О. К. Рахимжанова Өткізген: А.Қисметова; А. Нұрланқызы Өтетін күні: Пікір алмасу "Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз не?" Атырау, 2022ж Тақырыбы: Қарым қатынас мәдениеті дегеніміз не? Сабақ



Дата26.09.2022
өлшемі16.38 Kb.
#461374
түріСабақ
қарым қатынас


Бекітемін”
ДТЖО: О.А.Джумагалиева
Сыныбы: 6 “А”
Сынып жетекшісі: О.К.Рахимжанова
Өткізген: А.Қисметова; А.Нұрланқызы
Өтетін күні:

Пікір алмасу
“Қарым-қатынас мәдениеті дегеніміз не?”

Атырау, 2022ж


Тақырыбы: Қарым - қатынас мәдениеті дегеніміз не?


Сабақ түрі: Пікір алмасу
Мақсаты: Оқушыларды мектепте, отбасында, қоршаған ортада өзара қарым - қатынастарын жақсартуға үйрету. Адами қасиеттер мен адамгершілікке үйрету.
Көрнекіліктер: Оқулық, дәптер, үнтаспа, түрлі - түсті қағаздан жасалынған жүрекшелер.
Шаттық шеңбері: Балалар барлығы дәстүрлі шаттық шеңберіне тұрып жақсы, жағымды көңіл - күймен бір-біріне жақсы тілектер айтады.

Күн сәулесі төгілгені әдемі,


Кемпірқосақ керілгені әдемі.
Көк шалғында асыр салып жүргенде,
Көк көбелек көрінеді әдемі.
Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,
Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.
Қариялар жол үстінде кездесіп,
Амандықты сұрасқаны әдемі.
Бұлбұл құстың сайрағаны адемі,
Қозы - лақтың ойнағаны адемі.
Ақ боз атын ерттіп мініп атамның
Қойды өріске айдағаны әдемі.

Әңгімелесу: Оқушылырдың адамдар арасындағы қарым - қатынасқа негіз болатын адами қасиеттер, өзара түсіністік, бір - біріне деген құрмет туралы көзқарастарын білу мақсатында сұрақтар қойылып, олардың жауаптары тыңдалады.


Мәтінмен жұмыс: Оқушыларға қарым - қатынастағы өзімшілдік пен менмендіктің салдарын ұғындыру мақсатында Б. Момышұлы туралы Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер» атты естелік эссе үзіндінің мәнін түсіндіре отырып мәтін бойынша сұрақтар қойылады.

Шуақты күндер


Жап - жаңа жылтыраған көп шегені құрылысқа әкеліпті. Оларды жас шебер жігіт көріп: Пах - пах, неткен әдемі еді, біркелкі түзуін ай»,- деп қызыға сүйсініпті. Шегелер өздерін мақтағанға қуанып «енді тезірек жұмысқа кіріссек екен, сонда мына жас шебер біздің мықты беріктігімізді де көрер еді»,- десіп жымыңдай сыбырласыпты. Солардың ішінде бір шегенің қырсығы ұстап, өз - өзінен тас - талқан болыпты. Неге мен басқалармен бірдей болуым керек, мен бұлардан артықпын. Сондықтан бөлек кеткенім жөн, әйтпесе менің ерекшелігім көрінбей, көптің бірі болып қаламын», деп, жолдастарының қатарынан секіріп түсіп, кетіп қалады. Ал шындығында, қырсық шегенің өз құрбыларынан титтей де айырмашылығы жоқ екен. Содан не дейсің, әлгі шеге салынып жатқан үлкен құрылысты аралап келе жатады.
Құрылыс болған соң, әрине, жұмыс көп, талай жерге шеге керек, бірақ қырсық шегенің еш орына бұрлығысы келмейді. Қалпағын қырлап киіп, түзу аяқтарын тәкаппарлана адымдап жүре береді. Бір күні, найзағай ойнап, аспан гүрілдеп қалың жаңбыр жауады. Жас шебер қатары бұзылмай тұрған көп шегені құрғақ, қалқа жерге кіргізіп, дұрыстап үстін жауып қояды. Ал қырсық шеге қайтті дейсің ауыздықсыз ат секілді лағып, мақсатсыз қыдырып жүріп, жауынның астында қалады. Қайда тығыларын білмей бұлай - бұлай безектеп, жалғыз өзі жол таба алмай сүмектей су болады. Ол аз дегендей жүгіріп бара жатқан біреу белінен басып кетеді. Қырсық шеге сол жатқанынан мол жатады. Балшықтың астында қанша уақыт болғанын өзі де білмейді, жер жотасынан күннің ыстығы өтіп, бүкіл денесі күйіп бара жатқанда ғана көзін зорға ашып, есін әрең жияды. Өзіне қараса, адам танымастай өзгеріп кетіпті. Қалпағы мыжырылған, бұрынғы едірейіп тұратын қыры салтақ - салтақ, белі шодырайып, іші қабысып, екі бүктетіліп қалыпты. Тұрып жүрейін десе тұра алмайды, ұмтылады, ышқынады, бірақ қозғалуға шама жоқ. Қырсық өзінің бейшара түріне күйініп, көзінің жасын көлдетеді. Амал қанша, одан жеңілдік болмайды. Неге осындай дәрменсіз, сорлы күйге ұшырадым деп ойлайды. Бәленің бәрі - жолдастарын менсінбей, олардан бөлініп кеткен соң басталған екен. Соны түсініп, енді қайтсе де құрбыларына жеткісі келеді. Алайда айтуға оңай болғанымен, орындалуы қиын еді. Неге десең, бұрынғыдай тік басып жүре алмайды. Бірде еңбектеп, бірде жамбасымен сырғи сүйретіліп, шаршап, қажып тот басып, баяғы құрылысқа әрең жетеді.
Алғашында жолдастарының ешқайсысын таба алмайды. Оларда мен секілді жалғыз - жалғыздан тарап кетіп, құрыған болар деп ойлайды. Алайда біраз жатып жан - жағына зер салып қарайды. Ол өзінің жолдастарының бірқатарын жаңадан салынған ғимараттың есіктерінің жақтауларынан, енді бірқатарын үйдің шатырларында әрқайсысы ерекше өз орындарын алып тұрғанын көреді. Бір ғажабы олардың көңіл-күйлері бұрынғaыдан да көңілді, өңдері өте ажарлы көрінді. Сонда тәкаппар шеге мен де осылардай өз орнымды тауып, халыққа пайдамды тигізер едім деп армандайды.
Осылай ол біраз жатады. Ол іске жарамсыз болғандықтан оны ешбір шебер пайдасына жарата қоймайды. Күндердің бір күнінде бір жас шебер қисық шегені алып, төске салып, әбден жанын шығарып, балғамен ұрып түзетеді. Содан соң оны апарып киім ілгішке тағып қояды. Содан әлгі шеге елге қызмет етіп, пайдаға жарап тұрғанына өте қуанышты болады.

Автордың айтар ойы неде деп ойлайсыңдар?


Ақылды адамның қолына түспегенде шегенің тағдыры қалай болар еді деп ойлайсыңдар?
Адамдар арасында да осындай жағдайлар кездесе ме?
Жағдаят шешу: Оқушыларды күнделікті қарым - қатынаста, әр түрлі өмірлік жағдаяттардың дұрыс шешімін таба білуге баулу мақсатында жағдаяттарды шешеді. Оны шеше отырып, айналаңмен жақсы қарым - қатынасқа түсудің құпиясын ашуға болады.

Дәйексөз: Бүгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде Ж. Баласағұнидың


Адамда жақсы қасиет болмаса оған бақ та бақыт та қонбайды. Адам өзінің түзу ниеті, ойы, іс - әрекеті арқылы жеңіске жетеді. Яғни біздің өміріміз өзіміздің өмір туралы ойларымыздан, жағымды қарым - қатынастан, жақсы істерімізден туындайды екен.
Жүректен жүрекке: Оқушылар түрлі - түсті қағаздан жасалған жүрекшелерге өздерінің жүректерінен шыққан жылы лебіздері мен жақсы тілектерін жазып бір - бірлеріне ұсынады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет