2. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
I бөлім - Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері
1 Тақырып ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ, МӘНІ, МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕР.
МАҚСАТЫ: Мемлекеттің қылмыстық жазаны орындаудағы саясаты мен оның қылмыспен күресудегі орны қандай, бүгінгі таңда қылмыстық-атқару қалай жүзеге асырылуда. Сол сұрақтар төңірегінде болмақ тақырыбымыз.
1.1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДАҒЫ САЯСАТЫ МЕН ОНЫҢ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУДЕГІ ОРНЫ
1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ
1.3 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ1.4 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ ҒЫЛЫМЫ
1.ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ11.115 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ КУРСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ
1.1 МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАНЫ ОРЫНДАУДАҒЫ САЯСАТЫ МЕН ОНЫҢ ҚЫЛМЫСПЕН КҮРЕСУДЕГІ ОРНЫ
Мемлекет өзінің қызметінде әлеуметтік мақсатқа жету үшін қоғам оның саяси және билік құрылымы алдына қойған белгілі стратегияны, негізгі бағыттармен, әр түрлі мақсатты жүзеге асыру түрлерін қамтиды.
Біздің мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабының 1-тармағы бойынша жоғары лауазымды тұлға Қазақстан Республикасы Президенті болып белгіленген. Сондықтан мемлекет саясаты біртұтас деп есептеледі. Сонымен қатар саясаттың бірлігін білдіретін жалпы мақсаттар күрделі иерархия оның жүзеге асырылуы мемлекеттік органдардың құлқы мен әрекетіне байланысты. Мемлекеттің саясаты әр түрлі қоғамдық және мемлекеттік тұрмыс саласына икемделеді, сондықтан олар сыртқы және ішкі саясатты жиі қуаттайды, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, мәдени және басқа да саясатты қолдап отырады. Дәлме-дәл айтсақ, мемлекеттің бірыңғай саясаты қоғам мен мемлекет өмірінің әр саласында байқалады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының, оның қорғаныс қабілетінің, қауіпсіздігінің, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады (Қазақстан Республикасы Конституциясының 66-бабы).
Осы бағыттардың бірі – қылмыспен күресу, қоғамдық тәртіпті, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Онда мемлекеттіңғ қылмысты бақылап отыру міндеттері, принциптері, стратегиясы, негізгі бағыттары, түрлері мен әдістері айтылады.
Конституцияның міндеті – Қазақстан азаматтарының мүддесін, құқығы мен заңды ынтасын қылмыскерлер озбырлығымен қорғауды қамтамасыз ете білу.
Қылмыстық жазаны орындау саласын айтатын болсақ, ол қылмыспен күресу саясатымен тығыз байланысты, сондықтан мемлекет жүргізіп отырған әлеуметтік саясатпен белгіленеді. Мемлекеттің саясаты біздің қарастырып отырған тақырыпты көп салады, оны шартты түрде қылмыстан алдын ала сақтандыру саясатына, постпенитенциарлық саясатқа, қылмыстық істі жүргізу саясатына, т.б. бөлуге болады. Барлық жағдайда осы бағыттардың бәрі де мақсатына, принциптері мен стратегиясына қарай біртұтас және өзара тығыз байланысты. Дегенмен мемлекет саясатының маңызын ғылыми сұрыптау қажеттігі әр түрлі салада қылмыспен күресуді жеке-жеке қараудың керектігіне мәжбүр етеді. Осыған байланысты оқулықтар мен заң әдебиетінде қолданылатын терминдерге тоқталу қажет. Шартты түрде бөлуге қарамастан оларды саралау дәлділікті талап етеді.
«Қылмыс саясаты» («Criminal politic») терминіні 1840 жылы Ансельмом Фейербах бірінші қолданған болатын. Ол оған қылмыс құқығы туралы заң шығару актілерін әзірлегенде мән беру рөлін көрсеткен. Сондықтан бұл терминді біздің пікірімізше кең мағынада «мемлекеттің қылмыспен күресу саласындағы саясаты» терминіменге тоқталу қажет. бірдей пайдалану орынды сияқты, әрине құқық қорғау органдарының алдына қойылған қызмет пен міндетке ерекше назар аударған жөн.
Қылмыс саясатының маңызы едәуір күрделі болғандықтан оны шешу әр түрлі тәсілдермен дәлелденеді. Қылмыс саясатының маңызы туралы мәселе қойылғанда, алдыменен оның талабы тек қана қылмыспен күресуге арнала ма әлде жалпы құқық бұзумен күресуге қатысты ма деген ой келеді. Қылмыс саясатының өрісін көптеген авторлар қылмыспен күресумен шектейді. Бір кезде А.А.Герцензон қылмыс саясаты тек қана қылмыспен күресуге ғана емес, сонымен қатар және басқа да қоғамға қауіпті қылықтармен күресуге бағыттайды деп есептелген.
Біздің ойымызша қылмыс саясатының маңызы қылмыспен күресу саласымен шектеледі, ал қылмыстық, негативті оқиғалардан басқа жағдайларды айтсақ, онда оқырман күресуді әлеуметтік саясат қарастыруы тиіс. Қаңғыбастық, маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және т.б. қылмыс саясатының саласына тек қана қылмыстық негізі болуына байланысты ғана кіреді.
Қылмыс саясаты профессор Г.Кайзердің ойынша қылмысты бақылаудағы қоғамдық стратегия мен тактиканы көрсетеді.
Қылмыс саясатының нақтылы маңызына терең түсіну талабы саясат пен құқық арақатынасының бағалылығына әкеліп тірейді.
Қылмыс саясаты – қылмыспен күресу бағытын, түрлерін, онымен күресуге арналған мемлекет органдары қызметінің мазмұны мен міндеттерін белгілейді. Қылмыс саясаты қылмыс заңын шығарудағы ең бастылары – қылмысқа жауапкершілігі оның негіздері, жауапкершілікті даралай және дербестеу, криминализациялау мен декриминализациялау, пенализациялау мен депенализациялау, қылмыс түрлері мен жүйесін, мақсатын және де жазадан босатуды белгілейді. Ол мүмкіндікті бағалаумен жазаның тиімділігі және басқа да қылмыстық-құқықтық әсерін тигізіп, қолдану, яғни саясат әлеуметтік маңызды мемлекет тәжірибесі ретінде қолданылады.
Саясат пен құқықты ұқсастыруға болмайды. Саясат – құқықтың негізі. Мемлекет саясатқа сүйене отырып, оны айқындайды, құқықты жасайды. Құқық өз нормаларында саясаттың тиісті ережесін бекітеді, оған жалпылай міндетті мән береді. Осыған байланысты құқықтың саяси мағынасы бар деп айтуға болады.
Қылмыс саясаты талабының құқық бұзушыларға әсер ету жүйесін құруда маңызы зор, оның аясында абайсызда істелген қылмыспен күресу бағыты белгіленеді.
Осы тәрізді шаралардың ішінде қылмысты жазалау едәуір орын алады, себебі қылмыс және жазалау тығыз байланысты категориялар.
Жазалауда қылмыс саясатын шартты түрде дербес қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық құқық, қылмыстық-атқару, пост-пенициарлық саясатқа бөлуге болады. Бұлардың тиісті салалар әрекетіне негізделетін бағыттары:
-
қылмысты тез және толық ашуға, яғни заңды дұрыс пайдалануды, жазадан құтыла алмайтындықты және кінәсіз адамдарды жауапқа тартпауды қамтамасыз етеді;
-
істелген қылмысты дұрыс саралау мен орынды да істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;
-
жазаны атқару;
-
жазалау әсерінің жағымды жақтарын баянды ету7
Қылмыстық-атқару саясаты әлеуметтік саясатқа негізделгеніне қарамастан, азаматтардың қоғамға пайдалы мінез-құлықтарын баянды ету үшін кері мінез-құлық көрсетушілермен принципті түрде күресуді анықтау тиіс. а істегеніне сайма-сай жаза тағайындау;
тындықты және кінәсіз адамдардыағыты белгіле іпті қылықтармен күресуге бағыттайды деп есептелген.
зуменҚылмыстық-атқару саясаты жаңа мазмұнға ие, оның мағынасын әлеуметтік те қылмыстық та саясаттар сіңіре алмайды.
Егер де қылмыс саясатында жазаны жалпы қолданатыны анық, маңызды ереже болса, онда нақты қойылатын талап, жазаның орындалуын көрсету, қылмыстық саясатты түгелдей жалпы принциптер негізінде қамтымайды.
Қылмысты орындау саясаты мақсатты, принциптерді, стратегияны, мемлекет әрекетінің бағытын, оның жазаны орындаудағы негізгі түрлері мен әдісін белгілейді.
Жазаны атқару саласындағы саясат сонымен бірге қылмыс, әлеумет саясатына әсерін тигізеді. Сөйтіп, саясат қарастырып отырған салада жалпы қылмыспен күресудегі саясатқа, ал жекелей қабылдауға, қылмысты өтеген адамдарды әлеуметтік бейімделуге және оларға көмек көрсетуге ықпалын тигізеді. Бұл тағы да әр салаға бөлудің шарттылығын растайды.
Қылмыс жазасын атқарудағы саясаттың мақсаттары мен принциптері едәуір тұрақты, себебі халықаралық қоғамдастықтардың қабылдаған ережесіндегі сотталғандармен айналысқанда, Халықаралық актілерге, ғылыми жетістіктерге сәйкес болуын талап етуге байланысты. Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясының 17-бабында былай деп жазылған:
-
Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
-
Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды.
Саясат пен құқық тығыз байланысты бола тұра қоғамдағы қолданылып жүрген рухани талаптарды ескерулері тиіс.
Әрине, қылмыс жазасын атқару саласындағы саясаттық стратегиясы, негізгі түрлері мен әдістері, оның құрылуы мен дамуы әр түрлі жағдайлардағы дәлелдемелермен белгіленеді. Яғни заң ғылымының дамуы сияқты қоғамның саяси-әлеуметтік және экономика жағдайымен, ондағы үстемдік ететін бағалы қасиеттері мен құқықтық сана, қылмыс жағдайы мен адам құқық және сотталғандармен айналысуда Халықаралық актілер талабын қамтамасыз етудегі әр түрлі ұйымдардың әрекеттігі.
Қылмыстық-атқару саласындағы саясат, көбінесе қоғамның өнегелілігіне, ондағы құқық санасының дәрежесі деңгейіне байланысты. Мемлекет заңда өнегелілік пен құқықтық бағалылықтарды жариялап және бекітуі мүмкін. Бірақ халық әр уақытта жоғары руханилылық принциптерге ере бермеуі мүмкін, ол қоғамның өзіне де байланысты.
Әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі қоғамның өнегелік негізін төмендетеді, ол адамдардың өзара қарым-қатынасына кері әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда сотталғандаға көзқарастар халықаралық нормалар мен ережелер талап еткендей төзімді және ізгілікті бола бермеуі мүмкін. әсіресе, ұлтаралық араздық негізіндегі жанжал қауіпті. Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабында бұл туралы жазылуы кездейсоқ емес, онда былай делінген:
-
Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең.
-
Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.
Қазақстан Республикасы Президентінің қойып отырған міндеттері – қоғамның саяси-әлеуметтік саулықтығы, ұлтаралық келісімдігі, саяси мақсаттың дәлдігі оны атқару орындарының жүйелі түрде іске асыруы, жазаны атқару саласындағы саясаттың мақсаттары мен принциптерін ойдағыдай орындауға қолайлы жағдай туғызады.
Келтірілген Конституциялық нормалардың, адам құқы жөніндегі Халықаралық актілермен үндестігін, ол халықаралық құқықтың мемлекеттің жаза атқару саласындағы саясатын іске асыруда, күрделі әсерін тигізетініне жағдай туғызатындығын білдіреді.
Халықаралық келісімдерде көрсетілгендей, адам құқық қорғауда және сотталғандармен айналысқанда жалпы ережелер мен принциптерін қорғау мәнділігі, сипаты барлық мемлекеттер үшін және елдегі қалыптасқан идеологиялық, криминологиялық себептерге қарамастан, бірдей белгіленеді. Мысалы, жазаны атқару саласындағы саясатқа сол елдегі қылмыс құрылысының құбылысы әсерін тигізуі мүмкін. Қылмыстың тұрақты бір дәрежеде болғанын қарап отырған бағытымызда негізінен ізгілікті болады. Дегенмен, қылмыстың өсуі, әсіресе зорлық түрінің қоғамдағы жағдайға кері әсерін тигізеді де әдетте қылмыспен күресу мәселелері қатал саяси және құқықтық шешімдер қабылдауға апарып тірейді. Жазаны орындау саласындағы саясатты құруға ықпалын тигізетін тағы бір фактор, - ол сотталғандармен кәсіби дәрежеде айналыса білу, жазаны өтегенде әлеуметтік зардабы аз болу үшін ғылыми ойдың жетістіктерін пайдалана білу. Ол үшін қылмыспен күресу проблемасын ғана жете тексерумен бірге (криминология, қылмыстық құық, қылмыстық-атқару құқығы) сонымен қатар сотталғандармен жұмыс істегенде педагогикалық, психологиялық мәселелері де туындайды.
Қылмыстық жазаны атқаруда саясат әр түрлі жағдайда, алдымен қолданылып жүрген заңдарда іске асырылады. Оның негізгі ережелері ел Конституциясында, еңбекпен түзету кодексінде, қылмыстық-атқару кодексінде бекітілген. Жазаны атқару саясаты сонымен бірге құқық қорғау органдарының қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қазақстан Республикасы ІІМ, облыстардағы ішкі істер басқармасына, заңды түрде жазаны атқаруға міндетті мекемелер мен органдарға жүктелген.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ 1.2 ҚҰҚЫҚТЫҢ САЛАСЫ РЕТІНДЕГІ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ.
МАҚСАТЫ:маММА
Қылмыстық ЖАЗАНЫ атқару саласындағы саясат спен күресу проблемасын ғана жете тексерумен бірге (криминология, қылмыстық құық, қылмыстық-атқару құқығы) сонымен қтың талабы – заңда жазаның мақсаты мен маңызын бекітудің қажеттілігіне себепші болу және жазаны орныдау тәртібін анықтау. Қарастырып отырған мәселенің Қазақстан Республикасы Конституциясында жарияланған негізгі принциптерін, әрекет бағытын, мемлекеттің стратегиясын барынша жеткілікті жазаны орындауда, сотталғандармен айналысқанда ғылыми негізделген түрлерімен және әдістерімен оларды қамтамасыз ету.
Сонымен бірге құқықтың кез келген саласын мемлекеттің құқық саясатында бекітілген көзқараспен ғана қарауға болмайды. Құқық біршама дербестікке ие, өзінің мызғымас негізді жағдайы бар, оған саясат әсер етпеуі тиіс. Оның есебіне заңның басымдылығымен заң алдындағы теңдік кіреді. Бұл Конституциялық принциптердің негізі болып есептеледі.
Жазаны атқару әрекеті құқықты әдейі реттеуді талап етеді де жеке құқық саласының бар екеніне жауап береді. Құқықтың жеке саласы бар екенін үш жағдай белгілейді: құқықты ерекше реттеу пәнінің барлығы, құқықты реттеу әдісі, құқықтық нормалар жүйесі. Қылмыстық-атқару құқығы өз алдына жеке құқық саласы болып есептеледі, себебі ол жеке пәнімен, құқықтық реттеу әдісімен, нормалау жүйесімен белгіленеді.
Қазіргі уақытта еңбекпен түзеу құқығы қылмыстық-атқару құқығына өзгеруде. Осы жағдайға байланысты құқықтық реттеу пәні қаралуы тиіс. Дәстүр бойынша қарап отырған құқық саласының пәні болып еңбекпен түзеу шарасын қолдану арқылы қылмыстық жазаны атқаруды реттеу (өтеу) болып есептеледі. Дегенмен, соңғы жылдары қылмыс заңынан жазаның мынандай түрлері: жер аудару, тұрған жерінен айдап жіберу, еңбекпен тәрбиелеу профилакториіне жіберу, еркінен айырып, шартты жазаға соттап міндетті түрде еңбекке тарту алынып тасталды. 1984 ж. сотталғандарға ұқық саласы болып есептеледі, себебі ол жеке пәнімен, құқықтық реттеу әдісімен, нормалау жүйесімен белгіленеді.еңбекпен түзеу әсеріне байланысты емес шаралар тәртібі мен шарты туралы қылмыстық жазаны орындау Ережесі қабылданған болатын. Сонымен еңбекпен түзеу құқығының затын құқықпен реттеу елеулі өзгерді. Республиканың қылмыстық заң шығаруын реформалау қылмыстық жаза жүйесін одан әрі өзгерте бермек. Қылмыстық жазаның бостандықты шектеу, қамауға алу сияқты жаңа түрлері пайда болуы күтілуде. Сондықтан қазіргі уақытта қылмыстық-атқару құқығының пәнін реттеуге барлық қылмыстық жазаны атқаруды жатқызуға болады.
Бұл құқық саласының пәніне жазаны атқару мекемелері мен органдардың қызметіндегі жазаны атқару процесінде жұртшылықтың, жеке азаматтардың, мекемелер, кәсіпорын ұйымдары әкімшіліктерінің арасындағы қатынастарды реттеуде пайда болатын жағдайлар кіреді.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқығының пәні болып қылмыстық жазаның барлық түрлерін атқару және мерзімді өтеудегі қоғамдық қатынастар есептеледі.
Құқық саласы өз алдына жеке сала екендігіне оның бүтін бір нормалар жүйесінде немесе бірнеше нормативтік актілерде дайындалуы куә. 1971 жылдан Еңбекпен түзеу кодексі қолданылуда, сондықтан қылмыстық-атқару жүйесі бар екендігіне күмәндануға негіз жоқ.
Қылмыстық-атқару құқығы жеке сала есебінде бола тұра, ол өзіне басқа да салалардан кірген кейбір нормаларды қабылдайды (қылмыстық, еңбек, азаматтық және т.б.). мұндай әдіс құқықтың басқа салаларында ең көп пайдаланылады. Бұл нормалардың құқықтың жаратылысына байланысты басқадай қарым-қатынасты да реттейтіндігін еске сақтау тиіс, солай болғандықтан, ол өзінің мағынасын өзгертеді. Сондықтан оларды таза күйінде құқықтың басқа салаларының нормалары деп есептемеу тиіс.
Сонымен, қылмыстық-атқару құқығы қылмыстық жазаны атқаруды жатқызуға болады.
айда болуы күтілуде.ермек. орындау Ережесі қабылданған болатын. жі – құқықтың дербес саласы және құқық саласының қылмыспен күресті реттейтін жалпы жүйесіне кіреді. Ол алдымен,, осы жүйеге кіретін қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен тығыз байланысты. Сол себепті қылмыстық-атқару құқығын қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқығынан айыра білудің маңыз-мағынасы күшейе түседі.
Қылмыстық құқық – қылмыспен күресуді реттейтін басқа салалардың негізі болып есептеледі. Сондықтан мақсаттың, принциптердің, түсінусідің және заң шығарудың осы саласындағы институттардың (жазаның мәні және оны орындау, түзеу мекемелердің жүйесі, жазадан босатудың негізі) бірлігін қамтамасыз етеді. Шектес институттар мен нормалардың қайталауынитутттарүйесі, жазадан босатудың негізі) бірлігін қамтамасыз етеді. институттардың (жазаның мәні және оны орындау, түзеу ме бірлесіп әрекет істеу жолымен, нормативтердің екі түрі белгілегендей материалдықтан процедуралық құқық нормалары жойылады. Басқа сөзбен айтқанда, қылмыстық-атқару құқығы материалдық құқықты және жазаны орындау процесінде, қылмыстық құқықтың процессуалдық құқығы ретінде жүзеге асырылуды қамтамасыз етеді.
Қылмыстық-атқару құқығы сот үкімін орындауды реттеуде қылмыстық іс жүргізу құқығымен, денсаулығына байланысты жазаны –теуден босату, мерзімінен бұрын шартты түрде босату т.с.сияқтылармен тығыз байланысты. Сондай-ақ олар сотталғандардың құқықтық статусын Конституция құқығы бойынша;мекемелерді басқару саласындағы әкімшілік құқығын және де азаматтық, еңбек, отбасылық, қаржы және басқа да заңның салаларын реттеуге байланысты.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ 1.3 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ.МА
Принциптер дегеніміз – құқықтық сананың нұсқауы, негізгі ережелерімен құқық жүйесін құрудың бастамасы ғана емес, сонымен бірге құқық нормаларын іске асыруды білдіреді.
Қылмыстық-атқару құқығы принциптері – қылмыспен күресуді реттейтін құқықтың жалпы принциптеріне және оның салалық принциптеріне негізделіп сүйенеді. Олар барлық қылмыстық-атқарудың заң шығаруы арқылы өтеді және міндетті түрде:
-
қылмыстық-атқару саясатының жалпы бағытын бейнелейді;
-
қылмыстық-атқару заңын жетілдіруді және негізгі даму бағытын көрсетеді;
-
жалпы құқықтық құрылымы принциптерімен ара қатынасты және іштей келісімді болу;
-
тұрақтылықпен бейнелену.
Құқықтық принциптер негізіне жалпы адамгершілік бағалылықтар жатады. Ол көптеген Халықаралық актілермен, жекелеп айтсақ, 1948 ж. Жалпы адам құқы Декларациясымен және басқа да құжаттармен дәлелденеді. Бұларда жалпы құқықтық принциптер арақатынасын реттеу бекітілген. 1988 жылғы желтоқсанның 9-ында БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен «Қандай да түрде болмасын ұсталған немесе қамаудағы барлық адамдарды қорғау принциптерінің жинағы 43/173 резолюциясы» кеңінен белгілі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 6-бабында көрсетілгендей, бұл заңдылық баршаның заң алдындағы теңдігі, гуманизм, демократизм және жариялылық негізінде берілген.
Жазаны орындау органдары мен мекемелері өз қызметінде құқыққа кепіл болатын, бостандық пен сотталғандардың заңды мүддесін қамтамасыз ететін, жазаны орындауды дифференциациялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және құқыққа бой сұғушылық көзқарастарына жағдай жасау, түзеудің әсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауда қатынасу принциптеріне негізделеді.
Баяндалған жағдайды ескере отырып, жалпы салалық, салалық және құқық институционалдық принциптерін атап көрсетуге болады.
Жалпы құқықтық принциптерге кіретіндер: заңдылық, демократизм, гуманизм; сала аралықтарға – әділеттілік және жазаның болмай қалмайтындығы, заң жолында азаматтардың теңдігі; салалыққа – жазаны орындауда дифферециялау мен даралау, мәжбүр ету амалдарын тиімді пайдалану және түзеудің әсерімен жазаны біріктіру, жұртшылықтың жазаны орындауға қатысуы; институтционалдықтарға – жазаны бір мекемеде өтеу, сотталғандардың әр түрлі категорияларын бөлек ұстау т.с.с.
Қылмыстық-атқару құқық жүйесі принциптерінің бірлігі мен олардың өзара байланысына көңіл аударған жөн. Қылмыстық-атқару құқығы жалпықұқықтық, сала аралық принциптерге негізделген. Ол өз маңызын сақтап отырып, жазаның ерекше құқық шектеулерін ескеріп, қоғамдық қатынастардың өзгешелігі өзінше жөнге салынады.
Қылмыстық-атқарудың құқықтық жүйе принциптері – тиісті Халықаралық актілерге, Қазақстан Конституциясы нормаларына негізделіп, сотталғандармен айналысқанда бейнеленіледі.
Демократизм принциптері жаза орындайтын мекемелер мен органдар қызметінің жариялылық принципімен және жазаны атқару кезінде, ең бастысы тәрбие жұмысына, жұртшылықтың қатысу принципі және олардың жазаны атқару органдарының қызметіне бақылау жүргізумен тығыз байланысты.
Демократизм принципі бостандық пен сотталғандардың заңды мүдделерін қамтамасыз ету принциптерімен тығыз байланысты. Оның себебі, сотталғандар, яғни бас бостандығынан айыруға жазалағандар құқығына едәуір шек қойылғандықтан, олар мүдделерін қорғауға мұқтаж.
Конституция нормаларында демократияның құқықты қамтамасыз ететін көптеген қағида, ережелері келтірілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 12-бабында адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға конституциялық құбылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс екені бекітілген. Өз кезегінде мұнда заңдылық, азаматтардың заң алдында теңдігі сияқты принциптермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Конституциясының 16-бабында көрсетілгендей, заңда көрсетілген реттерде ғана және тек соттың немесе прокурордың санкциясымен тұтқындауға және қамауда ұстауға болады. Қылмыстық-атқару құқығында заңдылық принципі – заңның үстемдігін және жазаны атқаруды реттейтін басқа да нормативтік актілер алдында артықшылығын білдіреді. Заңдылық қағидаты құқық қатынастары субъектілерінің қылмыс жазасын атқаруда қылмыстық-атқару заңдарын нақты және қатаң сақтауда ғана іске асырылады.
Заң алдындағы азаматтардың теңдік принципі – Қазақстан Республикасының Конституциясының 14-бабының 1-тармағында бекітілген.
Қылмыстық-атқару құқығының гуманизм принципі тек қана мемлекеттердің шығарған заңдарында ғана емес, адам құқығы және сотталғандармен айналысу туралы көптеген Халықаралық актілерде бекітілген.
Қылмыстық-атқару құқығы салаларының ішінде жазаны орындауда дифференциялау мен жекешелендіру принципі олардың қылмысына, кінәсінің түріне, қылмысты өтеу кезіндегі тәртібіне байланысты қабылданған классификацияға сәйкес сотталғандарды бөлек ұстауды қамтамасыз етеді.
Жазаны атқаруды жекешелендіру топтық түрде емес, жеке өзгешелігіне негізделеді де, әр түрлі мағыналы жағдай жасау, шартты жаза мерзімінен бұрын шығаруға ұсыну, мәжбүрлеу құралдарын тиімді пайдаланумен бірге құқыққа бой ұсынушылыққа себепші болу арқылы жеткізіледі.
Жазаны түзеу ықпалымен біріктіру әр түрлі тәрбиелік мәні бар шара қолдануды талап етеді. Олар: қоғамға пайдалы еңбекпен, психологиялық-педагогикалық қарқынды ықпалмен, мамандыққа дайындаумен, жалпы білім беруге оқытумен іске асырылады. Сонымен бірге қатаң режим талаптарын сақтауды, жазаны атқару орындарында тәртіпке, жөнге салуды қамтамасыз етеді.
Жоғарыда қарастырылғандай, қылмыстық атқару құқығының қағидаттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты және олар жазаны өтеу процесінде жинақталып іске асырылуы тиіс.
ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ 1.4 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ ҒЫЛЫМЫ.
Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы ғылымы жаңадан көтеріле бастады. КСРО ыдырауына дейін қылмыстық жазаны ғылыми-зерттеу проблемалары ІІМ жүйесінде, негізінен Мәскеу қаласында топталған болатын. Қылмыстық-атқару құқығын Ресейдегі зерттеуді бағыттау орталығы Ресей Федерациясы ІІМ қарайтын Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институты болып есептеледі. Жазаны атқаратын жазалау органдары проблемаларын байыпты зерттеу Ресей Федерациясы ІІМ Академиясында жүргізіледі. Қылмыстық жазаны өтеу проблемаларын зерттеуде Рязань ІІМ-нің Жоғары мектебі алдыңғы қатардағылардың бірі болып есептеледі, сондай-ақ қазіргі кезде ІІМ-нің Уфадағы Жоғары мектебінде зерттеу жұмысы өріс алуда.
Қазақстанда қылмыстық жазаны орындау проблемалары Қазақстан Республикасы ІІМ №академиясының қылмыстық жазаны орындауды ұйымдастыру кафедрасында, Қазақстан Республикасы ІІМ Қарағанды заң институтының қылмыстық құқық және криминология кафедрасында ғылыми зерттеулер жүргізіледі, ал Қостанай заң институтында Шымкенттің заң колледжінде ғылыми зерттеу жұмыстары қолға алына бастады.
Қылмыстық-атқару құқық ғылымы құқық саласына сәйкес келгенімен, оның пәні қылмыстық-атқару құқығының маңызынан едәуір кең. Оған мемлекеттің қылмыстық жазаны атқару саласындағы саясаты, Қазақстанның қылмыстық-атқару заңының және жазаны атқару (мекемелер) органдарының даму тарихы, заң шығару жүйесі мен оның басталуы, мазмұны, қарастырып отырған құқық саласының құрылу нормасы, құқықтық қатынастар, шетелдердің қылмыстық-атқару құқығы, сотталғандармен айналысу туралы Халықаралық актілер кіреді.
Қылмыстық-атқару құқық ғылымы заң ғылымының әр түрлі салаларымен өзара тығыз байланыста. Ең алдымен өзара тығыз байланыс қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу құқықтарымен жүргізіледі де, бұлардың пәні мен әдістерінің жақындығын білдіреді.
Конституциялық құқық ғылымы қылмыстық-атқару құқығы ғылымының негізі болып табылады. Басқа да құқық салаларының нормалары оның кейбір жалпы проблемалары азаматтық, еңбек, шаруашылық, әкімшілік құқықтарымен бірдей болады.
Қылмыстық-атқару құқығы мен криминология ғылымдары арасында тығыз байланыс бар. Кейбір елдерде бұл сала «Криминологияның» құрамды бөлігі «Пенология» оқытылады. «Пенология» атауы латынның «poena» - жазалау және «Logos» – ілім, яғни жазалау туралы ілім деп аталады. Қылмыстық-атқару құқығы ғылымында сотталғандардың жеке басын зерттегенде криминологияда талдау әдістері кең пайдаланылады. Бұдан басқа қылмыстық-атқару заңдарының ең басты міндеттерінің бірі – қылмыстың алдын алу, әсіресе қайталанба қылмыстың (рецидив) болмауын ескерту. Сондықтан, құқықтың бұл саласының кейбір нормалары мен институттары криминологиялық түрде негізделуі қажет, ол үшін мәжбүр ету амалдарын тиімді қолданумен бірге олардың заңды бұлжытпай орындауға жағдай жасау керек. Бұл мәселені шешу түзеу психологиясы мен педагогикасының өзара байланысына әкеледі. Біз бұдан аталған ғылым салаларының бірін-бірі байытып отыратынын байқаймыз.
Қылмыстық-атқару құқығы ғылымының әдістемелік негізі құқықтың жалпы теориясы болып есептеледі. Бұл ғылымның теориялық жағдайы, қағидаттары мен ұғым аппараты, зерттеу әдістерінің – барлығы құқық саласының негізі болып саналады.
Бұл саладағы ғылыми зерттеулерді үйлестіріп отыру мақсатында Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару проблемасын зерттеу үшін Ғылыми орталық ашқан жөн болар еді.
1.ның қызметі арқылы жүзеге асырылады, оларға бұл салада ұйымдастыру қызметі: Қ11.115 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ҚҰҚЫҒЫ КУРСЫНЫҢ ПӘНІ МЕН ЖҮЙЕСІ.
Қылмыстық-атқару құқығы курсы дәстүрлі Жалпы, Ерекше және Арнаулы бөлімдерге бөлінеді. Жалпы бөлімде қылмыстық-атқарудың құқықтық теориясы мәселелері үйретіледі: Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару заңдары; сотталғандардың құқықтық жағдайы; жазаны орындайтын мемлекеттік мекемелері мен органдардың жүйесі; жазаны орындау құқығының негізін реттеу. Жалпы бөлімге жаңа тарау енгізіледі. Ол – жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда қызмет істеушілерге, сондай-ақ олардың құқықтық жағдайы, қауіпсіздігі мен қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге арналған.
Жазаны орындау мекемелері мен органдарының қызметкерлері алдын ала тергеу изоляторына қамауға алуды орындаумен тығыз байланысты болғандықтан, жалпы бөлімде көрсетілген проблемаларға арнайы тарау берілген.
Ерекше бөлім әр түрлі қылмыстық жазаны атқаруға арналған. Негізгі басты назар бас бостандығынан айыруды атқаруға бөлінген. Алдымен, сотталғандардың бас бостандықтарынан айырылғандарын жіктеу, еңбекті, режимді, сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді құқықтық реттеу, олардың материалдық-тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету, медициналық қызмет көрсетумен қатар әр түрлі түзеу мекемелерінде жазаны өтеудің ерекшелік түйінді проблемаларына көңіл аударылған.
Екінші бөлімде жазаны қоғамнан бөлмей өтеу проблемалары, ал үшінші бөлімде жазадан босату және жазадан босатылған адамдарды әлеуметтік бейімдеу мәселелері қаралған.
Арнаулы бөлімде қылмыстық жазаны атқарудың халықаралық деңгейін ашып көрсетеді де халықаралық актілерге сипаттама береді.
Достарыңызбен бөлісу: |