Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі
есеп комитетінің
2016 жылғы 31 наурыздағы
№ 5-НҚ нормативтік
қаулысына 12-қосымша
300. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты
1. Осы Қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың рәсімдік стандарты (бұдан әрі - Стандарт) сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары (бұдан әрі - аудит органдары) жүзеге асыратын шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілік аудитін жүргізудің қағидаттары мен тәсілдерін айқындайды.
2. Стандарт Қазақстан Республикасының сыртқы мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес және ISSAI 100 «Мемлекеттік сектордағы аудиттің негізгі қағидаттары», ISSAI 200 «Қаржылық аудиттің түбегейлі қағидаттары», ISSAI 1000 «Қаржылық аудитін жүргізу бойынша ұсынымдар», ISSAI 1300 «Қаржылық есептілік аудитін жоспарлау», ISSAI 1230 «Аудиторлық құжаттама», ISSAI 1500 «Аудиторлық дәлелдемелер» және т.б. қоса алғанда, Халықаралық жоғары аудит органдары ұйымы (INTOSAI) бекітетін Халықаралық стандарттардың (ISSAI) қолайлы ережелерінің негізінде әзірленді.
3. Стандарттың мақсаты қаржылық есептілік аудитін жүргізудің және оның нәтижелері бойынша есеп дайындаудың бірыңғай қағидаттары мен талаптарын белгілеу болып табылады.
4. Осы Стандарттың күші мемлекеттік аудиторларға және сарапшыларға (аудиторлық ұйымдар, мемлекеттік органдардың мамандары және аудит органдары тиісті бейіні бойынша мемлекеттік аудит жүргізуге тартатын басқа да заңды, жеке тұлғалар) қолданылады.
5. Қаржылық есептілік аудитін жүргізу барысында, соның ішінде осы Рәсімдік стандартта мынадай ұғымдар пайдаланылады:
|
Достарыңызбен бөлісу: |