№ 1 тапсырма: Сәйкестікті тап
№2 тапсырма жауаптарын пайдаланып дәптеріңе есепте:
Массасы 250 г бақаға әсер ететін ауырлық күші неге тең?
Массасы 70 кг шкафты орнынан жылжыту үшін қандай күш жұмсау керек? Үйкеліс коэффициенті µ=0,3.
Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?
1.5 м/с² жылдамдықпен үдейтін массасы 1 т машинаға әсер ететін тең әсерлі күшті есептеңіз
Массасы 4 кг дене қандай да бір күшті әрекетінен 2м/с2 үдеу алады. Массасы 8 кг денеге дәл осындай күшпен әрекет еткенде , ол қандай үдеу алады?
№3 тапсырма: Тестті дәптеріңе орында:
1. Берілген шамалардың қайсысы скаляр шама болып табылады?
А) үдеу Б) күш В) уақыт Г) жылдамдық
2. Қозғалыстың шапшаңдығын және бағытын көрсететін физикалық шама?
А) орын ауыстыру Б) жылдамдық В) үдеу Г) күш
3. Траектория дегеніміз не?
А) дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді
Б) дененің жүрген жолы
В) дененің кеңістіктегі жүріп өткен ізін көрсететін үзіліссіз сызық
4. Массасы 15 кг жүкті 0,3 м/с2 үдеумен көтеру үшін қажет күш (g = 10 )
A) 0,45 Н. B) 5 Н. C) 45 Н. D) 50 Н. E) 154,5 Н.
5. Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты?
А) Галилей Б) Ньютон С) Архимед
6. Дене массасының көлемге қатынасы
A) Ауырлық күш. B) Қысым. C) Салмақ. D) Тығыздық. E) Ұзындық .
7. 20 Н күш әсер еткен дене 2,5 м/с2 үдеумен қозғалады. Дененің массасы
A) 8 кг. B) 0,8 кг. C) 50 кг. D) 25 кг. E) 10 кг.
8. Массасы 200 г денені 1,5 м/с2 үдеумен қозғалысқа түсіретін күш
A) 7,5 Н. B) 300 Н. C) 0,3 Н. D) 75 Н. E) 0,03 Н.
9. Өзара әсерлескен, массалары екі есе артқан екі дененің тартылу күші
A) 2 есе артады. B) 2 есе кемиді. C) 4 есе артады. D) 4 есе кемиді. E) өзгереді.
Достарыңызбен бөлісу: |