Тәрбие үдерісін ғылыми- әдістемелік қамтамасыз ету
1.Сынып жетекшісінің өзін-өзі тәрбиелеуі мен өздігімен білім алу қажеттігін сезіндіретін және оған дайындалудың шарттарын
атаңыздар.
1. Сыныптағы оқушылардың талап тілектері мен мүдделерін жеке олардың жеке
басының ерекшеліктерін жан-жақты зерттеп білу.
2. Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы
жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3. Сыныптағы мән мұгалімдері мен мектеп әкімшілігін жәнс оқушылардың ата-
аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру, окушыларға қоятын педагогикалық
талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
4. Тәрбие үрдісінде мектептің, жанұя мен жұртшылықтың тығыз қарым-
қатынасын қамтамасыз ету.
5. Оқушылардың ата-аналарымен үнемі байланыс жасап, жанұядағы бала
тәрбиесіне байланысты педагогикалық оку насихат жұміыстарын жүргізу.
6. Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектепттен тыс әр алуан тәрбие
жұмыстарын ұйымдастыру.
7. Тәрбие мен өзін-өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтастығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін
қамтамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы - ұлттық тәлім-тәрбиені сынып жетекшісі
қызметінің маңызды компонентерінің бірі ретінде қарастыру т.б.
Сьнып жетекшісінің негізгі міндеттерімен толығырақ таныс болу үшін
"Класс жетекшісінің жұмысы туралы" методикалық хатпен, жалпы білім беретін
орта мектептердін Жарғысымен т.б. көптеген құжаттармен таныс болу қажет.
Олардың тізімі әдебиеттер бөліміндс көрсетіледі.
Дұрыс тәрбие - балаға өмір бойы азық. Сол дұрыс тәрбиені
ұйымдастыратын басты тұлға - мектептегі сынып жетекшісі. Кеңес өкіметі
орнағанға дейін патшалық Россиядағы оқу мекемелерінде арнайы тәрбие жұмысын
ұйымдастырушылар болмады. Оқушыларды тәрбиелеу ісі үйретуші - ұстаздарға
(ерлер гимназияларында), ханымдарға (әйелдер гимназияларында) өз оқушыларын
бақылап, олардың тәртібіне жауап беру міндеті жүктелген. Кеңес дәуірінің
алғашқы кезеңдерінде сынып жетекшісі деген қызмет болмады. Оқушылармен
тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру мен өткізу мұғалімдердің бәріне бірдей
жүктелді. Оларды топ жетскшілері деп атады
Сынып жетекшінің ата-аналармен атқаратын жұмыстарының мазмұны мен
міндеттері.
Ата-аналармен жүргізетін жұмыстағы сынып жетекшісінің негізгі
міндеттері мен қызметі. В.А. Сухомлинский оқушылардың ата-аналарымен жұмыс
істеудің маңызына ерекше назар аударып; Тек ата-аналармен бірге. жалпы,
күш-жігерді біріктіру арқасында мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бакыт
беруі мүмкін,-дейді. Олай болса, отбасы мектеппен бірге тәрбиелік ортаның
тұтастай негізгі ықпал ету факторларын жасайды. Сондықтан да педагогикалық
әрекетте мектептің жалпы міндеттерінің көлемінің тым кеңдігіне қарамастан,
ата-аналармен жұмыстың маңызы ерекше.
Қазіргі мектепте жағдай көптеп өзгеруде: Оқу жәнс тәрбие процесінің
құрылымы мен мазмұны соған сай мұғалімдер мен оқушылардың көзкарастары,
олардың өзара карым-катынасы сабактың формалары мен өткізу технологиясы,
көптеген оку пәндерін оқытудағы жана көзқарас, сонымен қатар сыныптан тыс
тәрбие жұмысы. Бүгінде мектептің ата-аналармен жұмысының кейбір дәстүрлі
түрлері өзінің маңызын жоюда: ата-аналар жиналысы, ата-аналар лекториясы
мен университтері, ата-аналардың ашық күні, ата-аналардың жұмыс орындарымен
байланыс баланың отбасына бару т .с.с. Дегенмен де тәжірибелі
мұғалімдердің көз қарастарында, ол олай болуы тиіс емес еді. Соған орай
түйіні шешілмеген мәселелерді шешуде мұғалімдер мен оқушылар, ата-аналар
мен оқушылар өзара байланыссыз жалпы қалып отыр. Әсіресе, мұндай жағдай
мұғалімдердің ата-аналармен ынтымақтастық қарым-қатынасына кері әсерін
тигізуде. Бүгінде бала тәрбиесінде олардың бір-біріне айтар ақыл кеңесі
ауадай қажет болып отыр. Сондыктан да ата-аналар балаларды тәрбиелеу ісінде
мектеппен қарым-қатынас, тікелей байланыс жасауды басты міндетіміз деп
есептеуі тиіс, өйткені, олардың өз балаларын тәрбиелеудегі жетістіктері
сынып, мектеп ұжымдарының оку-тәрбие процесінің мазмұнын, сапасын және
тиімділігін жақсарту үшін отбасы мен мектептің ынтымақтасып жұмыс
істеулерін кажет етеді.
Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының бірнеше нысандары бар. Мектеп пен
отбасы байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда күнделікті
өмір, еңбек, демалыс, оқушылардың бос уакыты, кәсіптік бағдар, оқу және
тәрбие жұмысы, т.б. талқыланып оларды әрлуан әрі жетілдірудің нақты жолдары
қарастырылады. Сынып ата-аналар жиналысында ата-аналар комитеті, олардың
төрагасы сайланады. Байланыс нысандарының бірі-педагогтардың окушылар үйіне
баруы. Мектеп пен отбасы ынтымақтастығының тағы бір түрі-педагогикалық
насихат, яғни ата-аналарға педагикалық білім беру. Қазіргі ата-аналар және
қалың бұқара арасындағы психологиялық және педагогикалық білімді
насихаттаудың маңызы өтс зор. Насихат жұмысы оқыту мен тәрбие міндеттерін
шешуге әсер етеді. Н.К. Крупская ата-аналарды педагогикалық минимуммен
қаруландырудың қажет екенін бірінші рет айтқан болатын. Тәрбие процесінде
жеке адамның қалыптасуына ата-аналардың ықпалы олардың жалпы және
педагогикалық мәдениетіне байланысты. Осы тұрғыдан педагогикалық-
психологиялық білім негіздерімен міндеттердің бірі. Мектептің ата-аналар
комитеті мұғалімдерге, ата-аналарға көмектесіп, балалардың тұрған жеріндегі
жұмыстарды ұйымдастыруға қатысып, ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын
пікірталастарды, балалар мерекелерін өткізуге арналған дайындык жұмыстарына
қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |