1. Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің маңызы мен міндеттері
2. Сөздің дыбыстық мәдениетін тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Сөздің дыбыстық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны мен міндеттері
Тіл мәдениеті дегеніміз
-тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі, яғни, сөйлеген кездегі сауаттылық, фонетикалық., орфографиялық, орпоэпиялық, морфологиялық заңдылықтар мен нормаларды, стилдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану деген сөз.
-Н. Уәлиұлы «тіл мәдениеті дегеніміз сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айыру шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық», деп анықтама береді
Дыбыстау мәдениеті дегеніміз –– сөйлеу барысында барлық тілдік құралдарды (дыбыстарды дұрыс айту, мәнерлеп сөйлеу тәсілдерін есту қабілеттерін жетілдіру, дұрыс тыныс алу) орынды пайдалана білу. Дыбыстау мәдениеті балаларда сәби шағынан бастап бірте-бірте қалыптасады. Баланың дыбыстарды, буындарды жеке сөздерді айтып үйренуі оның сөйлеу аппаратының жетілуімен қатар жүреді, бірақ барлық топтағы балаларда дыбыстарды дұрыс айту процесі бірден қалыптаспайды. Сондықтан да жеке дыбыстарды айтудағы қателіктер жиі кездеседі. Бала тілінің дыбыстық мәдениетін дұрыс қалыптастыру үшін тәрбиеші алдымен тіліміздегі дыбыстардың жасалуының ерекшеліктерін өзі жақсы білуі қажет.
Зерттеуші ғалымдар
Баланың туғаннан бастап дыбыстарды қалай қабылдап ,қалай қолданатынына бақылау жасап зерттеулер жазғандар: Д.Б. Эльконин, Ф.И.Фрадкина, В.И.Бельтюков,А.Н.Гвоздев, М.Хватцев
Олардың тұжырымдауынша бала алдымен сөздер мен фразалардың ырғақты-әуенді қабылдайды.
Тілдің дыбыстық мәдениеті туралы О.И.Соловьева, А.М.Бородич, А.Максаков пен М.Ф.Фомичевалардың еңбектерінде кеңінен айтылған.С.Карпова деген зерт. Сәбилік шақта баланың бағдарлау –зерттеу белсендігі тілдің дыбыстық жағынан болса,ортаңғы және жоғары топтарда сөздерің мағыналық жағына ауады дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |