(шэн) «Шу цзин» және «Ши цзин» кітаптарындағы даналығын халыкқа
жеткізуші ғанамын деп түсінген.
«Лунь юй» («Әңгімелер мен пікірлер») еңбегі
Конфуций туындысы ретінде
қабылданады. Оның негізгі мазмұны — мемлекет пен жеке адамды жан-
жақты жетілдіру жолдарын көрсету. Конфуцийдің пікірінше, мемлекеттің
жақсы болмағы оны құрап отырған адамдарға байланысты, сондықтан да
жеке адамның міндеті — мемлекетке, өзіне жоғары тұрған адамға қызмет
ету. Лао-цзы (Ли Дань) — даосизм ілімін қалыптастырушы, біздің дәуірімізге
дейінгі VI-V ғасырларда өмір сүрген, кейінірек мифологиялық тұлғаға
айналған. Қытай философиясы тарихында алатын орны ерекше. Оның ілімін
зерттеушілер Лао-цзы
Конфуцийдің замандасы болды, ал оның көзқарастары
«Дао дэ цзин»‘ шығармасында жинақталған, бұл шығарманы Лао-цзының
шәкірттері жазған болуы да мүмкін деген болжампікірлер айтады. Лао-цзы
даоны болмыстың алғашқы себебі, мәңгілік, өзгермейтін бастауы деп
түсіндірді. Адам ойлауда да, іс-әрекетінде де осы дао жолын ұстануы, яғни
«у -вэймен» айналысуы қажет. «У-вэй» — «тыныш келісу» дегенді білдіреді,
кейінірек «әрекетсіздік, ештеңеге араласпау» деген қазіргі мағынасында
түсініле бастады. Мо-цзы (Мо Ди) – моистер мектебінің негізін салушы,
біздің дәуірімізге дейінгі 479-400 жылдары өмір сүрген. Конфуций іліміне
қарсы Мо-цзы «адамды сүю» идеясын басты деп түсінді;
Оның ойынша, елдегі жағымсыз құбылыстардың себебі — адамдардың бірін-
бірі жақсы көрмеуі. Адам өзін ғана сүйсе, мұндай эгоизм мемлекетке
зұлымдық әкеледі. Ол өз
пайдасын ғана ойламай, қоғамдағы басқа
адамдардың да қамын ойласа, жеке пайда жалпы пайдаға ұласып, мемлекетте
тыныштық орнайды. Мо-цзы елдегі ретсіздіктердің негізі кедейліктен
басталады деп есептеп, адамдарды тынымсыз еңбек
етуге шақырады,
еңбектенген адамның кедей болуы мүмкін еместігін дәлелдеуге тырысады.
Оның негізгі тұжырымдары «Мо-цзы» еңбегінде баяндалған.
Мэн-цзы (Мэн Кэ) — Конфуций ілімін жалғастырушы, Қытай
тарихшыларының мәліметтері бойынша ол Конфуцийдің немересі Цзы
Сыдың шәкірті болған. Өмір сүрген жылдары — біздің дәуірімізге дейінгі
372- 289 жылдар. Конфуций ілімін дамытып қана қоймай, оны тереңдетті
және жалпы Қытай философиясыныың дамуына үлкен үлес қосты. Оның
ілімінің негізі — төрт адамгершіліктік бастау: адамды сүю, парыз, салттарды
орындауға ұмтылу және ақыл-даналыққа ие адам табиғатының мейірімділігі.
Достарыңызбен бөлісу: