Xx ғасырдың басындағы қазақ мəдениеті



Pdf көрінісі
Дата02.04.2024
өлшемі225.5 Kb.
#497332
581906.pptx



 
“XX ғасырдың басындағы қазақ мəдениеті” 
Орындаған: Жолдыбек Айбар 
Тексерген: Нургожин Б.Е 
АСТАНА 2024
Астана Халықаралық Университеті


Адамзат тарихында XX ғасыр мəдениетінің алатын 
орны ерекше. Өйткені, бұл кезең тарихи оқиғаларға, 
қантөгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы 
сындарлы заман болды. Ғылым мен техниканың қарышты 
қадамы, жарқын болашаққа деген сенім өркениетті 
дамыған елдерде біртұтас жалпы адамзаттық мəдениеттің 
дамып, қалыптасуына əсерін тигізбей қойған жоқ. Ғасыр 
аяғында планетамызда парасаттылық пен ізгіліктің кеңінен 
өріс алуы жалпы адамзаттық мəдениеттің дамуына жəне 
оның ұлттық түрлерінің нəрленуіне, олардың өзара қарым-
қатынастарының жаңа арнаға түсуіне ерекше əсер етті. 
Қазақ мəдениеті XX ғасырды əрі үмітпен, əрі түңілумен 
қ а р с ы а л д ы . Д ү н и е ж ү з і л і к т е х н и к а л ы қ ж ə н е 
демократиялық прогресс Азия орталығына да жете 
бастады. 
XX ғасыр мəдениеті



XX ғасырдың басында С.Сейфуллин, І. Жансүгіров, Б. 
Майлин, М. Əуезов өздерінің алғашқы шығармаларын 
жариялады. Кейін бұлар кеңес өкіметі кезеңіндегі қазақ 
əдебиетінің негізін қалаушыларға айналды.

Қазақ халқы музыкалық мəдениеті: сазгерлер Құрманғазы, 
Дəулеткерей, Дина Нүрпеисова, Тəттімбет, Қазанғап, 
Ықыластың өлмес күйлері жарық көрді. 

Қазақ баспасөзінің дамуы күшейді. Мысалы, 
1911 жылы бірінші қазақ журналы “Айқап” жарық
көрді,өмір сүрген төрт жыл ішінде оның 88 нөмірі
шықты. 
1913-1918 жылдары “Қазақ” газеті шығып тұрды.
XX ғасыр ─ өрлеу кезеңі


XX ғасыр басындағы халық мəдениетіндегі жан-жақты 
дамыған сала─музыкалық мəдениет. Қазақ музыкасын 
дамытуға үлес қосқандар: Кенен Əзірбаев, Балуан Шолақ, 
Дина Нүрпейісова, Ыбырай Сандыбаев, Сүгір, қазақтың 
бұлбұлы Майра Шамсутдинова, Қали Байжанов, Манарбек 
Ержанов, Əміре Қашаубаев, т.б. 
Естайдың “Майдақоңыры”, Динаның “Көңіл ашары” 
мен “Əскерге алу” күйлері шықты. Үкілі Ыбырайдың 
“Гəкку” əні сүйіспеншіліктің өзіндік əнұранына айналды. 
Мұхиттың “Зəуреші” нағыз “Реквием” саналды.
(А.Жұбановтың сипаттамасы). Абай мен Мұсаның əндері 
еуропалық музыкалық мəдениет элементтеріне бай 
екендігімен ерекшеленеді

XX ғасырдың басындағы қазақ музыкасы


XX ғасырдың бас кезінде өлке халқының негізгі 
к ө п ш і л і г і о қ и д а , ж а з а д а а л ма д ы . С о н д ы қ т а н 
революциядан соң бірден ересектерді оқыту үшін 
сектептер мен курстар ашыла бастады.Əулие –Ата қалалық 
жқмысшы жəне солдат депутаттары кеңесі жылы 
қарашада сауат ашу мектебін ашу туралы мəселе қарап, 
бұл мақсатқа қажетті ақша қаржысын бөлу туралы шешім 
қабылдады. Жылдың бас кезінде Верныйда, Семейде, 
Ақмолада жəне т.б. жерлерде сауатсыздар үшін мектептер 
ашылды.
XX ғасырдың басында бастауыш мектептер 
бойынша жан басына шаққанда бөлінген қаражат мөлшері: 
Торғай облысы─ 6,9 тиын, Ақмола─2,5 тиын, Жетісу1,9 
тиын, Сырдария─1,8 тиын.
XX ғасырдағы сауатсыздықпен күрес


Көшпелі мал шаруашылығы мен суармалы егіншілік 
Қазақстан тайпаларының бірыңғай мəдениетінің негізін 
қалады.Қазақ халқының мəдениетіне көрші халықтардың, 
əсіресе, Еділ маңы, Сібір жəне Орта Азия халықтарының 
мəдениеті едəуір ықпал етті.Сондай ақ мұсылмандық 
мəдениет те айтарлықтай із қалдырды
.
XV-XX ғасырдың 
басында Қазақстанда қазақ далаларының ежелгі тайпалары 
мəдениетінің таңдаулы дəстүрлеріне негізделген бірыңғай 
мəдениет іс əрекетте болды.
Көрші халықтары мəдениетінің əсер етуі


1.
А.К. Ақышев “Қазақстан тарихы” очерктері, 1994 жыл 
“Дəуір” баспасы. 
2.
“Қазақтың дəстүрлі мəдениеті” 
3.
“Мəдениеттану” 
4.
“Қазақстан тарихы” Шың кітабы,2005 жыл. 
5.
http/www.google.kz
Қолданылған əдебиеттер:


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет