардың әлеуметтік бағыты», - деп атап өтті. Кеңес барысында Жамбыл, Алматы, Ақтөбе, Қостанай облыстық филиалдары мен «Республикалық арнайы байланыс қызметі» филиалы директорларының есептері тыңдалды. Кеңес соңында 2006 жылғы қаржы-шаруашылық қызметтің қорытындылары бойынша үздік филиалдар анықталып, оларды марапаттау рәсімі өтті. Рейтингтік бағалау нәтижесінде «Жылдың ең үздік филиалы» атағы бойынша гран-приді Ақтөбе облыстық филиалы ұтып алды. Бірінші орынды «Астана почтамты» мен Қарағанды облыстық филиалы бөлісті. Екінші орынды Республикалық арнайы байланыс қызметі, Алматы қ. ПТБ мен Батыс Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Үшінші орынды Алматы почтамты, Алматы облыстық филиалы және Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы бөлісті. Екінші күні қазақстандық поштаның жұмысы, филиалдар мәселелері және 2007 жылдың 4-тоқсанында ИСО 9001:2000 сертификаттау аудитіне сәйкестігіне дайындық мәселелері талқыланған «дөңгелек үстел» ұйымдастырылған. Пошталық қызметтер әрбір мемлекеттің эконмикалық негізінің бөлігі болып табылады. Ал жалпы пошта байланысы мемлекеттің ақпараттық біртұтастығын қамтамасыз етуші шарттардың бірі.

Дүниежүзілік пошта одағының негізгі міндеттерінің бірі – әмбебап пошта қызметін нығайту. Әмбебап пошталық қызметтер экономикалық тиімділікті нығайтады әрі қазіргі жаңа технологиялар ұсынатын мүмкіндіктерге қиындықсыз бейімделеді. Сондықтан сапаға назар аудара отырып және қажетті құралдарды қолдана отырып, біз Қазақстанда әмбебап пошталық қызметтердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге барынша тырысамыз. «Қазпочта» акционерлік қоғамының құрылғанына 15 жыл толды. Осы уақыт аралдығында пошта көптеген қиындықтарға қарамастан дамып, жетіліп, өзінің бүгінгі деңгейіне қол жеткізді. ТМД елдері арасында алғаш рет тиімді пошта-жинақ жүйесі құрастырылды. Басты жетістіктердің бірі – «EMS-Kazpost» қызметі Дүниежүзілік пошта одағы EMS кооперативі сертификациялау жүйесінің «қола» деңгейіне қол жеткізді. 2007 жылдың шілдесінде «Қазпочта» АҚ-да сапа менеджменті жүйесін енгізу кезеңі басталды. Орталық аппарат пен «пилотты аймақ» филиалдары сертификаттау алдындағы аудиттен сәтті өтті. Қараша айында «Русский регистр» сертификаттау бойынша өкілетті ассоциациясы сертификаттау аудитін өткізіп, «Қазпочта» АҚ сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттар талаптарына сай екендігін растады. Қазпочта әлемнің 130-дан астам мемлекеттерінде күші бар IQNet халықаралық сертификаттау органының сертификатын алғаны бір төбе. 2007 жылы Қазпочта Қазақстанның әрбір қалаған азаматы дербес компьютерді рыноктық бағадан әлдеқайда төмен соммаға дербес компьютерді сатып алуға мүмкіндік беретін «Ашық әлем» сияқты жаңа жобаларды жүзеге асыруға қатысты. Жақын арада электронды сауда алаңы жүйесі іске қосылды. Оның негізгі міндеті – тапсырыс берушілер, жеткізушілер мен сауда әріптестеріне электронды қызметтер кешенін көрсету. 45 ауылдық пошта байланысы бөлімшелерінде Интернет жүйесіне қоғамдық қосылу пункттері ашылды. Ауылдық аймақтарды дамыту бағдарламасы аясында бүкіл республика бойынша жаңа буын бөлімшелерін салу, пошталық офистерді күрделі жөндеуден өткізу белсенді жүргізілуде.

Бұл жетістіктердің бәрі – бүкіл «Қазпочта» АҚ ұжымының үйлесімді еңбегінің нәтижесі.

3.Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымын жетілдіру жолдары
3.1 Кәсiпкерлiк инфрақұрылымды қолдаудың әлемдік тәжiрибесi

     


Жаңа жұмыс орындарын құру мен экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету басымдығы тұрғысынан шетелдерде шағын кәсiпкерлiктiң дамуына үлкен мән берiледi.
      БҰҰ-ның даму бағдарламасы бойынша шағын кәсiпорындардың саны барлық кәсiпорындардың жалпы санынан 95 %-ға артық. Әлемдiк экономикада мұндай кәсiпорындардың үлесiне жұмыспен қамтылғандардың 60 % астамы келедi, ал олардың ЖIӨ-дегі үлесi 50 %-ға жетедi.
      Рыноктiк қатынастардың қалыптасуы кезiнде әсiресе шағын кәсiпкерлiк мемлекеттiк қолдауға мұқтаж болатындығына әлемдiк тәжiрибе куә. Бұл ретте, тiреледi бизнестi бәсекеден қорғауға немесе ол үшiн ерекше "жұмсақ" жағдайлар құруға емес технологиялық жетілдірудiң генерациясы фирмаiшiлiк процестi үнемi ынталандыратын және фирманың бәсекеге қабілеттігін арттыру үшiн оқытатын жағдайларды қамтамасыз етушi шағын және орта кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың нысаны мен мақсаты шешушi мәнге ие. Мұны соңғы уақытта экономикада iлгерiлiк жасаған көптеген елдердiң тәжiрибесi көрсетедi.
    Шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау шаралары:

жаңа технологияларға (технологиялар мен экономикалық ақпараттар ұсыну, консультация және оқыту) қол жетiмдiлiктi жеңiлдетуге;


      рынок капиталына (салық жеңiлдiктерi, амортизацияның ерекше нормалары, мемлекеттiк субсидиялар, рыноктiк және жеңiлдiктi кредиттi ставкалар арасындағы айырмашылықты қаржыландыру түрiндегi жеңiлдiкпен кредит беру) қол жетiмдiлiктi жеңiлдету;
      кәсiпкерлiктiң инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдесетiн кластерлiк-желiлiк ұстанымды енгiзу арқылы шағын компаниялар мәселесi бойынша туындайтын проблемаларды шешуге бағытталған.
      Кластерлiк-желiлiк ұстаным негiзiнде шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасы iске асырылған елдер - бұл Италия, АҚШ, Жапония, Германия, Корея, Дания, Ұлыбритания, Франция, Мексика, Чили, Бразилия. Бiрқатар дамыған және дамушы елдерде кластерлiк-желiлiк ұстанымға негiзделген шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау бағдарламасын iске асыруды мысалға келтiремiз.
      1. Италия. Бiрiншi рет кластерлiк-желiлiк ұстаным Италияда 70 жылдар қолданылған. Шағын және орта бизнеске кластерлiк-желiлiк ұстаным тұрғысынан осы ұстанымның дамуы бастау алатын "үшiншi Италия"1 деген атқа ие болған Италияның тәжiрибесi қызық. 70 жылдардың соңында "бiрiншi" және "екiншi" Италия экономикалық дағдарысты басынан өткiздi, елдiң солтүстiк-шығыс және орталық бөлiгi экономикалық өсудiң жоғары түрiн көрсеттi. Негiзiнен шағын және орта кәсiпорындар әрекет ететiн (тоқыма және былғары өндiрiсi, аяқ киiм, керамика және жиһаз өндiрiсi) бiрқатар салаларда қалыптасқан кластерлер шеңберiнде шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi тек ғана жаңа жұмыс орындарын ғана құрып қоймай, экспорт рыногына да шыға алды. Сол уақытта Германия мен Ұлыбританияның iрi кәсiпорындары құлдырауды басынан өткiзiп жатты, "үшiншi Италияның" шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiс пен экспортты арттырды. Бұдан басқа, шағын және орта кәсiпкерлiк кластерлерi өндiрiстiк процеске инновацияларды енгiзуге қабiлеттi болып шықты.
1 "Бiрiншi Италия" - Италияның дәстүрлi бай солтүстiк-батыс бөлiгi, "екiншi Италия" - елдiң кедей оңтүстік бөлiгi.
      2. АҚШ. ЖҰӨ-нiң 50 %-нан астамы, инновациялардың жартысынан астамы, ұлттық жұмысшы күшiнiң 2/3 астамы шағын кәсiпкерлiкке тартылған. AҚШ-та шағын кәсiпкерлiк ел экономикасын оңалтуда шешушi рөл атқарды. Бұл үшiн АҚШ-та аталған сектордың дамуына көмек беретiн құрылым - АҚШ шағын бизнес әкiмшiлiгi (1953 жылы құрылған) бар. Сапалы, клиентке бағытталған кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру және кәсiпкерлер қоғамдастығын барлық жаңалықтар туралы уақтылы хабардар ету - қызметтiң мәнi.
      3. Жапония. Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесi барлық компаниялар санының 99,6 %-ын, ЖIӨ-нiң 55 %-ын және өнеркәсіпке жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын құрайды. Шағын кәсiпорындарға қатысты мемлекеттiк саясатты iске асыру үшiн шағын және орта кәсiпкерлiкке қатысты мемлекеттік саясатты iске асыратын мамандандырылған органдар желiсi құрылды.
      Жапонияда шағын және орта кәсiпкерлiкті қолдаудың негiзгi шаралары:
      ШОБ-ты жаңғырту үшiн кредиттер мен жеңiлдiктi кредиттерге кепiлдiк беру және сақтандыру жүйесі арқылы қаржыландыру қол жетiмділiктi жеңiлдету (20 жылға 1,05 %-дық ставкамен);
      бизнес-инкубаторлар құру, салық салу, және менеджмент, персоналды басқару және рыноктағы ахуал туралы ақпарат, сондай-ақ оқыту бағдарламаларын ұсыну мәселелерi бойынша қысқа мерзiмдi негізде мамандарды ұсынумен инвестициялық жобаларды бағалау арқылы бизнесті қолдау жүйесiн құру;
      техникалық көмек, қаржылық және заңнамалық қолдау арқылы жаңа және венчурлық бизнес құруды ынталандыру;
      жаңа әзiрлемелердi коммерциализациялауды қолдау мен ғылыми oртa, бизнес және үкiмет арасындағы ынтымақтастықты ынталандыру арқылы технологиялардың дамуын қолдау;
      пайыздық төмен ставкалар бойынша субсидиялау және кредит беру арқылы бизнесте инновацияларды қолдау, венчурлық жобаларға мемлекеттiң қатысуы және зерттеу кәсiпорындары үшiн патенттiк төлемдердi төмендету.
      Жапонияда зерттеулердi дамыту деңгейi бойынша жетекшi рөлдi технопарктер алады. 70 % шамасында жапондық технопарктер өңiрлердегi шағын кәсiпкерлiк кәсiпорындарын қолдау үшiн құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы өнiмдер өндiруге бағытталған.
      4. Германия. Германдық кластерлiк-желiлiк ұстанымды қолдаудың негізгi қағидаттары - бұл мынадай рыноктiк тетiктерге:
      мемлекеттік қолдауға емес шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;
      тиiмсiз кәсiпорындар рыноктан кетуi керек;
      шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттiң қаржылай көмек беруi үшiн негiзгi талап - кредитке қабiлеттiлiкке тiрек болады.
      5. Корея. Барлық компаниялардың 99,5 %-ын құрайтын 3 млн. шағын және орта кәсiпкерлiк субъектiлерi бар. Соның iшiнде шағын компаниялардың үлесi 97 % құрайды. Оңтүстік Кореяда шағын компаниялар жұмысқа орналастырудың маңызды көзi болып табылады, өйткенi онда елдiң экономикалық белсендi халқының 87 %-ы жұмыспен қамтылған (10 млн. астам). Шағын және орта кәсiпкерлiктiң үлесiне елдiң ЖIӨ-нiң жартысы және оңтүстiккореялық экспорттың 43 % тиесiлi.
      6. Израиль. Қолдау инфрақұрылымының объектілерi құрылған, олардың көпшiлiгi мемлекеттiк. Кәсiпорындарды қаржыландыруға көмек беретiн мемлекеттiк және бiрнеше жеке қорлар бар, ал мемлекеттiк субсидия бизнестi жүргiзу үшiн қажеттi қаражаттың 3/4-iн құрайды, 1/4-i - кәсiпкердiң салған қаражаты.
      Бизнес-инкубаторларды қолдайтын венчурлық қорлар бар, оларда алдымен жаңа инновациялық жобалар жасалады.
      Осылайша, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар мемлекет ғылыми-техникалық салалардың дамуын қолдайтын және мұндай саясаттың алдына шаруашылық жүйенi оңтайландыру мен ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiне бейiмдеу мiндетi қойылған елдерде жақсы дамыған.
      Ғылыми-өнеркәсiптiк парктер болашақтағы технополистердiң - озық технологиялар, ғылыми зерттеулер мен жобалау-құрастыру әзiрлемелерi қалаларының қазiргі үлгiлерi болып табылады. Өтпелi экономикалы көптеген дамушы мемлекеттер мен елдер үшiн ғылыми-өнеркәсіптік парктердi дамыту басымдығының стратегиясы - бұл жоғары технологиялық деңгейдiң өңiрлiк орталықтар желiсiн дамыту, барлық ұлттық шаруашылықты зияткерлендiру негiзiнде қызметтің жаңа салаларында iлгерiлеу.
      Технополистерде ғылым, жоғары технологиялар, дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім тапқан және шығармашыл, жан жақты дамыған адамдардың жаңа қоғамы құрылады.

Дамыған елдердің көпшілігіне экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын бизнесті жан – жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80 – нен 90% - ға деңгейі мөлшерді қамтып,елдің жалпы ұлттық өнімнің 50% - ға жуығын өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге икемділігі – ғылыми – техникалық прогрестің негізгі бір қозғаушы күшінің айналған. Мысалы, жапондық мамандардың есептелуінше екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер қатарына қосылуына бірден – бір себепші болған нәрсе – шаған кәсіпорындарды дамыту. 1980 жылдардың 2 – жартысында Жапонияның тек өндіруші өнеркәсібінде ғана 6,5 млн. шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен немесе бұл олардың жалпы санының 99 % - ға дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда 40 млн.адам жұмыс істейді, яғни бұл осы салада жұмыскерлердің 81 % - ы болып табылады.

Концерндер мен басқа да ірі кәсіпорындар Жапония экономикасы «аисбергінің шыңы» ғана деп айтуға болады.Бұл жерде ірі және шағын бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай, сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу негізінде бірін – бірі толықтырып отырады. Жапонияда бірқатар саласында, атап айтқанда, аяқ киім, тігін және гелантерия өндірісінде, дәрі – дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада, қызмет көрсету саласында өндірістік және тұрмыстық техникаларды жинап, жөндеп, қалпына келтіруде шағын бизнес басым орын алды.

Әсіресе соңғы кезеңдерде АҚШ – та да бизнес кеңінен дапып отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға дейінгі шағын және орта фирмалардың 99% - ын құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ, көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар. Мұндай фирмалардың 84 % - ы саны жиырмадан аспайтын, ал 80 % - да оннан аспайтын адам жұмыс істеді. АҚШ – та шағын фирмалардын өсуі жылдың өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын фирмалар құрылды. Мұның алдындағы жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа кәсіпорын өмірге келіп отырған.

АҚШ – та шағын және орта фирмалар ЖҰӨ - нің 40 % - ын өндіреді, оның ішінде өңдеуші өнеркәсіпте – 2,1 %, құрылыста 80 %, көтерме саудада – 86 %, қызмет көрсету – 81 %.

АҚШ экономикасында олар ғылыми – техникалық прогресс саласына жататын барлық жаңалықтарды жасаудың, игерудің және өндіріске енгізудің тең жатысына жуығына қамтамасыз етеді.

Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен меншік құқы мен кәсіпорындарды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады. Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айырмашылығы, оның көлемінің шектеулілігі, қожойын мен жұмыскер арамындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделілігін, ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы иесі болғандықтан ғана емес, сонымен біге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оның ұйымдастыруға барлық жағынан қалыптасуынан көрінеді. Төртіншіден, істі жанұялық негізде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтжелі ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтау. Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алынатын болса, ал шағын және орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады.

Шағын кәсіпкерліктің жоғарыда аталғандай сапалық жақтарымен бірге сандық жағынан да сипаттамалары бар. Олар екі көрсеткішке негізделген: жылдық айналмым сомасы мен еңбекпен қамтылғандар саны. Германияда қабылданған есептеу әдістемеміне сәйкес халық шаруашылығының бұл секторыны мыналар жатқызылады.:

белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке мемандық иелері (дәрәгерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз,өнер қызметкерлері және т.б.);

жұмыс істейтіндер саны 1 ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;

жұмыс істейтіндер саны 50 ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. – нан 100 млн. – ға дейінгі марка болатын орта кәсіпорындар.

Германияда жоғарыда көрсетілен статистикалық есептеу тәртібіне байланысты 1,9 млн. шағын және орта кәсіпорын жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының салалары бойынша мынандай негізде бөлінеді: қол өнерінде 665000 мың, еркін мамандық секторы – 360 мың.

Елдегі шағын және орта бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден, барлық еңбекке жарамды адамның 2/3 – бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің ЖІӨ - нің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірісті оқу орындарының 85 % - ын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлмен анықталады.

Шағын кәсіпкерліктің барлық кешенді ішкі және сыртқы проблемаларды олардың өз күшімен шешілуі мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде:

Еуропалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;

Технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмысты күрделене қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты қағида - өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның мақсаты – шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсеке қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынандай шараларды атап өтуге болады:

Германияның федералды үкіметі құрылымдық – саяси шараларды іс жүзіне асырып отыр. Олар шағын яирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта фирмалардың ұстанымдарын нығайтуға бірнеше рет қайта қаралған – картельді құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство, біріншіден, ірі фирманың бір – біріне қосылып кетуін қатаң бақылыап отырады; екіншіден, орынсыз – тыйым салуды алып тастап, шағын және орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды.

Шағын кәсіпорынға қолдау жасаудағы құрылымдық – саяси шаралардың екінші бір құрамды бөлігі – мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудығы олардың құқықтық жағынан олардың теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырыстарды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын растайтын ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты өздеріне қысым көрсетілген болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді заңды түрде ретке келтіруі үшн тиісті орындарға шағым жасауына болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда саласында қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

Жалпы кәсіпкерліктің экономикалық белсенділігі мен әлеуметтік бағдар ұстауының кепілі оның өздігінен қоғамның орташа топтарына жататындығы емес, оның дәулеті мен тұрмысының нақты шынайы меншікке негізделуі болып табылады. Қазір уақытта шағын кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Сонымен бірге кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған шешімдерді орындауда іркіліс байқалады. Бұл жерде басты себеп – бюрократиялық қысымдар. Осындай және басқа да себептерге байланысты кәсіпкерлер бөлігі жасырын салаға өтіп жатыр. Осы жағдайда ескеретін жәйт, кәсіпкерлердің құқығын қорғайтын жүйе жасау, тексеруші органдардың және рұқсат беруші құжаттардың санын азайту. Кәсіпкерлердің жетпіс пайызы оларды қолдайтын аймақтық бағдарлама туралы хабары жоқ. Мұның өзі әкімдер жұмысы формальді сипатта жүретінін көрсетеді. Кәсіпкерліктің күрделі мәселелерінің бірі – несиелік ресурстарды алудың қиындығы. Себебі несие алу үшін кепілге қоятын мүлік, бизнес-жоспар жоқ. Осы себептен банктерде шағын және орта кәсіпкерлікті қаржыландыруға асықпайды.

Тұрақты экономикалық жүйеде кәсіпкерлік: динамикалық түрде дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне бейімделеді, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады, мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді. Заңдық құжаттарда көрсетілгендей, кәсіпкерлік - өзінің, қарызға алынған және де басқа мүліктері мен құралдар есебінен қызметке қатысушы тұлғалардың бәріне бірдей жақсы нәтиже мен табыс әкелетін ынталы шаруашылық немесе басқадай қызмет түрі. Кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып заңды тұлғалар, Қазақстан және басқа елдердің азаматтары, шетелдік заңды тұлғалар табылады. Кәсіпкерлер өз ынтасы бойынша өз иелігіндегі мүліктерді пайдалану бойынша барлық шешімдер мен іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар. Кәсіпкерлер қызметінің өрісі, заңға қайшылық етпесе шектелмейді. Республикада кәсіпкерлік құрылымдар құрылған. Олар: Кәсіпкерлер Конгресі, Қазақстан өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің Одағы, Шағын кәсіпорындар Одағы, т.б. Кәсіпкер азаматтармен, олардың еңбегін қолдану шарт бекіте алады. Бұл кезде оларды сәйкес еңбек жағдайымен, еңбек ақысымен қамтамасыз етуі тиіс, сонымен қатар басқа әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер ұсынуы қажет.



Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 маусымындағы «Кәсіпкерлік қызмет бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді іске асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы» жарлығында кәсіпкерлік қызметте мемлекеттік кепілдіктерді қолдау мен қорғауды қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың лауазым иелерінің жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалардың қызметіне негізсіз араласу фактілерін болғызбау мақсаты көзделген. Кәсіпкерліктің орын алар жері – ең алдымен кәсіпорын. Қазіргі өтпелі нарық қоғамында өнеркәсіп ошақтарын оңалту, демеу және қаржылай сауықтыру үрдісі жүргізілуде. Ендігі кезде тұралаған кәсіпорындарды банкроттыққа ұшырату, яғни оның дерменсіздігін белгілеп, таратуға негіз салу маңызды. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы – ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда кәсіпкер жеке тұлға ретінде кәсіпорынның мәртебесін иеленбей-ақ, өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір түрі – жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай формасында мекеме құру құқы кез келген азаматта бар. Бұл үшін жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп, заңды тұлға мәртебесін алады.

Қолданған әдебиеттер тізімі

  1. К.Б. Бердалиев «Қазақстан экономикасын басқару негіздері», Алматы «Экономика», 2001ж.

  2. Г.С. Смағұлова «Аймақтық экономиканы басқару мәселелері», оқу құралы, Алматы 2005 ж.

  3. С.С.Сахариев, А.С.Сахариева «Жаңа кезең – экономикалық теориясы» (оқулық), Алматы «Данекер» 2004ж.

  4. «Қазақстан – 2030» стратегиясы.

  5. Д.Қ. Қабдиев, «Экономикалық саясат» Лекциялар, Алматы 2002ж. «Экономика».

  6. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері»Алматы, Экономика, 2002ж.

  7. М.Б. Бисенғазин, А.Ш. Хамитов «Кәсіпкерлік негіздері»

  8. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов «Кәсіпорынның экономикасы», Алматы, 2003ж.

  9. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-Ақтөбе -2002.

  10. «Кәсіпорын экономикасы» Оразалин К.Ж. Алматы 2007ж.

  11. «Кәсіпкерлік» Бисенғазиев М.Б.

  12. «Қазпочта» акционерлік қоғамы туралы ақпарат

  13. Годовой отчёт АО «Казпочта» за 2004-2005 годы.

  14. План развития акционерного общества «Казпочта» с 2002 по 2010 годы.

  15. Отчет о результатах финансово-хозяйственной деятельности АО «Казпочта» за 2005 - 2006 годы.

  16. Бухгалтерский баланс АО «Казпочта» за 2005 год.

  17. Отчет о доходах и расходах АО «Казпочта» за 2005 год.

  18. Отчёт о движении денег АО «Казпочта» за 2005 год.

  19. Отчёт об изменениях в собственном капитале АО «Казпочта» за 2005 год.

  20. План развития АО «Казпочта» на 2006 - 2008 годы.

  21. Пояснительная записка к Отчету по итогам за 6 месяцев 2006 года.

  22. ҚР үкіметінің 2007-2009 ж.ж арналған бағдарламасы

  23. www.e.gov.kz

  24. www.kase.kz

  25. www.googl.kz

  26. www.RFCA.kz





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет