Елдің болашағы тәрбие ісіне тәуелді. Сондықтан да тәрбие ісіне келесі міндеттер жүктелгендігін ескеріп, жаңа қоғам мүддесіне лайық, жан –
жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иелерін тәрбиелеп өсіру – балабақша тәрбиешілерінің басты міндеті. Бұл талаптардың жүзеге асуы – ең алдымен тәрбие ісіне, оның дұрыс ұйымдастырылуына
тікелей байланысты болса, екінші жағынан, жүргізілетін тәлім – тәрбие ісінің мазмұнына және оны баланың қабылдап меңгеруі мүмкіндігімен қажетті. Бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды қимыл жасау арқылы түсініп, ұғынады.
Мұны ұғынуда сергіту сәттерін жасату шешуші мәнге ие болды. Бұл жұмыс жүргізуде сабақ барысында, іс - әрекеттің барысына байланысты балалардың шаршағандығы байқалса, көңіл – күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін сергіту сәтін қолданамыз. Сергіту сәтін қажет болған жағдайда сабақтың басында ғана емес, кез – келген сәтінде өткізуге болады. Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы сергіту сәтінде баланың көңіл – күйін көтеріп, іс - әрекетке белсенділігін арттырып, баланың ойлау қабілетіне шектен тыс күш түсірмеуге пайдалы. Осы бағытты ұстана отырып, мен өз әріптестеріме бірнеше сергіту сәттерінің үлгісін ұсынып отырмын.
1. Таң әлі атқан жоқ,
Маңай әлі қараңғы
Әтеш ерте оянып,
Жан – жағына қарады
Шынықтырып денені,
Қанаттарын қағады.
Ку – ка – ре – ку тұр – тұрлап,
Оятады баланы.
2. Сағаттың тіліндей,
Иіліп оңға бір.
Сағаттың тіліндей,
Иіліп солға бір.
Сағатқа қарап – ақ,
Жаттығу оңай – ақ.
Қақпаға туралап,
Ұр допты сол аяқ.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай – ақ.
3. Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз
Күнге қарап, табынып,
Көкке қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай самғаймыз.
Бір отырып, бір тұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
4. Ормандағы аю, қонжық,
Ұялардан бал іздеді.
Мойындарын оңға бұрды,
Мойындарын солға бұрды
Орман ішін аралады,
Ағаштарды шайқап көрді.
Оңға бір, солға бір,
Ағаштарды шайқап көрді.
Аяқтарын көтеріп – ап,
Қуанғаннан билей берді.
Оңға бір, солға бір,
Қуанғаннан билей берді.