Емші құмырсқалар.
Күн ыстық, көптен жаңбыр жаумай тұр.орман ішінде саңырауқұлақтар болар-ау деген оймен, себет ала шыққанмын.Аралап келемін, ештеңе кезіге қоймады.Қалың ну арасынан бір алаңқай көрінді.Соған таяндым.Мұндай жерден ылғи да бір құбылыстар ұшыратуға болады,үстінен тұстім.Сондағы құмырсқа илеуіне бір қара қарға аунап жатыр.Бұл не? Әлде жараланып, илеуге жығылған соң,құмырсқалар талап жатыр ма? Байқаймын, олай емес.Қарға біресе бір жамбасына, біресе екінші жамбасына аунап түседі де, күнге аунаған тауықтай рахаттанып сілкініп-сілкініп қояды.Құмырсқа жабыла таласа да, соған шыдап баққан тәрізді.Қара қарға онымен қоймай,құмырсқаларды тұмсығымен іліп алып,қанатының астына тығады.Қарға бірнеше минут осылайша құмырсқа илеуінде жатты да, бір бұтаққа барып қонды.Сонан соң шаңды бұрқырата әбден сілкініп алды да,қауырсындарын тарақтап болып ұшып кетті.Қара қарға сияқты басқа құстар да өз денесіне қан сорғыш насекомдарды құрту үшін құмырсқа илеуін осылайша емхана ретінде пайдаланады.Ал құмырсқа илеуіндегі қышқыл да,қан сорғыш насекомдарды жойып жібереді. Құмырсқа – құстардың нағыз емшісі.Бұл да табиғат қажеті.
Ақ тоқаш.
Түс кезі.Екі дос мектептен қайтты.Қызу әңгімелесіп, тым көңілді келеді.Екеуінің қолында ішінде шұжығы бар ақ тоқаш.Сөз арасында ұрттары бұлт-бұлт етіп,қаужалап қояды.Қажыкен нанның бір кішкене қалдығын қағазға орап, сөмкесіне салып қойды.Ал Болат өзі тойғаннан кейін тоқашының қалғанын бір кескен шұжығымен жолға қарай лақтырып жіберді.Оның үстіне тоқашты доп етіп теуіп,қуалай жөнелді.Нанды домалатып біраз жерге апарып тастады.Қажыкен досын қуып жетіп, оған ұрысты.Ағыл-тегіл байлық, мыңдаған адамдардың еңбегі, маңдай тері соны бағалай біліп, нанға ұқыпты қарау керек екендігін түсіндірді.Қателігін кеш түсінген досы басын төмен салып, артта ілбіп келе жатты.
Қазақстанның рәмiздерi.
Қазақстан егемендi ел. Мемлекеттiк тiлi – қазақ тiлi. Бiздiң елiмiзде көптеген ұлттар тұрады. Қазақстанның рәмiздерi өте әдемi. Елтаңбасы, жалауы ерекше. Қазақстандықтар әнұранды бiлу керек. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Он алтынша желтоқсан – Тәуелсіздік күні.
(32 сөз)
Достарыңызбен бөлісу: |