1. Сұрақ Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары



Pdf көрінісі
бет1/53
Дата22.09.2024
өлшемі0.79 Mb.
#503868
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
философия сессия



1.Сұрақ
Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары 
Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл Дүниеден
бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы Дүниедегі орным қандай? 
Менің бұл өмірге неістеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса « Ұлы 
мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл Дүниені адам танып, түбіне жете алар 
ма екен? Мені жағалай қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай 
әсем? Ертең- ақ, бұл әсем Дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? 
Егер мен бұл Дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? 
деген осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-
оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой- өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы
мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, өзіне тән дүниеге 
деген көзқарас қалыптастырады. 
Алайда қайсыбір Дүниеге деген көзқарасты философияға жатқызуға 
болмайды, өйткені соңғыға тек қана абстрактілік ой- өріс дамуының негізінде 
Дүниені ұғымдармен бейнелеу түрі жатады (abstractio- латын сөзі, ой арқылы 
заттың, құбылыстың әртүрлі жақтарын бір- бірінен бөліп алып қарау) Олай 
болса, философия- Дүниеге деген дамыған көзқарас түрі. 
Тарихи дүниеге деген көзқарастың тұрпайы түрі алғашқы қауымдық
қоғамның шеңберінде Дүниеге келеді. Оны біз мифология дейміз (mithos – 
грек сөзі, баян, аңыз, logos- грек сөзі, ілім деген мағына береді ). 
Миф- Табиғат, қоғам және адам жөніндегі алғашқы тұрпайы фантастикалық
түсініктер (phantasia- грек сөзі, қиял, елес). Алғашқы қауымдық қоғамдағы 
әлеуметтік дамудың тым төмендігі, адамның табиғаттың әртүрлі күштеріне
қарсы тұра алмауы, сонымен қатар өзінің өмірге деген қажеттерін өтеу
жолындағы сол табиғат құбылыстарын сезіну және түсіну іңкәрі- мифтердің
Дүниеге келунің қайнар көзі болып табылады. 
Әрбір халық өзінің дүниеге келу жолында әртүрлі мифтерді ойлап шығарды. 
Дүниенің пайда болуы мен тәртібі, жақсылық пен жамандық, көркемдік пен
түрсіздік, адам өмірінің мәні мен құндылығы т.с.с. сұрақтардың жауаптары 
халықтар аңыздарында әртүрлі дәрежеде берілген. Ол жағалай қоршаған 
табиғаттың ерекшелігіне және соған сәйкес қалыптасқан халық тіліне
байла- 
нысты болса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет