Тақырыбы: Отбасы және гендер әлеуметтануы Жоспары



бет1/4
Дата01.03.2024
өлшемі288.33 Kb.
#493827
  1   2   3   4

Тақырыбы: Отбасы және гендер әлеуметтануы

Жоспары:

1. Отбасы, неке түсінігі, отбасының символдық белгілері

2. Некелік-отбасылық қатынастардың тарихи типтері

3. Отбасының функциялары және дисфункциясы, оны шешу жолдары

4. «Жыныс» және «гендер» ұғымдарының мәні мен мазмұны

Қорытынды

Негізгі ұғымдар:

Отбасы, неке, промискуитет, қандық туыстыққа негізделген отбасы, пуналуалдық , синдиасмиялық, моногамдық отбасылар, кеңейтілген, нуклеарлық, толық және толық емес отбасылары, патриархалдық және матриархалдық отбасылар, полиандрия, полигиния, моногамия, экзогамия, эндогамия.

Отбасы–әлеуметтік институт пен шағын әлеуметтік топтың белгілеріне ие құрылым.

  • Әлеуметтік институт ретінде отбасы:
  • Ерлі-зайыптының, ата-ана мен балаларының және басқа да туыстармен арадағы қарым-қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалардың, санкциялар мен мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы ретінде сипатталады.

  • Шағын әлеуметтік топ ретінде отбасы:
  • Некенің немесе қандық туыстық негізінде қалыптасқан, мүшелері арасындағы байланыс - тұрмыстың орақтығы, өзара көмек, ерлі-зайыптылардың балаларының денсаулықтары мен тәрбиесіне деген моральдық жауапкершіліктері негізінде пайда болатын қауымдастық ретінде сипатталады.

    Отбасы - әр қоғамдағы халық санының тұрақты түрде өсуін қамтамасыз ететін орта.

    Отбасының негізін некелескен жұптар (толық емес және некеге тұрмаған отбасыларды қоспағанда) құрайды.

Некенің маңызды принциптеріне - жар таңдау еркіндігі, сүйіспеншілік, өзара сыйластық және т.б. жатады. Қоғам некелік байланыстардың нығаюына, отбасының тұрақтылығына мүдделі. Әр мемлекеттің отбасы және неке туралы заңдары бар және олар отбасы мүшелері арасындағы және отбасы мен қоғамның, мемлекеттің арасындағы қатынастарды реттеп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет